Қанатты сөз  қазына. 2-кітап - Кеңес Оразбекұлы 14 стр.


Бүгінде бұл сөз тіркесі әрбір елбасшы, әкім, бастықтың тұсында бірен-саран халыққа жағымсыз, нашар, атақ-дәрежесіне лайықсыз әкімсымақтар болатынын меңзеп, кері мағынасында айтылып жүр.


ӘСЕМПАЗ БОЛМА ӘР НЕГЕ,

ӨНЕРПАЗ БОЛСАҢ АРҚАЛАН.

СЕН ДЕ БІР КІРПІШ ДҮНИЕГЕ,

КЕТІГІН ТАП ТА, БАР ҚАЛАН!


«Дүние бір алып құрылыс, оған әрбір адам өз үлесін қосу керек деп тұжырымдайды: Әсемпаз болма әр неге, өнерпаз болсаң арқалан, Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан! дейді. Абай ақыл-парасатты дәріптеп, ғылым мен ағарту иделарын насихаттайды. Абайдың философилық ой-пікірінің әлеуметтік маңызы мен алға басарлық мәні, міне, осында». (М. Қани, 55.348-349-б.)

Ал, біздің жұрт бүгінде әр кімге бір еліктеп, әсемпаз болуға тырысатын сияқты. Бұл түрімізбен қайда барып, не оңдырмақпыз?

Б

БАЙАНА, ҰМАЙ АНА, МАЙ АНА


«Бұл тақырыпқа кейіннен келген Л. П. Потапов арғуларды арғын руымен жақындастырады: «Прежде всего о племени аргу, в среде которого (ХІв.) бытовало слово baуat в значении «бог». Этнографиялық деректер түркі-моңғол халықтарының Байана, Ұмай ана, Май ана деп атап жүргендерінің бір ғана ана құдайы екенін анықтайды.

Қазақтың ішінде сақталған «ой-бай» сөзінің семантикалық мағынасы тек Байана ұғымы арқылы ғана түсінікті болады. «Ойбай» сөзі Байананы көмекке шақыру, жалбарыну, толық нұсқасы «Ой-бай-ана». Байана атының ұмтылуына ислам дінінің тікелей ықпалы бар екенін көреміз. Шындығында да Сібір түркілерінің әлі күнге есінде жүрген «Байана» қазақтың ішінде тек «Баян сұлу» немесе одағай «ойбай» түрінде сақталуы ислам дінінің тікелей ықпалының нәтижесі

Байат  құдай деген мағынада арғу тілінде қолданылады екен, кейін бұл сөздер Қарахан қағанатының әдеби тілдеріне енген Байат, байата  еркек құдай, ал байана әйел құдай ретінде қолданылған болар.

Көне заманда «байана» ұғымының географиялық және этникалық шекарасы Еуразия құрылығын түгел қамтып жатты. Бұл ұғым тек түркі-моңғол ғана емес, үнді-еуропа, фино-угор, семито-хамит, т. б. тіл семьияларында кеңінен тараған. Орыстар өздерінің жырауларын «байан» деп атады емес пе? Бірақ сөздің толық мәнін тек Орталық Азия халықтары сақтап қалды». Е. Омаров, 180181б.

Көне түркі мифологиясы бойынша, Ұмай ана  Ұлы Даланы мекендеген түркі тілдес халықтардың ұрпақ жалғастырушысы, береке-молшылық тәңірісі болған. Ертеде және бүгінгі заманда да халқымыз келін түсіргенде, әйелдер босанғанда, бөбектер мен аналардың жебеуші пірі ретінде сыйынады: «Май әулие! Майсыз барсаң есіркер қай әулие», «Менің қолым емес, Бибатпаның қолы» деген тіркестер соның айғағы.


БАЙ БОЛ, МОЛДА БОЛ!


«Бала кезде үлкендердің қолына су құйғанда, олардың көбісі: «Бай бол, молда бол, балам!»  деп бата беруші еді. Кеңес дәуірінде білім алып, «Бай мен молданы қойдай қу қамшымен» деген сөздерді жаттап өскеннен бе, «Үп-үлкен кісілердің мұнысы несі?»  деп аң-таң қалушы едім. Өсе келе түйсінгенім: бай бол дегені  миыңда да, үйіңде де бар болсын, төрт құбылаң сай болсын дегені екен. Молда бол дегені  білімді бол, ақылды бол дегені екен. Байды сараң, молданы арам деп насихаттаған кеңес идеологисы қанша мықты болса да, қазақтар өз балаларына Баймолда, Бақтыбай, Молдабай секілді есімдерді тегін қоймаған шығар-ау.

Әрине, байлық  мұрат емес, кедейлік  ұят емес. Жан байлығына не жетсін». (А. Қожаұлы. 9. 02.02.95).

Иә, автор дұрыс қорытынды жасайды, жан байлығына не жетсін.


БАЙҚОҢЫР  ҒАРЫШ АЙЛАҒЫ


«Байқоңыр  үстіміздегі ғасырдың (ХХ-ғасыр  К.О.) көп атауларының бірі  ғарыш ғасыры деп аталса, сол ғасырдың рәмізі  осы Байқоңыр. Бұл рәмізде екіұдайлық айқын көрінеді. Өткен мен келешек, ескі мен жаңа мәдениет, ғылым мен ата дәстүр осы мекенде ұштасады, олардың арасындағы қайшылықтар да осы жерде көрінеді. Қырғыз жазушысы Ш. Айтматовтың Боранды бекет повесінде осы екіұдай сезім барынша дәл бейнеленген». (С. Қондыбаев, 9. 6.10.94.)

«Байқоңыр  ғарыш айлағы» дегенде біздің көз алдымызға шексіз ғарыш пен жердің арасындағы жолдардың түйіскен тұсы, бекеті елестейді. Өркениет өзегі, қақпасы орталығы біздің қасиетті жерімізде екен ғой. Тек соны ел игілігіне пайдалана алсақ игі.


БАЛА ЖЕТІГЕ КЕЛГЕНШЕ

ЖЕРДЕН ТАЯҚ ЖЕЙДІ


« Бала деген жығылады, сүрінеді, жердің қаттылығын біледі, қауіп-қатер бар екенін ұғады. Ыстық пен суықты сезінеді, ащы мен тәттіні ажыратады, сөйтіп жүріп айналасын таниды. Бала жетіге келгенше жерден таяқ жейді деп қазақ соны айтады». (Б. Момышұлы. 15.308-б.)

«Байқоңыр  ғарыш айлағы» дегенде біздің көз алдымызға шексіз ғарыш пен жердің арасындағы жолдардың түйіскен тұсы, бекеті елестейді. Өркениет өзегі, қақпасы орталығы біздің қасиетті жерімізде екен ғой. Тек соны ел игілігіне пайдалана алсақ игі.


БАЛА ЖЕТІГЕ КЕЛГЕНШЕ

ЖЕРДЕН ТАЯҚ ЖЕЙДІ


« Бала деген жығылады, сүрінеді, жердің қаттылығын біледі, қауіп-қатер бар екенін ұғады. Ыстық пен суықты сезінеді, ащы мен тәттіні ажыратады, сөйтіп жүріп айналасын таниды. Бала жетіге келгенше жерден таяқ жейді деп қазақ соны айтады». (Б. Момышұлы. 15.308-б.)

Бала сүрініп жығылғында, құлап, жылағанда, оның ата-ана, жақын туыстарын осы мәтелмен жұбатады.


БАЛА КІНДІК ШЕШЕГЕ ТАРТАДЫ


«Қазақта ерекше бір қадірлі, өзгеден орны бөлек жанның бірі  кіндік шеше. Сондықтан да Бала кіндік шешеге тартады деп, сәбидің кіндігін кімнің кесуі керек екеніне талғаммен қараған. Бойында жұғымсыз қылығы бар, немесе ауру-сырқаулы, дімкәс адамдарға кіндік кестірмеген. Кіндік шеше болу үшін келіншектің енесімен бірдей жауапкершілік міндеттерді мойнына алатын, жүріс-тұрысы әдепті, қолы ісмер, өнерлі, мінез-құлқы жағымды болуы керек делінеді. Бұл тіпті қазір, медициналық тұрғыда дәлелденген. Өйткені, сәбидің кіндігін кескен кісінің биоөрісі балаға беріледі екен. Яғни, сәбидің болмыс-бітімі кіндік шешеге тартуы мүмкін деген сөз бұл. Бәлкім, соңғы кездері қазақ халқының генефондының өзгеріске ұшырауы кіндікті өзге ұлт өкілдерінің кестіргенінен болса керек. Өйткені, перзентханада кіндік шешені таңдап жатпайды ғой. Бірақ, ұлт болашағын ойлайтын болсақ, сәбилеріміздің кіндігін өзіміздің қазақтың әйелдері кесу қажет екенін де ойластырғанымыз абзал». (13.)

Бұл мәтелді аналар босанатын үйлерге іліп қойып, дәрігерлер тарапынан қадағаланып отырса болар еді.


БАЛА ТӘРБИЕСІ  БАРШАҒА ОРТАҚ


«Сәлем беру мен амандасу әдептіліктің ең алғашқы әліппесі. Нәресте сәлем беріп, амандасқанда үлкендер аман-сәлемді жай ғана қабылдай салмайды. «Таудай азамат бол! Көп жаса!»  алғыстарын жаудырады.

Мұның өзі баланы ынталандыра, құлшындыра түседі. Ол енді сәлем беруде, амандасуда қате жібермеуге тырысады. Үлкендердің жақсы лебізін естуге құмартады.

Егер бала сәлем беруді немесе амандасуды мүлт жіберіп алса, онда үлкен кісі жайлап қана ескерту жасап, аман-сәлем жасауға мәжбүр етеді. Қазіргі кезде көп айтылатын «Бала тәрбиесі  баршаға ортақ»  дейтін сөздің түп төркіні осында болса керек. Сөйтіп, қазақ даласында бала тәрбиесі тек өз ата-анасының ғана міндеті емес, дүйім жұрттың ортақ ісіне айналған». (2).

Осы сөз тіркесінің мәніне терең үңілмей, көбіміз атүсті қараймыз. Өкінішті-ақ.


БАЛА ТІЛІ  БАЛ


«Бір қызығы, қытай деректерінде: Түркілер баласын іске шалымды болсын деп, әрбір істе алымды болсын деп, жаңа туған сәбидің таңдайына бал тамызады,  деген жазбалар кезігеді. Бала тілі  бал, таңдайынан бал тамған деген сөздер бізге көне түркілерден жеткенінің дәлелі, міне осы». (М. Ахет. 47.415. 12. 2009.).

Былдырлап жаңа сөйлей бастаған сәбилер мен балдырғандардың тілінде үлкендер үшін қызықты, күлкілі болып келетін сөз қолданыс-тары жиі кездеседі. Сол себепті олардың күлкіге кенелтетін сүйкімді сөздерін тәтті балға теңеп, «Бала тілі  бал» дейді.


БАЛАНЫ ЖӨРГЕГІНЕН БАУЛЫ


«Бесік жырының бәрінде ананың мақсат-мүддесі негізгі нысана ретінде қамтылады. Ана тілінен, ана арманына асатын ұлы мұрат жоқ. Осы сүйіспеншілік бала құлағына бесігінен енеді. Ер жетіп, ат жалын тартып мінгенде баласының қандай азамат болып өсуі  ана жырының қайнары. Сол арман баланы ғана емес, тыңдаушыны да еліктіреді. Үлкен-кішінің жүрегіне ізгілік ұрығын себеді. Қазақтың Баланы жөргегінен баулы дейтіні содан». (Қ. Толыбаев, 95.201-б.).

Бұл мәтелдің «Баланы  бастан», «Баланы бесіктен баулы» деген нұсқалары да бар. Бәрінің мағынасы бір, яғни, бала тәрбиесіне ерте бастан көңіл бөл, жастайынан баулып-тәрбиеле деген мағынаны береді.


БАЛАЛЫҒЫҢ ҰСТАСА, НАҒАШЫҒА БАР


«Қай кезде де нағашы мен жиеннің әзілі жарасып отырған. Мұндайда Балалығың ұстаса, нағашыңа бар дейді. Байқағанымыздай, нағашы жұрт жиеннің еркелігін де, тентектігін де көтере білген. Нағашылары да жиенін ұтқыр әзілмен түйреп, жарасымдылықты, туыстар арасындағы татулықты көрсете білген». (А. Дүйсенбайқызы, 9. 27.063.07.2013.)

Назад Дальше