Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Ильич Нуров 22 стр.

Айтпақшы, монгол терминінің тарихы, этимологиясы және семантикасы жөнінде Әкімбеков Шыңғысхан монгол атауын арнайы ойлап «киіз үйде тұратын бүкіл ұрпақтардың жалпыазаматтық, саяси бірлігінің атауы ретінде енгізді. Енді олар өз тайпасы билігінде болған жоқ, нөкерлердің, өзге тайпалар казагының билігінде болды. Ресми монгол тарихшысы Рашид ад-Диннің және «Құпия монгол шежіресі» аноним авторының монгол мен тайджуиттер арасында этникалық ұқсастыққа да, әдейі теке-тірестіруге де негіз беретін куәландырулар бар. Сонымен бірге, Шыңғысхан замандасы, қытай жазушысы Мэн Хунның жазбалары бар, онда ол «бұл атау алғышында бодандарға белгісіз еді және ол тек императорлық титул алғасын қабылданды». Әкімбековтың ойынша, бұл ханның субъективты шешімі болды. Және де мангу, мэнва, мэн-у көне тунгус жалпылама атауы таңдалғаны, ол көшпенділердің тарихи көкейінде сақталған Бәлкім, мұндай шешім дәл тунгус тілді чжурчжэндерге арналған шығар (Цинь китай династиясының (Авт. еск.) және В. Васильев ойлағандай, оны кидань ұашындары әбден ұсынуы мүмкін (XIX ғ. ортасында Авт. еск.). Өйткені қытайларға XII ғ. басындағы кидандармен соғысқан сәттерін елестету керек болды, ал оған Монголия көшпенділері өте беделді қатысқан Тілдік туыстыққа қарамастан жаңа мемлекет үшін Ляо империясына қатысты мұрагерлікті мойындау мүмкін емес еді (Цзиннен бұрынғы Қытайдың монгол тілді династиясы Авт. еск.). Сондықтан чжурчжэндер Ляомен соғыс кезінде қолданған мангу атауы осы мұрагерлік жөнінде еске түсіре алатын, бірақ сонымен қатар Монгол көшпенділерінің өз өзгешелігін де көрсете алатынМонголияның бар көшпенділерін біріктірген бұл мемлекеттің басты мақсаты Цзинь империясымен соғыс болғасын, бұл атау соған арналған еді. Бұл ұрысқа шақыру еді, тең статусқа талпыну болатын. Жалпы, әңгіме тек қана мемлекетке байланысты тайпадан тыс жаңа өлшем жасау жөнінде болатын. Бұл талпыныс тұтастай сәтті болмаса да, соның арқасында дүниеге монгол деген жаңа этникалық қауымдастық келді (сонда, 144145 б.). Жалпы, Әкімбеков ойларының бүкіл бөліктерімен келісуге болады, тек тайпадан тыс қауымдастықтың пайда болуының сәтсіздігін монгол этносының пайда болуынан дегені болмаса. Біріншіден, әңгіме монголдарда емес, ежелгі монголдарда. Екіншісінен, талпыныстың сәтті болғаны сонша, осы тайпадан тыс, таза саяси самоидентификациядан кейін монгол мен қазақтардың қазіргі этносына бөлінген ежелгі монгол суперэтносы заңды дүниеге келді.

Айтпақшы, қазақтар ру-тайпа құрамы, саяси құрылымы, тілі және діні бойынша, ежелгі монголдарға жақын боп шықты, өйткені олар қытайландырылмаған және осы уаққа дейін Құдайын Құдай деп атайды.

Зориктуевтың пікірі бойынша, мангудың бір мағынасы «мықты, күшті» болса, түркі сөзінің жалпылама мағынасы да сол. Ал алғашында мангу «күшті су» мағынасын берген және мангу-л Мангу өзенінің бойында тұратындар деп аударылуға тиіс, яғни Амур мен Аргунидің бассейндерінде. XIX ғ. Васильев «Амурдың төменінде осы уақытқа дейін мангут тайпасы тұрады, олардың аты өзендіктер деп аударылады. Бәлкім, осыдан тек қана мангудтардың даңқты атауы емес ежелгі монголдардың судан қорқатыны да осыдан болар(оларда жауын кезінде суға түсуге, немесе кір жууға тыйым салынған, бұл әдет тіпті Ертістегі кимактарға көшеді. Ахинжанов оларды Маньчжуриядан келген монголтілді си тайпасы деп санаған). Сөйтіп, біз аңыздық Эргэнэ Кун деп тек барлық Амурмен байланыстағы Аргунь бассейнін атай аламыз. Және, бәлкім, тек Маньчжуриядан ғана Монголияға көптеген монголтілді нирун тайпалары көшкен шығар. Әйтсе де, нирундар да, турлигиндер де өздерін Шыңғысханнан бұрын монгол деп атамаған. Ал қытайлардың өзі«Мэн-да бэй-лу» бойынша Шыңғысты және оның қолбасшы ақсүйектерін қара татар деп атаған. Және есіңізде болсын, монголтілдес кидандар сияқты оларды шивей атамаған және тунгустілді чжурчжендер сияқты мән гу деп атамаған. Қытайдың бар тайпалары (кит. Дада): ағы болсын (Ішкі Монгол далаларындағы), қарасы болсын (сыртқы далалардағы) және жабайысы болсын (ормандағы) ерекше түркітілді ру шатодан шыққан, міне, қайда жатыр Қытайдың тарихи қарсыластары ретіндегі түркі мен монгол арасындағы мұрагерлік. Ең жөндісі, Шыңғысхан бүкіл татарды емес, тек осы Шато саяси руын қырған болу керек. Жоғарыда аталған Мэн Хун татарлардан «монголдар (мэн) баяғыда өлтірілген және жоқ боп кетті деген деректі білсе де, Сун шенеунігі Ли Синь Чуань былай деп жазады: «енді татарлар өзін Ұлы монгол мемлекеті деп атайды». Сол сияқты Қытай мен Русьтің оңай батасымен монголдар барлық өзге әлем үшін татарлар боп қала береді. Өздерінің монгол (мангул, могол, могал және мүмкін тіпті моал) өз саяси атауын тек далалықтардың өздері ғана анық білетін болады. Сөйтіп, Монголияның түпкі түркітілді тайпалары турлигиндердің (татарлар, наймандар, керейлер, жалайырлар, кырғыздыр және т.т.) арасында түркі-монголтілді нирундар (баарин, дуклат, мангут, барлас, чонос, әлде, жаныс (?) және т.т.) тайпалары болған, соның арасында тайджуит тайпасы болған, оның арасында әскери көсемдерден тұратын, түркітілді және тайджуиттермен туысқандық емес, саяси байланыстағы қият руы болған. Яғни, тайджуиттер қият руының ұлысын құраған, ал ол «біріншібүкілмонгол» ханы Хабулдан тараған джуркиндерге, чаншуиттерге және ясарларға бөлінген. Көккөз борджигиндердің бөлімі Шыңғысхан әкесінен жасанды түрде және Шыңғысхан казактары тайджуиттерді жаулап алғаннан және осы рудың өзге бөліктерінің ақсүйектері өлтірілгеннен кейін бөлінген. Оны аз десеңіз, Шыңғысхан өз руының ең жақын туыстарын өлтіруге мәжбүр болды. Мысалы, өзі онда құлдықта болған, ал тайджуиттар өзінің «табиғи иесі» санаған, яғни заңды билеуші тұтқан Таргитай Кирилтухты. Міне, сондықтан Шыңғысхан тайджуиттарды, олар оның өз руы болса да, және теориялық түрде ол оларға арқа сүйей алатын болса да, өзге тайпалармен бірге жәй араластырады да, өз монголдарының казак ұлысына қоса салады. Қазіргі көрнекті монголтанушы Скрынникова (сонда, 142 б.) жағдайды қанша қарабайырландырса да, тайджуиттарға қарсы тұрған монгол руы ретіндегі қияттар емес (оларды нукуз, немесе чонос деп те атаған және олардың ежелгі қазақ тайпалар одақтары усун, аргун және алшундармен байланысын әлдеде зерттеу қажет). Монгол болған қияттар емес, одан гөрі Шыңғысхан казактары және тек жалғыз солар тек қана тайджуиттың емес, нирундар және турлигиндердің барлық тайпаларына қарсы тұрған. Қарсытұрушылық өте кең болған және ол этникалық емес, әлеуметтік түрде болды. Шыңғысханның қият болмауы да болар еді, бірақ бәрібір бұл бай ауылдары мен тайпалық курендер арасындағы, барлық қатыгездіктерге соқтыратын азамат соғысы еді. Оның мақсаты көшпенділер цивилизацияның саяси және экономикалық құрылымындағы көшпенділіктің ең жоғарғы деңгейі ретіндегі қазақылықтың билігін орнату еді. Бұл тұрғыда Әкімбеков, Гумилев сияқты, Шыңғысханның сыртында ешқандай тайпалық құрылым болған жоқ дейді және бұл деректің өзі Тәмуджиннің кейін Монгол империясын қалыптастырғанында, оған өзге көшпелі мемлекеттермен салыстырғанда, өзгеше, сирек кездесетін сипат берген дейді. Яғни монголдардың сыртында Гумилевтің «ұзын жігерлі» адамдары тұрды, олар «тайпалық құрылым азғасын» жеке отбасыларымен көшіп отырған және белгілі дәрежеде тайпалармен байланыстарын жоғалтқан (сонда, 147149 б.). Бұл пікірді күшейту үшін қазақ этногенезінің қазақылық концепциясына сүйіспеншілігі бар деуге келе қоймайтын Иакинф Бичуриннің пікірін келтірейік. «Монгол үйі XIII ғасырда қазірге дейін ол ұстап тұрған халық атауын берген халықтың тайпаларына мүлде жатпайды». Осымен монгол руы Қият Борджигин мен түркі руы Ашинаның қазақы табиғатының ұқсастығы жөніндегі зерделеуді доғарып, ежелгі монгол суперэтносының «жүздік» және «мыңдыққа» бөлінген казактарының ру мен тайпаларға бөлінген ежелгі түрік суперэтносынан айырмашылығына көшуге болады. Әкімбеков Шағатай ұлысына қатысты жазғандай, Шыңғысхан империясының мыңдықтары түрлі көшпелі тайпалардан құралған және Шыңғысхан гвардиясы кешиктендер мектебінен өткен сенімді адамдар басқарған. Ең бастысы, олар түрлі көбінесе Шыңғысхан отбасының сеніміне ие аз адамды тайпалардан болатын, бірақ найман, кереит, татар сияқты Монголияның ірі тайпалары өкілдері өте аз болған, өйткені олар кезінде Шыңғысхан отбасының билігіне жанталаса соғысқан. Содан барлас, жалаир, арғын, хунгират және сол сияқты далалық Монголиядан шыққан мыңбасылар басқарған негізі түркі көшпенділерінен құралған мыңдықтар өз атын соңғылардың тайпалық атауынан алған. (345347 бб.). Хулагу ұлысының монгол «мыңдықтарында әдеттегі тайпалық орнықсыздық болмаған, олар мемлекет қызметіндегі әскери құрылымдар еді. «Іс жүзінде олар әскер болды, өз көшпелі өмір дағдысын сақтаған мемлекеттің әскери сословиесі Кейінірек, монголдың басқару жүйесі дағдарысқа ұшырағанда, мыңдықтар қайтадан тайпаларға өзгертілді, бірақ туыстық емес, потестарлық-саяси негізде» (330331 бб.). Тұтас ру-тайпаның атауынан бұрын мүлде шынайы адамның мүлде өзге аты тұрған немесе, керісінше, бір адамның аты бір тайпаның атына өзгертілген қара сүйектер шежіресіндегі «шатасуды» әбден ұғынықты тарихи негізі мен түсіндірмесі бар екен. Сондықтан, ғылыми әлем қазақ шежіресіне деген скептикалық және ироникалық кекесінді көзқарасын өзгерту керек. Шежірелер өте шынайы, оларды зерттеу мүмкін һәм қажет, олардың шынайылығына жетіп, бір-бірімен сәйкестендіру қажет. Ең қызығы, олар ойдан шығарылған болмаса, онда қазақтың ежелгі монгол суперэтносынан шыққаны жөніндегі қазақылық концепциясын растап көбінесе бізді ежелгі монгол заманы кезіндегі Шыңғысхан, немесе Урусхан жүзбасылары мен мыңбасыларының есімдеріне апарады. Сондықтан, автор өз әкесі И.А. Нұровтан кешірім сұрағысы келіп тұр көп жылдар бойы дулаттар Шыңғысханның уйсын әскерінің қолбасшысы Майқы биден және Урусхан замандасы Байдыбектен шыққанына сенбегені үшін. Илья Айсаевич өз әкесі Айсаның 1900 жылы туғанынан және бір ғасырда үш буын ауысуға тиісті деген қағидалардан бастаған, сосын, оның ойынша, отыз жеті жаста ата болуға болады. Оның ойынша, біздің академиктер Байдыбекті өте ерте замандарға апарып және оны хан деп атаған жәй сандырақтайды ғана. Әсіресе, ол біздің ұлттық энциклопедияларда келтірілетін тікелей шежірелерге қарсы, өйткені біздің арғы аталарымызда тек бір-ақ ұлдан ғана болған жоқ қой. Қазақ тарихы қарапайым адамдардың ғалымдардан көп білетінінің ғажайып, сирек үлгісі, бірақ олар өзінің мифологиялық дәлелдерін ғылыми негіздеп, ресмилендіре алмайды, ал ғалымдар өте шабан қабылдап, оларды мойындауға және ғылым тілінде олардың шындығын растауға мәжбүр. Және осы кітапты 1995 жылы алғаш шығарып, қазаққа өз тарихын қайтарып бергім тұр дегенде автор қандай аңғал еді Тарихы әрқашанда олардың өздерінде екен ғой. Әлгі шежірелердегі шатасуды түсіндіру үшін Б.Я. Владимирцов олар туралы былай жазған: «Шыңғысхан империясында ру-тайпалық атаулардың орнына енді мыңдықтарды атауы келіп жатыр. Соңғыларды көбінесе бұрынғы ру аттарымен атаса, кейде, көбінесе, нояндардың, мыңбасылардың атымен атайды. (230 б.). Жалғыз біздің Әкімбековпен келіспейтін жеріміз «Дешті Қыпшақ түркілерінің Монгол империясы құрамына енуінің (интеграциялануының) күрделілігі жөнінде. Оның айтуынша, «егер этникалық құрама бұрынғы, қыпшактікі боп қалса және сырттан келгендердің саны өте аз болса, онда мұндағы барлық өзгерістер этникалық емес, саяси және ұйымдастырушылық өзгерістерге байланысты болды, ал олар, өз кезегінде белгілі аймақтың этникалық тарихына ықпал еткен (курсив автордікі) (сонда, 229 б.).

Назад Дальше