Қанатты сөз  қазына. 2-кітап - Кеңес Оразбекұлы 11 стр.


«Ат қойып, айдар тағу» дегенде, жоңғарлармен айқасқан әйгілі батырлардың бірі  Қаракерей Қабанбай батыр есімізге түседі. Оның шын есімі  Ерасыл, ал Қабанбай  кейін ер жете келе айдар болып тағылған аты. Бала кезінде бітімі кесек, тұлғалы Ерасылды жеңгелері «Нар бала» десе, жезделері қайрат-күшіне, батылдығына сүйсініп, «Қабан» атайды. Ер жете келе жойқын күшімен, алғырлығымен, қайтпас қайсарлығымен танылған батырды серіктері «Қабанбай» атап кетеді. Ел-жұртқа да сол «Қаракерей Қабанбай» деген атпен мәшһүр болады.

Ал «Кежегесі* кері кету», «кежегесі кейін тарту» деген сөз тіркестерінің ауыспалы мағынасы  бір іске зуақы соқпады, мойны жар бермеді, тартыншақтады, өзіне сенбеді деген мәнде ұғынылады.


*Кежеге  бас сүйектің желке тұсы.


АТ ҚҰЙРЫҒЫН КЕСТІ


Қайта айналып келместей болып ренжіп, өкпелеп кетті деген мағынаны береді.

« Қара қылды қақ жарған немесе айттым  бітті, кестім  үзлді деген тіркестер осы билер шешімімен тікелей байланысты. Енді ат кекілін кесті, ат құйрығын кесті деген сөздердің байланысын үзді, ренжісіп кетті дегеннің ар жағындағы тасаланған мағынасын қарастырайық. Кейде, әсіресе, құн дауымен байланысты жағдайларда бидің шешімімен келіспейтін де жағдайлар болады. Оны құн даулаушылар әдетте былай білдіреді: мәселен, жақыны кісі қолынан қаза тапқан адам алқалы топқа сол өлген туысының атын жетелеп келеді де, көптің алдынды оның кекілін, құйрығын кесіп, тұлдайды. Сөйтіп, біз бұл шешімге риза емеспіз, бәрібір кегімізді қайтарамыз, қарсы жақ, соған дайын болыңдар дегенді аңғартады» (Н. Уәлиұлы, 9.).


АТАЛАСТЫҢ АТЫ ОЗҒАНША,

АУЫЛДАСТЫҢ ТАЙЫ ОЗСЫН


Бұл  көршілердің, ауылдастардың өзара ыстық сыйластығы, бауырластығы негізінде туған мақал.

«Кейде үлкен рулар мен аталастардың қоныстары бір болады. Ал, кіші рулардың, әсіресе, аталастардың қонысы міндетті түрде тұтас келеді.

Әр ауыл негізінде бір атаның баласы бола тұра, ішінде өзге, кейде алыстағы аталар мен рулардан келетін «кірме» дейтіндер де болады. Оларды «қоңсы» деп те атады Аталық пен қоңсы арасы ұрыс-жанжалда көрінеді. Аталықтар  басым, қоңсылар  қорғаншақ. Дегенімен, аталықтар «Көрші ақысы, тәңір ақысы» десе де, «отты көсей берсең өшеді, көршіні қуалай берсең көшеді», «Аталастың аты озғанша, ауылдастың тайы озсын», деп қоңсыны сыйлайды». (С. Мұқанов, 77. 68-б.).


АТҚА ҚОНДЫ


«Атқа отырды  бұл сөз тіркесін де жиі қолданатын болдық. О заман да бұ заман, атқа отырмайды, мінеді. Тіпті жаппай атқа қонды,  дейді. Орындыққа, таққа, арбаға көбіне отырады дейді. Бұл орысшадан тікелей аударма болса керек. Орыс тілінде: Он сел на коня немесе Сесть на коня делінеді ғой. Орыс тілінде атқа міну деген сөз жоқ. Атқа отыру дейді. Басқа тілге иек сүйей бермей, өзіміздің құдай берген татымды да шұрайлы тілімізде сөйлеп, жазғанымыз жөн». (Е. Бейсенбек. 9. 18.11.1993.).

Осындайда «Ат  ердің қанаты» деген мәтел еске түседі. Яғни, халқымыз атты ұшқыр құсқа теңейді. Содан атқа мінуді де «атқа қонды» деп құсқа лайықты метафоралық термин сөзбен атаған.


АТ-ШАПАН АЙЫП ТАРТУ


«Шапанның қоғамдық қатынаста қолданудың да тағы бір жолы  жазалы адамның ат-шапан айып тартуы. Бұрынғы кезде түрлі қылмыс істеп, не қателік жасап кінәлі болған адам айыбының төлемі үшін малмен бірге міндетті түрде шапан төлеуге тиіс болды. Бұл мысалдан шапанның хұқықтық қатынасты белгілеуге де қолданылғанын көреміз». (Қ. Ахметжанов, 9. 4.08.94.)

Айыбын өтеді, ат шапан айыпқа ілікті деген мәнде.


АТТЫҒА ЕРЕМ ДЕП

ЖАЯУДЫҢ ТАҢЫ (АЙЫРЫЛАДЫ) ЖЫРТЫЛАДЫ


Мағынасы «Әлін білмеген  әлек» деген мәтелмен мәндес.

«Аттыға ерем деп жаяудың таңы жыртылады» деген мақал күш келмейтін іске жармасатын адамдар жайында айтылады. Таң  сан мен сүбенің* түйіскен тұсы». (С. Мұқанов, 77.).


*Сүбе  қабырға етегіне біткен майлы қалың ет.


АТТЫҢ ЖАЛЫНДА,

АТАННЫҢ ҚОМЫНДА


Бұл сөз тіркесі бүгінде үй-күйсіз, жағдайсыз, төрт құбыласы тең емес жағдайда жасалған, дайындалған дүниені сипаттағанда, түсін-діргенде қолданылады.

«Аттың жалында, атанның қомында*» деген мәтелді де бұза-жара қолданып, «аттың жалында, түйенің қомында» деп жүрміз. Бұндай қоммайдың жиналуы көбіне атандарға ғана тән. Барлық түйе қом жинай бермейді. Атан түйе ат сияқты, өгіз сияқты күш көлігі. Бұл ыңғайсыздықты, асығыстықты білдіретін, қазақтың ертеде бір жерде тұрақтамай үдере көшуінен туындаған мәтел болуы мүмкін». (Ж. Омаров, 85.).

*Сүбе  қабырға етегіне біткен майлы қалың ет.


АТТЫҢ ЖАЛЫНДА,

АТАННЫҢ ҚОМЫНДА


Бұл сөз тіркесі бүгінде үй-күйсіз, жағдайсыз, төрт құбыласы тең емес жағдайда жасалған, дайындалған дүниені сипаттағанда, түсін-діргенде қолданылады.

«Аттың жалында, атанның қомында*» деген мәтелді де бұза-жара қолданып, «аттың жалында, түйенің қомында» деп жүрміз. Бұндай қоммайдың жиналуы көбіне атандарға ғана тән. Барлық түйе қом жинай бермейді. Атан түйе ат сияқты, өгіз сияқты күш көлігі. Бұл ыңғайсыздықты, асығыстықты білдіретін, қазақтың ертеде бір жерде тұрақтамай үдере көшуінен туындаған мәтел болуы мүмкін». (Ж. Омаров, 85.).


АТ ҰСТАР


«Бала туғанда баланың әкесінен, атасынан немесе нағашы жұртынан сүйінші сұрай алдынан шыққан адам ұл болса, Ат ұстар деп, қыз болса көйлек тігер, қырық жеті деп хабарлаған. Кейінгісі қызды қалың малға беруге, жат жұрттың адамы деп қарауға байланысты туған ой-пікірлердің көрінісі», (С. Қалиев, М. Оразаев, М. Смайылова, 57.14-б.).

Ат ұстар  үйдің иесі, мұрагері дегенді аңғартады.


АТЫНЫҢ СЫРЫ ИЕСІНЕ МӘЛІМ


«Осы тұста қазақы жылқының ішінде әртүрлі жаратуды сүйетін жылқылардың болатынын ескере кеткен жөн. Бірі тоқжарау күйінде жақсы шапса, енді бірі әбден жеңілдеп жарағанда ғана жақсы шабады. «Атының сыры иесіне мәлім» дегендей, нағыз атсейіс қолындағы сәйгүліктің тілін білуге тиіс. Мұндайда, жаратар аттың қара еттілігін, май еттілігін жазбай танитын атбегінің қапысыз танымы қажет. Онсыз жоны тырсиып тұрған қара етті жылқыны жаратамын деп, жілік майын үзіп алу немесе олпы-солпы болып тұрған май етті жылқыны жүдеу екен»,  деп кем жаратып алу оп-оңай». (А. Сейдімбек, 92.).

Мінез-қасиетіне, ерекшелігіне қанық деген мәнде ұғынылады.


*Қом түйе өркешінің түп жағындағы тұтаса біткен жота майы.


АТЫМТАЙ ЖОМАРТ

(Екінші нұсқасы*)


«Қазақ арасында Атымтай (арабша Хатимтай) көбірек аталады. Себебі, ол байлықпен емес, мырзалықпен (жомарттықпен) атын шығарады. Біреу Атымтайға: Мен де сендей жомарт болам дейді. Бірақ алғаш берген адамы сол күні екінші рет келгенде: Мана алып едің ғой депті. Бақса, сұраншы болып жүрген Қыдыр (ырыстың атасы) екен. Сонда Қыдыр: Сен қалай Атымтай бола аласың? Ол күніне неше барсаң да бетіңді қақпайды, ал, сен, екі келгенде сараңдық жасадың!  депті-міс». (С. Мұқанов, 77.150-б.).

Кеңпейіл, қолы ашық, жомарт кісілерді дәріптегенде, осы Атымтай жомартқа теңейді.


АТЫ ЫРАҢДАП,

АДАМЫ ТЫРАҢДАП


«Аты ыраңдап, адамы тыраңдап» деген мақалға түсінігі (С. Мұқанов «Өмір мектебі»  К.О.) мынадай: «Ыраң» деген сөзді біздің ел мақалға қосқанымен, не екенін білмейді. Ол шөптің бір түрі екенін мен бертінде, Жетісу елінен ғана естідім». (Қ. Әлім, 31. 03. 02. 2011).

Аты  оттап, жайылып, өзі ұйқы соғып әлек деген әзіл-қағытпа. Астарлы мағынасы: Адамдар әрі-сәрі күйде болып, шаруалары жүрмей, бетімен кеткен ұжым, шаруашылықтарды сынағанда айтылады.


АУЗЫН АРАНДАЙ АШЫП


Ашқарақтық, тойымсыздық, қомағайлық танытқан адамды осылайша бейнелейді.

«Ерте заманда аран, керен деген мүйіз сыртты мақұлық болыпты деседі көнекөз қариялар. Ол екеуі де жеміне шапқанда аузын ашып алып жүгірсе керек-ті. Шамасы, қомағай, ашқарақтығы шығар. Аузын арандай ашып деген тіркес содан қалған деседі». (Б. Қыдырбекұлы, 69.).

Ел арасында айтылатын «Аузын керіскедей ашып» деген сөз тіркесі де жоғарыдағыдай ұғымда қолданылады. Соған қарағанда, керіске де сондай алып аңның (сусиыр, мүйізтұмсық сияқты) бірінен болса керек.


* «Қанатты сөз  қазына», 1-кітабын қараңыз.


АУЗЫНДА ӘЗІЛІ ЖОҚТЫҢ

ҚОЛЫНДА ШОҚПАРЫ БАР


«Қалжыңды кек алуға, кекетіп келемеждеуге, кемсітіп сағын сындыруға қолданса, қадірі кетеді. Ол қалжың емес, төбелестің басы болады. Құрығанда көңілде дық қалады. Сондықтан әзілді орнымен келістіріп айта да білу керек, жүйесімен түсініп, қарымды жауап қайтара да білу керек. Әзіл-қалжыңның қасиеті  тапқырлық пен шапшаңдықта. Әдемі әзіл ақылдан шығады. Аузында әзілі жоқтың қолында шоқпары бар дейді. Әзіл-қалжыңды түсінбейтіндердің көбі ақ-қараны ажырата алмайтын топастау келеді. Қалжыңға бола ерін бауырына алып, тік шапшитындарға сөзді қор етпеген абзал. Ал бірін мыңға балап жүретін көңілі көл, жаны жайсаң адамдар болады. Олар айналасына күлкі сыйлап, өзгені жадыратып, өзі жарқырап жүреді». (Б. Момышұлы, 15. 29-б.)

Назад Дальше