Мейрхан Абдильдин: Өнегелі өмір. Вып. 22 - Коллектив авторов 7 стр.


Он внес огромный личный вклад в формирование теоретической физики в Казахстане как приоритетного направления науки. Организатор и руководитель единственной программы фундаментальных исследований в этом направлении в Республике «Теоретические исследования гравитационных, электромагнитных, сильных и слабых взаимодействий» Министерства науки – Академик Наук Республики Казахстан, объединяющей усилия всех известных физиков-теоретиков Казахстана. Он председатель первого в Казахстане Совета по защите докторских диссертаций по специальности «Теоретическая физика», один из инициаторов создания НИИ ЭТФ КазГУ им. аль-Фараби – первого НИИ при вузе в Казахстане, где организовал отдел теоретической физики.

Его столь внушительные успехи, видимо, обусловлены не только его особыми дарованиями, но и были предопределены судьбой. Хотя его биография во многом похожа на биографии людей своего поколения, она принципиально отличается от них. Для такого утверждения есть несколько веских оснований.

Прежде всего, примечательно то, что он родился в Алтайском крае, и детство его проходило в Павлодарском Прииртышье, на священной земле, которая породила многих талантливых и известных личностей. В семье, где он рос, царил дух добрых традиций казахского народа, духовности, а также свободного развития детей, их раскрепощенности. Его восприятие мира, становление как личности в те, да и последующие года, формировалось в окружении мудрой заботы и любви старшего брата Жабайхана Мубараковича, известного сегодня не только в нашей Республике человека, сенатора, академика.

К тому же, как говорил сам Мейрхан Мубаракович в интервью журналистам, ему всю жизнь везло на учителей: «Он учился в изумительной школе, где даже в те годы работали пять выпускников КазГУ и два учительского института, приехавших одновременно в его села», как будто бы специально для его обучения.

После окончания школы в шестнадцатилетнем возрасте он поступил в КазГУ на физическое отделение физико-математического факультета, где ему также повезло с преподавателями. Его знания, особенно по математике, приобретенные в те годы, заложили достойный фундамент для дальнейшего роста как физика-теоретика. Окончив университет, он был распределен на работу в Институт ядерной физики АН КазССР, который, в свою очередь, направил его на стажировку в г. Ленинград. Здесь уместно отметить, что бесценный вклад в формирование научной интеллигенции внесла Академия Наук, основанная славным сыном своего народа академиком К.И. Сатпаевым, которая определяла политику подготовки кадров в ведущих научных центрах страны. Так, в те годы в Ленинграде обучалось около 300 молодых людей из Казахстана, среди которых был и молодой Мейрхан. Он был первым казахстанцем, оказавшимся в знаменитом физико-техническом институте им. А.Ф. Иоффе – в колыбели советских физиков, которая воспитала таких знаменитостей, как П.Л. Капица, И.В. Саменов, Л.Д. Ландау, А.П. Александров и многих, ставших основателями собственных школ и благодаря которым впоследствии была создана разветвленная сеть научно-исследовательских институтов физического профиля по всей стране.

Мейрхан умудрялся, будучи в отделе теории ядра у профессора Л.А. Слив, параллельно изучать азы теории относительности. Окружающих поражала его неординарность. Ведь он был первым пробным камнем из неведанной до того среды. Им казалось, что его пытливый ум, как черная дыра, поглощал все, с чем встречался. Его способность непрерывно генерировать безумные идеи ошеломляла их. Человеколюбивый по природе Лев Абрамович Слив представил его великому Фоку в надежде, что может быть тот его укротит. Фок уже никого в аспирантуру не принимал, и если его не интересовал собеседник, незаметно отключал свой слуховой аппарат. Но, увидев Хана – Мейрхан так окрестили в физтехе, – почему-то сразу согласился взять его в ученики. Так, судьба сделала ему очередной подарок.

Общение с Фоком дало возможностью полностью раскрыться его талантам, стать всесторонне развитым человеком. Отношение Фока к нему было настолько теплым, что Мейрхану казалось, что рядом его старший брат Жабайхан. Видимо, всем объясняется, что в одном человеке совмещается и ученый, и тамада, и ректор, и преферансист, и певец, и еще что-то там в один букет – как будто несовместимое для нашего стандартного мышления.

Мейрхан Мубаракович – крепкий духом человек вне всяких условностей. Мне вспоминается один случай. Я попросил его дать мне рекомендацию для вступления в партию. Страшников Николай Семенович, как человек, умеющий писать о чем угодно, о ком угодно, сколько угодно, поговорив со мной несколько минут, написал рекомендацию аж на 3 страницы. Кашкаров Василий Петрович с его обстоятельностью в течение недели, встречаясь со мною ежедневно по 1 часу, написал на 1 страницу, заблаговременно. А Мейрхан Мубаракович, мой заведующий кафедрой, тянул до последнего дня, и я весь испереживался. Наконец он пригласил меня к себе домой. Угощая чаем за приятной беседой, вспоминал Ленинград и, не утомляя себе, переписал, выбрав из двух рекомендацию Кашкарова. Представляете, каково было мое изумление. Но когда я увидел, что под ней стоит число на 1 день раньше, чем у Кашкарова, я вообще перестал что-либо понимать. Но рекомендации нужно было нести. Каким он мне тогда казался?! Лишь теперь, когда произошла переоценка ценностей, мы понимаем, насколько он был мудр, несмотря на свою молодость. Ведь все это были ничего не значащие условности, возведенные чуть ли не в ранг закона, спущенного Всевышним.

Мейрхан Мубаракович в своей жизни прошел огонь, воду и медные трубы. Без этого, видимо, человек не может быть понастоящему мудр и знать цену счастья.

Дорогой Мейрхан Мубаракович! Мы желаем Вам крепкого здоровья, оставаться таким, какой Вы есть, сохраняя свою индивидуальность. Мы горды тем, что Вы рядом, что Вы с нами, что Вы среди нас.

И еще об одном: будучи в Ленинграде, только он – Мейрхан Мубаракович – смог распознать из самых сокровенных самое ценное в необъятных богатствах Эрмитажа, выбрать себе в спутницы жизни милое очаровательное создание, обладающее беспредельным обаянием – Райхан Закиевну – единственную красавицу-ученицу директора Эрмитажа академика Бориса Борисовича Пиотровского. А может это было главным подарком судьбы, и он стал его волшебным талисманом на всю жизнь. Мы желаем семье Абдильдиных и впредь продолжать быть нашей гордостью, гор- достью нации.

Спасибо за внимание!

Выступление Т.А. Кожамкулова на заседании Ученого совета физического факультета КазГУ им. аль-Фараби, посвященном 60-летнему юбилею М.М. Абдильдина. 21.03.1998 г. Кожамкулов Т.А. Ученый об ученых. Ученые. Педагоги. Наставники. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – С. 22-24.

АҒАМЫЗДЫҢ БАЛАЛЫҚ ШАҒЫНАН КЕЙБІР КӨРІНІСТЕР

Мейірхан ӘБДІЛДИН

Менің Жәкең туралы естеліктерім төрт жасымнан басталады. Екеуміздің арамыз бес жас. 1942-1943 жылдар. Тоғай ішінде, бір аралда, тұрамыз. Үйдің жанында Ертіс өзенінің айырығы ағады. Үй деп ауыз толтырып айтып отырғаным шымнан қаланған әшейін бір жер кепе үй. Жерде тұрып, бұл үйсымақтың төбесіне сәкісіз-ақ шығып кетуге болады. Әйнек орнына жарық түссін деп қалдырған бір үлкен тесік бар. Сондықтан бұл үйсымағымызды «Соқыр үй» деп атайтын. Әкемізді соғысқа алып кеткен. Есімде қалған жандардан білетінім тек Жәкең, Жәкеңнен екі жас кіші бала – Ерсайын және өзімнің әжем. Тек осылар. Шешемнің (анамның) қайда жүргені есімде жоқ. Не қырдағы астық бригадасында ма, не бізбен тұра ма, білмеймін.

Өміріміз дәл индеецтің балаларының өміріндей десе де болады. Жан-жағымыз ну орман, су, әй дейтін әже жоқ, қой дейтін қожа жоқ, бір жағдай. Білетініміз күні бойы балық аулау, суға түсу, мойыл теру, қоянға тұзақ құру, тағы да басқа қызық тірліктер. Тамақ тапшы. Бір адамның шай іш, тамақ же дегені есімде жоқ. Өзімізбен өзіміз күн көреміз десе де болады. Әсіресе, ет деген нәрсені көрмейміз. Жәкең бертін келе айтатын, ала жаздай біздің колхозда, ақсақ өгіз сойылып, соның етін колхозшыларға бөліп берген екен. Біздің үйге екі килограмдай ет тисе керек. Бар болғаны осы.

Осындай қиын кезде біздің аман қалуымызда шіркін Жәкеңнің орны бөлек-ақ. Таң сәріден Жәкең балыққа барамын деп жинала бастайды. Оған серік болып Ерсайын да тұрады. Тіпті, мен де оя- намын. Себебі, олардан қалып қойсам, күні бойы аш боламын, бірге барсам – балыққа тоямын. Жәкеңдер қармақтарын ала сала тұра жүгіреді. Мен де өзімше соңдарынан еремін. Маған: «Маңқа, сен қал!» – деп ұрсады, бірақ мен де қалмаймын деп, зар еңіреп, соңдарынан ере беремін. Бір кезде, биік шөптердің арасына келгенде, тоқтап, адасып кетесің деп, соңдарынан ертіп алады.

Суға жете сала қармақ саламыз. Қармақтар Жәкең мен Ерсайынның қолдан жасаған бір заттары. Қайран Ертістің айырығы ай, біздің бақытты балалық шағымыздың қасиетті суы, сол қиын жылдары балыққа толы болатын. Осы жаман қармақтармен жып-жылдам бірсыпыра балық ұстайтын. Мен болсам, қармаққа шанышатын, қызыл құрт ұстап беремін. Балықты ұстай сала аршып жіберіп, тұз себіп, отқа пісіріп, рахаттанып қарнымызды тойдырып аламыз. Қалған балықты аршып, жуып үйге әкелеміз, әжемізге береміз. Міне ет мәселесі, соғыс кезінде, осылай шешілетін. Балыққа тойып алғаннан соң, түс кезінде, суға түсеміз, ойнаймыз. Әке-шешесі іздеп жатқан біріміз жоқ, дәл табиғаттың балаларымыз, өзімізше бақыттымыз. Мен, кішкентай болғандықтан әлі малту білмеймін. Жәкең мені ұстап алып бір таяздау деген жерге суға тастап жібереді. Судың ағыны қаттылау болса керек, мені домалатып алып бара жатады. Жәкең мәз болып күліп, қуып жетіп, мені көтеріп алады. Әбден қорыққан, су жұтқан мен, Жәкең мен Ерсайыннан, шортан көрген шабақтай қашамын. Қуып жетіп, ұстап алып, тағыда мені суға тастайды… Айтпақшы, шортан демекші! Біздің соқыр үйдің маңында шұңқырлар болатын. Су тасып, кейін қайтқанда, осы шұңқырларда су қалатын, сумен бірге балықтар қалады. Бір күні, бір шұңқырдың ішінде бір үлкен шортанды көрдік. Ұстаймыз деп суға түстік. Балалығымызды қараңызшы, қолмен ұстамақпыз. Біраздан кейін түсіндік, шортанның бір көзі соқыр екен. Соқыр жағынан екі бала келіп шортанды шап береді, бірақ, әлгі оңбаған шортан, лып етіп қолдарынан шығып кетеді. Бірнеше күн әуре болдық. Сөйтіп жүргенде, бір күні, «байлап қойған» шортанымыз із-түзсіз жоқ болды. Тегінде шөпшілер ұстап алып кеткен болуы керек. Өкінгеніміз-ай.

Тағы да бір қызық жағдай. Қыстың бір тамаша, жайма шуақ күні еді. Жәкең тоғайда қоянға деп құрған тұзақтарын көремін деп киініп жатқан. Шешем: «Сен қайда барасың?» – Жәкең: «Тұзақтарымды қарауға барамын!» – «Көгала, сенің тұзағыңа соқыр қоян да түспейді, одан да сиырларды суатқа айдап бар» – деп, шешем жібермеді. Сиырларды суарып келгеннен соң тұзақтарына барса, бір көк ит, тұзаққа түскен түлкіні бөлшектеп жатыр екен. Жәкең, қорықпай, итке таяқ лақтырады. Басы бір бөлек, денесі, құйрығы бөлек түлкіні Жәкең үйге алып келді. Қып-қызыл, керемет әдемі түлкі екен, өкінгеніміз-ай. Ал, әлгі көк ит деп, Жәкеңнің таяқ лақтырып жүргені, кәдімгі көкжал қасқыр екен. Жас кезімізде осындай да оқиғалар болған.

1943 жылы, қыс бітер кезде, әкем келді. Ауыл шаруашылығының кейбір мамандарын, соғыстың беті бері қараған соң, елдеріне қайтарған. Әкем мал дәрігері болатын. Әкеміз келгеннен соң өмір өзгере бастады. Сол жылы жазда біздің ауданның, Семей жаққа қараған жағындағы бір «Жаңа күш» деген колхозға мал дәрігері етіп жіберді. Біздің, бұрынғы «Қызыл еңбек» деген колхозымызға қарағанда, кішілеу, нашар колхоз екен. Бірақ жанынан Ертіс өзенінің өзі ағады. Бір шатағы осы ауылдың балалары, бөтен бала Жәкеңе, күш көрсеткілері келеді. Кейбір кезде үйдің төбесінен түсірмейді. Бір күні осы жағдайды әкем көріп, әлгі балаларды аттың бауырына алып қусын. Балалар шатақтарын қойып, кейін Жәкеңмен достасып кетті.

Бұл «Жаңа күштегі» өміріміздің ең бір қызық сәттері асық ойнаумен байланысты. Асық ойнауға топ бала жиналады. Асықтан ұтқан бала біздер үшін дүниежүзінің бокстан чемпионы болғаннан кем емес. Ойын түстен басталып, кейде, түнде айдың жарығымен де созылады. Бір марафон. Әр уақытта, ұзақ ойыннан кейін, екі бала, бәйгенің жүйрігіндей, сытылып шығады: бірі біздің Жәкең, екіншісі – бір Асылхан деген бала. Екеуі бірін-бірі жеңе алмай, ойын әбден қызады. Бір бала, түн болса да, шешелері айғайлап ұрысса да, қазыр, қазыр барамын деп, шешелерін алдап, осы бір екі баланың сиқырлы ойындарын, жан-тәнімізді салып, қызыға-қызыға көріп тарамайды. Бір кезде «ух» деп дем аламыз, біреуі жеңеді. Көпшілігінде Жәкең ұтады. Шынымды айтсам, Жәкеңнің көпшілік жағдайда сақасы артық болушы еді. Әрине, талантты да ұмытпау керек, әсіресе, Жәкеңнің шыдамдылығын, алған беттен қайтпайтындығын айтпасқа болмайды. Бірақ осы жерде тағы бір нәрсе еске түспей қоймайды. Сөзсіз Жәкең жойқын мерген, асық ойнауды өнер дәрежесіне көтерген талантты бала. Жаман жері сараң еді. Бір үлкен бұзау терісінен жасалған дорба асығы болса да, тағы да бір темір қорап асығы болса да маған, жалғыз бауырына, бір жаман асығын бермеуші еді. Бұл шындық.

1944 жылы мен бірінші класқа бардым. Жәкең, ұмытпасам, бесінші класта. Келесі жылы, алтыншы класта, алты бала оқуы керек еді. Бұлар бес қыз және Жәкең. Осы алтыншы класта, оқу басталғанда, бес қыздың оқи алмайтындықтары әбден анықталды, үлгерімі жақсы жалғыз Жәкең. Сондықтан бұл оқу жылында алтыншы класты жауып, бес қызды бесінші класқа, ал Жәкеңді секіртіп жетінші класқа ауыстырды. Ол кезде мұндай жағдайлар болатын. Сөйтіп Жәкең бір жылда екі класс бітіріп, кейін онжылдықты он алты жасында бітіруге мүмкіндік алды. Осындай, бала кезден, жолы да болғыш болатын.

1945-1949 жылдар. Қызыл еңбек колхозы. Павлодар облысы, Май ауданының осы колхозында ағамыздың жастық өмірінің тағы да бір қызықты шақтары өтті.

Ең бірінші жәйт мектеп туралы. Жәкең 1949 жылы, он алты жасында, осы колхоздың «Қазақстан» орта мектебін бітірді. Қателеспесем, осы жылы мектепті бітірген балалар тұңғыш рет мемлекеттік емтихандарды өз мектебінің қабырғасында тапсырған. Себебі: бұрын біздің мектептің оқушылары мемелекеттік емтихандарды Павлодарда, не болмаса Ертістің арғы жағындағы Қызыл қоғам деген колхоздың Қызыл-Әскер атындағы орта мектебінде тапсыратын. Мектепті бірінші рет басқа жаққа бармай, өз ауылымызда бітіру, біздің колхоз үшін, Май ауданы үшін бір елеулі жағдай болды. Сондықтан мектеп әдемі той жасап, бұл тойға көп колхоздардың бастықтары, ауданның бастықтары (райисполкомның бастығы Қабашев бас болып), елдің қадірлі ақсақалдары, ата-аналар баршасы қатынасып, салтанатты жағдайда кәмелеттік аттестаттар беріліп, балаларға жарқын болашақ тілеген болатын. Осы тойда Қабашев Жәкеңе бас ұстатқан. Мектеп бітірген балалардың саны бар болғаны жетеу болатын және бұлар сондай ұйымшыл еді. Осы мектептің атағын шығаруда мектеп директоры Шүлембаев Шапағаттың үлесі де мол. Бұл кісі Абай өлеңдерін, жалпы қазақ әдебиетін жетік білетін. Мектепте, елде әдебиетке, әнге, биге үлкен құмарлық болатын. Мектеп балаларының концертіне үлкенді-кішілі лық болып жиылатын. Мектеп оқушысы, апамыз, Хамитова Дәметкен әнші Мұхиттың «Айдайын» салғанда халық ду қол шапалақтап, мәз-мейрам болып, бір сергіп қалатын.

Сонымен не керек, Қазақстанның болашақ жалғыз академик философы, Қазақстан ғылым академиясының вице-президенті, сенатор Жәкеңнің өмір жолы осылай қуанышпен сәтті басталып, халықтың батасын алып еді.

Екінші жәйт ел туралы. 1945-1949 жылдары біздің Қызыл еңбек колхозында, жалпы Май ауданында, еліміздің өсіп даму бағытында бір үлкен дұрыстық бар сияқты еді. Бірінші – бұл еңбек. Жас та, кәрі де, жапа-тармағай еңбек ететін, адал еңбек ететін. Колхозға еңбегі сіңген Қопай, Бықия, Молдажан ақсақалдарды, әкелеріміз Дүйсенбай, Мүтәлда, насыбай Төкенді, ағаларымыз Тәукенді, шешелеріміз Күмісті бүкіл ел шын құрметтейтін, сыйлайтын. Екінші – ауылымызда Қайырбек атамыздай ауыл ақсақалы, жуан Шөкендей білімдар, әңгімеші адам, Дүйсенбай ағамыздай жомарт, кезінде Әйтейдің қара ұстасы аталған Хамит ақсақал сияқты талай қадірлі де, қасиетті де адамдар өмір сүрген еді. Үшінші – елдің оқуға, білімге, ән-биге, өнерге деген құштарлығы зор болатын. Абайдың: «Ғылым таппай мақтанба …», Лениннің: «Оқы, оқы және оқы» – деген өсиеттерінің өмірде орындала бастаған кезі еді. Жақсы оқитын баланың, әнші жігіт пен қыздың, балуан жігіт пен сұлу қыздың есімдері ел аузында көп айтылатын. Тоқа, Дәмелі, Жидебай, Мерғалым, Ерсайын, Қанапия, Амангүл т.б. аттарды ауыл жастары жақсы білетін. Төртінші – арақ деген пәле жоқтың қасы. Әсіресе, жастардың арасында болмайтын. Сондықтан ба, кішінің үлкенді сыйлауы, жастардың ара қатынасы, ауылдағы тойлар бір түрлі ерекше болатын. Міне, осы айтылған елдегі жағдайлар Жәкеңнің азамат болып қалыптасуына өз әсерін тигізгені сөзсіз деуге болады.

Назад Дальше