Сондықтан Р. Темиргалиевтің айтуынша, «монголдардың басты мақсаты Ильбури династиясының өкілдері болды, монголдар аңға шыққандай, оларды өлтіре берді, ал қаруын тастағандарды Монголия мен Қытайға жеткізген. «Бөрі қаншығынан туған» ұлы түрк қағандарының ұрпақтары «күн сәулесінен туған» «бөрі» ұрпақтарына зор қауіп төндіретін еді. Қыпшақ ақсүйектері 1242 ж. дейін жанкешті қарсылық көрсетті, бірақ олардың күресі жеңіліспен аяқталды. Дәл осы нәрсе хан Батудың батыстық жорығының басты мақсаты еді. Ал еуропалық отырықшы халықтар соған қосымша ретінде ғана бағындырыла салынды. Ең алдымен жаугерлерге Батыс Дешті Қыпшақтың даласы керек еді». Одан әрі Р. Темиргалиев жазады: «монголдар далалық мәдениетінің өзгеше әдетінше қыпшақтарды өзге халық деп санамаған. Мысалы, 1223 ж. Кавказдағы құпия келіссөздер барысында, Ибн ал Асирдың деректері бойынша, монгол қолбасшылары Субэдэй мен Жебе қыпшақ хандарына арнаған сөздерін былай деп бастаған: «Сендер мен біз бір руданбыз». Өз кезегінде Ибн Халдун да атап өткен: «қыпшақтарда баяғыдан бері Шыңғысхан татарларымен тығыз байланыс бар. Көбінесе қыпшақтар, олардың қыздарын әйелдікке алып, татарлармен әйелдік жағы арқылы туыстасқан. Сондықтан Шыңғысхан қыпшақтарды өзінің руласы санаған. Қайнаркөздерде әлдеде көптеген мұндай деректер бар, қазіргі тарихшылар көне үйсіндер, жалаирлар, қоңыраттар, кереиттер, наймандар және өзгелер қай тілде сөйледі екен деп ашу шақырып, дау көтереді. Бірақ іс жүзінде бұл онша маңызды мәселе емес, өйткені далалықтар үшін этникалық өз-өзін тануының басты белгісі тіл болған жоқ. Барлық көшіп-қонып жүрген, киіз үйде тұратын және Тәңіріге сенетіндер бір халық деп саналған».
Автор ежелгі монгол мен қыпшақтар этнотанымы жөнінде бір дегенге келіседі, бірақ олардың арасындағы туыстық байланысты жоққа шығарады, өйткені әлгі келтірілген қайнаркөздердің деректері Сыпатай мен Жебенің әскери тактикалық мақсаттағы қулығын паш етіп тұр, сонымен бірге, олар қыпшақтардың кейін Русь пен Хорезмде «татар» қордалы атауын алған Шыңғысханның нирундары және турлигиндары емес, керісінше, оның жаулары ежелгі монголдық татарларымен байланысы жөнінде баяндайды. Сонымен бірге, автор далалықтар үшін тілдің этносқұраушы маңызын төмендету нышанымен келісе алмайды. Бәрінен бұрын әлгі аталған тайпалар Монголия жерінде болсын, Қазақстан жерінде болсын, ол кезде бәріне ортақ түркімонгол тілінде сөйлеген. Жошыда бас бәйбішесінен екі ұл болған (Орду және Бату) және өзге әйелдерінен он жеті ұл болған. Бұл тұрғыда Өтеміс қажының «Шыңғыснамесіне» толығынан сенуге болады. Темиргалиев олардың ең танымалы Орду Ежен, Бату, Берке, Шибан және Тукай-Тимур болған деп дұрыс айтады. Үлкені Орду Ежен болатын, таққа сол отыру керек еді. Бірақ заңды мұрагер онша тәкаппар болмағандықтан, өзіне тиісті жоғарғы билікті өзінен әлдеқайда қуатты інісі Батуға сыйлайды. Ал ол болса, Дешті Қыпшақтың батыс бөлігін бағындырғаннан кейін, ордасын Еділ бойына қойып, Хорезмнен бөлек әкесінің жерін ағасы Орду Еженнің билігіне қалдырды. Қазіргі Қазақстан территориясының көп бөлігінде орналасқан бұл ұлыс Ақ Орда деп аталды (бұл атаудың шарттылығы жөнінде автор жоғарыда айтқан: тек барлық Бату ұрпақтары өлгеннен кейін ғана Көк Орда Ақ Орда атауымен бірге аталатын болды. Авт. еск.). Алтын Орданың құрамындағы Ақ Орда көп артықшылыққа ие болды. Орду Ежен ұрпағынан шыққан хандар өз құрылтайларында сайланды және сондықтан Бату мұрагерлерінің бұл ұлыстың ішкі істеріне ықпал етудің еш нақты мүмкіндігі болған жоқ. Оны аз десеңіз, Рашид ад-Динның айтуынша Монгол империясы астанасы Қарақорымнан келген жарлықтарда Жошы ханның үлкен ұлы ретіндегі Орду Еженнің аты Бату есімінен бұрын жазылған. Ақ орданың Дешті Қыпшақтың жоғарғы билеушісінен тәуелділігінің бір көрінісі: Орду Ежен өз жарлықтарында алдымен Батудың есімін жазған. Сонымен бірге, Ақ Орда билеушілері соғыс кезінде сарай хандарына әскер жіберіп отырған. Ақ Орда билеушісіне оның өзге інілерінің ұлыстары бағынған. Мысалы, Рашид ад-Динның айтуынша, Орду Ежен әскерімен және Удур, Тука Тимур, Шингкур және Симкум атты төрт інілерімен әскердің сол қанатын құраған, оларды әлі күнге шейін сол қанат ханзадалары деп атайды. Тура Орду Еженнің өзіне, қайнаркөздердің деректері бойынша, коңырат, меркит, йисут, кереит, арғын, кингит және өзге тайпалар бағынған. Бұл уақытта қыпшақ тайпаларын қайта атау глобалды процесі жүріп жатқан. Орду Ежен және оның ұрпақтары қыпшақ тайпаларын олардың бұрынғы аттарымен емес, жаңа бодандықтағыларға би-лік еткен нояндардың монгол руының атымен атаған.
Қызығы, қазақтың халық аңыздарында XIII ғ. шынайы тарихи каһармандары кейбір рулардың негізқалаушысы деп аталады. Мысалы, үйсіндердің рубасысы деп Шыңғысханның мыңбасы Майқы би аталады, найманның рубасысы деп Кит Бұқа, арғындардың рубасысы деп Кадан тайшы.
Жылнамалар беттерінде тайпалардың мүлде жаңа бұрын таныс емес атаулары көріне бастайды. Көбінесе олар өздерінің атақты рубасыларының атын алған. Мысалы, XIIIXIV ғғ. қайнаркөздерінде Таз немесе Йаглыбай (Жагалбай) сияқты Алтын Орда тарихындағы көрнекті тұлғалардың есімдері аталады, ал сәл кейінірек солармен аттас рулар мен тайпалар шығады. Біздіңше, бұл жәй ұқсастық емес. Шексіз полигамия жағдайында ақсүйек өкілдерінің балдары көп болған, тіпті кейбір бектерде жүзге тарта немере мен шөберелері болған, кейін олар жаңа ру құрап, оны атасының атымен атаған. Және тек Ақ Орданың ханы өлген соң, оның ұлы Урус таққа отырып, енді өз ақшасын шығаруға жарлық берді. Осы сәттен бастап Урус оны түсіне қоймаса да, жаңа мемлекеттің тарихы басталды. Ақша шығару ол үшін өзінің Сарай тағына көз салғанын көрсету еді. Бірақ ол Батухан империясын қанша тудырғысы келгенімен, оған оның өзі де, ұрпақтары да қол жеткізе алмады. Қалай Ақ Орда өмір сүруге тиіс болса, Алтын Орда қаза табуға тиіс еді (яғни, қаза тапқан Жошы ұлысы, кең мағынадағы Алтын Орда болатын, ал Ақ Орда, немесе тар мағынадағы астана ретіндегі, Алтын Орда және біртұтас елді басқару иелігі Көк ордадағы Жошы ұрпағына көшті). Тағы бір айта кететін жайт, тарихшылар арасында Урус ханның шығу тегі жөніндегі мәселеге бір көзқарас жоқ. Кейбір ғалымдар оны Орду Еженнің емес, оның інісі Тука Тимурдың баласы деп санайды. Оның дәлелі ретінде Шыңғыс ұрпақтарының ортағасырлық шежірелері келтіріледі. Әйтсе де, қашан және қалайша Тоқа Темір ұрпағы Сығнақтағы билеуші династияны ауыстырды деген сауалға жауап жоқ. Қан-төгіссіз саяси күрестен зор және ықпалды кланды алып тастау мүмкін емес. Бірақ Орду Ежен үйінің ханзадалары өлтірілсе, ол көрінбей, сөзге ілінбей қалмас еді. Саяси оқиғаларды баяндайтын жазбаша қайнаркөздер Шығыс Дешті Қыпшақтағы билік Орду Еженнің ұрпақтары қолында қалғанын растайды. Урус ханның шығу тегі жөнінде мүмкін сақталмаған қазақ шежірелері де баяндаған шығар. Ең кемінде, М. Тынышпаев сияқты, XIX ғ. аяғы XX ғ. басындағы төрелердің ең білімді бөлігімен араласқан зерттеуші былай деп жазған: «қазақтарда, әсіресе шыңғыс ұрпақтарында бір хан Ежен деген жөнінде естеліктер қалған (кейбір төрелер тіпті оны өздерінің арғы атасы санайды, ал Тука Тимурды олар мүлде білмейді». Егер Орду Ежен ұрпақтары Дешті Қыпшақтағы өз билігін сақтай алса, олар Батухан ұрпағы біткеннен кейінгі ең іргелі тармақ беделіне ие болған. Ордуидтердің хан титулына лайық екені ешкімде күмән тудырмады. Және бір жағы осыдан кейін жылнамашылар Қазақ хандығы деп атап кеткен Ақ Орданың тарихы Алтын Орда қирандыларында пайда болған өзге көшпелі ұлыстардың тарихымен салыстырғанда таң қаларлық түрде өте ұзақ боп шықты».
Автор Р. Темиргалиевтің Қазақ хандығының негіз қалаушы атасы Урусханның шығу тегінің Жошының үлкен ұлы Орду Еженнен тарайтынына сенім білдіргенін аса құнды санайтынын атап өткісі келеді. Бұл қазақ халқының тарихына және мемлекеттілігіне біртұтас негіз және логика береді.
Р. Темиргалиев өзіне үлкен жауапкершілік алып, Өтеміс қажының «Шыңғыснамесінің» шынайы дүние екеніне күмәнмен қарайды. Бұл өте қызық, дәл осы қайнаркөзді В.П. Юдин сияқты өте беделді, ешкімге ауыз аштырмайтын тарихшы жоғары бағалаған еді. Кейін С. Акимбеков өзінің зерделуі жөніндегі жарқырақ «Далалар тарихы» кітабында Юдин, Абусеитова және өзге зерттеушілердің Урус ханның Жошының бірінші ұлынан емес, он үшінші ұлы Тока Тимурдан туды деген қауесетті тек күмәнға ғана алады.
Т. Султановтың пікірін қоштап, Акимбеков: «сол қанат хандары Чимтай, Баян, Құйыншы, Сасы Бұқа өзге қайнаркөздерден белгілі» деген пікірді негізге алып, таза аналитикалық түрде Урустың шығу тегі Ордадан болу керек деген еді. Ал Темиргалиев болса бұл мәселе жөніндегі барлық танымал қайнаркөздерді негізге алып, мұны өте нақты, сенімді айтады.
Дәл білім мен ең аса негізделген болжамның арасындағы айырмашылық өзге нәрселерге қарағанда ең маңызды боп қалады және тек ғылым емес, кейде тіпті жеке адам үшін де.
Радик Темиргалиев. Қазақ хандығы мен қазақылық идеясы («Эксперт» журналы).Мұнда орыс казактары мен қазақтардың өз-өздерінің атауы казак ежелгітүрік ұғымынан шығуы жөніндегі және әлеуметтік институт ретіндегі қазақылықтың этникалық мағынасы жөніндегі автордың пікірі Темигалиевтың ізденуі арқылы жоққа шығарылмайды, қайта дәлелденеді. «Бәрімізге белгілі кеңестерден бұрынғы кезеңде қазақ халқы Ресейде киргиздар немесе киргиз-кайсактар ретінде белгілі болатын. Алғашқыда осылай қазақтарды XVIII ғасырдың бірінші жартысында атады.