Шымыр атты марғау - Джан Амании




Ертеде көгілдір теңіздің ортасындағы бір аралды əр түрлі аң-құс мекен етіпті. Онда тəттілігі тіл үйірген жеміс-жидектер өсіп, таңғажайып гүлдер гүлдейді екен. Арал табиғатының сұлулығына қызығушылар мінген аппақ кемелер күндіз-түні үздіксіз ағылып келетін де жататын.

Осы аралда теңіз жағалауындағы шағалаларға қарап отыруды əдет еткен Шымыр атты арманшыл марғау тұрыпты.

Шымыр басқа бауырларынан мүлдем өзгеше, жүнсіз, тап-тақыр, жып-жылтыр болып дүниеге келіпті. Мұндай «кемістік қалай болды?» деп ата-анасы да қамығады екен. Соған қарамастан, олар осы марғауын ерекше жақсы көретін. Ал Шымыр қайда барса да, мазақтың астына қала беретін болған. Мысықтар, иттер, бəрі де оны көргенде шек-сілелері қатқанша күліп, мазақ қылады екен. Тіпті тышқан да одан қорықпайтын болыпты.

Марғау бəріне ренжіп, теңізге қашып кетіп, шағалалармен сырласып, мұңын басатын болған екен

Шымыр цирк жұлдызы болуды армандайды. Таңның атысынан күннің батысына дейін марғау бұтақтан-бұтаққа секіріп, жаттыға береді.

Сол бұтақтардың арасына қысылып қалып, қиналған кездері де жиі болады. Мұндайда оған барлығы қолдарынан келгенініше, мысалы, маймыл құйрықтарымен қағып көмектеседі екен.