8. Әл Ахир Ең соңғы, Ақырғы, Мәңгі бар.
Бар екенінің соңы жоқ. Барша жаратылыс қиямет күні қайтыс болғанда Алла Тағала тірі болады. Оның соңы жоқ.
Зікір айту саны:
801 Ғұмыры ұзақ болады. Физикалық тұрғыда күшті болады және қарсыластарынан басым түседі.
1000 Алла Тағаланың махаббаты баурап алады, сол адам нәпсіқұмарлықтан арылып, көз жұмғанда иманмен қайтады.
9. Әл Әууәл Ең бірінші, Алғашқы, Мәңгі бар.
Бар екенінің басы жоқ. Баршаның алдында. Ол мәңгі тұрады. Оның алдында ешбір зат болған емес.
Зікір айту саны:
43 Кез келген игі сауапты істе бірінші болады.
Жолға шықпай тұрып оқитын болса, жолаушылығы қиындықсыз өтеді.
10. Әл Бақи Мәңгі бақи бар, Мәңгі.
Ол мәңгілік жасайды. Ол тірілмейді де, өлмейді.
Зікір айту саны:
113 Дені сау және ғұмыры ұзақ болады. Жүрегінде тыныштық орнайды және мал-мүлкінен айырылмайды.
1000 Егер күніне 1000 рет қайталап жүрсе, Алла Тағала қасіреттен аман сақтайды.
11. Әл Бари Жоқтан бар Етуші, Жаратушы.
Жаратқан жаратылыстарына әртүрлі пішін және бейне береді.
Алла әрдайым жаратуда.
Зікір айту саны:
21 Егер бала таба алмаған әйел 7 күн ораза ұстап «Әл-Бәри», «Әл-Халиқ», «Әл-Мусаууир» деп 21 рет айтып, суға дем салып, ауызын сол сумен ашып, шынайы ықыласпен жалғыз Алла Тағалаға дұға етсе, Алла қаласа, оған Жаратушы осы есімдерінің құрметіне перзент сыйлайды.
12. Әл Барр Ізгілік Істеуші, Күллі игіліктің, жомарттықтың Иесі.
Ол ешуақыт жаманшылық істемейді. Құлдарына ізгілік және қамқорлық етеді.
Зікір айту саны:
402 Қандай жағдай болсын, әрдайым жақсылық ішінде болады. Күллі жаратылыстың жамандықтары мен зиянынан қорғалады.
13. Әл Бәсит Кеңейтуші, береке Беруші, Жаюшы.
Өз ризық нығметтерін қалаған құлдарына береді.
Зікір айту саны:
72 Ризық несібесі мол болады, жүрегіндегі қорқынышы мен уайымынан арылады. Таңғы намаздан соң қайталаса ризық несібесі мол болады және Алла туралы таным-көкжиегі кеңейеді.
14. Әл Басыир Бәрін Көруші.
Ол бәрін көреген. Адам және басқа мақұлықтар көрмейтінін бәрін көреді.
Зікір айту саны:
100 Алла Тағала жүрек көзін ашады.
15. Әл Бәтын Жасырын, Ішкі, барлық нәрсені Қамтушы.
Ол жаратылыстарының көзіне көрінбейді. Ол барлығының не ойлап, не қоятынын біледі және олар не нәрсеге ұшырайтындарын меңгеріп тұрады.
Зікір айту саны:
62 Кең пейілді, нәпсісі өзіне бағынатын болады және жүрегі Аллаға деген сүйіспеншілікке толады.
16. Әл Баъис Тірілтуші, Жіберуші, Қайта өмір Беруші.
Өлген соң қайта Тірілтуші. Өлілерді есеп беру үшін тірілтеді. Өз елшілерін (пайғамбарларын) адамдарға жібереді.
Зікір айту саны:
537 Ерік күші мықты, берік болады және мақсатына жетеді. Жүрегінен Алла Тағала ғапылдық пен қатыгездікті алып тастайды.