Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Ильич Нуров 5 стр.


Казак деген әлде де аударуға көнбейтін көне түркі сөзінің «бөлінген, қашқын», «өз билігі өз қолындағы еркін адам», «жаугер», «қауіпті сапарға шығушы» сияқты, көптеген жалпылама мағынасы бар. Казактар тек өздерінің ру-тайпа және мемлекетінен қашушы емес, олар белгілі қазақылық құбылысының өкілдері еді. Қазақылыққа арналған арба ретіндегі «хасах терген» көшпелі қазақ тұрмысын ежелгі монголдардан, немесе, тіпті, ежелгі түркілерден шығарады. Ресми ғылымда казак сөзінің ежелгі мағынасы әлеуметтілік саласынан: «тек өзінің қылышына ғана сенген, барлық жерден аласталған бейшара», «қауіпті сапарға еш серік, доссыз жалғыз шығушы, батыр барымташы». «Кейбір кездері белгілі қажеттіліктен бе, әлде өз еркімен бе, kaзak өмір дағдысында жүрген адамдар әрқашанда аз болмаған Сол кездердің ұғымдары бойынша, ол, тіпті, жақсы деп саналған». Сонымен бірге, қазақылық батырдың әскери мәдениеті болған. Казак болу дегеніміз соғыста жантүршігерлік ер бола білу, ал бейбіт кезде кез келген билікке түкіру, оның кез келген түрінен безіну. Осы қазақы еркін топты пайдалануға ежелден бүкіл далалық хандар талпынған. Бірақ, одан тұтас мемлекет жасау тек Шыңғысханның қолынан келді. Оны соңғы пайдаланғандардың қатарында ұлы княздығына жарлықты Алтын Ордадан алған Мәскеу княздары болатын.

Экономикалық мағынада қазақылық көшпенділіктің ең жоғарғы стадиясына айналды, өйткені, жәй бақташылықтан да және көшіп қонуға негізделген номадизмнен де жоғары болды. Саяси мағынасында қазақылық әрқашанда әлеуметтік институт, яғни, қоғамдағы белгілі өмір сүру дағдысы болды. Тек қана атаман іздеген жәй жаугерлер емес, сол атамандар мен әскери көсемдердің өзі әлгі жаугерлермен дос болуға тырысты, өйткені, оларға жаугер нөкерлер керек еді. Егер казак ант-су ішіп, атаманға дос болса, соңғысы бірден әлгінің табиғи иесіне айналар еді, яғни, оның келесі таңдауына дейінгі заңды төресіне. Ал егер ол соғыс кезінде өз таңдауынан бас тартса, ол сатқындық деп саналған, яғни өзіне сенген адамды алдап күнәһарлы түрде оның сенімін пайдалану. Осы негізде бөрі руынан шыққан Ашина билігіндегі ежелгі түркілер империясы пайда болған.

Ашинаның қазақлық дружинасы Турфаннан Алтайға көшіп, сол жақтағы Алтай тайпаларын біріктіруші күш болды. Тайпалардың бұл одағын Ашина Түрк елі деп атады. Бұларға бағынышты тайпалар Түрк Бодун аталды. Ашинаның казактары Түрк еліне кірген ру-тайпаларды ыдыратпады. Керісінше, хандар ретінде оларға арқа сүйеді. Сондықтан негізгі түркі тайпасы жоқ түрк елі жоқ болды. Атап айтқанда, түркілерді оғыздар, ұйғырлар, қырғыздар және өзге де ежелгі түркі тайпалар ауыстырды. Бірақ, Ашина руының тайпалардан тыс казактары одан сайын көбейді және кейде өте қатты қақтығыстарда жеңіп, кейбір ежелгі билік етіп жүрген түркі тайпаларының ханы, қағаны болып жатты. Сол кезде олар өздерінің әскери нөкерлері ретінде казактарды шақырған.

Қазақ елінде негізгі этносжасаушы арғындардың Ашина руымен байланысы өз-өзінен түсінікті. Түркіттердің тайпалық одағы, немесе, 546 жылы Алтайда Ашина руы айналасында топтасқан нағыз түркілер арғындардың казак арғы атасы телеуіттер, гаогюй динлиндері, басмылдар сияқты, теле тайпаларынан тұрған. Шәкәрім де өзінің шежіресінде арғындарды хой-ху, немесе хо-хо ежелгі түркілерінің ұрпақтары деп санайды, яғни арбалы, көшпелі ұйғурлардың. Бұл пікірді ол Улуг Еркін, қытайша Бай Егу (Ұлы Ер) Орхон-Енисей жазбаларына сүйеніп айтады. Сонымен қатар, Шәкәрім Жошы мен Шағатай ұлыстарының бірдей кұрамында болған Арғынот/Ариканут руы жөнінде білген. Қағанатта бұрын «түрк» сөзі «ондық одағы» мағына берген. Егер Арғын/Аргун сөзінің монгол тілінде де дәл сол мағына беретініне назар аударсақ, және оны монгол өзені Арғынмен байланыстырсақ (аңызға айналған Эргене Кун), онда Арғын Одағы (Орта жүз) Ашинаның бөрі руымен қайта түленеді. Уйсун Ордасы (Ұлы жүздің) және Алшын Ордасы (Кіші жүздің) бұл румен байланысы белгілі. Нәтижесінде, тек қана монгол руы баарин уйшиндері (уйсун) және мангут алшиндері (алшун) емес, сонымен бірге, телес арғындары да Ашинаның ежелгі түркі руымен байланыста екені белгілі болды. Ашина Абылғазы мен Рашид-ад-дин «татарлар мен монголдардың арғы атасы» деп атаған аңыздық Алаша ханның прототипы болуы мүмкін.

Көшіп кету арқылы қара бодан руы мен тайпаларының бөлініп кету мүмкіндігі ежелгі түркі қағандардың басқару жүйесін тітіркендіріп отырған. Қазақылық қаупінен қорыққасын, олар әрқашанда өз халқының аузын майлап отырған, яғни, әскери жорықтар ұйымдастырып, түскен түсімді бөліп берген. Мұқтажы көп, қалалық тауарларға зәру көшпелі бақташылыққа сауда орындары керек еді, ал Қытай болса бірікпеген дала тайпаларын саудаға кейде жіберсе, кейде жібермеген, осы мәселені өздері бір орталықтан басқарып отырған. Осындай саясатқа табиғи түрде қарсы тұру арқасында бірінің соңнынан бірі ғұндардың, ежелгі түркілердің, монголдардың көшпелі империялары пайда болды. Олардың мақсаты Ұлы Жібек жолына өз билігін жүргізу еді.

Көшіп кету арқылы қара бодан руы мен тайпаларының бөлініп кету мүмкіндігі ежелгі түркі қағандардың басқару жүйесін тітіркендіріп отырған. Қазақылық қаупінен қорыққасын, олар әрқашанда өз халқының аузын майлап отырған, яғни, әскери жорықтар ұйымдастырып, түскен түсімді бөліп берген. Мұқтажы көп, қалалық тауарларға зәру көшпелі бақташылыққа сауда орындары керек еді, ал Қытай болса бірікпеген дала тайпаларын саудаға кейде жіберсе, кейде жібермеген, осы мәселені өздері бір орталықтан басқарып отырған. Осындай саясатқа табиғи түрде қарсы тұру арқасында бірінің соңнынан бірі ғұндардың, ежелгі түркілердің, монголдардың көшпелі империялары пайда болды. Олардың мақсаты Ұлы Жібек жолына өз билігін жүргізу еді.

VIVII ғғ. рубасылардың басшылығынан биік тайпалардан тыс жоғарғы билік институты ретіндегі барынша дамыған мемлекеттілігі бар ежелгі түрік дәуірі басталды. Бұл тұрғыда 1951 жылдың өзінде Казакстан VII ғасырда пайда болып Х ғасырда тұрақты қауымдастыққа айналды деген Аманжолов және Альдигереевтің пікіріне келісетін заман келді. Сөйтіп, кез келген сұранған тайпаға әскери көсем сайлаған атамандары басшылық еткен ортаазиялық жаугерлер ретінде түркі казактары Х-ХІ ғасырлардан бұрын пайда болған. Оларды Х ғасырда Константин Порфирородный «Казакия» деп атаса, ХІ ғасырда Фирдоуси «Казацкие ханы» деп атаған.[1]

Әлгі казак хандарымен Казакия тарих қойнауында жоғалған, өйткені, Ел Бөрі руына бағынған қыпшақ тарихына сіңіп кеткен болу керек.

Әйтсе де, казактардың өзі қалған. Олар әрқашанда ауылымен, яғни жеке отбасылық көл-көсір байлық дағдысымен көшіп-қонған көшпенділер болды. Олар номадтардан қорғаныс іздеген. Ал соңғылар көшпелі өркениеттің төмендеу деңгейінде болған, өйткені табор құру арқылы ұжымдық тәсілмен көшіп қонған. Казак ауылдары өздерінің ең жақсы кездерінде әскери мақсатта жүздіктер арқылы ұйымдасқан, бірақ олар тайпалардан көбінесе ұтыла беретін, өйткені оларда мемлекет жоқ еді. Сондықтан казактар бүкіл далаға таралған еді және ежелгі монгол тілінде қашқын орданы белгілейтін (хасах терген)деген сөз тіркесі болған.

XIII ғ. kазаk Тэмуджин немесе Теміршін (мұндағы шін-шино-бөрі) тайджиут тайпасындағы қият-бөрі руынан шыққан қазақлық ежелгі монголдар империясын құрайды, онда ол барлық дала халықтарын құрама халық әскерін (ополчение) казактардың маманданған әскеріне айналдырады және оларды ру мен тайпаларға емес, жүздік пен мыңдықтарға бөледі. Ол өзінің төл тайпасына емес, өзінің казактарына арқа сүйейді және чжурчжэн династиясына қарсы күрестің саяси бағдарламасын әйгілеу үшін барлық далалық тайпаларды монголдар (мангу-л) деп атайды. Ол енді Шыңғысхан (Теңіз Каған) титулын қабылдайды. Онысы өзін киіз үйде тұратын бүкіл ұрпақтар Мұхитының Билеушісімін дегені еді, соның ішінде «хасах тергендердің». Енді оның қазақлық империясы Ұлы монголдардың ұлысы деп аталады, яғни оның қият-борджигин алтын руынан шыққан «мемлекет-иелігі». Онда бүкіл ру мен тайпалар жойылып, араласып, «жүздіктерге» таратылып, өзінің рулық табиғатын жоғалтқан. Бірақ олардың аттарымен енді Шыңғысханның жүздік пен мыңдықтарын атайтын болған. Кім қолбасшы болса, соның руының атымен мыңдығы аталған.

Монголияның татар, найман, керей, жалайыр, қырғыз төл түркі тілді болған турлигиндердің арасында түркімонгол тілдес нирундар болған (баарин, дуклат, ойрат, маңғұт, барлас, чонос немесе жаныс (?), тағы сол сияқтылар). Нирундардың арасында ішінде әскери көсемдерден тұратын қият руы бар тайджиуттер тайпасы көзге түсетін. Яғни тайджуиттер қият руының ұлысы болған. Ал қияттар тағы джуркиндерге, чаншуиттерге және бірінші монгол ханы Кабул басқарған-мыс ясарға бөлінген. Осыған қарағанда көккөзді борджигиндер (бөрі тегін) Шыңғысханның казактары тайджиуттерді өздеріне бағындырғаннан кейін көтерілген, содан кейін ғана олар Алтын ру, билеуші ру атанған.

Іс жүзінде тайджуиттерге қарсы тұрған қияттар емес еді. Монголдар деп қияттарды емес, Шыңғысханның казактарын айтуға болады. Және тек қана солар тайджуиттердің ғана емес, сонымен қатар, нирундар мен турлигиндердің бүкіл тайпаларына қарсы тұрған. Қарсы тұру этникалық түрде емес, әлдеқайда әлеуметті негізде жүрді. Шыңғысханның қият болмауы да мүмкін еді, бірақ бұл бәрібір бай ауылдары және тайпалық көштер арасындағы азаматтық соғыс болар еді. Шыңғысханның сыртында ешбір тайпа болған жоқ және бұл монгол мемлекеттілігінің асқан даралығын көрсетеді. Ежелгі монгол мыңдықтары тайпалық құрылым емес, мемлекет қызметіндегі әскери бөлімдер еді. Кейін мыңдықтар тайпаларға ауыса бастады, бірақ тура туысқандық емес, потестарлық-саяси негізде.

Назад Дальше