Сарман алты таңба кітабы - Алпамыс Аскарович Сырманов 2 стр.


 Не Не сандырақтап кеттің? Сенің ойыңша ол ауруды өзі таратты деп ойласың ба?

 Иә!

 Мұның енді шектен шығушылық!  деп ол үрейлене сөйледі.  Бұл сөзіңді менен басқа ешкім естімей-ақ қойсын, сен жақында әке атанасың одан да уақытыңды Сұлуға арна деп ол тоқтап қалды да, Ерұланға мұқият көз тастады.  Досым, сен осы ойыңды тастасаң қайтеді, ә? Бұл қауіпті, қазбалап қайтесің, мен саған қаншама уақыттан бері айтып келе жатырмын, бізге мұны білуге тиым салынған,  деп Батыра орнынан тұрды.

 Неліктен мені тоқтатқың келеді? Мен жай ғана олардың ұзақ өмірінің сырын білгім келеді,  деді оған Ерұлан.

Батыра ақырын жүріп, ашық тұрған терезелердің біріне барды, ол сыртқа көз тастап, таза ауамен терең тыныс алды. Аспан ашық, жұлдыздар аспанға шашылған алмастай жарық. Сарайдың жанында өскен алып теректер ақырын соққан желден жайқалып, баяу ғана ары-бері теңселіп тұр.

 Жаңа ғана айтқанымдай, бұл өліммен тең қылмыс, сен менің бауырымдай болып кеткенсің, сондықтан сені барынша ақымақтықтан сақтағым келеді, қала Сұлтаны сен жайлы оң көзқараста, ал оның бірінші қолбасшысы Дат деп ол кішкене кідірді,  өзің де білесің, Дат саған тісін қайрап жүр, қит етсе болды, ол саған қолындағы бар билігін салып, заң рұқсат еткен ең қатаң жазаны қолдануға дайын. Сенің билеушілер туралы теріс ойда екеніңді білсе, ол мұны барынша пайдаланады, тіпті мен сені оның қолынан аман алып қала алмаймын, оның үстіне сарбаздардың жартысынан көбі оған бағынады,  деді ол.

 Бірақ сен одан кейінгі әскербасысың, сондықтан мен еш қорықпаймын,  деп ол күлімсіреді.  Білесің бе, досым? Біз бір үлкен әлемде өмір сүреміз, онда зерттелмеген көптеген дүниелер бар, сол әлемнің бір кішкентай түкпірінде тығылып, өмірімді той-думанмен; көңіл көтерумен өткізу мен үшін ақымақтық, маған нағыз ләззат сыйлайтын ол осы әлемнің құпияларын ашу және менің айналамда болып жатқан дүниелер мені бейжай қалдырмайды, оның үстіне олардың ұзақ ғұмыры маған өте қызық, олардың не жасырып жүргендерін білгім келеді,  деді Ерұлан Батыраға қарап.

 Осы әлемнің құпиялары! Сен өзі не ойлайсың, таңым бар.  Иә, білемін саған зерттеген ұнайды, бірақ өтінемін, басқа дүниені зерттеші, оларды жайына қой! Ақыры жаман аяқталуы мүмкін.

 Жарайды оны қоя берші, мені бәрібір ешкім тыңдамайды,  деді де Ерұлан орындығына ыңғайлана отырып,  саған бір өтінішім болып тұр,  деді ол.

 Қандай өтініш? Егер ол Батыс орманға қатысты болса, онда маған ешқандай өтініш жасамай-ақ қой.

 Иә Батыс орманға байланысты, бірақ сен мені тыңдау керексің,  деді Ерұлан оған ақырын дауыспен.

 Тыңдауым керек пе? Сен мені тыңдау керексің, Ерұлан,  деп ол дауысын көтере сөйледі.  Екі ай бұрын онда не болғаны есіңнен шығып кетті ме? Әлгі жабайы аңның сені ажал құштыра жаздағаны, мен сені әрең аман алып қалдым, ондай жағдай тағы да қайталанғанын қаламаймын, өзің де білесің, Батыс орман қауіпті жануарларға толы,  деп ол Ерұланға бұрылды.  Ерұлан, жақында сен әке атанасың, сенің қауіпті дүниелермен айналысып, балаңның әкесіз өскенін қаламаймын.

 Бірақ менің онда не көргенімді білмейсің ғой.

 Сен онда бардым деп маған айтпа, мен сенен өтініп едім ғой онда бармауды, сен кішкентай бала сияқтысың, егер бұл әдетіңді қоймасаң, бір күні орманның ішіндегі жабайы жануар түбіңе жетеді, егер сонда мерт болсаң, есіңде сақта мен ол үшін өкінбеймін Неге сені қауіпті дүниелерге тарта береді?!

 Тыңдашы, мен онда барған кезде адам көрдім және ол орманның ішіне қашып кетті.

 Адам! Батыс орманда ма? Тұран хандығындағы ең қауіпті орманға бас сұғатын адам табыла қоймас, әрине сені есепке алмағанда!

 Мені тыңдашы бөле бермей.

 Жарайды.

 Мен онда адам көрдім, бірақ ол адам емес.

 Қалайша?  деді ол маңдайын тыржита.

 Иә, біртүрлі естіледі, бірақ ол адамға қарағанда екі есе үлкен болды, оны аңдаусызда байқап қалдым, бірақ толық қарап үлгерген жоқпын, мені көрісімен ағаштардың арасына жасырынып қашып кетті.

 Мүмкін ол жануар шығар,  деді Батыра.

 Жоқ, мен оның денесін анық көрдім адам сияқты тік тұрды, бірақ өте үлкен.

 Сенімдісің бе?

 Иә.

 Сонымен маған не демексің?  деді Батыра.

 Мүмкін ол жануар шығар,  деді Батыра.

 Жоқ, мен оның денесін анық көрдім адам сияқты тік тұрды, бірақ өте үлкен.

 Сенімдісің бе?

 Иә.

 Сонымен маған не демексің?  деді Батыра.

 Біз сонда барып, сен маған оның не екенін анықтауға көмектесесің,  деді Ерұлан. Батыра терең дем алып, күрсіне қайта шығарды:

 Сен ештеңеден сабақ алмайды екенсің,  деп оған қарады,  Ерұлан білесіңғой ондағы жануарлардың басым көпшілігіне біздің қару әсер етпейді олардың қалың терісінен тіпті ең өткір деген қылыштарда пайдасыз, неге сені сонда тарта береді?

 Сол үшін мен қару жасадым, онымен бірге бізге ешқандай қауіп төнебейді.

 Қару?

 Соңымнан ер, саған көрсеткенім абзал болар,  деп Ерұлан орнынан тұрып, үстелдегі шамды алды да, Батыра мен бірге кітапханадан шықты.

 Сенің ойлап таппайтының жоқ, жарайды көрейік не екенін,  деп Батыра Ерұланның соңынан ерді.

Екеуі кітапханадан шықты да, ұзын дәлізбен жүре, оңға бұрылып, сарайдан шықты, алып қабырғамен қоршалған сарайды айнала, оның артына барды. Арт жағында қабырғалардың бұрышында орналасқан кішігірім ғимаратқа келді. Кірпіштермен өрілген, үлкен есік-терезесі бар, бірақ жақсылап жабылған ғимараттың есігін Ерұлан қалтасынан кілтін алып ашып, ішке кірді де, құрал-саймандары шашылған үстелге шамды қойып, қабырғада ілулі тұрған үлкен шамшырақты жақты, оның сәулесі бүкіл бөлмені өзінің жарығымен айқын етті.

Батыра айналасына көз жүгірте:

 Мына орынды ретке келтіру керек деп ойламайсың ба?  деді ол Ерұланға көз қырын тастай.

Онда әртүрлі темір құралдар шашылып жатты, тіпті Батыра байқаусызда ауыр темір заттардың біріне аяғын соғып алды.

 Жоқ, барылығы рет-ретімен тұр емес пе?  деді Ерұлан жымия.  Ал міне, біздің сұлуымыз,  деп бөлменің ортасында қара матамен жабылған үлкен заттың жанына келіп, оның бетінен матаны жұлып алды.

 Бұл не?  деді Батыра әлгі затқа жақындай.

 Бұл Тазарлық зеңбірек.

 Тазарлық зеңбірек? Онымен не істемексің және неге Тазарлық зеңбірек?

 Себебі мен оны Тазар қаласынан әкелінген темірден жасадым, өзің де білесің, онда ең керемет темірлерді өндіреді.

 Сен мынаны толықтай өзің жасадың ба?  деді Батыра зеңбіректі айнала жүріп.  Оны қалай пайдаланасың, ол үлкен, өткір, бұрыштары да жоқ, өзі домалақ екен, мына үлкен тесік не үшін?

 Оны мен саған орманға барған кезде көрсетемін және оны пайдалану үшін ешқандай өткір бұрышты қажет етпейді, сендердің қылыштарың сияқты оны ары-бері сермеп те әуре болмайсың, ал енді саған өтінішім, осыны қаладан алып шығуға көмектес, сен қаладағы Даттан кейінгі әскербасысың, сені қаладан шығарда ешкім тексермес,  деді Ерұлан иегін сипай.

 Жетпегені осы еді,  деп Батыра басын шайқады,  сені тоқтату менің қолымнан келмейтін сияқты, өзіңнің қарғыс атқыр сұрақтарыңа жауап таппай, сен тынышталмайсың; мен саған тек бір келеңсіздікке ұрынып қалмас үшін көмектесемін, бірақ тек мен айтқан күні барамыз, сенің мына қаруыңның қалай жұмыс істейтіні маған қызық болып тұр.

 Жарайды, оған дейін мынаның бітпеген бір-екі жерін жасауым қажет, бірақ тым ұзақ күттірме, білесің ғой менің күткенді ұнатпайтынымды.

 Жарайды, жарайды, қолым босай салысымен саған келемін, ал енді ғафу етсең, мен қайтайын,  деп ол шеберханадан шықты да, тоқтап:  А, айтамын деп ұмытып кетіппін, бұл жолы өзіңмен бірге өз сарбаздарыңды алып жүр, мен саған өзімдікін бермеймін онсыз да өткен жолы екеуі сенің артыңды жабамыз деп жарақат алды, сосын Датқа басқа сылтау айтуға тура келді,  деді ол.

 Иә, иә,  деді Ерұлан зеңбіректің бетін қайта жауып жатып, оның көз алдына көрген түсі елестеді: сарбаздардың бір-біріне жүгіріп, бірін-бірі аяусыз өлтіргені, тіпті олардың айқайлаған дауыстары, жарылыстың үні оның басында жаңғыра естілгендей, зеңбірекке қарап: «Түсімдегі осының дыбысы емес пе?» деп өзінен сұрады, «бірақ біздің хандықта мың жылдан аса уақыт соғыс болған жоқ, жай ғана кездейсоқтық шығар, мен мұны адамдарға қарсы пайдаланбаймын деп ойлаймын, мүмкін бұл жайлы басқа біреулер біліп, оны ұрлап кетсе, алайда хандықта ондай іс-әрекетке баратын адам табылмас» деп ол өзін жұбатты, бірақ ол өзін не күтіп тұрғанын білген жоқ және барлығы аяқ асты өзгереді деп күмәнданған емес.

Назад Дальше