Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Ильич Нуров


Қанат Ильяұлы Нұров

Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер

© ҚАНАТ НҰРОВ

© Қазақ тіліне аударған Әуезхан Қодар

© Алматы: НОФ «Аспандау», 2014.

* * *

«Кейбір өркениеттерде кейде мынандай ақиқатты түсінуге сәті түседі: оларды билеген шабытты идеяға қарағанда, олардың иелігіндегі байлық пен билік түкке тұрмайды»

(Эмерсон Р.)

2011 жылдың мамырында Vox Populi баспасы Қ.И. Нұровтың «Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер» кітабының 2-ші басылымын шығарды. Автор ғылыми негізде жеке тұлғалық ашықтықтың ежелгі қазақ дәстүрлерін модернизациялаудың ұлттық идеясы жөнінде өзінің жеке пікірін әйгілейді. Монографияның мазмұны Қазақстанның тарихи мұрасы және оның модернизацияға қабілеті жөніндегі этнографиялық зерттеу. Қазақтардың тарихы көптеген құпиялар мен жұмбақтарға толы. «Қазақ» сөзінің мағынасы және жүздердің үлкендік бойынша бөлінуі жөнінде қызу пікірталастар өтіп жатыр. Кітап бұл сауалдарға жауап береді және қазақтардың этникалық мінезі негізінде барлық қазақстандықтардың ұлттық (жалпыазаматтық) миссиясын қояды ақпараттық қоғамның үлгісі болу. Қазақ Идеясы Қазақстан ұлтын тек қана индустриалды емес, қауышу мәдениетінің ақпараттық деңгейіне көтереді. Онда «қазақ» және «қазақстандық» ұғымдары біржолата теңеледі. Сонымен бірге, далалық еркіндіктің төлтума дәстүрлері және Қазақстанда болашақта дамитын ашық азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет арасында ұқсастықтар тізбегі ұсынылады.

Жұмысты оның дау-дамай тудыратын өткір стилі де дараландырады (автордың өзінің ертедегі кейбір идеяларын қайта қарауы, 1995 жылға 30-шы жылдар стиліндегі зірк-зірк еткен тас-талқан рецензия, т.ғ.д. Абылхожина Ж.Б. және т.ғ.д. Толеубаева А.Т. сияқты қазіргі рецензенттердің салмақты ғылыми бағалаулары). Сондықтан бұл кітап бірінші басылымында болсын, екінші басылымында болсын, қоғамдық санада түрлі пікірлер тудырды, оны қостайтын да және оған қарсы шығатын адамдар да табылды:

«Автордың осы тақырыпты ғажап ашқанын мойындау керек Автор тарихшылардың көптеген көбіне тыйым салынғандай мәселелерге өте адал, көлгірсімей, айтар ойынан тайқымай, тура барған» (2011 ж.)  Темірғалиев Р. Тарихшы-көсемсөзші

«Іс жүзінде кітап «Қазақстанға тарихын қайтаруға» емес, әйтсе де, әбден нақты нәтижелер тудыру үшін жазылған ұлттық идеяның беделін түсіру, халыққа жат құндылықтарды күштеп тығу барлық жерде сенімсіздік тудыру, алаңдаушылықты көбейту, міне, автордың талпынысы».(1995 ж.) Қойгелдиев М.  тарих ғылымдарының докторы (ҚазҰУ), Нұртазина Н.  тарих ғылымдарының кандидаты (ҚазҰУ)

«Бұл кітап бойынша, этнос қан туысқандығы емес, мәдени-тұрмыстық қауымдастық, өмір дағдысы жөнінде XXI ғасырда титулды ұлт басшылығымен Қазақстанның жалпыазаматтық ұлтын құру тек қазақ дәстүрлерін олардың қауышуға және мәдениетте, саясатта, экономикада бәсекелесуге жеке тұлғалық ашықтық бөлігінде модернизациялау ұлттық идеясы аясында ғана мүмкін. Қазақтардың ұлттық қасиеті ретіндегі жеке тұлғалық ашықтықты Қазақстанның барлық ұлттары мойындайды және қолдайды Қандайда болсын либералды демократиялық құндылықтардың енгізілуі, егер ол біртұтас халық ретіндегі көпұлтты тұрғындардың өз-өзін өзінше тануының шын өлшемін бере алатын ұлттық идеямен қамтамасыз етілмесе, сәтсіздікке ұшырайды. Бұл кітап осы жөнінде» (2011 ж.)  Арманжан Байтасов, Раймбек Баталов, Ораз Жандосов, Айдан Кәрібжанов, Алидар Өтемұратов.

Тұтастай алғанда, қоғамның талғамына ұсынылып отырған монография барлық халықаралық ғылыми талаптарға жауап береді, Қазақстанның модернизациясына бағытталған және өз елінің тарихы мен болашағына жаны ашитын ойлы оқырманға қызық болар. «Аспандау» ғылым және білім беру қоры автордың барлық тезистерімен келіспесе де, олар «2030 Ақпараттық қоғам» ҚР Білімін Дамыту Саясаты» жобасының бөлігі ретіндегі Қор бекіткен тұтастай ұлттық идеяны және еркін құқық сезінуді ашуға бағытталған деп есептейді (www.aspandau.kz).


Қанат Ильяұлы Нұров

«Аспандау» ғылым және білім беру қорының және Plankion Group президенті.


Мамандануы және тәжірибе аумақтары

 Басқару жөніндегі аға консультант ретінде «Делойт&Туш» халықаралық аудиторлық-консалттық компанияның жергілікті офисін ұйымдастырудың бастапқы кезеңіндегі маркетинг пен PR жөнге келтіру.

 «Қазақтелеком» АҚ финанстық басқару саласында ғылыми тәсілдің енгізілуінің қалың жұртшылық мойындаған табысы:

 финанстық есеп, жоспарлау және негіздеудің халықаралық стандарттарын біртұтас бюджеттік саясатқа біріктіру;

 SAP жөніндегі Басқару комитетінің төрағасы ретінде ресурстарды басқаратын біріккен жүйені енгізу жөніндегі проблемаларды зерделеу (ERP), осы жобаны реабилитациялау және оның табысты жүзеге асуы.

 «Қазкоммерцбанк» АҚ басқарушы директоры, Коммерциялық дирекция (Орталық офистің Кредиттік комитеті) мүшесі ретінде логистика мен әкімшілік шаруашылық мәселелерді бақылау.


Білімі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Германия Мемлекеттік шенеуніктер Одағының неміс академиясы (Бонн, ГФР), Маастрихт менеджмент мектебі (Маастрихт, Нидерланды), ICMA (АҚШ); Йоркск университетінің Ph.D historical sciences (АҚШ), DBA (Ресей, РАНХиГС)


Ғылыми жарияланымдары

Нұров Қ.И. Қазақстанның дәстүрлі құрылымының құқықтық және экономикалық модернизациясы. Ғылым: Алматы, 1995. 201 б.


Жұмыс тәжірибесі

Алматы менеджмент мектебі, ҚР Экономика министрлігінің кәсіпкерлікті қолдау қоры, «Делойт&Туш» халықаралық аудиторлық-консалттық компаниясы, «Қазақтелеком» АҚ Вице-президенті бас қаржы директоры, «Қазкоммерцбанк» АҚ Басқарушы директоры.


Өзі жөнінде

«Қазақтелеком» АҚ жұмыс істеген кезінде «Құрметті байланысшы» медалімен және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сөйлейді.


Қызығатын нәрселері

Құқық және экономика, тарих, білім беру салаларындағы ғылыми зерттеулер. Музыка, поэзия, футбол, теннис, бокс.

Қанат Нұровтың кітабына алғысөз

Әуезхан Қодар

Мен біздің отандық ғалымдарымыздың еңбектерін оқығанда бір нәрсеге тан қалатынмын. Маған олардың ғылымы өзгеше де, әлемдік ғылым мүлде бөлек көрінетін. Өйткені біздің ғылымның мақсаты: қазақта бар барлық нәрсені ғажап қып көрсету еді. Мұндай зерттеулерде бір мысқал сыни пікір болмайтын, тек атақты есімдерді тізе беріп, солардың көлеңкесінде бір нәрсе айтқан болу. Қ. Нұровтың еңбегімен танысқанда, маған қайта таң қалуға тура келді. Бұл жолы оның еңбегінің ғылыми еңбекке қоятын барлық әлемдік талаптарға сай екеніне. Бір қызығы, ол кітабына тіпті өзіне қарсы жазған рецензияларға дейін енгізіпті. Бұл да бір ғылымға деген ішкі адалдықтың жарқын көрінісі емес пе? Сонымен бірге, мұнда мынандай талап жатқандай алғашқы жолы, кітаптың бірінші басылымы шыққанда, мені ешкім түсінуге тырыспады, бәріңіз маған дүрсе қоя бердіңіздер, тіпті, диссертациямды қорғатпадыңыздар, ал енді мен сол жұмыстың екінші басылымын шығарып отырмын. Докторлық диссертациямды Америкадан қорғап келдім, ал енді тағыда сөйлессек қайтеді? Егер мен осы тақырыпты осы уақытқа дейін тастамай келе жатсам, демек, оның маңызды болғаны ғой; мүмкін, енді еш дау-дамайсыз, бос айқай-шусыз, осы тақырыпты қайтадан талдап көрсек қайтеді, дегендей бізге есейген, біраз нәрсенің парқын біліп үлгірген Нұров.

Байқасақ, оның бұл тақырыпты ұсынғанына 20 жыл болып қалыпты. Шынымен, егер ол үшін осынша уақытта бұл тақырып сонша қызық болса, ол қандай тақырып екен? Және біздің авторды қандай құдыретімен тартты екен? Меніңше, ол Қазақстанның ерекшелігі, өзгеше табиғи болмысы, ғасырдан ғасырға мұра боп келе жатқан қазақы мінезімен қазақы жолы туралы тақырып. Ау, мұндай жұмыстар бізде жүздеп, мыңдап жазылып жатқан жоқ па?  дейсіз ғой сіз. Иә, біздің ғалымдарымыздың тек осымен айналысып жатқаны рас, бірақ олар әр жазған сайын тақырыптан алыстайтын сияқты. Өйткені, Қазақстан тарихын ту Көне Мысыр, Шумер тарихынан бастайды. Олардың ойынша, тарихымызды неғұрлұм ескіртсек, адамзаттың ежелгі тарихтан бұрынғы кезеңіне жақындатсақ, онда қазақтың бәрінен ұлы болғаны, биік болғаны деп түсінеді. Сөйтіп, біз өзімізге жақындаудың орнына тек алыстай беретінбіз. Ал қазір нақты тарихта өзіміздің қандай болғанымызды тіпті мүлде ұмытып кеткендейміз. Міне, Нұровтың өзгешелігі, ол бізді өзіміздің нақты тарихымызға жолды ашып, тек «қазақ» сөзі пайда болған кезеңдерден бастайды. Соның өзіндеде біздің тарихымыз IX-шы ғасырдан басталып, XIIIXIV-ші ғасырларға дейін, Шыңғысхан империясы дәуірлеп тұрғанда, өзінің шырқау шегіне жетеді екен. Міне, бұл араға біз көбірек тоқталауымыз керек. Біз бұл арада автордың басты ойына жақындадық. Өйткені, Нұровтың ойынша, қазақтар қазақылық рәсімінен шыққан және кейін «қазақ» атауын өз этнониміне шейін көтерген. Қазақтар қайталанбас болмысы бар дегдар халық және оның дегдар болатыны, ол өз бастауында Шыңғысханның «қазақы» империясынан шыққан. Сондықтан, қазақтар Алтын Орданың тікелей мұрагерлері.

Дальше