Бүгінде дүкен сөрелерінде бірінші басылымның бірде бір данасы қалмай тұрғанда және қазақ этносының һәм мемлекеттілігінің шығу тегіне арналған жаңаша көзқарастағы көптеген кітаптар шығуына байланысты оның екінші басылымының шығуы өте орынды. Мен өзімнің сыншыларыма да, және маған байланысты ма, байланысты емес пе, менің көзқарасыма жақын келген кісілерге алғыс білдіремін. Маған осы кіріспе арқылы Қазақстан тарихнамасының қазіргі жетістіктеріне және менің сыншыларымның негізгі ұстанымдарына қатынасымды білдіруге рұқсат етіңіздер. Өйткені, бұл кітап еш өзгеріссіз, қосып, алусыз, атауы сәл өзгерсе де, сол күйінше басылып отыр.
Сонымен қатар, өзім көп жылдар бойы ұлттық корпорациялар деңгейінде басшылық жұмыста жүргесін, көп нәрсенің жаңа қырлары ашылғандай. Әсіресе, бұл Қазақстан саяси жүйесін жаппай вестернизациялау керек деген ғылыми дүниеден гөрі қиял-ғажайып ертегісіне ұқсайтын соңғы бөліміне қатысты. Маған енді көп нәрсе 1995 жылдағы өзім ұсынған саяси рецепттер сияқты қарапайым және оңай көрінбейді.
* * *Ең алдымен, қазақ ұлтының қазақлық шығу тегі концепциясының жаңаша резюмесін әйгілеп, қайта басылып жатқан кітаптың негізгі проблемалары жөніндегі Қазақстан историяграфиясының қазіргі жетістіктеріне сүйеніп және, осыған байланысты, өзімнің көшпелі қазақтар этносының, мемлекеттілігінің шығу тегі, оның неге үш жүзге бөлінетіні жөніндегі түсініктеріме қандай өзгерістер енгенін көрсеткім келеді.
Қазақтар этногенезіндегі қазақлық концепциясының резюмесіҚазақлық концепциясының жеңілдетілген жалпылама жобасы:
Орталық Азия Орта Азия емес.
Азияның географиялық орталығы Батыс Түркістанда емес, Алтайда (Тыва, Қызыл).
Орталық Қазақстан мен Монголия Алтайдың Батыс және Шығыс жағындағы Ұлы Даланың бөлігі.
Қыпшақ Даласы, ең алдымен, Еділдің арғы жағындағы Ұлы Даланың бөлігі.
Этнос туысқандық емес, өмір дағдысы, мәдени тұрмыстық қоғамдастық.
Тіл өз этносыңды танудың қажетті, бірақ жеткіліксіз шарты.
Мемлекеттілік этнос болудың жеткілікті, бірақ қажетті емес шарты.
Сактар және көне үйсіндер қазақтың арғы атасы емес.
Кейінгі ғұндар және көне түркілер қазақтың арғы атасы.
Отырар қазақ қаласы емес, оған көшпелі қазақтардың нағыз аталары өрт қойған.
Көшпелі қазақтардың нағыз аталары көне монголдар, оларды татар казактары деп те атаған.
Йемек, кимак, телеуіт, қыпшақ сияқты жергілікті тайпалар ежелгі монгол суперэтносының қазақы өмір дағдысын қабылдаған, немесе, оларда ол бұрыннан болған.
Орталық Азиядағы қазақылық ежелгі монгол суперэтносының және оның субэтносы қазақтардың ежелгі түркі монголдық өмір дағдысы.
Kaзak деген еркін жаугерлер және өз ру тайпаларынан бөлініп, өз отбасыларымен жекеше көшіп-қонып жүрген байлар.
Тайпадан тыс казактар әскери мұқтажда әрқашанда жүздік пен мыңдыққа біріккен, өздеріне рубасылар арасынан таңдап атамандар сайлаған, сөйтіп, әскері бар қолбасшылар ретінде ру-тайпаларды билеп отырған.
«Казакия» және «казак хандары» жөніндегі мәліметтер бірінші рет Х-XI ғғ. аталады.
Хан және хандардың ханы қағандар рубасылар арасынан тайпалар үстінен жоғарғы билікке сайланған әскери қолбасшылар.
Қыпшақтардың Ел бөрі және қияттардың Борджигин (Бөрі тегін) бөрітектес рулары Ашинаның ежелгі түркілер руымен және алашмыңы сияқты өзінің шығу тегін бөріге апаратын уйшин, аргын және алшиндардың kaзak одақтарымен байланыста.
Күшті, мықты деген мағынадағы түркі және монгол деп аталатын тайпалар дүниеде ешқашан болмаған.
Бұл Ашина және Шыңғысхан тұқымына бағынған тайпалардың жалпы саяси атауы ғана.
XIII ғасырда Шыңғысхан барлық далалықтарды казактарға айналдырды, ол тайпалық әскерлерді жойды, ру мен тайпаларды бір-бірімен араластырып жіберді, оларды тұтас және маманданған әскер-ұлттың, орданың жүздік пен мыңдықтарына бөлді.
Осы жүздіктер мен мыңдықтар арқылы өздерінің әскербасылары ру-тайпаларының ежелгі түркі-монголдық атауларын сақтаған мүлде жаңа, саяси тайпалар пайда болды.
Өзінің үлкен ұлы Жошыға Шыңғысхан Қазақстанда ұлыс бөлді.
Жошы өлгесін Жошы ұлысының басшысы қылып Шыңғысхан Жошының бірінші ұлы Ордуды емес, оның екінші ұлы Батуды қойды.
Батухан Жошы ұлысының шекарасын Европа мен Литваға шейін жеткізді.
Еділ бойындағы Сарай қаласында Батухан Жошы ұлысының (Ақ Орда) астанасын салды және, Еділге қарағанда, оның оң жағындағы бөлігіне билік етті.
Жошы өлгесін Жошы ұлысының басшысы қылып Шыңғысхан Жошының бірінші ұлы Ордуды емес, оның екінші ұлы Батуды қойды.
Батухан Жошы ұлысының шекарасын Европа мен Литваға шейін жеткізді.
Еділ бойындағы Сарай қаласында Батухан Жошы ұлысының (Ақ Орда) астанасын салды және, Еділге қарағанда, оның оң жағындағы бөлігіне билік етті.
Батухан Орду Еженге Қазақстанды өзі басқарып отырған Жошы ұлысының сол қанатын (Көк Орда) ретінде қалдырды.
XIII ғасырдың екінші жартысында Батухан Қазақстанды үш ұлысқа бөлді. Орду Ежен ұлысының ішін ол тағы екі ұлысқа бөлді: шығыс пен батысқа дейінгі бөлігін ол Жошының бесінші ұлы Шибанға және он үшінші ұлы Тука Тимурге беріп, оларды Орду Еженге бағындырды.
Енді осы үш ұлыс төрелердің өзара жас үлкендігіне байланысты ең ірі ұлыстар саналатын болды.
XIV ғасырдың бірінші жартысында Өзбекханның өлуіне байланысты Ұлы Бүлік басталды.
Орду Еженнің тұқымы Урусхан XIV ғасырдың екінші жартысында Көк Орданы Алтын Ордадан тәуелсіз қылып, Жошы ұлысын біріктіру мақсатында Ақ Орданы басып алды.
Бірақ, Бату тұқымы құрыған соң, Алтын Орданы қалпына келтіру мүмкін емес еді.
Бату тұқымының оң қанаты жойылды, сондықтан Ақ Орда мен Көк орда Қазақстан төрелерінің иелігінде қалды.
XV ғ. басында шайбани Абулхайр Қазақстанның билігін тартып алып, халқын өзбек деп атады. Онысы Батудың өтірік ұрпағы Өзбек ханға тағзым еткені еді.
Сол ғасырдың екінші жартысында Урусханның немерелері Жәнібек пен Керей Орду Ежен династиясын қайта жандандырғасын, Орду, Шибан және Тука Тимурдың үш ірі ұлысы ОрдуУрус тұқымының бастауымен үш жүзге айналады.
Осы үш ұлыс жүздерге олардың жүзбасы мен мыңбасыларының Шыңғысханға жақындығына байланысты казак ру мен тайпалары қосылған.
Міне, осылай төрелердің жас үлкендігіне байланысты үш жүз пайда болды және ру-тайпалар да Шыңғысханға жақындығына байланысты түрлі статусқа ие болды.
Хорчи ата, өзге аты Усун Эбуген, бақсылардың басшысы, ежелгі монголдардың ең басшы тайпасы баариндерден шыққан және, мүмкін, уйшин одағын басқарған.
Қадан тайшы, өзге аты Арғын ата, ойраттардан шыққан және, мүмкін, арғын одағын басқарған.
Эдыге би, өзі маңғыт, ноғайлардың түп атасы болған және, мүмкін, алшин одағын басқарған.
Ұлы жүз (Үйсін ордасы), Орта жүз (Арғын ордасы) және Кіші жүз (Алшин ордасы) Жүз орданың (Батуханның Ақ Ордасы) тура kaзak мұрагерлері.
Барлық қалған ордалар мен ұлыстар жергілікті тұрғындармен араласып, өз тұрған жерінің атауымен аталған және бір өз билігі өзінде хан, немесе бекке бағынған.
Еке Монгол Ұлысы Шыңғысханның алтын руына бағынған әлемдік империяның казак метрополиясы.
Монголиядағы тайпалардың Қазақстандағыдан айырмашылығы, олар XV ғ. Казак дағдысынан айырылып, Шыңғысхан тұқымын биліктен айырып, қытайланып кеткен.
Шыңғысханның заңы тәңірлік Мәңгі Көкке (Құдай) және әруақтарға сену казактарға отырықшылануға тыйым салған.
XIX ғ. екінші жартысында Ресей Шыңғысхан тұқымы, қазақ төрелерін биліктен айырады.
Төрелер саяси сахнадан кеткесін, қазақтар саяси тайпаларының жүздік иерархиясы өз мәнін жойып, жоқ болады және ол ешқашанда туысқандық қатынастарға тән кландық трайбализмнің негізі болған емес.
Қазақ этносы және оның жүздік құрылымы тарихи түрінде қыпшақ-казак, монгол-казак, могол-казак, кырғыз-казак, өзбек-казак, ноғай-казак, орыс-казак және өзге де ұлты мен нәсілі қалай болса солай болған казактардан құрылған.
Шала казак деп тек көшпелі тұрмысы жоқ казакты атайды.
XX ғ. 30-шы жылдары көшпенді казакты күштеп отырықшы қылды, содан олар казак болудан қалды.
XXI ғ. Қазақстанда титулды этностың басшылығымен жалпыазаматтық ұлт құру үшін қазақтардың дәстүрлік құрылымын әлемге ашық жеке тұлғалық санаға және мәдениет, саясат, экономикадағы бәсекеге қарай модернизация жасай алатын ұлттық идея керек.
Қазақтың ұлттық қасиеті ретіндегі жеке тұлғалық ашықтыққа Қазақстанның бүкіл ұлттары қол қояды.
Бұл ұлттық қасиет бүкіл қазақстандықтарға ұлттық миссия береді: ақпараттық қоғамның этникалық үлгісі болуға.
Жеке тұлғалық ашықтықтың ұлттық идеясы білім беру саласында насихатталуға тиіс.
Ел атауының орыс және ағылшын траскрипциясын қазақ үлгісімен сәйкестендіру керек: Казакстан (Kazakstan) Еріктілердің Отаны (Freedom State).
Қазақлық концепциясының жеңілдетілген жобасына байланысты қысқаша тезистерКөшпелі түркітілді халық ретіндегі қазақтың этногенезі үндіеуропалық сақтарға да және, мүмкін, олардың ұрпақтары ирантілдес усуньдерге де қатысты емес, ежелгі түркімонгол тілдік бірлестігіндегі монголоидты алтай тайпаларына қатысты. Бұл алтын адам үшін қайғылы хабар болса да, қазақтың скиф-сақ тамырлары жөніндегі мифті сақтауға енді ресми желеу жоқ. Сонымен қатар, ғұн, көне түркі және қазақтар арасындағы мәдени-тұрмыстық ұқсастық енді ойдан шығарылғандай көрінбейді. Қазақтың этногенезі тоқтаусыз және тұтас қазақлықтың әлеуметтік негізінде болғаны жөнінде еш күмән қалмағандай. Ғалымсымақ әріптестердің миф тудырушы тезистері мазмұнынан гөрі оны дәлелдеу тәсілдеріне байланысты зиянды боп шықты.