Большевиктердің кезінде ғана қазақтар кейін шынайы мемлекеттілікке айналған шартты суверенитет алды. Оны айтасыз, Т. Рысқұлов, А. Джангильдин, А. Иманов, С. Сейфуллин сияқты қазақ большевиктері әлі күнге дейін ұлттық батырлар саналады. Қазақ және орыс халықтарының біртұтас саяси, экономикалық және мәдени кеңістіктегі тұрғылас тірлігінің жағымды жақтарын көп әңгіме қылуға болады, бірақ тарихқа салқынқанды адамның бәріне ол еш құпия емес.
Бәлкім, қазақ тарихшыларының дөрекі мылжыңдарының шығуының себебі тек қана ғылымға ене бастаған ұлтшылдықтан ғана емес. Қазақ-орыс қатынастарының осындай пайымдау үлгісін баяғы «салқын соғыс» кезінде Ресеймен геосаяси қақтығыста болғасын американдық және батысеуропалық зерттеушілер жасаған. Егер біздің отандық ғалымдарымыз А. Боджер, Р. Пирс, М.Б. Олкотт және өзге шетел тарихшыларының еңбектеріне сілтеме жасауды жақсы көретін болса, ол кездейсоқ емес. Іс жүзінде көбінесе қазақ-орыс өзара қатынастары жөніндегі кітаптарда біз бұл мәселеге американдықтар көзқарасымен танысамыз».
Сонымен бірге, автордың пікірі Р. Темиргалиевтің «Қазақстан тарихындағы жоңғарлар. Шынайы емес тарих» мақаласына жақын (02.05.2007 ж., www.zonakz.net/articles):
«Қазір ақтабан шұбырынды дәуірін қасиетті бір нәрсе ретінде келтіріп және қасіреттілігі жөнінен ХХ ғ. 30-шы жылдардағы коллективизациямен бір тұрғыда деп санайды Ұлттық тарихи нұсқа бойынша, батыс монголдар «ойраттар, жоңғарлар, қалмақтар» жүз, яки екіжүз елу жыл уақытында қазақ даласын жаулап алуға тырысқан қазақ халқын қырып жоюды мақсат тұтқан, ал қазақ феодалдары өзара қырқысқасын оған қарсы тұра алмаған. Осы жаумен күрес қазақ мемлекетінің дамуына кедергі болған және оның Ресейге қосылуына басты себеп болған.
Тарихты түсінудің мұндай үлгісі тарихшылардың шыншыл еместігінен туындаған. Өйткені, бар құжаттық ақпараттар жоңғар мен қазақ шатағының дәл осындай жәй жергілікті қақтығыстардан еш айырмашылығы жоқ екенін айтады. Қазақ билеушілері мен ортағасырлық шейбанидтердің теке-тіресі «Орбұлақ» пен «аңырақайдан» зор қандыкеш оқиғаларға апарған. Иә, әрине, жоңғарларға Сыр бойындағы маңызды қалаларды, көшпенділер қоныстарын басып алу еш артық болмас еді және олар кейде конфликт тудырушы рөлін ойнаған, бірақ іс жүзінде жоңғарға кіммен болса да соғысу пайдасыз еді, өйткені олардың Цин империясымен соғысында әрбір жауынгер санаулы еді. Оның есесіне, мұндай нәрсеге қытайлардың өздері мүдделі еді Сол сияқты, мұны білсе де, білмесе де Жәңгір, Тәуке, Абылай өзге билеушілер сияқты, Қытай мүддесіне қызмет еткен.
Жоңғар қонтайшылары ең болмағанда өздерінің қазақтарға жасаған жорықтарын «олардың бұрынғы бүліктері мен жорықтарына қарымта» деп түсіндірген. Мысалы, 16981699 жылдардағы соғыс қазақ ханы Тәукенің ұсқынсыз қылықтарынан туындаған. Ол алдымен көктен шүйілгендей жоңғарлардың бірнеше керуенін тонаған, сосын бес жүз адамнан тұратын елшілігін қырып тастаған, содан жоңғарлар кезекті соғыс ашуға, былайынша айтқанда, мәжбүр болған. Қазақ хандары қақтығыстардың себептері жөнінде жұмған аузын ашпаған Тек кейін ғана кейбір тарихшылар монголдар Шыңғысхан империясын қайта құруға талпынған-мыс деген. Егер енді мектеп оқулықтарында қазақтар жабайы монгол ордаларының соққысын өзіне қабылдап, Еуропаны құтқарды деген тұжырым болса, мен оған таңданбаймын. Кім кімді қырғысы келді, кім кімді басып алғысы келді, бұл өте даулы мәселе. Және де егер бұл істің ақыры жоңғарлардың толығымен жойылуымен біткенін еске алсақ Ал «ақтабан шұбырындының» үйреншікті ұғымнан бас тарта алмайтын қазақ тарихының жандайшаптарына 1712 жылы қазақтардың Жоңғарияға олар үшжылдық жұт пен шөлден азап шегіп жатқанда, басып кіруін есіне салайық. Айтпақшы, «ақтабан шұбырынды» жөнінде ешбір нақты деректер жоқ. Бұл оқиға туралы әңгімелеген авторлардың бәрі тек халық аңыздарына сүйенеді, олардың көркем шығармаға жақын екенін ұмытып Әрине, «ақтабан шұбырындының» болғаны анық. Бірақ бұл оқиғаға дейін қазақ халқының жарты саны қырылды деген дерек ешқандай құжаттармен дәлелденбеген, сондықтан табанды түрде қарастыруға жатпайды. Біз бір кезде Қазақстан территориясында жезтырнақтар, айдаһарлар және мыстан кемпірлер болды деп айтпаймыз ғой, бұл да сол сияқты. Аңыз бойынша, жас сұлтан Абылай батырлық жекпе-жекте қонтайшы Галдан Цереннің ұлы Чарчаны өлтірген делінеді, ал құжаттар бойынша, Жоңғар билеушісінде ондай есімді бала болмаған. Сонымен бірге, жоңғарлар мен қазақтардың қарым-қатынасы тек соғыс әрекеттерімен шектелмеген. Өткен шақ баяндаушыларын әркездегідей көбінесе саяси оқиғалар толғандырса да, экономикалық байланыстар жөнінде де байланыстар сақталған. Сауда нәтижесінде қазақтар өздеріне нан, жаркент маталарын және түйелер алған, ал өздері түлкі мен қарсақтың терісін сатқан. Осы екі көшпелі этностың өзара мәдени ықпалы зор болатын және тіпті қазіргі қазақ тілінің өзінде монгол сөздері лықа толы, сол сияқты ойрат тілі де жартылай тюркизмдерге толы. Осы екі ағайынды халықтардың дағдысы мен дәстүрі де ұқсас. Оны айтасыз, тіпті атышулы Жеті Жарғының өзі жоңғар заңдар кодексі «Их Цааз»-дың бір нұсқасы сияқты. Қазақ-жоңғар өзара қатынасын дәстүрлі қарастыруға үйренгендердің барлығы жоңғарлардың қазақ этногенезінде де біраз үлесі бар екенін ұғынулары керек. Мысалы, қалмақ сұлулары қазақтар арасында өте жоғары бағаланған. Байлар оларды сатып алса, кедейлер жорықтардан әкелген, өйткені тек жоңғар қыздарынан мықты балдар туады деп есептеген. Ол аздай, тек монгол этностарының өкілдері, дәстүр бойынша, қазақ сұлтаны мен хандарының төлеңгіттер гвардиясын құраған. XVIII ғ. трагикалық оқиғалары нәтижесінде де батыс монголдардың көп бөлігі қазақ халқының құрамына кірген. Сондықтан жоңғарлар мен Жоңғарияның тарихы өте зор мөлшерде қазақ және Қазақстанның тарихы. Жоңғарларға теріс қарау дәстүрі Қазақстанның Ресейге қосылу уақытынан бастап нәр алады. Өте ұғынықты себептерге байланысты алдымен метрополия тарихшылары тырысып бақты. Олардың тарихи оқиғаларды бағалауы толығынан мемлекет идеологиясына тәуелді еді, ал «зюнгорецтерге» қарағанда «киргиз-кайсактар» империяның берілген бұратаналары еді. Кейін бұл баға мұрагерлікпен «Ресейдің сенімді қорғауында» секілді атаулары бар кеңестік монографияларда дамытылды. Әйтсе де, қазақтар жоңғар қаупіне байланысты Ресей империясының протекторатына кіруге мәжбүр болды деген ой осы кезге дейін кең тараған болса да, іс жүзінде еш сын көтермейді. Сібірде өзі шала орнаған патша билігі қанша қаласа да, қазақ хандарына салмақты көмектесе алмас еді. Ресей бодандығын қабылдағаннан кейінгі жоңғарлар және қытайлармен соғыстарда ешбір орыс солдаты қазақ жағында ұрысқа шыққан жоқ. Және қазақ хандары оған аса риза еместігін білдірген емес. Өйткені Ресейге қосылу мал өсіруші қазақтардың Ресей сауда рыногіне еркін шығу мұқтажынан туындаған еді. Өзге қазақ билеушілердікіндей Абулхаир хан саясаты бар болғаны экономиканың қордаланған көрінісі еді. Бұған көз жеткізу үшін Орынборға өте зор түрде мал апарудың сақталған деректерін қарасаңыз жеткілікті. Қазақстан тарихындағы жоңғар басқыншылығы жөніндегі миф Руське половцылардың басқыншылығы жөніндегі мифпен ұқсас. Қанша ғалымдар бұл концепцияны шынайы сынға алды, бірақ ол мызғымас күйінде әлі тұр. Ресми Ресей ғылымы венгрлер мен поляктар кіргенде, половец хандарының Киевті қорғағаны жөнінде, селжүк пен монголдар половецтерге шабуыл жасағанда орыс княздарының оларға көмекке келгені жөнінде жақсы біледі. Сонымен бірге, ол қыпшақ пен орыс арасындағы қақтығыстардың Киев, Чернигов немесе Рязань княздары арасындағы өткен өзара қақтығыстардан гөрі өте аз болғанын да біледі, әйтсе де, соған қарамастан тарихи ақталмаған шешімдерден бас тарта алмайды».
Автордың қазақ мемлекетінің құрылуына көзқарастары да Р. Темирғалиевтың «Қазақ хандығының құрылуы жөніндегі мәселеге байланысты» мақаласындағы тезистеріне жақын, егер оның үзілді-кесілді стилін және кейбір ауытқуларын есептемегенде (www.zonakz.net/articles/19246):
«Іс жүзінде барлық еңбектер, оның ішінде таза ғылыми де бар, ғылыми көпшілікке арналғаны да бар, бізге мынаны айтады: XV ғ. бірінші жартысында Дешті Қыпшақтың шығыс жағында «көшпелі өзбектердің мемлекеті» деп аталатын мемлекет болған. Оның негізін 1428 жылы шейбанид хан Абулхаир қалаған (Шибан Жошының ұлы, Шыңғысхан немересі). Жеңісі мол бірнеше соғыстардан кейін қазіргі Қазақстан территориясының көп бөлігіне ие болды. Алайда, 1457 жыл шамасында ойраттармен соғыста бұл хан ойсырай жеңілді. Бұл жағдайды Абулхаир қол астындағы Керей мен Жәнібек сұлтандар пайдаланып, өзіне берілген бір топпен көрші Моголистанға көшіп кеткен. Қашқындарды кейін тұрақты түрде «өзбек-қазақтар» деп атаған. «Казак» атауымен ол кезде Алтын Орда қирандысында пайда болған ұлыстарға кірмейтін далалық еркін топты атаған. Ал Керей мен Жәнібектің көшіп кетуі, тарихшылардың пікірінше, қазақ этносының тарихында да, қазақ мемлекетінің тарихында да зор мағынаға ие.
Бұған сену қиын шығар, бірақ Жәнібек пен Керейдің көшіп кетуінің ғылыми кітаптардың және жәй мектеп оқулықтарының ондаған беттерінде көркем баяндалған суреттеулер жалғыз-ақ қайнаркөзден алынған, дәлірек айтқанда, XVI ғ. Мұхаммед Хайдар Дуглатидың «Тарих-и Рашиди» шығармасынан. Егер Мұхаммад Хайдар Дуглатиді тура баяндаған кейінгі жылнамаларды есептемегенде, бұл оқиға туралы айтатын өзге қайнаркөздер жоқ. Әрине, тек қана қазақ емес, әлем тарихында да көптеген оқиғалар бізге көбінесе бір қайнаркөзден жеткен. Бірақ ең қызығы, қазіргі тарихшылардың қолында XV ғ. Қазақстан территориясында болған оқиғаларды суреттейтін бірнеше жылнамалар бар. Олардың ішіндегі біріншісі, сөзсіз, Масуд бен Османи Кухистани жазған «Тарих-и Абу-л-Хайр-хани». Бұл шығармада автор XV ғ. 2060-шы жылдарындағы Өзбек ұлысында болған барлық атауға тұрарлық маңызды оқиғаларды егжей-тегжей баяндайды, Абулхаирдың билігіне бағынған барлық тайпаларды тізбектейді, барлық сарай қызметшілерін және қолбасшыларды атап өтеді, бірақ Керей мен Жәнібекке еш тоқталмайды. Шейбанид тарихшыларының өзге жұмыстарымен танысқанда да, сол картинаны көреміз. Шибан династиясының хандары қазақ төрелерінің ант ішкен жаулары еді және, әрине, олардың тарихшылары мемлекеттік идеологияның талабына сай тарихи нұсқаларды келтіруге тырысты. Егер мысал сұрасаңыз, Кухистанидың Абулхаирдың саяси қарсыластарының суреттеуіндегі мынандай бір үлгіні келтіруге болады: «Жошы ұрпағы падишахтарынан болған Махмудхан мен Ахмадхан бағыну және мойынсыну аяғымен жүрмеді және де бүлік пен керіс туын көтеріп, бағынбаушылық және тыңдамаушылық қонысында тұрды». Міне, сондықтан неге әлгі Кухистани Жәнібек пен Керейді Алла қолдаған билікке қарсы шыққан бүлікші және бұзық деп суреттемегеніне қайран қаласың. Ұғынуға одан да қиыны, неге әзірге тарихқа белгілі жалғыз қазақтың жылнамашысы Қадырғали Жалаири Қазақ хандығының дамуындағы негізқалаушы хандардың рөлін атамайды. Бұл сауалдардың бәріне жалғыз ғана жауап бар. Ешқандай «көшіп кету» іс жүзінде болмаған (яғни қазақ хандары өздері келтірген қайнаркөздері бойынша Өзбек ұлысында тұрмаған, олар одан көп батыс жағында, Ұлы Жүздің сыртында, Кавказ және Қара теңізге жақын жақта қазақылық еткен (Авт. еск.). Мұхаммад Хайдар Дуглати, иә, барлық кезде молынан кездесетін бір тарихи бопсалауға алданып қалды, немесе саналы түрде себебі белгісіз бір өтірікке барып отыр. Және де бұл автордың барлық деректерді өзгелердің аузынан алып отырғанын есте сақтауымыз керек. Қалай болғанда да, біз енді шындықты біле алмаймыз, бірақ Мұхаммад Хайдар Дуглати ұсынған Қазақ хандығы құрылуы жөніндегі нұсқасынан тарих ғылымы зерттеу қағидаларына сай емес нәрсе ретінде бас тарту керек. «Ал біз сонда аңыз, дастан, ертегі сияқты фольклорлық деректермен не істемекпіз, оларда ең басты орынды Әз Жәнібек хан алмай ма?» деп сұрауы мүмкін білікті оқырман. Және шынымен де қазақтың ауызекі шығармашылығында мұндай есімді хан жөнінде көптеген материалдар бар. Бәлкім, осыдан болар, кейбір қазіргі қазақ тарихшылары тіпті, құжаттардың куәландыруына қарама-қайшы, Керей Жәнібек хан тандемінде бас тұлға деп соңғысын санайды. Ал егер тарихи материалды оймен бағаласақ, данышпан билеуші жөніндегі барлық аңыздардың Алтын Орда ханы Жәнібекке арналғанын байқаймыз (билік еткен жылдары 13411357 жж.). Ол шынымен де халықтың сүйкімдісі болған және тіпті орыс жылнамаларының өзіне «жақсы патша» атауымен кірген. Егер Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек деген еш негізі жоқ мифтен бас тартсақ, онда мүлде өзге тарихи картинаға көз жеткіземіз. Міне, осыған байланысты қазақтың бірінші ханы деп хан Урусты мойындау қажет(билік еткен жылдары 13681377 жж.), ол өзінің «Йуз Ордасының» астанасы ретінде Сығнақты жариялаған. Айтпақшы, Қадырғали Жалаири тек осы туралы айтады. Барлық қазақ төрелерінің өз шежіресін хан Урустан бастайтыны тегін емес. Және барлық көрші халықтар да бірінші қазақ ханы деп тек Урусты санаған. Мысалы, Сібірді бағындыру уақытындағы бараба татарлары орыс билігіне біз «Урус патша ұрпағына бағыныштымыз» деп дерек берген.