Осы кітап басылып шығар алдында, 2011 басында С.М. Әкімбековтың «Далалар тарихы: Еуразия тарихындағы Шыңғысхан мемлекетінің құбылысы» территориялар мен тарихи кезеңдерді суреттеу жағынан ауқымды, зерделеу жағынан жарқын құрылымды зерттеуі шықты. Бұл кітап ғылыми жағынан бар талаптарға жауап береді, өйткені Султан Магрупович тарих маманы және оның ғылыми дәрежесі бар. Сырттан білсек те, ол Қазақстан шығу тегінің қазақылық концепциясымен таныс емес, өйткені қайта басылып отырған кітаптың авторына сілтеме жасамаған. Бірақ қайта басылып отырған кітаптың шешімдері мен қағидаларын растауда, бұл кітаптың құндылығы бөлек. Осы кітапқа өз түсінігімізді қысқаша баяндап беруге тырысайық.
Әкімбеков б.д.д. III ғ. Қытай реформалары Қытайдың далалық шеті ретіндегі Монголияда көшпелі империялардың пайда болуының негізгі себебі болды деген заңды, бірақ аяғына дейін дәлелденбеген ой қағидасынан шығады. Маманданған, негізі тауарлы, көшпелі мал шаруашылығы саудасыз тірлік ете алмас еді, ал жоғарыда айтылған реформалар арқылы Қытай тарыдай шашылған далалық тайпаларды басқару жөніндегі орталықтандырылған саясат жасай алды, «салымсыз алым да жоқ» дейтін олар, тек алдын ала ақша төлегендерді қолдап. Осындай саясатқа заңды қарсылық ретінде бірінен соң бірі ғұндардың, ежелгі түркілердің, монголдардың әлемдік көшпелі империялары пайда бола бастады. «Шыңғысханның монгол дәуіріне бір тайпалар кірді де, ал шыққаны мүлде өзге болатын», өйткені дәстүрлі көшпелі тайпалардың шекаралары бұзылды» (Акимбеков С.М. История степей С. 2). Бұл ру-тайпалық құрылымды күйрету Қазақстанға да жеткен еді. Монгол империясы қытай саяси ұйымының негізін алып, барлық өзге жауланған террриторияларға (провинциялар) дейін жеткізді. Және де, әрине, жүздіктер мен мыңдықтарға бөлінген метрополия халқы ретіндегі далалық тайпаларға бұл қатысты болмаған, яғни «Далалар тарихының» батыл және кең ауқымды баяндауы қиял ғажайып нәрсеге айналады, немесе ол таза мүмкіниятқа жіберумен шектеледі. Атап айтқанда, Алтын Орда қалай Мәскеуге «шығыс деспотизмді» береді, егерде өзі оны Қытайдан алудан бас тартса, ал ежелгіорыс общиналары Ресей батыстық жолмен дамуының мүмкіндігі болды деген пікірмен мүлде келісуге болмайды. Өйткені теоретикалық жағынан, фактологиялық көзқарас жағынан да аса зор орасан кеңістіктерде шашылған және жеке дара қалған общиналар, керісінше, мемлекеттіліктің шығыс үлгісінің негізі болатын және де тек Русьта емес. Бақытымызға, Әкімбеков пайдаланған бас айналар қолжетімді қайнаркөздердің және арнайы әдебиеттің зерделенуіне және пайымдалуына еш нұқсан келтірмейді. Әсіресе, бұл көшпенділер империяларының саудалық табиғатын дәлелдеуге қатысты және көшпенділер соғыстарының Ұлы Жібек жолға қатысты екеніне. Қайнаркөздердің ашылған және зерттеулердің жүргізілгені сонша, енді тек оларға сапалы пайым мен қордаландыру жетпей тұр еді. Сондықтан бізге қалғаны С.М. Әкімбековке осы іргелі еңбегіне алғыс айтып, енді ондай зор болмаса да біздің проблемаларға қатысты оның тезистеріне көшейік.
Қазақ этногенезінің қазақылық концепциясы жөнінде растауға қатысты Әкімбеков Шығыс Монголияда ежелгітүркітілдік және тайпадан тыс саяси топтар болған дейді және соны қазақылық институтымен теңестіреді. Ежелгі монголтілдес қауымдастығындағы монголтүсті тайпаларға қатысты оларды кейінгі ғұндар деп танып, Әкімбеков бір шешімге келеді: «қалай болғанда да түркі және монгол тілдері бір түбірлес болды ма, әлде тек көршілес болды ма, онда сөйлейтіндер, бір жағынан, иран тілдерінде сөйлейтіндердің және, екінші жағынан, ежелгі монгол тілдерінде сөйлейтіндердің арасында болған.
Демек, Батыс Монголия және Маньжурия арасындағы орналасқан Шығыс Монголия тұрғындары ежелгітүркі тілдерінде сөйлейтіндер болған» (сонда, 66 б.). Сөйтіп, егер ертедегі ғұндардың түркілді болғандары жөніндегі дауларға әлі шек қою мүмкін емес болса, онда ежелгі монгол, әсіресе, «турлигиндер»/«дарлекиндер» деген дауларды қою керек, өйткені олардың түркітілдігі анық болып тұр. Сонан Әкімбеков 546 жылы Ашина руы айналасында Алтайда жиналған түркүт тайпасын көп телес тайпаларының бірі дейді, бұл қайта басылып отырған кітап авторына өте қымбат пікір. Өйткені, ол қазақ ішіндегі ел құраушы арғындарды телеуіттерден және гаогюйлік динлиндерден, демек басмылдардан шығарады. Қарасаңыз, Әкімбеков Виктор Маглинов сияқты, гаогюй телеуіттерінің Ашинамен байланысын айдан анық көріп отыр. Оны айтасыз, Әкімбеков «Монголияның түркітілді тайпаларының арасында Бумын басқарған Ашина тайпасы өз кезегінде V ғ. Алтайда құралған көшпелі бірліктің ішіндегі көптің бірі еді. Қағанат құрудан бұрын түрк сөзі тек «он оқ» атауы болған Бұл мағына қағанат дәуірі кезінде де сақталды Жалпы, нақты тайпалар ұйымының атауы қағанат пайда болар уақытта Еуразияда Қара теңізге дейін тараған түрлі түркітілдес тайпалардың зор жиыны үшін ортақ болды» (с. 89).
Егер аргын/аргун сөзі монгол тілінен әлгі он оқ деген мағына беретінін және бұл монгол өзені Аргунмен (аңызға айналған Эргене Кун) байланысты екенін ескерсек, онда (Орта Жүз) Аргун Ордасының Ашинаның бөрілік руымен жетіспейтін саяси байланысы қайта тіріледі. Бұл ру мен Ұлы Жүз Усунь Ордасының және Кіші Жүз Алшин Ордасының байланысы бұрыннан белгілі. Сөйтіп, тек қана ежелгі монгол баариндік уйшиндер емес(уйсун) және мангуттык алшиндер емес (алшун), телес арғындары да алашы Алаша ханмен аңыздық байланыста болып шығады. Соңғыны Абулгази мен Рашид ад-Дин «татар мен монголдардың арғы атасы» десе, Шәкәрім өзінің әйгілі шежіресінде Улуг Еркин қытайша Бай Егу (Ұлы Ер) жөніндегі орхон-енисей жазуларын негізге алып, арғындарды ежелгітүркі хойху немесе хо-хо, яғни, арбалы, көшпелі ұйғырлардың ұрпағы санайды. Және де Шәкәрім Жошы және Шағатай ұлыстары құрамындағы Аргынот/Ариканут жөнінде білген. Гумилевқа еріп Әкімбеков телес тайпалары арасында «уйғыр, бугу, тонгра және байырку (бай егу) және сеяньтоларды атайды, сонымен бірге, 646 жылы көшпелі ұйғырлар Монголияда билеуші күшке айналды деп атап өтеді.(сонда, 9697 б.). Бірақ Әкімбековтің Ашина руының этникалық байланыстары жөніндегі пікірінен гөрі, оның «Түркі қағанаты ыдырағаннан кейін тарихта енді түрк тайпасының өзі қалмаса да, оның барлық түркітілдес тайпаларға бірдей түрк деген ортақ атауы қалды» деген дерегі маңыздырақ. Және де ең қызығы, бүкіл өзге тайпалар өзінің тұтастығы мен болмыс бітімін сақтап қалды, соның арасында шығыстан телес тайпалары, батыстан болғарлар. «Демек, қағанатта түрлі түркітілдес тайпалар және өз кезегінде билікке таласқан Ашина руының жеке өкілдерін қолдаған тюркюттер арасында ішкі саяси күрес жүрген». «Іс жүзінде Ашина руының хандары тайпадан тыс саяси надстройканың қызметін атқарады Осындай қызметті табысты атқару үшін өз тайпаң бар болса да, ол оң болмауы мүмкін еді». (102103 б.).
Сөйтіп, ұлы даланың ұлы билеушілері ретіндегі Ашина хандар руы болған, ол өзінің түркі тайпалар одағы ретіндегі түрк еліне сүйеніп, барлық түрк бодундарды, яғни өзге рулардың жиынтығы мен бірліктерін билеген. Бәлкім, түркі тайпаның өзі ежелден болмаған шығар, өйткені күштеуші аппараттың ролін билеушілердің туған тайпасы емес, белгілі тайпалардың одағы атқарды. Ал бірақ, ол өзінен кейін еш мұрагер қалдырмай, ыдырап кетті. Міне, сондықтан саудалық артықшылықтар таратумен қатар, «Түркі қағанаты билігінің өте кең далалық кеңістікке таратылуы арқасында көп әскер мен тұрғындар жұмсау керек болмады және өте аз уақытта жасалды». «Есіңізде болсын, болгарлар мен хазарлар түркілерге өз еркімен бағынды және оларға Түркі қағанатының ақырына дейін бас көтермеді, ал ол күйрегесін, хазарлар Ашина руы хандарын билікте сақтап қалды. Кейін болгар мен қыпшақтар да сөйтті. Түркі атауымен өз, немесе туған тайпасы болмағасын, Ашина хандарының саяси тұрғылары осалдана берді, ал өзге тайпалардың далалық аристократиясы күшейе берді. Сөйтіп, «Сюань-цзун императоры кезінде Тан империясы жаңа күшейгенде, әлгі тайпалар ендігі саяси кеңістікте Ашина руының енді қажетсіз екеніне көздері жетті» (сонда 104105 б.).
Міне, осыдан болар, ежелгітүркі қағандарының эпитафиялары өзге ру мен тайпалар түрк елінен бөлініп кетеме деген қорқынышқа толы, өйткені, олар өздері өз саяси тәуелділігін таңдай алатын. Міне, сондықтан Темир Кутлуг, Еділ бойындағы Ұлы Орданың ханы Литва князі Витовтқа Қашқын Тоқтамысты қайтар деп өтініш жазғанда төрелердің қазақы тағдырына налиды: «Бүгін қашқын, ертең хан» және керісінше де болар, әрине. Бұдан біраз кейінірек елші Тевкелев одан би мен батырлармен кеңеспей, неге Ресейге қосылғысы келгенін сұрағанда, Кіші Жүздің құдыретті ханы Абулхаирдың өзі «қазақ хандарының өз билігі жоқ және оларда мұрагерлік те жоқ» деген екен. Сосын айтыпты: «Егер Ресейге қосылсам, мен мұны өзгертер едім» деп. Мысалы, қартайған Жәңгір ханның өзі батыр ретінде жекпе-жекке шығып, он жеті жасар жоңғардың қолында өледі. Көріп тұрғаныңыздай, қазақылық ежелгітүрік институтының тарихында бәрі аса күрделі боп шықты: ауылдарымен ерікті көшіп-қонып жүрген казактар, немесе бай көшпенділер пайда болудан бұрын, еркін жаугер ретіндегі батыр казактар пайда болды, олар өздеріне атақ-даңқ іздеуші болашақ патшалар, яғни, оларға өздерінің ерен қасиеттерін көрсете алатын мемлекет керек. Жалпы айтқанда, Ашина түркілері, оларды Турфанан Алтайға ауыстырғасын, алтай тайпалары үшін әрқашанда казактар болған, яғни, дала тайпаларының әскери демократиялық құрылымы жағдайында (тюрк. хан мен хакандардың, немесе монг. кандар мен каандардың) әскери көсемдер рөлін ойнаушы әскери сословие. Осыдан кейінгі ежелгі монгол хандарының неге далада жалғыз жүргені ұғынықты. Осыған байланысты, мысалы, татарлар жалғыз қаңғып жүрген Шыңғысхан әкесі, Қият Борджигин руының негізқалаушысы Есугэге у беріп өлтіреді. Осы тұрғыда, біздіңше, Ашинаның ежелгітүркілік бөрілік руы мен ежелгі монгол Қият бөрілік руы арасында байланыс бар. Бұл өте маңызды. Бұл арада біз тек Абулгази мен Валиханов тапқан ұқсастықтармен шектелмейміз. Бұл ұқсастықтан өзге мұнда түркі мен монголдардың өз атауларының тайпадан тыс мағынасынан осы рулардан шыққан әскери көсемдердің бір қазақылық табиғаты көрініп тұрғандай. Ежелгітүркі дәуірі басталғаннан кейінгі уақытта неге түркілер тайпалық одағы жоқ боп кетті деген мәселеден кейін өзіне тән табандылығымен Әкімбеков енді неге монгол тілді ежелгі монгол тайпаларында монгол тайпасы жоқ болған деген «монгол» мәселесіне тоқталады. Оның дұрыс ойынша, «XII ғ. Монголияның құжынаған көптеген тайпалары арасында монгол нақты тайпасы жоқ болған». Сонымен бірге, Монгол империясының негізқалаушысы Шыңғысханның отбасы ірі түркімонгол тайпасы тайджуиттен шыққан. Өздерінің статустары бойынша одан бұрынғылар тайджуиттердің әскери көсемдері болған. В.Я. Владимирцовтың айтуы бойынша, олар «тек соғыста, жорықта, қарақшылықта ғана өздерін көрсете алатын, әрқашанда даулы билігі бар тұрақсыз топтардың тұрақсыз көсемдері болған». «Сондықтан болар Рашид ад-Динде Хабулханның ұлдары Хутула хан мен Кадан Багатур туралы олардың тек жиырма нөкерімен қалай өз жұртында құралас тайпасының жерінде уклат тайпасымен соғысқаны жөнінде әңгімелер көп. Олардың барлығы тайджуиттен шыққан болатын және тек Шыңғысханның әлем падишағы болғаннан кейін бұл батыр казактар жалпы монголдық хандар деп аталған. Олардың тайпасы ең алдымен монгол атауына хұқылы еді, бірақ, олар өз тайпасымен байланыста болмаған, бірақ олардың өз тайпасы Шыңғысханның бірінші жауы еді (сонда, с. 140141).