Тинейджерлерге арналған қаржы. Балалар мен ата-аналарға арналған кітап - Наталья Попова 2 стр.


Әдетте бағам салыстыру әлемдегі ең көп қолданылатын валюталармен жасалынады, олар:



Және де ақша құнын алмасу мүмкіндігіне немесе сатып алу мүмкіншілігіне қарай анықтауға болады. Мысалы, 100 теңгеге 1 бөлке нан алуға болады. Немесе бір теңге бір сағыз тұрады.

Егер 2000 жылы 100 теңгеге 3 бөлке нан, ал 2010 жылы 100 теңгеге 1,3 бөлке нан алуға болатын болса, қалай ойлайсың не жағдай орын алды? Дұрыс, теңге арзандады, ал нан қымбаттады.


Сұрақтар

1. Ақшаның бағасы бар ма?

2. Ақшаның қанша тұратынын қалай түсінуге болады?

3. Валюта бағамы дегеніміз не?

4. Қандай валюталарды білесің?

Тарау 3. Байлық дегеніміз не?

20 фунт жылдық табысыңда шығысың 19 фунтов 96 пенс болса  бұл бақыт. 20 фунт жылдық табысыңда шығысың 20 фунт 6 пенс болса  бұл кедейлік.

Чарльз Диккенс

Мүмкін сен бай болғың келетін шығар? Бірақ байлық не екенін сен түсінесің ба?

Мысалы, менің он екі жасар қызым бұл сұраққа бай адам ақшасы көп адам деп, ал қаншалықты көп деген сұраққа ойланып: миллион доллар деп жауап берді.

Бұл анықтама дұрыс емес. Мүлдем дұрыс емес деп айтуға болады.

Байлықты белгілі бір ақша көлемімен анықтау өте қиын. Біреу үшін байлық ол  100 доллар. Мысалы, Африканың көптеген елдерінің тұрғындары күніне 1 доллармен күн көреді және де әрине оларға 100 доллар 100 күн көруге болатын үлкен капитал. Ал біреуге миллион доллар да мүлдем көп ақша емес.

Адамның байлығын, нақтырақ айтатын болсақ, ауқаттылығын анықтау оның табыс және шығыс көздерін ойға ала тұрып бағалаған дұрыс.

Мысалы, адам айына 50 000 ақша табады, бірақ 40 000 теңге жаратады, мұндай адамды толықтай бай адам деп атауға болады, өйткені оған керектінің бәріне оның қаржысы жетеді және тіптім кішкене қалады.

Егер адам миллион теңге ақша тауып, бірақ бір жарым миллион теңге ақша жаратса, қалай ойлайсың ол адамды бай адам деп атауға бола ма? Дұрыс, олай атауға болмайды.

Адамның табысы оның шығысынан көп болған жағдайда ғана оны бай не ауқатты деп есептеуге болады. Ал адамды кедей деп табысы шығысынан аз болғанда атауға болады.

Яғни адамды кедей не бай деп оның табысы мен шығысын толықтай талдап шыққаннан соң ғана айтуға болады.

Сонымен, бай адам бұл  өзіне ұнайтын өмірге лайық, жеткілікті табысы бар адам.



Қызықты деректер:

Егер сенің 4000 АҚШ доллар жинағын болса, сен біздің елдің 50% тұрғынынан байсың.

Егер сенде 75000 АҚШ доллар бар болса, сен әлемдегі ең бай адамдардың 10% кіресің.

Кез келген нәресте жер бетіндегі екі миллиардтан (барлығы шамамен 7 миллиард) астам адамға қарағанда бай, өйткені оның қарыздары жоқ.


Сұрақтар

1. Адамның қымбат және әдемі машинасы бар, алайда ол оны 10 миллион теңгеге кредитке алғанын және де кредитті 10 жыл бойы төлейтінін, ал жинаған жинағы 10000 теңге ғана екенін білдің. Қалай ойлайсың бұл адам бай ма? Қалай ойлайсың мұндай затты сатып алудың пайдасы бар ма?

2. Тау соқпағында лашықта тұратын дәруіш-гид тек көкөністермен тамақтанып, 10 жыл бұрын секонд-хэндта сатып алған киіммен жүреді. Ай сайынғы табысы 150 000 теңге. Ал өмір сүруіне ай сайын 50 000 теңге ғана жаратады. Жыл бойына жинағы 1 200 000 теңге болды. Қалай ойлайсың бұл адам кедей ма? Неге?

Тарау 4. Баға неге байланысты қойылады?

Баға  бұл барлық заттың өлшемі.

Константин Кушнер

Сен өміріңде неге бір зат екінші затқа қарағанда басқаша бағада тұратынын ойланып көрдің бе?

Кез келген заттың бағасы екі нәрсеге байланысты:

 Материал

 Еңбек

Материал  бұл біз ұстап, сипап, көріп және сезе алатын нәрсе.

Еңбек әр-түрлі бола алады, ол адам жасаған жұмыс және де машина жасаған жұмыс болу мүмкін.

Бірақ! Ешқандай да мінсіз машина адам бақылауынсыз жұмыс жасай алмайды, яғни, кез келген машина еңбегіне адам еңбегі қосылады.


Мысал

«Сникерс» шоколадты батончигін алайық.

Ол жасалынған материал: какао, жаңғақ, карамель.

Батончикті дайындау үшін кеткен еңбек: какао-атбас бұршақтарды, жаңғақты, қант құрағын өсіру. Жинау, тасымалдау, сақтау. Шоколадты, карамельді жасау, формаға құю. Бұның барлығы машинамен жасалынады, яғни машинаның еңбегі. Машинаны және барлық бизнес процесстерді еңбек етуші адам қадағалайды.

Сонымен, қосайық материал + еңбек = шоколадты батончик!



Күрделірек мысал

Электрондық кітап.

Қалай ойлайсың кітап жасағанда материал қолданыла ма, әлде тек еңбек қана бар ма?

Негізінде электрондық кітапта да материал қолданылады. Бұл материалды автор еңбегімен жасалынады. Кез келген материалды жасау әрдайым еңбекпен бірге жүреді. Тап осы жағдайда материал  автор жазған текст.

Электрондық кітап жасау үшін авторлық еңбекпен жасалынған ғана материал аз болады. Материалға кітапты цифрлау, иллюстрациялар жасау, электрондық үстеме жасау сияқты қосымша еңбектер қосылады.

Сонымен, қорытындылап келсек:

Материал + еңбек = электрондық кітап.


Мына заттардың құны неден тұратынын ойланып жауап бер

 Iphone. Жақсылап ойлан, неге Iphone онымен фунцкионалы бірдей басқа ұялы сымтетіктерге қарағанда қымбат тұрады?

 Сенің сүйікті онлайн ойынның?

 Нанның?

Тарау 5. Инфляция және дефляция. Бұл сөздердің сен үшін қандай мәні бар?

Өмірді бүгін сүр. Ертең қымбатқа түседі.

«Pan American» авиакомпаниясының жарнамасы

Алдыңғы тарауларда айтып кеткендей, ақша  бұл айырбас үшін арналған тауар. Ал кез келген тауардың, сонымен қатар ақшаның да өз құны бар. Ақшаның құны да кез келген тауардың құны сияқты өсу де төмендеу де мүмкін.


Инфляция  бұл ақшаның құнының төмендеуі. Дефляция  ақша құнының артуы.


Ақша қалай арзандауы мүмкін? Инфляция қалайша білінеді?


Мысал:

Сенде 200 теңге бар. 2016 жылдың жазында сен 200 теңгеге 2 батончик «Сникерс» ала аласың. 2017 жылдың қысында сен дүкенге бардың және енді сол 200 теңгеге сен тек 1 батончик «Сникерс» ала аласың. Қалай ойлайсың, не жағдай орын алды? Ақша арзандады, яғни инфляция орын алды.



Ақша құнының өзгеруі мемлекетте өндірілетін маңызды азық-түліктердің бағасына, халықтың мемлекетке төлеген салықтың соммасына және де басқа көптеген факторларға байланысты. Қаржы сауаты бар адам өз ақшасын сақтап қалу және табыстарын бақылау үшін әрдайым инфляцияны бақылап отырады. Әр түрлі дереккөздерде инфляция бойынша әр мемлекеттің болжамдары жарияланады.

Егер табыс көздерінің өсімі инфляцияға қарағанда аз болса, сен алған табыс оған дейін болған табысқа қарағанда аз деген сөз. Яғни шынайы табыс сен күткендегіден аз болады.


Мысал:

2017 жылдың басында сенің еңбекақың 100 000 теңге құрады.

2017 жылдың соңына қарай инфляция 10% құрады, ал сенің еңбекақың баяғыдай болып қалды. Бұл 2017 жылдың басында сенің еңбекақың 100 000 теңгеге тең болса, жылдың соңында сенің еңбегін10%-ға арзанырақ болып, яғни 90 000 теңге тең болады.


Қызықты дерек:

Тарихта болмаған инфляция Зимбабведе 2009 жылы болды. Жылдық инфляцияның пайызы 321 миллион құрады. Зимбваваде болған инфляцияның жалғыз артықшылығы ол мемлекет тұрғындары оңай триллионға дейін санап үйреніп алды, себебі мемлекет 100 триллион зимбабве долларлық купюрасын шығарды!


Есеп 1.

Сен Африкаға 2021 жылға саяхат жоспарлап қойдың, сапардың бағасы 1800 АҚШ долларға шығады. 1 АҚШ доллары 330 теңге тұрады. Бұл сомманы жинау үшін сен 3 жыл бойы ай сайын банкке 16000 теңгеден, яғни 50 АҚШ доллардан саламын деп шештің.

Жыл сайынғы инфляция 5% құрады және доллар бағамы авиабилет сатып алатын уақытқа келгенде 1 доллар 400 теңгеге тең болды. Теңге жиналған ақша саған Африкаға саяхатқа жете ма?


Есеп 2.

Сенің 120 000 теңге тұратын бір зат сатып алу арманың бар. Өзің не екенін ойлап тап. Сомма үлкен болғандықтан оны әке  шешеңмен бірге жинаймыз деп шештіңдер. Анаң саған ай сайын 10 000 теңгеден тәртіпті болғаның және үй шаруасында көмектескенің үшін беріп тұруға уәде берді. Бір жылда (12 айда) мемлекетте 10% инфляция болды. Қалай ойлайсың ынталанып жинаған 120 000 теңгеге армандаған затыңды ала аласың ба? Сен армандаған зат жылдың соңында қаншадан болады?

Тарау 6. Номиналды және нақты табыс. Табыс әр түрлі бола ала ма?

Сен өз ақшаңды басқарасың, не олардың жоқтығы сені басқарады

Дэйв Рэмси

Әрбір қаржыдан сауаты бар адам қаржысы оны емес, ол қаржысын бақылағысы келген жағдайда, өзінің шынайы табысын түсіне білу керек. Сенің шынайы табысың  бұл инфляция шегерімінен кейінгі қалған қаражат.

Назад Дальше