Қабылан* жолбарыстан кішілеу, шұбар түсті жыртқыш аң.
Соқыр* мысықтың қызылшақа баласы.
БАЛА БАУЫР ЕТІҢ
Әр ата-ана үшін туған баласы бауыр етіндей қымбат, жамандыққа, өлімге қимайды деген мағынаны береді.
Қазыбек беріде елге бегілі болған кезде бір балаға дауласып екі әйел алдына келіп жүгінеді. Әйелдердің бірі:
Мынау баламды мен есін білмейтін жас күнінде жоғалттым, соны мынау әйел тауып алды ма, әлде ұрлап алды ма, оны білмеймін, әйтеуір асырап алыпты. Бүгін танып, сұрасам «өз балам» деп бермейді, дейді.
Екінші әйел тұрып:
Бала өзімдікі, өзім таптым. Мынау босқа жармасып тұр дейді. Қазыбек екі әйелдің сөздерін тыңдап болып, біраз ойланып отырып қалады. Содан кейін:
Бірің балаңды жоғалтқаныңды, енді бірің тапқаныңды растап шығарлық мұнда басқа куә жоқ. Сондықтан мынадай билік еткім келеді, дейді де, баланы екі қолынан екі әйелге ұстатып қойып, қара балтаны ұстап көтеріп тұрып: «Екеуіңе де қара қылдай қақ бөліп беремін, осыған ризасыңдар ма?» дейді. Сонда балаға ие болып жүрген әйел:
Біреуге тірі кеткенше, жартысы болса да өзімде қалсын, бөлсең бөл! деп безеріп тұрып алады. Ал баланы таныған әйел: