Айдар. Иә-иә, Орынбасар-Орынбасар!.. Әйтеуір жарықтық қысы-жазы басынан бір атам заманға сұр қалпағын, қолтығынан бір қызыл былғары папкасын тастамайтын. Тірі ме әлі?
Берікбол. Жоқ, баяғыда қайтыс болған.
Айдар.(мұсылманшылық салтпен бетін алақанымен сипап). Иманды болсын пақыр. Ал кемпірі ше, бар ма?
Берікбол. Кемпірі бар. Әлі сол «Бірлікте». Сол үйде Бөлекбай деген сәл ақылы кемдеу, бірақ шаруаға мығым бір кісі бар еді ғой, есіңізде ме?
Айдар. Иә, сол анау Орынбасардың үйінің бүткіл қара жұмысын атқаратын ысқаяқ қара ғой. Таңертеңнен қара кешке дейін «Ахау, Айдош-ай, Куда пойдош-ай, Егер мені іздесең, везде найдешь-ай» деп әндетіп жүретін.
Берікбол, Дәл үстінен түстіңіз. Нақ өзі. Ол кісі әлі тың, пәлендей қартаймаған. Әлі сол үйдің отымен кіріп, күлімен шығып жүр баяғыша.
Айдар. Алда, пақыр-ай
Ресторанның ауласына Ұлжалғас пен Болат келіп енеді. Болат Берікболды енді көріп тұрса керек, елден келген ағасымен құшақтасып амандасады.
Болат. Келуіңізбен, аға!..
Берікбол. Рахмет-рахмет!.. Үлкен жігіт болдың ба? Оқуға түсуіңмен!.. Тоқсан бес балл алды деп есіттім. Қуанып жатырмыз бәріміз. Құтты болсын ал!..
Болат. Рахмет, айтқаыңыз келсін.
Ұлжалғас (АйдарғаҰлжалғас (Қонақтар келді. Жаңа сырттарынан көріп қалдым. Сұлтанбек Ертуғанович, Тойболды, Нұрсұлу, келіншек пе, қыз ба тағы біреу бар, бәрі машинадан түсіп жатыр.
Айдар. Иә, келсін-келсін. Қыз дайын болса, біз дайын дегендей
Ұлжалғас. Иә, сенің ойың әйтеуір сол ғой Мына балалардан да ұялмайсың.
Айдар. Е-е, бұлар, немене, еркек емес пе екен?!. (Болатқа бұрылып). Ботик, мына шешеңе бірдеңе десеңші.
Ұлжалғас. (Айдарға қолын бір сілтепҰлжалғас. ( Жарар енді!.. Саған сөз өтуші ме еді
Ұлжалғас енді ресторанның ішінен поднос көтеріп шыққан Сәнияға бұрылады.
Сәния, бәрі дайын ба? Қонақтар келді.
Сәния. Дайын, Ұлжалғас Көпбаевна. Салаттар мен сусындарды, ішімдіктерді бәрін дастарханға қойдық. Асханадағы қыздар манты әзірлеп жатыр, ал қуырдақ пісіп тұр.
Ұлжалғас. Дұрыс-дұрыс. Жақсылап қызмет етіңдер, қонақтардан ұят болмасын енді.
Сәния. Саспаңыз, Ұлжалғас Көпбаевна. Бәрі о кей болады. (Фарабигебұрылып). Әй, Фарап мырза, үстелдердің үстіндегі қасықтар мен шанышқыларды түгенде.
Аулаға күткен қонақтар Сұлтанбек Ертуғанұлы,Тойболды, Нұрсұлу және Гүлден келіп кіреді. Бүгінгі мереке иелері оларды алдарынан шығып қарсы алады: бір-бірлерінің беттерінен сүйісіп, құшақтасып, мәре-сәре болып қалады бәрі.
Сұлтанбек. Ал, Айдеке, туған күн құтты болсын! Міне, шақырмасаңдар да ескі әдетпен келіп қалдық.
Айдар. Рахмет-рахмет. Шақырсаң, жұрттың бәрі келет. Ал нағыз достар әдетте өздеріңіз секілді шақыртпай келеді емес пе, Сұлтеке.
Ұлжалғас. Мына ресторанның екінші қабатындағы жөндеу жұмыстары аяқталмай жатыр. Құдай қаласа, енді жуырда бітеді. Сонда өздеріңізді арнайы шақырамыз, Сұлтанбек Ертуғанович! (Тойболды мен Нұрсұлуға бұрылып). Тәке, Нұреке Сіздерді де! Осы тұрған бәріңізге ат шаптырып, арнайы шақыру билетін жібереміз.
Тойболды. Айтсаңыз болды ғой! Тағы да жетіп келеміз онда осы командамызбен.
Нұрсұлу. Рахмет, сендердің Айдар екеуіңнің сараңдардың сортынан емес екендеріңді жақсы білеміз ғой. Ал енді Ботиктің бірыңғай тестіні тамаша тапсырып, оқуға түскені құтты болсын!
Сұлтанбек. Айтпақшы, ең басты жаңалықты ұмытып бара жатыр екенбіз ғой. Келін, Айдеке, құтты болсын!..
Тойболды. Иә, расында да, бүгінгі күннің ең ұлы қуанышы осы емес пе?! Айдекеңнің туған күнін жылда тойлап жүрміз ғой мүйіз шығатын болса.
Нұрсұлу (Болатқа). Ботик, бері келш, айналайын!..
Болат ұяла күлімсіреп, Нұрсұлуға жақындайды. Нұрсұлу оны құшақтап, бетінен сүйеді.
Ал бақытты бол, құлыным! Әрдайым алдыңнан ақ күн тусын!..
Болат. Рахмет, тәте
Енді Нұрсұлудың көзі Сұлтанбек Ертуғанұлының қолындағы қымбат былғары портфель мен күйеуінің қолындағы дәу брезент қапқа түседі.
Нұрсұлу (Сұлтанбек пен Тойболдыға). Мына заттарыңызды бір жерге қоя тұрсаңыздаршы.
Сұлтанбек (Тойболдыға). Иә, Нұрсұлу дұрыс айтады. Тойболды, менің Алматының ең атақты ұмытшағы екенімді білесің ғой, мына портфельді қабыңмен бірге көрнекті бір жерге қойшы. Оның ішінде он күн бойы көз майымды тауысып жасаған кафедраның бір жылдық есебі бар. Қайтарда ұмытып кетіп жүрмейін, есіме саларсың.
Сұлтанбек (Тойболдыға). Иә, Нұрсұлу дұрыс айтады. Тойболды, менің Алматының ең атақты ұмытшағы екенімді білесің ғой, мына портфельді қабыңмен бірге көрнекті бір жерге қойшы. Оның ішінде он күн бойы көз майымды тауысып жасаған кафедраның бір жылдық есебі бар. Қайтарда ұмытып кетіп жүрмейін, есіме саларсың.
Тойболды. (портфельді алып жатып) Құп болат, Сұлтеке! Қазір мен бұларды құтты орындарына қондырайын
Тойболды портфель мен қапты алып кетеді.
Айдар. Ал, Сұлтеке, енді былай дастарханға қарай жақындайық.
Ұлжалғас. Иә-иә, дастарханға Бәріміз
Сұлтанбек. Жоқ, Айдаржан, егер рұхсат болса біз мына жөндеу жұмыстары жүріп жатқан ресторандарыңның ішін көріп шықсақ(Нұрсұлуға). Нұрсұлу, қалқам, сен бұл ұсынысқа қалай қарайсың?
Нұрсұлу. Дұрыс-дұрыс, Сұлтанбек Ертуғанович! Жақсыны көрмек үшін деген, көрейік. Ал ішіп-жеуге, Құдайға шүкір, әрқашан үлгереміз ғой.
Сұлтанбек(Айдарға). Ал рұхсат па, қожайын?
Айдар. Әрине, Сұлтеке!..
Нұрсұлу. Онда кеттік
Бәрі ресторанның ішіне еніп кетеді. Сахнада тек Сәния мен Фараби қалады.
Сәния. (Фарабиге) Бай болған қандай керемет,ә?!. Ішіп-жем мол, астыңда былқылдаған шетелдік қымбат авто, (қолын екі жаққа құлаштай жайып) достарың пішен!.. Жүресің дүниені шайқап. Қандай рахат, ә-ә?!
Фараби. Оның несін сұрайсың, белгілі жайт емес пе.
Сәния. Сонда да дегенім ғой. Мысалы, мына сенің бай болғың келе ме?
ФарабФараб. Әрине. Кімнің бай болғысы келмейт.
Сәния. Ол рас. Менің де бай болғым келет. Бай болғанда да анау-мынау емес, супер бай болғым келет!.. Өмірге бір-ақ рет келеді кенсің, ендеше мына дүниені олай да былай шайқап өту керек қой, ә-ә, Фараби?! Солай ма?..
Фараби. Солай шығар
Сәния. Солай шығар емес, дәл солай! Бірдеңені айтқанда сен осы неге нақты, дәлме-дәл, қадап-қадап айтпайсың?! (Фарабиды пародиялап). Сөл-ә-й шығар, сөл-ә-й шығар
Пауза.
Фарап, осы қалай баюға болат, а-а? Айтып тұрмын ғой, ана Айдар Сейтқалиевич пен Ұлжалғас Көпбаевна секілді менің де шіріген бай болғым келет деп. Және кейін емес, тап осы қазір, дәл қазір байығым келет!.. Айтшы, а-а, қалай баюға болат?!
Фараби.Сен де қызықсың! Соны білсем, мен өсітіп даяшы болып жүрем бе?
Сәния. Ал мен білем!.. Аяқ астынан байып шыға келу үшін, мәселеңки, мына маған немедленно бір бай жігітке күйеуге шығып алу керек!
Фараби. Онда неге сүйтпейсің?
Сәния. Эх, Фарап-Фарап!.. Жасың бақандай он тоғызға келді, қалай түсінбейсің осындай қарапайым нәрселерді? Ондай супер күйеуді маған аяқ астынан кім тауып бере қояды, а-а, айтшы?! Ол үшін адамға бақ қону керек, бақ! Енді ұқтың ба?
Пауза.
Әне, қонақтар сыртқа шықты. (Күрсініп). Ал енді іске кірісейік
Ресторанның ішінде бес-алты минуттай аялдаған қонақтар мен үй иелері тізілісіп, қайтадан жазғы алаңдағы террассаға шығады.
Сұлтанбек. Жарайсың, Айдар мырза! Керемет!.. Интерьерді қатырыпсың! Ана қабырғадағы суреттер, фрескалар қазақ флоьклоры сюжеттерінің негізінде жасалған ғой дейім?
Ұлжалғас. Иә, «Алпамыс батыр» жырының сюжеті бойынша.
Нұрсұлу. Е-е, енді түсіндім. Әне бір есік жақтағы екі танауы шелектей, қожырайған дәу қара Ұлтан құл екен ғой. Тамаша-тамаша!
Тойболды. (Сұлтанбекке, таңданысын жасыра алмай, басын шайқап). Сұлтеке, шамдарды люстраларды көрдіңіз бе?! Қалай, ә?! Әшейін көздің жауын алып мөлт-мөлт етіп тұрғанын!.. (Айдардың басынан сипап). Мына бас не көрмеген бас дейсіз біледі ғой, білет! Солай емес пе, Сұлтанбек Ертуғанович?..
Сұлтанбек.(Тойболдының сауалына онша мән бермей, Айдарға). Люстраларды қайдан алдыңдар?
Айдар. Чехиядан арнайы тапсырыспен.
Нұрсұлу. Айтатыны жоқ, ресторандарыңның атына дейін дәл тауып қойыпсыңдар. «Империя» десе, нағыз империя!..
Тойболды. Ханымдар мен мырзалар! Осы ең миы көп бас Тургеновтікі ме, әлде Лениндікі ме еді?
Гүлден. Тургеновтікі.
Тойболды. Ендеше, жолдастар то есть ханымдар мен мырзалар! Ақ бас тарихтың осы бір қателігіне бүгінен бастап түзету енгізуге тура келіп тұр. Меніңше, ең милы бас біздің Айдекеңдікі. Мына жердің астындағының да, үстіндегінің де бәрін білетін америкалықтар: «Егер сен ақылды болсаң, неге бай емессің?» дейді екен. Солар біліп айтқан. Ендеше егер Тургенов Айдардан да милы болса, оның неге мына «Империя» секілді екі қабатты ғажайып рестораны болмаған. Рас, ол кісі дворян ғой, сондықтан мына мен секілді ыңыршағы айналған кедей болмаған шығар. Ал бірақ тарихи фактілер ол кісінің сәні мен салтанаты келіскен мынадай ғажайып екі қабатты рестораны болғаны жөнінде жұмған ауыздарын ләм-мим деп ашпайды. Келісесіздер ме осыған?