1) Ханның мұрагерлік иелігіндегі ұлыстың негізі «мемлекетті құраған халық», ел болған, яғни көшпелі тайпалардың, рулардың және қазақтардың одағы және олар кетсе, ұлыс жоқ болған, жойылған деп саналған;
2) ұлыстың өз бақылауындағы территориясы «жұрт», «йурт» деп аталған;
3) жәй ұлыс 60 мың адамнан тұрған, ал ұлыстардың бірлігі ретіндегі дербестенгені 300-ден 400 мың адамға дейін және де ХVI ғ. Қазақстанда 3 дербестенген ұлыстың ішінде 20 шақтыға дейін жәй ұлыс болған, яғни «жоғарғы биліктің бірлігіне басқару билігі сәйкес болмаған»;
4) үш жүз XVI ғ. аяғына дейін пайда болған және алғашқыда оларды билер басқарған, содан бері олар үш дербестенген ұлыспен бірге тірлік еткен, ал XVII ғ. ұлыстардың орнын өздері толығынан алып алған;
5) XVII ғ. 20-шы жылдарында төрелер билерді ығыстырып, жүздерді өздері басқарып кеткен, ал оларға тек ру-тайпалық билікті қалдырған, содан кейін ұлыстар ешқашан қайта пайда болмаған (сонда, 384387 б).
Осы қорытындылаушы нұсқаулардан кейін біз Ақ Орданы Жүз Орда деп атағаннан кейін жүздердің әрқашанда болғанын, бірақ ұлыс хандарының саяси экспансиясы үшін шексіз этнотерриториалдық кеңістіктер болғандықтан, жүздер өздеріне территорияны қатаң бекіте алмаған, өйткені көшіп қону бағыттары тұрақтанбаған еді. Бұл тек «монгол-татар езгісінен» босанғаннан кейін және Ресей мен Қытайдың күшейгенінен кейін ғана мүмкін болды. Соңғылар қазақы Қазақстан айналасындағы шекараларын анықтап, тас бекіткендей болды. Ортаазиялық мемлекеттер оларды шейбанид өзбектер жаулап алғаннан кейін бүкіл Сыр бойындағы шекараларын бекітті. Міне, сондықтан Ұлы Бүлік кезеңдегідей билік төрелерден билерге және керісінше ауыстырылғанда, ешқандай қатерлі оқиғалар болған жоқ. Ал егер Алтын Ордадағы сол бүлік заманды еске алсақ, Жошы ұрпағының Тенгиз Бұқадағы құлдығының және ол оларға Джир Кутлының мавзолеін салдырғанының өзі бір көркем шығармаға тұрарлықтай.
Сөйтіп, біз оқулық редакторларымен, олар айтқандай, «қазақ қоғамының ұйымдасу формаларын бірте-бірте ауыстыру жөнінде болды» дегенге келісе алмаймыз (387 б.), өйткені жүздерде дербестенген ұлыстар мен олардың жұрттары бірігіп кеткен. Ал жоғарғы билік қалай төрелерде болды, сол күйінше қалды. Сол сияқты тайпалардың өз-өздерін басқару билігі де сол күйінше билерде қалған. Таратып айтқанда, хандар жаңа ұлыстар ашу, немесе тарату мүмкіндігінен айырылды, ал казактар көшетін территориясы шектеулі болғасын, өздерінің тұрақты көшіп-қону бағыттарын анық орнықтырды.
Міне, осы кезеңнен бастап жаңа патшалар мен мемлекеттер іздеп, көшіп қону мүмкіндігінен һәм қажеттілігінен айырылғасын, ежелгі монгол қазақтары қазіргі қазақтарға айнала бастады. Яғни, шынымен жаңа империялық емес этнос тек XVII ғ. ғана Шыңғысхан құрған ежелгі монгол-казак империясының қирандысында ғана туыла бастады. Міне, сондықтан үйреншікті арбадағы киіз үйлер ретіндегі «қазақ арбалары» (казак терген) сол ғасырда құрама юрталарға ауыстырылып, қазақтың мәдениеті мен тұрмысына орасан зор өзгерістер әкелді (389 б.). Және де егер салдар себепке себеп деген тұжырыммен келісуге болмайтын болса, осы өзгерістер жүздердің пайда болуына себеп болды деген пікірмен де келісуге болмайды.
Сол сияқты оқулықпен XVII ғ. көшіп-қонудың ұлыстық жүйесі ауылдық жүйеге ауыстырылды дегенге де келісуге болмайды (389 б.). Біріншіден, ұлыс таза саяси құрылым және қазақ даласының жағдайында ұлыстық көшіп-қону есеп-қисап жағынан пайдалы емес, екіншіден, көшіп-қонудың кез келген таборлық тәсілі сияқты, көшіп-қонудың қоралы тәсілі де Монголия территориясында Шыңғысхан казактарының ауылдық тәсілі жеңгеннен кейін тірлік етуден қалады; үшіншіден, көшіп-қонудың ауылдық тәсілі Қазақстан территориясындағы Жошы ұлысы пайда болғаннан бұрынғы қыпшақ-қимақ одағында билік еткен. Қайталап айтайық, басты тұлғасы байлар болатын көшіп-қонудың ауылдық тәсілі көшпенді бақташылық дамуындағы, қазақы, яғни, ең жоғары деңгейдегі кезең. Көшіп-қонудың қазақы тәсілі казактардың үш ордасында да (Ұлы, Орта және Кіші жүздер) басты болған. Сондықтан оқулықтың «егер онша биік емес әскери-әкімшілік ұғымдардың бірі ірі тайпалық (ауылдық) қоғамдастықтардың атауына айналса, ол қалай болды?» деген сауалына казактар о баста ру-тайпаларға емес, жүздіктерге бөлінген деп жауап беру керек. Казак жүздіктері бір жағынан өз ішінде ондықтарға бөлінген және екінші жағынан мыңдық һәм түмен (он мың) ретіндегі ірі әскери-шаруашылық бөлімдерге бөлінген. Міне, дәл сондықтан Жошы ұлысының ең басты «алтын» ордасы ретіндегі Ақ Орда, Махмуд ибн Вали бойынша, «Йуз Орда», яғни Жүз Орда деп аталған (390 б.). Енді неге ру мен жүздер арасындағы үлкендіктің тура мұраланғанын ұғыну керек. Мысалы, неге Ұлы Жүздің ең соңғы руы Орта Жүздің ең үлкен руынан артық болған? (391 б.). Біздіңше, бұл ежелгіқазақ саяси тайпаларының рубасылары ретіндегі Шыңғысханның жүзбасылары мен мыңбасыларының шежірелік жақындығына және де бірінші жағынан, олардың Шыңғысханға қай уақытта қосылғанына, ал екінші жағынан, Жошы ұрпағы, Жошы ұлысының сол қанатының хандары Орду, Шейбан мен Тука Тимурдың үлкендігіне байланысты болған.
2007 жылдан бастап Қазақстанның қазіргі историографиясының кеңістігіне Р. Темиргалиевтің мақалалары атойлап шығады (Zonakz.net). Бұл мақалалар баяндау тәсілі бойынша, публицистикалық болады, өйткені оларда зерттеулерді ғылымда орныққан ережелер бойынша реттеу жағы ұстанылмайды. Соған қарамастан және онда ғылыми дәреже болмаса да, (есіңізде болса, В.П. Юдинде де ғылыми атақ болмаған) оның мақалаларының тереңдігі және өткірлігі оның қайнаркөздердің кең ауқымыммен жете таныс екеніне, оларды зерделеп, пайымдай алатынына еш күмән қалдырмайды. Және де ол қайнаркөздер авторларының ықпалында бола қоймайды. Оның мақалаларының ғылыми шынайылығы және жан-жақты орайластырылуы оның құмарпаздығына және жұмыскерлігіне құрмет тудырады. Ақыры, 2009 жылы оның екі Қазақ хандығы тарихына арналған дерекнама жағынан ғажап кітабы шығады: «Қазақ хандығының нағыз тарихы» және батырлар құбылысы жөніндегі «Соңғы батырлардың дәуірі (16801780 жж.)». Бізді шабыттандыратын нәрсе, Темиргалиевтің көптеген ұстанымдары қазір қайта шығарылып жатырған кітаптан бөлек оның кең таралған және әркім-ақ өзі таныса алатын онша көп емес қайнаркөздерге негізделген 1995 жылғы болжам мен мүмкін деп ұсынған нәрселерін растайды. Соның кейбіреулерін келтірейік. Мысалы, оның «Қазақтар және Ресей. Өз еркімен қосылу болды ма?» мақаласын алайық, Алматы,17.07.2007 ж.) (www.zonakz.net/articles):
«Қазір Қазақстанның Ресей және КСРО құрамында болған кезеңді орыс езгісіндегі 260 жыл деп айту жиілеп кетті. М. Қозыбаев, М. Мағауин, К. Данияров және өзгелер еңбегінде Қазақстанның Ресейге күштеп қосылуы еш күмән тудырмайды Ал Қазақстанның Ресей құрамына кіруінің өзі ғылыми ортада теріс бағаға ие Тек Қазақстанның Ресейге қосылған кезеңінен, XVIII ғ. бастап, қазақ тарихын зерттеу және ұғыну оңайлана түскендей. Сол дәуір құжаттарының біржақтылығы және қас пікірде екені жөнінде мың есе айта беруге болады, бірақ ең кемінде тарихшылар енді Қасымханның қасқа жолы деген аңызбен емес, «Устав о сибирских киргизах» деген құжаттың мәтінімен істес болды.
Өкінішке орай, қазақтың ұлтшыл тарихшылары үшін Ресей империясы құрамында болғанын негативті бағалауға ешбір объективті себеп жоқ Ал Қазақстанның Ресей құрамына кіруі іс жүзінде көбінесе бейбіт түрде болған». Қазақ хандары «өз шешімі бойынша Ресей бодандығына кірген, ол туралы олардың тек присягалары емес, өзге де көптеген қайнаркөздері куәландырады Қазақ батырларының тіршілігі ұлттық азаттық деп көбінесе негізсіз сипатталады Сырым Датов, Жоламан Тленшиев, Исатай Тайманов, Жанқожа Нұрмухаммедов сияқты көптеген азаттық үшін күресті дегендер өздерінің талаптарында Ресейден бөліну мәселесін еш көтермеген. Тек Кенесары ханды ғана XIX ғ. Ұлт-азаттық күрес идеологиясының жалғыз иегері деуге болады. Бірақ оның қызметіне ең алдымен далалықтардың өзі қарсы болды, өйткені олар Ресей бодандығының пайдасын жақсы түсінген еді. Ресей билігі осы бүлікті басуға жіберген жазалаушы әскерлердің көп бөлігі қазақтардан тұратын. Тіпті, қазақтың ең қарапайым шаруаларының өзі 1861 жылға дейін крепостной право езгісінде болған орыс крестьяндарына қарағанда, аса жақсы жағдайда болды Қазақстанның Ресей империясы құрамында болған уақытта жасалған өзгерістерді артық бағалау қиын. 1897 жылы болған перепись бойынша, қазақтар саны 4 миллион адамға жетті, яғни бұрын ешқашан болмаған деңгейге және бұл жағдай орыс билігінің «қазақ халқына қарсы этноцидке өтетін кезеңде геноцид жасады» деген кез келген инсинуацияны теріске шығарады (біздің танымал тарихшымыз М.Абдиров өзінің «Қазақстандағы казачество тарихы» кітабында осылай жазады).
Большевиктердің кезінде ғана қазақтар кейін шынайы мемлекеттілікке айналған шартты суверенитет алды. Оны айтасыз, Т. Рысқұлов, А. Джангильдин, А. Иманов, С. Сейфуллин сияқты қазақ большевиктері әлі күнге дейін ұлттық батырлар саналады. Қазақ және орыс халықтарының біртұтас саяси, экономикалық және мәдени кеңістіктегі тұрғылас тірлігінің жағымды жақтарын көп әңгіме қылуға болады, бірақ тарихқа салқынқанды адамның бәріне ол еш құпия емес.
Бәлкім, қазақ тарихшыларының дөрекі мылжыңдарының шығуының себебі тек қана ғылымға ене бастаған ұлтшылдықтан ғана емес. Қазақ-орыс қатынастарының осындай пайымдау үлгісін баяғы «салқын соғыс» кезінде Ресеймен геосаяси қақтығыста болғасын американдық және батысеуропалық зерттеушілер жасаған. Егер біздің отандық ғалымдарымыз А. Боджер, Р. Пирс, М.Б. Олкотт және өзге шетел тарихшыларының еңбектеріне сілтеме жасауды жақсы көретін болса, ол кездейсоқ емес. Іс жүзінде көбінесе қазақ-орыс өзара қатынастары жөніндегі кітаптарда біз бұл мәселеге американдықтар көзқарасымен танысамыз».