Көтерілу.
Алғашқыда Кимак қағанатына кірген қыпшақтар тәуелсіздік алады да жәнеҰлы Даланың барлық батыстық бөлігін оңтүстікке Сырға дейін және батыста Дунайға дейін тез бағындырады. Өздерінің салыстырмалы түрде аздығына қарамастан қыпшақтар олармен отырықшы мемлекеттер келіссөзге ұмтылатын каһарлы күшке айналады. Көптеген шет елдердің дәстүрлі историографиясы әлі күнге дейін қыпшақтардың тарихтағы маңызына, оларды тек тонау мен қанішерлікке ғана қабілетті жабайылар деп санап, тысқары қараған. Қазіргі Ресей тарихшылары половцыларды тек қана қара бояумен көрсететін көне жылнамалардан цитата келтірумен мәз. Және де бұл жылнамалардың авторлары православие монахтары болғанын және бұл жағдай, әрине, олардың көзқарастарына идеологиялық сипат беріп отырғанын есепке алмайды. Ал православиеге өткен қыпшақтарына жылнамашылар зор құрметпен қараған, олардың әкелерін тек «кәпір кощейлер», «қотыр төбеттер» деп атаса, әлгілерді Юрий Кончакович, Данила Кобякович деп өзіне тартып атаған. Ал орыс княздарының көбісі әлде де пұтқа табынушы еді және өздерінің адал одақтастарының діни бағытына онша мән бермеген. Сондықтан княздар теремдерінде қыпшақ ханшайымдары өзге шетелдіктерге қарағанда бәрінен де көп болатын. Және егер бізге қатып семген мұсылмандық Хорезмде шах Мухаммедтің шешесі далалық Туркан хатунның қандай беделі болғанын білсек, онда біразырақ либералды көне орыс қоғамында половчанкалар одан да зор маңызға ие болған ғой дейміз. Және де қыпшақтардың грузиндерге селжүктерге қарсы соғыста көмектескенін, олардың печенегтер қаупінен Византияны қорғағанын һәм венгрлер мен поляктар Руське кіргенде қыпшақтардың Русьті қорғағанын естен шығармау керек». Қайта басылып отырған кітаптың авторы қыпшақ тайпалар одағының негізінде казактар болған, өйткені қыпшақтар:
1) ауылдарымен көшкен (экономикалық тұрғыда),
2) (саяси тұрғыда) қыпшақ тайпалар одағын тұтастаған әскери жасақ болған (орда жанында); және Русь пен Хорезмді өзіне бағындыруға тырысқан, немесе оларға шекаралық күш ретінде қызмет етуге талпынған әскери қатпар болған (мәдени-тұрмыстық тұрғыда).
Одан әрі Р. Темиргалиев былай деп жазады: «XIIXIII ғғ. Шектен асу. Дешті Қыпшақта бітпейтін өзара қырқысу басталады. Пассионарийлардың саны көбейіп, олар бір-біріне кедергі жасайды. Русь тарихы жөніндегі ғылыми және көркем шығармаларда половцыларды көбінесе өте ұйымшыл және біртұтас көпшілік ретінде суреттейді, бірақ бұл кейде шындыққа келіңкіремейді, өйткені қыпшақтар арасындағы ішкі қырқыстар орыстардікінен көп болмаса, аз емес еді. Міне, сондықтан, туысқандары күн көрсетпеген көптеген қыпшақтар ата мекенінен Хорезмге, Кавказға, Русьқа және өзге елдерге қашады, сөйтіп, олар мамлюктерге, гулямдарға және берендейлерге айналады. Осындай жағдайларға байланысты монголдар қыпшақтарды оңай жеңдіМонголдың жаугершілігі, тарихта мұндай нәрсе бола береді, ол жүзеге асқаннан кейін біртұтас мемлекеттің пайда болуына әкелді Алтын Орда Қыпшақ тілі халықаралық статусқа ие болады және мысалы «Үш теңізден асып жүру жөніндегі повесте», «Соғыс және бейбітшілік» романында француз тілі қалай пайдаланылса, ол да сондай оп-оңай пайдалынылады.
XIVXV ғғ. Жарықшақтану.
Өзара қырылысу арқасында және сырттан келген зор соққылардан кейін далалық империя көптеген ұлыстарға ыдырайды. Олардың арасында Ноғай Ордасы, Сібір хандығы, Өзбек хандығы, Қазақ хандығы шығады Бұл мемлекеттердің әлде де біраз күші бар, бірақ бәсекеге қабілеттілердің әлемдік рейтингіне онша іліңкіремейді.
XVIXVIII ғғ. Инерция.
Қыпшақ мемлекеттері қорғануға көшіп, бірінен соң бірі қаза табады. Егер бәрі Урус хан, немесе Қасым хан сияқты, шынында да құдыретті патшалардан басталса, біздің тәуелсіз тарихымыз мемлекет басшысынан гөрі қарақшылар тобының атамандарына ұқсас Абылай және Абулхаир хандармен бітеді. Сонымен бірге, Л. Гумилев айтқандай, этногенездің инерциялық кезеңінде жыраулар поэзиясында өзінің шегіне жеткен қыпшақтардың «Қайта Өрлеу Дәуірі» туады. XVIII ғ. қазақтың хандары тәуелсіз тірліктің енді ешқайда апармасына біліп, Ресей империясының құрамына ерікті түрде кіреді.
XIXXX ғ. басы. Обскурация.
XIX ғ. басындағы Қазақстан тарихын зерттеген әрбір адам мұны растар деп ойлаймыз: бұл уақыт сипатына «обскурациядан» өзге еш термин келмейді. Ресей шенеуніктері даладағы барымта мен бүліктерді тыя алмай, жынданып кете жаздады. Қыпшақтардың бір-біріне жазған арыз шағымдарына Ресей архивтері бүгінге дейін толы. Жыраулардың терең және әсем поэзиясының орнына дүмше ақындардың ұйқас қуалай беретін қара өлеңдері келеді. Қыпшақтар соңғы пассионарийларын көбінесе өздері өлтіреді, ал ұлттың нағыз гүлі, Алаш Орда, халықтан өте аз мөлшерде қолдау табады. Мұның бәрі сөзсіз трагедиямен бітеді. Қыпшақтардың дәрменсіз қалдығы ұжымдастыру кезеңінде қаза табады Қыпшақтың, немесе көне қазақтың (сізге осылай атау ұнаса) тарихы, міне, осындай. Ал қазіргі қазақ этносы мүлде жаңа этникалық жүйе өзге халықтармен салыстырғанда, ол Гумилев айтқандай, кемел жастағы еркек емес, немесе Е. Ермолаев айтқандай, алжыған шал емес, бала. Дәл осыдан бұл этноста әлі өзіндік мәдени дәстүрі жоқ, сондықтан кейде өз бабаларынан, кейде көрші халықтардан жоқ нәрсесін алуға мәжбүр. Әрине, жас болу деген ұзақ өмір сүру деген емес, өйткені этнос тірлігі адам тірлігі сияқты, кез келген уақытта үзілуі мүмкін». Сонымен бірге, қайта басылып отырған кітаптың авторы көшпелі қазақтардың дәстүрлі құрылымының кеңес кезеңіндегі деформациясынан кейін Қазақстан тіпті Қайта Құрудан бұрын баяғыда отырықшы аграрлы индустриалды мәдениетке көшкен полиэтникалық мемлекетке айналды. Сондықтан осы посткеңестік субэтностың титулды ұлты ретіндегі қазіргі қазақтар таңдау алдында тұр: олар иә ақпаратты қоғамға айналып, жеке ашықтықты және қазақ дәстүрлі мәдениетінің өзге ақпараттық құндылықтарын қайта жандандыру ұлттық идеясы негізінде жалпыазаматтық ұлт ретінде жаңа этнос құру керек, немесе тұрғындардың пассионарлық бөлігі ауып кету, болмаса тұтастығын жоғалтып, бақылаудағы тәуелсіз территориясынан айрылып қалу қаупі бар этнократиялық мемлекет ретінде қала беру.

Радик Темиргалиевтің «Шыңғысхан мұрасы» мақаласы («Эксперт» журналы).Шыңғысханға қатысты біздің көзқарастарымыздың ұқсастығын, әсіресе Юдиннің чингизизм жөніндегі ілімі растайтын Шыңғысхан өсиеттері мен заңының діни табиғатына қатысты келесі абзац жария етеді: «Сәл бұрынырақ Кеңес Одағы барлық халықтарының тарихындағы Шыңғысханның тарихи маңызы тек біртекті бағаланатын. «Біздің ел халықтарының монгол-татар езгісіне қарсы күресі» КСРО тарихы жөніндегі оқулықтарда тиісті бөлімдер мен тараулар осылай аталатын. Тарихи ғылымда тек осы езгі ғана Кеңес Одағына кірген халықтардың монголдар ақыры бағындыра алмаған Батыс Еуропа халықтарынан даму жағынан артта қалуының басты себебі деп саналған. Бірақ бұл концепция қазақ халқының тарихи көкейімен онша байланыспайтын. Өйткені қазақ эпосы жырлаған каһармандары ерліктер жасап, Қырымды аралаған және Қазанды қорғаған Улуг Улус (Ногайлы) әсем елі кеңестік оқулықтар мың қарғаған Алтын Орда болатын. Көзімен көргендердің куәландыруынша XIX ғ. өзінде құдыретті көшпелі империяның құлауы жөніндегі дастандар далалықтардың көздерінен жас шығаратын. Шалдар өздерінің әңгімелерінде жауыз хан Бердібекті қарғайтын, Иван Калитаның ғажаб қулығына таң қалатын және Едігенің өжеттігіне тамсанатын. Юдин өте сәтті чингизизм деп атаған Шыңғысханға табыну рәсімінің де қазақтар өмірінде зор маңызы бар еді. Бақсылар өздерінің магикалық рәсімдерін жасағанда, ұлы жаугершінің әруағын көмекке шақырған, ал қара халық оның ұрпағын тек билеушілер ғана емес, қасиетті рудың өкілдері ретінде де құрмет тұтқан. Сондықтан XIX ғ. қазақ даласы төрелер өз билігін сақтаған жалғыз мекен боп қалды. Шыңғысхан ұрпағы баяғыда қырылған көрші мемлекеттер мен тайпалық одақтар ақсүйек қанды хандарды қазақтардан «қарызға сұраған». Біздің әлгі аталған қыпшақтарға қатысты бір-бірімізге тәуелді емес көзқарастарымыздың бір-біріне ұқсас екенінің дәлелі ретінде мына абзацты келтіру артық болмас:
«Қыпшақтардың көсемі ретінде билігі мұрагерлік арқылы берілетін хандар болғанын атап өту қажет. Ильбури (Ель Бори. Авт. еск.) руынан қыпшақ династиясы болғаны жөнінде түрлі мұсылман және қытай жылнамалары айтады Ал С. Кляшторныйдың пікірінше, көне түрк династиясы Ашинадан («қасқыр қаншығынан туғандар») шыққан. Олардан болгар патшалары асенидтер де шыққан. Бірақ бұл нұсқалар бір-біріне қайшы емес, өйткені Ильбури түркі тілінен «бөрі елі», «бөрі тайпасы» деп аударылады және де бір кезде Ашинаның ескі атауын жәй ауыстыра салуы мүмкін. Алайда, өздерінің өзіндік ақсүйектері болса да, ол біртұтас мемлекет құруға әкелмеген. Көптеген қазіргі Қазақстан тарихшылары өздерінің жұмыстарында бір түсініксіз «Қыпшақ хандығы» жөнінде айтады, алайда, монголдан бұрынғы кезеңде біртұтас қыпшақ мемлекеті болды деген еш салмақты дерек жоқ. Әрбір тайпаны өз ханы басқарған және орыс жылнамаларына қарағанда, даладағы мұндай билеушілердің саны бірнеше оншақтыға жеткен. Көрші тайпалар сыртқы жаумен соғысу үшін аз уақытқа одақтастық жасап отырған, бірақ, әрине, мұндай бірлестіктерді мемлекет деп атау әдепсіз болар еді. Сондықтан атышулы тарихшы В.Бартольд айтқан «қыпшақтардың қозғалысы бір халықтың еш саяси бірліксіз және ешбір мемлекеттілік жасаусыз зор территорияны басып алудың сирек үлгісі. Жеке қыпшақ хандары болған, бірақ барлық қыпшақтардың ханы болған емес» деген пікірімен келісуге тура келеді. Автордың ойынша, Қият руының казактары барлық ежелгі монгол тайпалары нирундар мен турлигиндерге бұрын атақты, бірақ қазір жоқ болған «монгол» тайпасының атын берген, сол сияқты Ел бөрі руының казактары да оғыз, кимак және карлуктан шыққан барлық ежелгітүркі тайпаларына өздері шыққан қыпшақ тайпасының атын берген. Ең қызығы, олардың екеуі де өз тотемдік шежіресін бөріден таратады және де олардың Ашинаның ежелгі түркі руына туыстас болуы да әбден мүмкін.