Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Ильич Нуров 23 стр.

Біріншіден, Монголияның өзі және отырықшы елдерден өзге еш жерде интеграция болған емес, өйткені, тек Орал сыртындағы Еділ бойы мен Қара теңіз бойына қарай қыпшақ руы Ел Бөрі қырылды. Екіншіден, этникалық құрама Ежелгі Монголиядағыдай болды, яғни, сол кезде де қазірде шартты және жөнсіздеу сыртқары көздер «қыпшақтікі» деп атаған ежелгі көшпелі түркілерден тұратын. Үшіншіден, жоғарыда Юдинге сілтеме жасалғандай, жергілікті тайпалардың оларды тілдік ассимиляцияға ұшырату ретіндегі монголдардың түрктендіруі болған жоқ. Сондықтан олар этникалық мағынасындағы мәдени-тұрмыстық ассимилияцияға да ұшыраған емес, өйткені, Қазақстандағы монголдар билік басында болатын. Ал Еділ мен Қара теңіз қыпшақтары монголдың жүздіктері мен мыңдықтарына таратылған және олар Әкімбековтың өзі айтқандай аз болған және кезінде құдыретті болған Жетісудағы карлук, канглы, уйгурлар сияқты, маңызды рөл ойнамаған (сонда, 458 б.). Төртіншіден, экономикалық тұрғыда Қазақстан даласында барлық тұрғындар әдетте қазақша ауылмен көшіп қонған. Бесіншіден, егер Юдин айтқандай, Қазақстанға ежелгі төрт мыңнан астам монгол келгенін және жоғарғы хан Толуда Шыңғысхан жарлығымен 129 монгол әскерінен қолында 101 мыңы болғанын ескерсек, келімсектердің саны аз болған жоқ. Демек, қалған 28 мыңы, яғни ер жаугерлердің отбасыларын есептегенде 150 мың адам Монголияның батыс жағына жіберілген болар. Алтыншыдан, өзіне заңды билеуші («табиғи ие») іздеудің саяси факторы ежелгі түрік суперэтносында этносқалыптасудың негізі еді, өйткені далалық социумның өзге шаруашылық және рухани факторлары ежелгі Монголия мен Қазақстанның барлық ру-тайпаларында бірдей болатын. (Мұнда тума-туысқандық және өзге антропологиялық фактор тілге тиек етілмейді, өйткені, тіпті, ең кіші этностардың пайда болу негізінде мәдени-тұрмыстық шығу тегіңнің әлеуметтік факторлары жатады. Әкімбековтың айтуынша, «шекарасы Литвадан Сырдарьяға дейін созылған Жошы әскерінің көпмыңдаған жауынгерлері арасында этникалық, мәдени, діни немесе тілдік болсын, еш айырмашылық болған жоқ. Шыңғыс ұрпағының бір тармағын таңдау олар үшін ең басты идентификациялық фактор болды, яғни айқын әйгіленген саяси сипатта болды» (сонда, 453 б.). Қызығы, Әкімбеков қазақтар ежелгі монголдармен этникалық түрде емес, таза саяси байланыста десе де, оның этникалық тарихқа тікелей ықпал еткенін ескертеді. Бұл қайшылыққа қарағанда, Әкімбековқа өзі басқаға қабілетті болса да, сырттан келген қоғамдық стереотиптер әсер етіп тұр. Ежелгі монгол мен қазақтардың саяси байланысын негіздеу үшін ол орасан зор жұмыс істеді, бірақ оны этникалық байланыс деп атауға оның батылдығы жетпей тұр. Несі бар, өз тұрғысын негіздеуде ол ғылыми көзқарастың сақтық пен байсалдылығына жасырына алады. Ежелгітүрік дала суперэтносының мұрагері ретіндегі ежелгі монгол казак суперэтносының әлеуметтік саяси құрылымына қатысты Әкімбековтың ойы: «Оның негізқалаушыларының көзқарасынша, Монгол империясы ең алдымен әскери мыңдықтарға ұйымдасқан халықтан тұратын». Яғни, империя халқы деп әскер құрамына кірген жауынгер көшпенділер саналған. Қалғандардың басты міндеті салық төлеу болды (сонда, 243 б.). Мұнымен келіспеуге болмайды. Әрине, Шыңғысхан монголдарының феодалдық езгісі болған жоқ, оларды ешкім экономикадан тыс күштеп, жұмысқа салған емес және казактарға, ерікті ер жаугерлерге қатысты бұл мүмкін емес те еді. Бір жүздік пен мыңдықтан өзгеге ауысуға болмайды дегенде, мақсат казактар тектен тек өз азаматтығын, ал жүзбасылар мен мыңбасылар қазақылықтан бас тартпасын деген ой еді. Барлық ру-тайпалар байсалды араластырылғасын және олардың алтын белдікті аристократиясы мәңгі келмеске кеткесін, ешкім Ұлы Монгол мемлекетінің тұтастығын бұзбауға тиіс еді. Әрине, мемлекет иелік ретіндегі ұлыс белгілі ру, немесе тұлғаның иелігі саналды, бірақ, бұл иелікті феодпен теңеуге болмас еді, өйткені ол жерге тәуелді емес болды, сондықтан ерікті жаугер ретіндегі ұлыс адамдары көшіп кетіп, жаңа ұлыс іздеуге қазақылыққа шығатын. Сондықтан, тіпті осы монгол империясы ең дәуірлеп тұрған кезінде метрополиядағы казактарға Угэдэй хан өте аз салық салған: «Мемлекетімізді қиналтпайық халыққа қиын емес реттеулер кіргізейік. Мемлекеттік борыш шүленге отардан бір тоқты бөлінсін. Сол сияқты жүз бас қойдың бір қойы кедей мен байғұстар үшін салық деп алынсын» (сонда, 243 б.). Көріп тұрғаныңыздай, мұнда әскер дегеніміз түрлі тайпалы казактардың барлық мыңдықтырынан тұратын, бір жағынан халық, бір жағынан мемлекет. Оларға кейін Тәуке ханда Жеті Жарғысы арқылы салық салғысы келді және жалпы Монголдардың Ұлы мемлекеті солар үшін құрылған еді. Қытай, Ресей, Хорезм, Иран сияқты провинцияларға қатысты салықтар қазіргі кездің де, сол уақыттың да өлшемдерімен онша ауыр болған жоқ, бірақ, әрине, салмақтылау, өйткені ол барлық жаугершіліктің екінші мақсаты еді (сауда орындарына шығып, Ұлы жібек жолын қорғағаннан кейін): «ел әскерге» салым төлету және бағынышты отырықшы тұрғындары бар жұрт жаулап алу. Ең қызығы, монголдар жаулап алған жергілікті отырықшы тұрғындардан шыққан тарихшылар монгол билеушісінің артықшылығы ретінде оның жауапты билеуші болуға қабілетін және жергілікті халықтың мүддесін сыйлауға ниетін атаған. Рашид ад-Диннің айтуынша, Барак ханға қарсы жорығында Абага хан ешбір жан ешбір масаққа зиян келтірмесін депті және кері қайтып бара жатқанда әскер мен құжынаған қара халыққа қарамастан, ешкімге қылдай зәрәзап келтірмесін депті (сонда, 326 б.). Ерікті казактар әскеріне бұл онша ұнамайтын. Газан хан олардың толқулы көңілін былай деп басыпты: «Мен райят тазиктердің жағында емеспін. Егер пайда тек соларды тонауда болса, бұл іске менен күшті адам жоқ. Керек десеңіз, бірге тонайық. Бірақ егер болашақта менен тагар мен тамақ сұрайтын болсаңдар, мен сендермен қатыгез боламын. Енді сендер ойланыңдар, егер сендер райяттарды ренжітсеңдер, олардың өгіздерін тартып алып, нанын таптасаңдар, онда болашақта не істейтініңді ойлаңдар» (сонда, 333 б.). Төрелердің осындай әңгімелеріне құлақ түрген қазақтар отырықшы территориялардың ішінде қалып, әскери сословиеге көшіп, жергілікті этностардың элитасына айналады екен. Ал тыңдамағандар өзге жерлерге, немесе қазақылықтың тұрақты орнына айналған, далалықтардың көптеген жаңа әскері жинала беретін Қазақстан территориясына кеткен.

Назад Дальше