Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Ильич Нуров 20 стр.

Осы кітап басылып шығар алдында, 2011 басында С.М. Әкімбековтың «Далалар тарихы: Еуразия тарихындағы Шыңғысхан мемлекетінің құбылысы» территориялар мен тарихи кезеңдерді суреттеу жағынан ауқымды, зерделеу жағынан жарқын құрылымды зерттеуі шықты. Бұл кітап ғылыми жағынан бар талаптарға жауап береді, өйткені Султан Магрупович тарих маманы және оның ғылыми дәрежесі бар. Сырттан білсек те, ол Қазақстан шығу тегінің қазақылық концепциясымен таныс емес, өйткені қайта басылып отырған кітаптың авторына сілтеме жасамаған. Бірақ қайта басылып отырған кітаптың шешімдері мен қағидаларын растауда, бұл кітаптың құндылығы бөлек. Осы кітапқа өз түсінігімізді қысқаша баяндап беруге тырысайық.

Әкімбеков б.д.д. III ғ. Қытай реформалары Қытайдың далалық шеті ретіндегі Монголияда көшпелі империялардың пайда болуының негізгі себебі болды деген заңды, бірақ аяғына дейін дәлелденбеген ой қағидасынан шығады. Маманданған, негізі тауарлы, көшпелі мал шаруашылығы саудасыз тірлік ете алмас еді, ал жоғарыда айтылған реформалар арқылы Қытай тарыдай шашылған далалық тайпаларды басқару жөніндегі орталықтандырылған саясат жасай алды, «салымсыз алым да жоқ» дейтін олар, тек алдын ала ақша төлегендерді қолдап. Осындай саясатқа заңды қарсылық ретінде бірінен соң бірі ғұндардың, ежелгі түркілердің, монголдардың әлемдік көшпелі империялары пайда бола бастады. «Шыңғысханның монгол дәуіріне бір тайпалар кірді де, ал шыққаны мүлде өзге болатын», өйткені дәстүрлі көшпелі тайпалардың шекаралары бұзылды» (Акимбеков С.М. История степей С. 2). Бұл ру-тайпалық құрылымды күйрету Қазақстанға да жеткен еді. Монгол империясы қытай саяси ұйымының негізін алып, барлық өзге жауланған террриторияларға (провинциялар) дейін жеткізді. Және де, әрине, жүздіктер мен мыңдықтарға бөлінген метрополия халқы ретіндегі далалық тайпаларға бұл қатысты болмаған, яғни «Далалар тарихының» батыл және кең ауқымды баяндауы қиял ғажайып нәрсеге айналады, немесе ол таза мүмкіниятқа жіберумен шектеледі. Атап айтқанда, Алтын Орда қалай Мәскеуге «шығыс деспотизмді» береді, егерде өзі оны Қытайдан алудан бас тартса, ал ежелгіорыс общиналары Ресей батыстық жолмен дамуының мүмкіндігі болды деген пікірмен мүлде келісуге болмайды. Өйткені теоретикалық жағынан, фактологиялық көзқарас жағынан да аса зор орасан кеңістіктерде шашылған және жеке дара қалған общиналар, керісінше, мемлекеттіліктің шығыс үлгісінің негізі болатын және де тек Русьта емес. Бақытымызға, Әкімбеков пайдаланған бас айналар қолжетімді қайнаркөздердің және арнайы әдебиеттің зерделенуіне және пайымдалуына еш нұқсан келтірмейді. Әсіресе, бұл көшпенділер империяларының саудалық табиғатын дәлелдеуге қатысты және көшпенділер соғыстарының Ұлы Жібек жолға қатысты екеніне. Қайнаркөздердің ашылған және зерттеулердің жүргізілгені сонша, енді тек оларға сапалы пайым мен қордаландыру жетпей тұр еді. Сондықтан бізге қалғаны С.М. Әкімбековке осы іргелі еңбегіне алғыс айтып, енді ондай зор болмаса да біздің проблемаларға қатысты оның тезистеріне көшейік.

Қазақ этногенезінің қазақылық концепциясы жөнінде растауға қатысты Әкімбеков Шығыс Монголияда ежелгітүркітілдік және тайпадан тыс саяси топтар болған дейді және соны қазақылық институтымен теңестіреді. Ежелгі монголтілдес қауымдастығындағы монголтүсті тайпаларға қатысты оларды кейінгі ғұндар деп танып, Әкімбеков бір шешімге келеді: «қалай болғанда да түркі және монгол тілдері бір түбірлес болды ма, әлде тек көршілес болды ма, онда сөйлейтіндер, бір жағынан, иран тілдерінде сөйлейтіндердің және, екінші жағынан, ежелгі монгол тілдерінде сөйлейтіндердің арасында болған.

Демек, Батыс Монголия және Маньжурия арасындағы орналасқан Шығыс Монголия тұрғындары ежелгітүркі тілдерінде сөйлейтіндер болған» (сонда, 66 б.). Сөйтіп, егер ертедегі ғұндардың түркілді болғандары жөніндегі дауларға әлі шек қою мүмкін емес болса, онда ежелгі монгол, әсіресе, «турлигиндер»/«дарлекиндер» деген дауларды қою керек, өйткені олардың түркітілдігі анық болып тұр. Сонан Әкімбеков 546 жылы Ашина руы айналасында Алтайда жиналған түркүт тайпасын көп телес тайпаларының бірі дейді, бұл қайта басылып отырған кітап авторына өте қымбат пікір. Өйткені, ол қазақ ішіндегі ел құраушы арғындарды телеуіттерден және гаогюйлік динлиндерден, демек басмылдардан шығарады. Қарасаңыз, Әкімбеков Виктор Маглинов сияқты, гаогюй телеуіттерінің Ашинамен байланысын айдан анық көріп отыр. Оны айтасыз, Әкімбеков «Монголияның түркітілді тайпаларының арасында Бумын басқарған Ашина тайпасы өз кезегінде V ғ. Алтайда құралған көшпелі бірліктің ішіндегі көптің бірі еді. Қағанат құрудан бұрын түрк сөзі тек «он оқ» атауы болған Бұл мағына қағанат дәуірі кезінде де сақталды Жалпы, нақты тайпалар ұйымының атауы қағанат пайда болар уақытта Еуразияда Қара теңізге дейін тараған түрлі түркітілдес тайпалардың зор жиыны үшін ортақ болды» (с. 89).

Назад Дальше