Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Ильич Нуров 12 стр.

Бұл қазақ метаэтносының діні ең консервативті мәдени-тұрмыстық элемент еді. Жоғарыда көрсетілгендей, тәңіршілдік онда о басынан ғұндар мен көне түркілер, яғни, қыпшақтан бұрынғы уақыттан болған және ежелгі монгол һәм қазақ дәуірінде ол онда қалған, бірақ түрленіп және исламға кіргендей болып, өйткені, осындай нәрсеге зорлап көндірілген еді және бұл оның тек сыртқы бейнесі болатын. Оқулық бойынша, ең бірінші исламды қабылдаған Берке хан XIII ғ. ортасында, кейін Өзбек хан бүкіл төрелерді исламды қабылдауға мәжбүр қылды, оны XIV ғ. басында Алтын Орданың мемлекеттік діні жариялап, одан кейін әмір Едіге XV ғ. басында көшпенді тұрғындар арасында исламды күштеп енгізуге біраз талпыныс жасады (сонда, 269 б.).

Еділ және Кама бойындағы булгар қалаларының (қазіргі татарлардың арғы аталарының бірі) және Хорезмнің (қазіргі Хорезмнің арғы аталарының бірі) мұсылман тұрғындарынан өзге Алтын Орда казактарының көбі ақыры мұсылман бола алмады, тек XVIII ғ. екінші жартысында ғана Ресей билігі арнайы жарлықпен мешіттер салып, қазақ даласына солтүстіктен мұсылман уағызшыларын алдыра бастады. Ал сол ғасырдың 80-ші жылдарында Әбу-л-Жалиль деген қожа шығып, барлық қырғыз-қайсақ даласының пірі аталды (272 б.). Ресейдің күштеуімен XIX ғ.қазақ даласы мұсылмандық деп аталатын болды. Егер оқулық қазақ исламын ортодоксалды емес десе, автор көбінесе бұл пікірмен келіседі, тек автор қазақ исламын сунниттік емес, суфийлық деп санайды және неге оқулықта монголдан бұрынғы кезеңде қазақ исламының қалыптасуына, монголдан кейінгі кезеңде Ресейден бетер ықпалы болған Қазрет Қожа Яссауидің аты аталмағанын түсінбейді. Сонымен қатар, автор өзінің қожа руы Қожа Ахмет Яссауиден тараған деген көзқарасын біраз түзеуге дайын, өйткені оқулықтың қожаларда бір шығу тегі жоқ, бұл жағынан олар Шыңғысханнан тарайтын төрелер мен Пайғамбар қызы Фатимадан және төртінші халиф Әліден тарайтын саидтарға ұқсамайды деген пікірімен келіседі (сонда, 376377 б.).

Қазақ даласы өмірінің өзге аумақтарына қатысты оқулықта көшпелі қоғам тарихының XV ғасырдан XIX ғ. дейінгі жартығасыр этникалық біртұтастығы мен жалғастығы, тіпті тура мұрагерлігі жөнінде «қызыл жіппен» зерлегендей айтылса да, онша орнықты айтылмаған. Мысалы, ол ежелгі монгол және қазақ хандықтарының қоғамдық құрылымын зерттеуіндегі егжей-тегжейлі ұқсастықтардан көрінеді (сонда, 365384 б). Сол сияқты, XVII ғ. Тәуке ханның Ұлы Жүздің Төле биімен, Орта Жүздің Қазыбек биімен және Кіші Жүздің Айтеке биімен бірге шығарған Жеті Жарғысы бойынша, хандық билікке құқық, яғни жоғарғы әскери билікке иелік тек төрелерге беріледі. Азаматтық билік, егер тайпалардың өз-өзін басқаруын осылай аталуына рұқсат етілсе, тек елдегі дау-дамайды шешудің деңгейінде қалған. Дәл Шыңғысханның жасағындағыдай, Жеті Жарғыда «саяси және билік етудегі қылмыстар» ұғымы жоқ және «қару ұстай алатын тұрғындардан тұрақты түрде салық алу» рәсімі заң деңгейіне көтеріледі (368 б.), өйткені, көшпенділерде салық төлейтін отырықшы тұрғындар тым азайып кеткен. Жеті Жарғыда азаматтық қатынастар да жеткілікті қарастырылмаған, ол әдет-ғұрып бойынша шешіле берген. Сотты хандар мен билер жүргізген, бірақ мемлекетте күштеп өндіру күші болмағасын, қабылданған үкімдерді орындауды сотқа қатысушылардың ұтқаны барымталау арқылы өзі жасаған және ол заңды нәрсе деп есептелген. (372 б.). Қазақтың шаруасы, ежелгі монгол карачуі сияқты, заңды жеке және жекеменшік құқығы бар еркін заңды тұлға (377 б.), бірақ нағыз қазақ ретінде әлдеде күші бар Шыңғысханның Заңы бойынша, ол әскерге міндетті болған және қару ұстаған, өйткені қарусыз ол халық кеңесінде дауыс беру құқығынан айырылған. Бір сөзбен айтқанда, жоғарғы сот және бас қолбасшы болған және елдер пәм халықтармен келіссөз жүргізу құқығына ие болған (383384 б.). Алтын Орданың хандары дәуірлеп тұрған кездерінде дәл осындай болған (сонда, 219 б.).

Экономикалық құбылыс ретіндегі байларға және жеке бостандығы жоқ құлдарға және үй шаруашылығы ішіндегі «құлдыққа» қатысты оқулықта монголдан бұрынғы һәм кейінгі кездерде аса көп айырмашылық табылмаған. Тіпті ғұндардың ұғымдарының өзінде еш айырмашылық болмаған (бай, құл және т.т.). Мұнда автор оқулық редакторларымен бір пікірде, тек оқулықтың кішкене дәл емес пайымдары және негіздерімен келісе алмайтын жерлерін атап өткісі келеді. Кейде оқулық, одан бұрынғы барлық оқулықтар сияқты, арабтың сырттан берген атауларын ежелгі монгол және қазақтың өз атаулары ретінде қабылдай қоятын сияқты. Бұл, ең алдымен, қазақ даласына берілген Дешті Қыпшақ атауына байланысты. Бұл атауды оған қыпшақ тайпалар одағының оғыздардан асқаны үшін дәріптеу ретінде Х ғасыр географы Насири Хосров берген және Х ғасырда Ұлы Селжүктер енгізген Шыңғысхан ұрпағы, төрелерді, негізі сириялық «сұлтан» атауына қатысты. Ежелгі монголдар, немесе одан сайын қазақтардың, тұрмыста төрелерін сұлтан деп атауы, немесе қазақ даласын қыпшактікі деп атауы, әсіресе, олардың монголдардан жеңіліп, Еуропаға кеткен уақытта өте дүдәмал. Бұл мәселеде мұсылман қайнаркөздерін шығыс отырықшы халықтарының далалық өмірдің әлеуметтілігін қабылдауға жат екенін ескеру керек. Немесе неге олардың XVIXVII ғғ. эфсаналарында қазақ жүздері жөнінде ешбір дерек жоқ, орыстың 1616 жылғы «Сұрақпен сөйлетуде» («Расспросные речи») олар бар ғой (386387 б.). Сондықтан оқулық редакторларының назарын Валиханов пен Радловтың «би» сөзін «билік» сөзінен шығарғанына және оны түріктің «бек» сөзінен шығарудың қателігіне және оны «эмир» араб сөзіне, немесе монголдың «нойон» сөзіне теңеудің тіпті қателігіне назарларын аударғым келеді (379 б.). Сонымен бірге, тұлғаның тек ру бөлігі ретінде ғана маңызы болды және заңды тұлға ретінде тек ру саналды деген байбаламы да артықтау болып тұр (378 б.). Бұл шешім қазақтарды тек шығыстық және азиялық халық, дәстүрлі қоғамның жемісі деп қараған тұжырымнан туған және дәл болуға жеткілікті негізі жоқ, өйткені, кез келген тұлға, ол тіпті қазіргі батыстық адам болсын, өзінің құқықтарын қорғау үшін қоғамға жүгінеді, себебі ол сол қоғамның өкілі. Ру-тайпалық бірлестіктердің территориясына байланбаған әскери-әкімшілік бөліктер ретіндегі ұлыстардың, тайпалар одағы дәстүр арқылы шектеулі территорияға байланған этнотерриториалды жүздерге ауысуы жөнінде оқулықта онша көп айтылмаған, солардың ең маңыздысы мына нұсқалар:

1) Ханның мұрагерлік иелігіндегі ұлыстың негізі «мемлекетті құраған халық», ел болған, яғни көшпелі тайпалардың, рулардың және қазақтардың одағы және олар кетсе, ұлыс жоқ болған, жойылған деп саналған;

Назад Дальше