Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Ильич Нуров 11 стр.


Ең қызығы, осы еркін қара халықтың арасында еркі жоқ құлдар қатпары болған, олардың еркегі құл аталса, әйелі күң аталған. Әдетте, оларды осылай атап, өзге тілдерге осылай аударады да. Іс жүзінде олар кезінде тұтқынға алынған және өздерінің иелерімен көшіп қонуға міндетті болған, бірақ оларды батыстағыдай қоғамдық жұмыстарда, немесе шығыстағыдай үй жұмысында еңбегіне ақша төленбейтін тәуелді құлдар ретінде қолданды деп айту қиын. Олар алғашқыда шынымен де еңбегі қатаң, тәртібі жоқ көшпенділер үй шаруашылығында пайдаланылған құлдар болса, кейінірек үлкен көшпелі отбасының мүшесіндей болып, олардан көшіп кетуге хұқығы болмаған. Олар далалық емес үйреншікті ұғымдағы құлдардан гөрі белгілі ақсүйек руға, немесе адамға мәңгі қызмет етуді қалаған ежелгі монголдардың «унаган баголына» ұқсайтын. Осыны растау мақсатында Х ғ. аяғы ХI ғ. басында жазған араб авторы Ибн Факихтың «құлдыққа түсіп, сосын өзінің жаңа иелерімен өз тайпасына қайта оралғандарға бұрынғы орны қайтарылмаған», өйткені «түркілердің белгілі бір топтары өз тайпасынан кетіп, өзге тайпаға көшеді (сонда, 138 б). Сөйтіп, Ұлы дала жағдайында барлық көшпенділер багол мен құл болудың орнына, көшіп кетіп, тағдырмен тәйкілескен казак болуға мүмкіндік алған. Мысалы, VIII ғ. ортасындағы көне ұйғырдың Онгин тас жазуында Білге қаған мынандай өсиет айтады: «Егер сен, түркі халқы, өзіңнің қағаныңнан, өзіңнің бектеріңнен, өзіңнің отаныңнан бөлінбесең сен өзің де бақытты боласың» (151 б.). Бір қырғыз бегі де өзінің эпитафиясында оны қайталағандай: «Қара халық, еңбекқор бол! Ел орнатқан заңды бұзба!» (132 б.). Қарапайым халық пен құлдардың көшіп кету идеясы ру-тайпалық ақсүйектер мен қағандарды жаман қорқытқан және қазақылық идеясынан қорыққасын, олар халқын жемдеп отырған, яғни, олжа түсіру мен оны тарату және қорғау жағын ұйымдастырған. Бугут тас жазуының сақталған бөліктерінде түркі еліне осылай қызмет ету формуласы үш рет қайталанған: Мұған қаған жөнінде, Білге қаған жөнінде және Элетмиш қаған жөнінде (134 б.). Өйткені, ежелгі түркілер кейінгі көшпелі қазақтар сияқты байларды («байбар») сыйлаған, «кедейлік аяныш сезімін тудырмаған, оны айтасыз, тіпті, жиіркеніш тудырған», ал «жекеменшік мүлікке ең алдымен, малға құқық Орхон-Енисей тас жазуларында өте нақты көрсетілген» (136 б.).

Сөйтіп, осы оқулықтағы ежелгі түркі дәуірін суреттеу автордың «казак» ежелгі түркі атауының түркітілдес екенін және көшпелі қазақтардың этникалық өмір дағдысының негізі ретіндегі қазақылық әлеуметтік институтының көне екенін еш жоққа шығармай, қайта растайды. Қазақстанның ежелгі монгол дәуіріне қатысты бұл оқулық «Алтын Орда» орыс атауы Дунайдан Ертіске дейін созылған Жошы ұлысына қатысты болған және кейін ол Өзбек ұлысы аталған автордың ұстанымдарын растайды. Осы ұлыстың Еділдің шығыс жағындағы сол қанаты орталығы Сырдарья бойындағы Сығнақ қаласында халық ішінде Көк орда аталған. Орталық орда ретіндегі Көк орда Орду Ежен иелігінде еді. Ол шартты түрде Ақ орда аталатын (Ақ отау орталық орда) алтынға хұқығы бар ақ түстің иесі Бату иелігіндегі астанасы Еділдегі Сарайда болатын батыстық оң қанатына тәуелді еді. Өз уақытында Русьқа жорықтар ұйымдастыру үшін ақ отауды Батуға қойып, ал көгін Ордуға қойып, сөйтіп Ордуға күміске құқық беріп және Жошының үлкен ұлын кішісіне бағындырып, осылайша бөлуді Шыңғысханның өзі бастаған. Бұл мәселеде шейбанишіл тарихшыға сенуге болады, бірақ Шыңғысхан үшінші отауды Шейбанға қойды дегенде, бұл күмән тудырады. Өйткені, ол Жошының бәйбішесінен туған ұл емес, сондықтан оның Жошы ұлысының басшысын сайлауға мүлде хұқығы болмаған. Барлық өзге үлес тарату енді Бату иелігінде жасалды, өйткені Ақ орда барлық Жошы ұлысының әскери ордасына айналды. Тек Ақ орда ғана кейін Жүз орда аталды. Өйткені ол Русь пен Батысқа жорық жасау үшін өз ру мен тайпаларынан бөлінген жергілікті тұрғындарды казакка тартып, әскерін көбейту керек еді. Бату және Орду үйлерінің неформалды атауларының ауысуы Орду ұрпағы және қазақ хандары династиясының негізқалаушысы Көк орданың төресі Урус ханның Бату ұрпақтары өлгеннен кейінгі патшасыздық кезеңінде 13751376 жж. Ақ орданың билігін тартып алуынан еді. Кейін 80-ші жылдарда билікке Тоқа Тимур ұрпағы, Көк орданың төресі, Тоқтамыс жетеді. Содан бері қазақ хандары болған «көк» ордуидтер өздерін Ақ орданың заңды билеушілері санаған. Және онысы орынды еді, өйткені Бату тұқымы жойылғасын, Жошы ұлысындағы жоғарғы билікке тек Жошының үлкен ұлы Орду Ежен ұрпағы хұқылы еді (сонда, 173176 б).

Көк орданың кейінгі ішкі бөлуін Әбілғазы мен Махмуд ибн Валидің айтуынша, Батыс Еуропаға жорықтан келгесін, Сарай астанасында Бату жасаған: Орду ұлысының шығысына, Жоғарғы Ертіс және Алакөл аумағында шартты түрде оған бағынған Шейбан ұлысы қосылды, Орал өзенінің шығыс жағында, Ырғыз, Өр және Илектен Сырдарьядағы Қарақұмға дейін және Тоқа Тимурдың ұлысы, Оралдың батыс жағында, Солтүстік Кавказ, Астрахан және Маңғыстау аумағында (сонда, 227228 б).

Өзге де бөлшектеулер болған, бірақ олар негізгі болған жоқ. Егер Орталық Азия ру-тайпаларының қатаң иерархиясын ескерсек, осы Көк орданың қосымша үш негізгі ұлысқа бөлінуінен Қазақстанның үш жүзінің Жошының аталған ұлдарының үлкендігіне байланысты пайда болғанын болжауға болады. Ал осы үлкендігіне байланысты бөлінетін үш жүздің ру-тайпалық құрамына келгенде, автор өзінің казак ордалары ретіндегі қазақ жүздерінің ұзақ қалыптасқаны жөнінде және ежелгі қазақ руларының Шыңғысханға бірте-бірте қосылғандығы жөніндегі пікірімді сәл өзгертеді. Жақын келешекте мұндай реттілікті дәлелдеу мүмкін емес, бірақ ежелгі қазақ ру-тайпаларының ежелгі монгол қолбасшыларының Шыңғысханға шежірелік жақындығы жөніндегі мәселеге бұл әлдеде фон бола алатын түрі бар.

Қалай болғанда да, бұл оқулық автордың Қазақстандағы Ұлы, Орта және Кіші жүздің қазіргі Қазақстанның мөлшеріне дейін қысқартылған Шыңғысханның казак империясы ретіндегі ежелгі монголдық Жүз Орданың бөлінуінен пайда болды деген пікірін растайды. Ежелгі монгол ұлыстары сияқты, этнотерриториалдық жүздер де, тек ру мен тайпалардың ұйымшалары болды. Егер осыны ескерсек және Орду, Шейбан және Тоқа Тимур ұлыстары Ұлы, Орта және Кіші жүзге тең деген пікірді қабылдасақ, онда «қазақ тарихының ең басты жұмбағы» жартылай шешілді деп сенуге болады (281 б.). Ежелгі монголдың казак болғаны, олардың ру-тайпалары Ұлы Жүзге кірген Жетісудағы Моголистан мемлекеті, сонымен қатар, Джете елі деп аталған, ал оны монгол тілінен аударса «қазақы еркін өмір» боп шығады. Мысалы, Махмуд ибн Вали XVII ғ. былай дейді: «Джетені Мамлакат-и Моголистан деуге болады» (196 б.). Тіпті қатыгездігімен даңқы асқан Ақсақ Темірдің өзі он жорық нәтижесінде Могулистан, немесе Қазақстандағы, еркін өмірлі қазақылықты бағындыра алмады (201 б.). Окулың казак сөзінің этимологиясы мен семантикасына байланысты жоғарыда айтылған Левшин мен Юдиннің қағидаларын қабылдайды. Автор болса, кітаптың 1995 жылғы бірінші басылымында осы қағидаларға сүйенген. Ол кезде, әсіресе, қоғамдық деңгейде мұндай нәрселерге мән берілмейтін және қазіргі кездегідей мойындалмайтын. Көзге түсетіні, бұл оқулықта алғашқы рет абайлы түрде болса да, бірақ беделді, орыс тілінде осы түркі сөзі «белгілі ермегі жоқ ер жігіт» және XIV ғ. ақырында «жұмысын сатушы еңбеккер» һәм орыс қазақылығының алғашқы отаны ретінде тарихшылар Қыпшақ даласына шекаралас Русьтың оңтүстік шетін мойындайды» деген пікірді ақиқат ретінде қабылдайды (сонда, 249 б). Автордың айтуларынан жалғыз өзге нәрсе: оқулықтың редакторлары түпкі орыс казактарының («ордынские») Алтын Орданың ежелгі монгол-татар казактарынан шыққаны және Мәскеу Русі қызметіне тек оның монгол-татар езгісінен босанғанынан кейін тұрғаны жөніндегі өзінен өзі түсінікті ойды ғылыми өмірге жібермеген. Бір сөзбен айтқанда, оқулық былай дейді: «казак сөзінің ежелгі мағынасы әлеуметтік: қазақ дегеніміз қуғындаудағы, тек өзіне ғана және қылышына ғана сенетін жалғыздан жалғыз тұлға; қазақ дегеніміз алыс жолға дос-жарансыз жалғыз өзі шығатын адам; Бабырдың айтуынша, «аса өжетті, жауының малын шаршаусыз талайтын тұлға, ол да қазақ». Кейбір уақытта қажеттіліктен бе, әлде өз еркімен казак өмір дағдысын сүретін адамдар аз болмаған. Тарих-и Рашидидің авторы куәландырғандай, сол заманның ұғымынша, бұл тіпті мақтан тұтатын нәрсе деп саналған (250 б.). Автор пікірінің оқулық редакторлары пікірінен айырмашылығы тек бір-ақ нәрседе: автор барлық көрсетілген деректердің негізінде «еркін болу» әлеуметтік статусы ежелгі монголдарда болған және көшпелі қазақтарда толыққанды этникалық айырмашылыққа айналды деген ақиқатты аксиомаға айналдырады. Бұл әбден-ақ табиғи нәрсе, егер этностың негізі туысқандық, нәсілдік және өзге де антропологиялық белгілері емес, өмір сүру дағдысы, мінез-құлық ұстанымдары және әлеуметтік қауымдастықтардың өзге де мәдени-тұрмыстық қасиеттері болса. Ал нәсілшілдікті дәріптейтін болсақ, ол ғылыми сын көтермейтін нәрсе, әсіресе азды-көпті үлкен ру-тайпалар, ұлттық топтарға қатысты. Казак өмірінің мәдениеті мен тұрмысы аса ерекше болса да, жұпынылау болды. Осыдан оны казакане деген, яғни қазақша. (Мүмкін, осыдан орыстың казакині де шыққан шығар). Казактарға қосылған жолдастарын арнайы казакдаш деп атаған. Осылайша казактардан әскери қауымдастықтар, казактардың еркіндік жайылымы пайда болған, мұсылманша оны джама ат-и казак (251 б.) деген. Мұны этнографиялық нәрселер деп пайымдау артық болар. Кереит Тогрул ханның, Тайчуид Есугай батурдың, тіпті Шыңғысханның өзінің және оның бодандарының қазақылық статусы күмән тудырмайды, әйтпесе, неге олар жалғыздан жалғыз алыс сапарларға шығады? Егер казактар могол, қырғыз, өзбек, ноғай, орыстікі болып бөлінсе, бұл тек қаңғыбастардың түрлі тобына жараса беретін казак ұғымының жалпылама екенін айтып тұрған жоқ, сонымен бірге, осы казактардың бір ежелгі монгол этносынан, немесе далалықтардың саналы империялық жүздіктерге (мыңдықтарға) бөлінген ұйымы арқылы құрылған суперэтносынан екенін айтады. «Өзге сөзбен айтқанда, Өзбек Ұлысынан бөлініп, Жетісуға көшіп келген тек қана Абулхаир саясатына қарсы жәй ғана жекелеген тайпалар емес, жәй ғана саяси топтар емес, 14591460 жж. бөлінуден бұрын бөлектеніп үлгірген конгломерат ретіндегі субэтникалық қауымдастық», сондықтан, XIX ғ. этнографы А. Хорошхинның жазбалары бойынша, қазақтар былай деген екен: «Менің ата-бабаларым, менің бастауым өзбектер» (252 б.). Міне, сондықтан Мәуреннахрға көшкен өзбек-қазақтар Бату ұрпағы емес, Шейбан ұрпағы Абулхаир негізін қалаған ұлыстың атауын сақтай отырып, XX ғ. субэтнос ретінде жойылып кетеді. Ал Урус ханның ұрпағымен Жетісуға көшіп кеткен өзбек-қазақтар, шейбанидтерден бөлек болу үшін, өзбек атауынан бас тартып, өз өмір дағдысының атауын қабылдаған, өйткені, оларда бірінші қазақ хандығының негізқалаушысы Урус ханның атымен оларды урус деп атайтын ешқашанда біріктіруші бір хан болған жоқ. Барлық бұл біртұтас мәдени-тұрмыстық қауымдастығының таза саяси топтары еді.

Назад Дальше