Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Ильич Нуров 16 стр.


Р. Темиргалиевтің келтірілген пікірі қайта басылып жатқан кітаптың барлық ұстанымдарын растап тұр. Сонымен бірге, Р. Темиргалиев, біз сияқты Ж. Сабитовтың «Алаша-хан» мақаласын қабылдауға әбден лайық деп санайды. (Темиргалиев Р. Настоящая история с. 111118). Ж.М. Сабитов өз зерттеулерін төрелер шежіресіне арнайы арнаған және аңыздардағы Алаш хан түпнұсқасына Урус ханнан өзге ешкім таласа алмайды деп санайды. Аңыз бойынша, Алаш хан далалық тайпалардың сол қанаты болатын барлық алашмыңның көсемі болған (әлгі тайпалардың қатағандардың оң қанатынан айырмашылығы, бәлкім, олар оғыз емес болған). Қазақтың бірінші ханы ретіндегі Урусты аңыздағы Алашпен ұқсастыру тек қана Левшин емес, Валиханов деректерімен де дәлелденеді. Урус өмірінен алынған тарихи сенімді деректер аңыздағы Алаш өмірімен толығымен ұқсас, тіпті уақыт бойынша да. Монгол тілінен Алаш өлтіруші деп аударылады. Ал Урус барлық деректерге қарағанда далалық билікті заңсыз тартып алғандарды өз қолымен өлтірген (мысалы, қият Джир Кутлуды). Асқақтығымен және ұрысқақтығымен белгілі Урус, өз атына байланысты, тумысынан сарышашты болған шығар, ал мінезі ондай болмаған. Қалай болғанда да, оның ежелгі орыстарға тән ныспымен аталғаны қызық. Сондықтан аңыздағы Ақ Нияз ныспысы кейінгі Хак Назар ханнан гөрі Урусқа жарасады, өйткені Хақ ақ немесе ақшыл деген емес. Біз Алашты қарақшы казак үш жүзінің көсемі ретінде және Урусты қазақтың бірінші ханы ретіндегі қолдап отырған Сабитов нұсқасының осал жері Урустың үш жүзге қатысы. Урус ханды қанша сыйласақ та, оның қазақтарды үш жүзге бөлгені беймүмкін және оларды жүздер деп атаған да ол емес, ол тек олардың үлкендік ретін анықтай алар еді. Өкінішке орай, Р. Темиргалиев жұмысының осы беттерінде (сонда, 117 б.) аса бір еркін пайымдау жасайды, ол оқырманды қысқалығы мен нұсқалығы таң қаларлық «Қазақ хандығының нағыз тарихы» кітабына сенімінен онша айныта қоймас деп сенеміз. Р. Темиргалиев Жүз Орда ұғымын онша қисынды деп таппай, оны «Орданың Жүзі», демек «орталық» мағынасындағы Орта Жүз деп оқиды. Ол «орта» ұғымының жас үлкендігі табиғатына және «орталық» ұғымының жердегі орналасу ретіндегі айырмашылықтарына назар аудармаған. Әңгімелеп отырған мәселе ауқымында «орталық» ретіндегі Орта Жүз орта емес, тек «ұлы» болар еді. Сонымен бірге, дыбыстануы мен жазылуы бірдей Жошының бірінші ұлы Ордудың және әскери тұрақ Орданың екі басқа екенін ажырата алмаған. Сосын ол улустың тек қана ру-тайпалық бірлестігі емес, сонымен қатар, бақылаудағы территория ретіндегі жұрт екенін есте сақтамаған. Жүз Орда Орталық Қазақстандағы Орта жүздің жеріне еш орналаса алмас еді. Оны айтасыз, В.П. Юдин осы Жүз Орданы орыс тілінде де жүз орда деп түсінген. Бұл мәселеде біз әйгілі түркітанушыға сенуге міндеттіміз. Және де егер Р. Темиргалиев Шыңғысханның ежелгі монгол суперэтносының шығу тегі мен құрылымының «қазақылық» арқылы болған деген концепциямен таныс болғанда ол, бәлкім, пікірін өзгертер еді. Бағымызға, бұл оның бүкіл кітабындағы өзі ашқан жаңалықтарының артықшылығына қызығудың және өз методологиясына (ереже ретінде жарияланбаған, бірақ осы уақытқа дейін оны мүлт кеткізбеген) көз жұма құлаудың жалғыз көрінісі.Басқа жердегі автор тапқан кейбір сирек ақаулықтар көрегенді, ұғынықты және дауласуға тұратындай. Атап айтқанда Р. Темиргалиев, кеңес тарихшысы С.Е. Толыбеков сияқты, қазақтардың қазақ арбадан құрама киіз үйлерге көшкенін өмір сүруде жеңіп шығудың маңызды факторы санайды, «өйткені өте жәй жүретін үйлі арбалар ойраттың жойқын атты әскеріне оңай олжа болатын» (Темиргалиев Р. Настоящая история с. 268). Жоғарыда «Қазақстан және Орталық Азия тарихы» оқулығы редакторларымен дискуссияда келтірілген дәлелдерден өзге мынандай нәрселерді айту қажет:

1) Қазақстанда көшіп-қонудың ұжымдық тәсілі Шыңғысхан бүкіл ұлы даланы бағындырғаннан кейін монгол уақытында болған емес,

2) қашқындар юртасы ретіндегі қазақ арбасы куренді құрайтын барлық өзге ежелгі монгол арбаларынан жылдамдығымен ғана бөлектенетін.

Ең кемінде, қазақ арбасындағы «дөңгелектегі өмір» курендік таборлар шабуыл жасағанда, аса көп жиналмай бұрынғы тұрған орынды тез ауыстыруға мүмкіндік беретін. Дәл осы қасиетінде Борис Яковлевич Владимирцов сияқты ірі монголтанушы өзінің «Монголдардың қоғамдық құрылысы» кітабында атап өткен ежелгі монгол хасах тергенінің мәні болатын. Біз осы мәселеге арналған осы іргелі еңбекті оқығаннан кейін Р. Темиргалиев пікірін өзгертеді деп ойлаймыз.

1) Қазақстанда көшіп-қонудың ұжымдық тәсілі Шыңғысхан бүкіл ұлы даланы бағындырғаннан кейін монгол уақытында болған емес,

2) қашқындар юртасы ретіндегі қазақ арбасы куренді құрайтын барлық өзге ежелгі монгол арбаларынан жылдамдығымен ғана бөлектенетін.

Ең кемінде, қазақ арбасындағы «дөңгелектегі өмір» курендік таборлар шабуыл жасағанда, аса көп жиналмай бұрынғы тұрған орынды тез ауыстыруға мүмкіндік беретін. Дәл осы қасиетінде Борис Яковлевич Владимирцов сияқты ірі монголтанушы өзінің «Монголдардың қоғамдық құрылысы» кітабында атап өткен ежелгі монгол хасах тергенінің мәні болатын. Біз осы мәселеге арналған осы іргелі еңбекті оқығаннан кейін Р. Темиргалиев пікірін өзгертеді деп ойлаймыз.

Радик Темиргалиевтің «Казақтар және Гумилёв» мақаласы да біздің қыпшақтарға қатысты көзқарастарымызды үйлестіру бөлігінде өте қызық, бірақ қайта басылып отырған кітаптың авторы қазақ халқының бір тайпасы ретіндегі Дешті Қыпшақ ұғымын қазақ даласына оның тарихының ежелгі монгол кезеңіне қатысты қолдану дұрыс емес деп есептейді және қыпшақтарды қазақ этногенезінің басты факторы деп санамайды. Өкінішке орай, көшірмесі Еуразиялық университетінде тұрған Л. Гумилевтың қолжазбасы осы уақытқа дейін баспадан шықпады Л. Гумилевтың пікірі бойынша, қазақтар халық ретінде XIVXV ғғ. пайда болса да, бірақ далалық суперэтносының бөлінбес бөлігі ретінде XII ғ. бері, Монголия территориясында болған пассионарлық дүмпу уақытынан тараған Қазіргі кезде қазақтар мен монголдар мәдениет пен өнердің көркею дәуіріндегі инерция кезеңінде тұр. Бұл жолдардың авторы өзін Л. Гумилевтың қызу жақтасы деп санамайды және пассионарлық дүмпулер, немесе дәлірек айтқанда, олардың жерден тыс шығу тегі идеясына сынмен қарайды, бірақ этникалық жас мөлшері жөніндегі шешімдермен келіспеу қиын, оны айтасыз, тарих бұл шешімдерді растап отыр. Жаңа Еуропаға бастау берген VIII ғ. дүмпудің ықпалы қазақ даласына да әсер еткен деген ойды негізі бар деп санауымыз керек.


VIII ғ. Дүмпу.

Руникалық ескерткіштерде және араб тарихшыларының еңбектерінде алғашқы рет қыпшақ этнонимі аталады, яғни, тарихи аренаға жаңа халық шығады. «Қыпшақ» ұғымының көбінесе шартты екенін есте ұстау қажет және кейін бұл халық шарлар, кумандар, половцылар, кундар, ногайлар, татарлар, өзбектер, казақтар сияқты (курсив авт.) түрлі атаулар арқылы танымал болды. Бұл атаулардың кейбірі кейін қазіргі халықтарға көшті,сондықтан автор қыпшақ ұғымын қолдану қажет деп санайды, өйткені бұл осы халық тарихының тұтастығын ұғынуды оңайландырады». Қайта басылып отырған кітаптың авторы да қыпшақ ұғымын кең қолданатын болса да, шынында да өте шартты деп санайды. Бұл ұғым ежелгі монголдардың тілдік «түрктендіру» деп аталатын құбылысқа ғана байланысты. Дұрысы Шыңғысханға дейін қыпшактікі емес, ежелгі түркі суперэтносы, ал кейінгісі ежелгі монгол суперэтносы. Егер өз уақытындағы түркі тілтануының сөзсіз білгірлері ретіндегі XIX ғ. Радлов пен XI ғ. Махмуд Кашгариді есімізде сақтасақ, олар «тек қана қалалықтармен тұрақты кездеспейтін көшпелі өмір дағдысындағы түркілер ғана ең таза және дұрыс тілді сақтайды» деген(История Казахстана и Центральной Азии С. 157). Сонымен бірге, қазақ даласының көп бөлігін кимактардың батыстық бөлігі ретіндегі «салыстырмалы түрде аз қыпшақтар емес», олардың үстемшілігін мойындаған Махмуд Кашгаридің оғыздары, кимактар, башқұрлар, басмылдар, карлуктар, татарлар, қырғыздар және өзге халықтар құрағанын естен шығармасақ, онда «қыпшақ» суперэтносын таза түркілік, немесе ежелгі түркілік деп атау өте орынды. Қазіргі қазақтар, әрине, өзге түркі этностары сияқты бұл біртұтас далалық түркі суперэтносына кірген, бірақ тек қазақтар ғана бұл біртұтас халықтың тарихи өмірінің үзілместігін сақтаған, өйткені Шыңғысханның өсиеті бойынша көшпенділікті сақтаған және сондықтан ешбір отырықшы, немесе ормандық мәдениетпен араласпаған ежелгі түркі халық боп қалған. Одан әрі Р. Темиргалиев былай деп жазады: «Л. Гумилевтың өзі қыпшақтарды Еуропаға ұқсас динлиндердің ұрпағы, ескі халық деп санаған. Бірақ Л. Гумилевпен келісуге кеңес археологиясының деректері кедергі жасайды. Олар қыпшақтар арасында европоидтық компоненттің бар екенін айтса да, олардың көбінесе монголоидтар екеніне нұсқайды. Сондықтан С. Кляшторный ұсынған IXXI ғғ. қыпшақтардың өз атауы болған «половцы» деген «шары» («сары») түрк сөзінің орыс тіліне тура аудармасы деген пікірі көбірек сенім тудырады.

Назад Дальше