Осы мақсатты қолданыңыз, өміріңіздің беткі мәнінен тыс, әрі қарай қараңыз және бұрын өмір сүрген өткеннің мәнін қараңыз, болашақ жоспардың мәнін қараңыз. Бәрі бақытты болу туралы айтады бірақ оның мәнісін азы ғана түсінеді, себебі ол абстрактілі ұғым. Осы идея көмегімен ғана сіз өмірдің бүкіл кітабын түсінуге ұмтыласыз. Сіз жалпы өмір кітабына араласа алмайсыз, бірақ өз өміріңіздің кітабы, өзіңіздің миыңызда екенін ұмытпаңыз. Сіз өмірден кішкене ғана мағына тапсаңыз, ол сізді терең мағынаны іздеуге итермелейді. Бұл іздеу ешқашан нәтижесіз болмайды: ол сізді мазалайтын сұрақтарға толығырақ жауап беруге, тереңірек және мағыналы өмірге жетелейді.
Ешкім өз қалауынша өмір сүріп жатқан жоқ
Біреудің ақымақ шешімдер қабылдағанын, алды-артын болжамай әрекет еткенін, босқа жүгіргенін және біртіндеп эмоционалды және психикалық бұзылуға немесе қаржылық күйреуге әкелгенін көрген кезде не айтасыз? Стресс немесе құлдырау болған кезде, сіз бұрылып: Менің бар айтарым: ол өз-өзіне ор қазды, өзі кінәлі, конечно сосын» деп айтатын адамдар қатарына жатасыз ба? Менің ойымша, біз бәріміз осылай айтамыз, және ең қызығы, біз осыны дұрыс деп санаймыз, өйткені біз өзімізге шұңқыр қазамыз. Біздің өміріміздегі барлық қиындықтар не үшін болды? Өйткені біз оларды сұрадық. Кейде мұны түсіну өте қиындау болуы мүмкін, бірақ бұл рас.
Дұға-тілек, терең ішкі қалау бұл көпшілігіміз ойлағаннан да әлдеқайда күшті күш. Біз бір нәрсені қатты қалаймыз, және біздің қалауымыздың қарқындылығы оны жүзеге асыруға жақындатады. Бірақ егер біз жаман тілек тілесек, онда бұл қарқындылық бізге үмітсіздік пен ауырсыну әкеледі. Жамандық адамға тән емес, ал біз оған жабысуға тырысамыз, керісінше аулақ болудың орнына.
Менің ойымша, өмірден белгілі бір нәрсені алуға тым көп көңіл бөлу қауіпті.
Эммет Фокс бір кездері: «Өз қалауларыңызға абай болыңыздар, өйткені сіз оларды толықтай жүзеге асыра алатын барлық еркіндік бар!» деді.
Менің ойымша, ол дұрыс айтты. Біздің жүрегіміздің қалауы, ешкімнің соңына дейін түсінбейтін жұмбақ жолдармен қозғалады және ерте ме, кеш пе шынайы өмірде көрінеді. Сондықтан біз сақтық танытып, не нәрсеге ұмтылып жатқанымызды түсінуіміз керек. Көріп отырсыз ба, біздің тілектеріміз тақырыпқа сай ақ піл болуы мүмкін!
Ежелгі Үндістандағы раджалар (билеушілер) бір бағынышты адамдарын кедейлендіргісі келгенде, олар оған ақ піл беретін. Оны тамақтандыру, күнделікті жуу және безендіру қажеттілігі сол адамды кедейлікке дейін жеткізетін, себебі оның ақша табуға мүлдем уақыты болмайтын. Олар бұны прикол ұстау үшін жасайтын және біздің өмірімізде де дәл солай. Біздің қалауымыздың көптеген элементтері ақ пілдерге айналады, зұлымдықтың әсерінен. Ал оған қарсы, менің ойымша, өмірдің өзі біздің көптеген ақылға сыймайтын, жаман, теріс, жағымсыз, негативті дұға-тілектерімізді, қалауларымызды жасырады, өйткені ол (Алла) бізді ақ пілдерден (кедейшілік, ауру т.б. сынақтардан) қорғағысы келеді.
Мүмкін, кез-келген нәрсені қалай берудің орнына, біз одан да көп даналық іздеуіміз керек шығар. Даналықты іздеу әлдеқайда қауіпсіз, өйткені сізде басқа адамдарға және олардың проблемаларына ақылмен және адамгершілікпен қарауға мүмкіндік беретін жабдық бар. Ақылға (пайдалы, қажетті, керекті ақпарат) ие бола отырып, сіз ақылға қонымсыз шешім қабылдауға асықпайсыз, бұндай шешім сөзсіз адамдардың сізден теріс айналуына және былай деп айтуына алып келеді: «Менің бар айтарым, ол өз қалауына ие бола алмады, өз басына өзі тілеп алды».
Көптеген адамдар, егер оларға оны бірден алуға не жетуге мүмкіндік болмаса, ұмтылысты тоқтатады. Көп адамдар өздері ұмтыламыз деп шешкен нәрсені қалайды, бірақ шынымен пайдалы, қажет, керек нәрсеге ұмтылмайды, себебі білмейді не пайдалы, не қажет, не керек, оларға оны ешкім үйреткен жоқ және ешкім міндетті де емес, адам өзі үйренуі керек, басқа біреудің үйреткені үйрену болмайды, себебі сіздің өміріңіз сіздің жеке шаруаңыз.
Шын пайдалы, қажет, керек пен қалаймынның арасында үлкен айырмашылық бар. Елестетіп көріңізші, ата-анаңыз бала кезіңізде сізге қалағанның бәрін жаса десе: инсектицид бөтелкесін ішуге немесе газ плитасында «билейтін» әдемі жалынды ұстауға т. б. Сіз мұны қалаймын деп ойладыңыз, бірақ ата-анаңыз сізге қауіпті екенін, ол сізге зиян тигізуі мүмкін екенін білді, сондықтан сіздің өміріңізді сақтау үшін тоқтатты.
Міне, біздің зиянды қалауымыз бен пайдалы қажеттіліктеріміздің арасындағы айырмашылық. Егер біз нәпсіқұмарлыққа, дүниеқұмарлыққа емес, біз үшін дұрыс болатын ақиқатты түсінудің даналығына ұмтылатын болсақ, онда бізде пайдалы қалауымыздың бәрі болады және біз өмір бойы нені қалау керек, не қажет екенін сенімді түрде білетін боламыз. Ең бастысы біздің қалауымыз Құдайдың қалауымен сәйкес келеді.
Міне, біздің зиянды қалауымыз бен пайдалы қажеттіліктеріміздің арасындағы айырмашылық. Егер біз нәпсіқұмарлыққа, дүниеқұмарлыққа емес, біз үшін дұрыс болатын ақиқатты түсінудің даналығына ұмтылатын болсақ, онда бізде пайдалы қалауымыздың бәрі болады және біз өмір бойы нені қалау керек, не қажет екенін сенімді түрде білетін боламыз. Ең бастысы біздің қалауымыз Құдайдың қалауымен сәйкес келеді.
Әрекетсіз әрекет
Сіз әрекетшіл, іскер адамсыз ба? Менің ойымша, бұл сіздің «әрекет» деген сөзді қалай түсінуіңізге байланысты болуы керек. Мүмкін сіз үнемі «бір орында миыңыз айналып жүретін шығарсыз», сондықтан да сіз өзіңізді әрекетшіл, іскер адаммын деп санайтын шығарсыз? Солай ма? Менің ойымша, әрекетшілдік әрқашан әрекетті қажет етпейді. Біздің іс-әрекеттеріміз, шынымен не пайдалы екенін білмеу үшін ақтау ретінде қызмет ететін кездер болады. Көп уақыт пен энергия көбінесе ұсақ-түйектерге, зиянды амалдарға жұмсалады. Бірақ біз өз уақыт пен күш-қуатымызды ысырап етуге жол бере алмаймыз. Бұрын не кейін шешім қабылдауға тура келеді, не маңызды, не маңызды емес нәрсені, өйткені егер біз бәрін бір уақытта жасауға тырыссақ, онда біз шын маңызды нәрсеге қол жеткізе алмаймыз. Адам санасы өте нәзік және күрделі құрал. Ол ішкі жағынан да, сыртынан да күйзеліске ұшырайды және тым көп қысым көбінесе кері кетуге, жоспардың орындалмауына, әрекеттің тоқтап қалуына әкелуі мүмкін.
Психикалық шамадан тыс жұмыс физикалық сияқты әлсіретуі, шаршатуы мүмкін. Өзіңізді қолдаудың бір ғана жолы бар өзіңіздің ішкі «Мен» мен үнсіз сөйлесуге үнемі оралу. Сіз өмірдің қайнар көзі мен бұлағының жанында тыныш демаласыз, бұл сізге бақытты өмір сүруге мүмкіндік беретін жағымсыз әсерлерге қарсы төзімділікті арттырады. Бір таңқаларлығы, бұл ақыл-ой немесе физикалыққа қарағанда жоғары деңгейдегі әрекетшілдік. Арбаның дөңгелегі сияқты айналатын уақыт әлемінде, әрекетсіздік пен тыныштық нүктесі бар. Біз осы нүктеге қайта қайта оралуды үйренуіміз керек, егер де дөңгелектермен езілгенді немесе шетке лақтырырылғанды қаламасақ. Жүректегі әрекетсіздіктің тыныштығы бұл біздің «Ішкі Мен» -мен қарым-қатынас жасай алатын жалғыз орын. Егер біз осы тыныштықты қаласақ, біз саналы (ерікті) түрде оған қол жеткізуге болатын жағдайға жетуіміз керек. Бұл күштердің жаңаруының құпиясы ақыл-ой, физикалық және рухани, бұның барлығы адамның «Мен» -і. Сіз осы ақиқатты тапқаннан кейін, сіз сананың сенімділігін сезінесіз, өзінің мән-мағынасын таныған.
Әрекетшілдік әрдайым қозғалысты білдірмейді. Ішкі «Мен» әрекеті көбінесе абсолютті әрекетіздікте, қимылсыздықта болады. Көліктің аккумуляторын қайта зарядтаған кезде, ол сөреде екі сыммен тұрады, одан келетін, және мүлдем өлі болып көрінеді. Сырттай ештеңе болмайды, алайда бұл батареяның ішінде одан да белсенді әрекет жүріп жатады, бұрынғыдан да.
Эдвард Арнольд былай деп жазды: «Сен өзіңнен қиындыққа тап боласың, сені ешкім артыңнан итермейді немесе бір орында ұстамайды, сен өмір сүруге және өлуге еркінсің, доңғалақпен бірге айналып және оның шабағын (спицы) сүйесің, азап, бейнет, қайғы-қасірет дегенің дәл осы». Шынында да, біз іс-әреке бағытында үнемі айналу қажеттілігімен байланысты емеспіз. Кейде біз толықтай қозғалмай, Ішкі «Мен» -мен жұмыс істеуге мүмкіндік бергенде, біз ең белсендіміз, әрекетшілміз.
Бұны мен әрекетсіз әрекет деп атаймын, және шынайы қозғалыс пен іс-әрекетті жоққа шығармаймын, себебі ол соңғы нүкте, нүктесіз сөйлем бітпейді, айтылған сөздің дәлелі болмайды. Бірақ дегенмен, ішкі әрекетсіз әрекетті, біз жұмыс деп есептемейінше, біз көптің бірі болып, бәлкім бақытсыз болып қала беруіміз мүмкін.
Қателіктер мен күнәлар
Қателіктер мен күнәларды жасаудан қорқасыз ба? Көптеген адамдар қателіктер жіберуден қорқады, кейде адамдар ғана емес, сонымен қатар бүкіл үкіметтер. Бірде Мен Уганда Үкіметінің ауа-райы болжамын радио арқылы таратуға тыйым салғанын оқыдым. Байырғы жергілікті тұрғындар метеорологиялық есептерді, мәліметтерді үкімет қаулылары, жарлықтары деп қателесіп және ауа райына толық бағынып, табынып кеткен. Болжам (ауа-райы) дәл емес, қате болып шыққан кезде, олар ауа-райын да айыптайтын, үкіметті де айыптайтын, және соның кесірінен халық радиода айтылғанның бәріне сенуді тоқтатты. Олар айтатын, бұл үкіметтің бәрі өтірік, ауа райы болжамы сияқты.
Уганда үкіметі бұл жағдайдан шығудың оңай жолын тапты. Олар жай ғана ауа-райы болжамын радио арқылы жіберуге тыйым салды. Бірақ мен бұл шынымен дұрыс және әділ шешім болғанына күмәнім бар. Ал сіз қалай ойлайсыз? Дегенмен бұл Уганда үкіметінің жіберген қателігі еді