Ең бастысы, бұл оқулықта Қазақстанның территориясы мен этностарының тарихтары өте анық ажыратылатын. Міне, осының нәтижесінде, қазақ этногенезінде арийлар, турлар және дахтар сияқты андрон тұрғындарының тікелей ұрпақтары ретіндегі үндіеуропалық сақтармен (скифтермен) байланыс жоқ екені көрсетіледі (43 б.). Бірінші ғасырлардағы Жетісудың еуропоидтық, бірақ түркітілді болып кеткен үйсіндері жөнінде тек «олар сақ дәстүрлерінің тура жалғастырушылары болған» деп айтылған. Бұлай деп айтылуы, мүмкін, олар туралы тексерілген ақпараттың аз болғандығынан шығар және этникалық, нәсілдік және мәдени жағдайлардың нағыз өзгеруі шығыс халықтарының IVVII ғғ. ғұндар бастаған Ұлы жер ауыстыру деп аталған шынында да дүбірлі оқиғаға байланысты (45 б.) деген тұжырымға тірелгендей.
Бұдан соң көшпелі түркі тілді халық ретіндегі қазақтардың ежелгі түркі-монгол тілдік қоғамдастықтағы монголоидты алтай тайпаларымен, кейінгі ғұндармен, ежелгі түркілермен және монгол-татарлармен, тіпті, көшпелі өзбектер, ноғайлар, қырғыздарға дейінгі этникалық байланыстарын дәлелдеп беруге жеткілікті тарихи дерекнамаларға сілтеме беріледі (48 б.). Сөйтіп, бұл қазақтың арғы атасы ретіндегі «алтын адамға» қанша өкінішті болса да, қазақ этногенезіндегі скиф-сақ тамырлары жөніндегі мифті сақтауға еш ресми уәж қалмайды. Оқулықта қытайлық шаруашылық-мәдени нұсқасымен қатар, Орталық Азия шаруашылық-мәдени нұсқасы болған деп айтылады. Ол біздің дәуірімізге дейінгі II және I мыңжылдықтардың аралығында көшпелі және жартылай көшпелі нұсқасында қазіргі сыртқы Монголия территориясында: батыстағы Шығыс Түркістаннан шығыстағы Күнгей Маньчжурияға дейін, оңтүстіктегі Гоби мен Ордостан, солтүстіктегі Тува мен Забайкальеге дейін тірлік еткен (50 б.). Ал, біздіңше, Халықтардың Ұлы жер ауыстыруға дейінгі Орта Азия мен Қазақстанда орталықазиялық мәдени-шаруашылық үлгісі болмаған. Сол сияқты, материалдық мәдениетінің жалпы скифтік ежелгі нұсқасында болғанына қарамастан, алтайлық тайпа мемлекеттерінде әскери соғыс демократиясы құрылымы болмаған.
Ең кемінде, Сыма Цяньнің тарихи жазбаларынан алынған б.д.д. VIIVI ғғ. Орталық Азия көшпенділері жөніндегі деректер Геродоттың Қара теңіз жанындағы кең ауқымды әңгімелеріне еш ұқсамаса да, әлеуметтік-мәдени мағынасында қазаққа да тән ғұндардың, ежелгі түркілердің, монгол-татарлардың және ноғай-өзбектердің тұрмысына таңғажайып ұқсас. Мысалы. қытай қайнаркөздеріне сілтей отырып, оқулық Ішкі Монголиядағы жун мен дунху тайпалары жөнінде мынандай деректер келтіреді: «малымен бірге шөп пен суына байланысты жерден жерге көшеді. Есігі шығысқа қарайтын дөңгелек отауларда тұрады. Ет жейді, қымыз ішеді ішіндегі өжет, күшті, дау-дамайды шешуге қабілеттілерін би қып сайлайды. Мұрагерлік құқық оларда жоқ. Әрбір тұрақ орнының өз басшысы бар. Жүзден мыңға дейінгі жұрт жұртшылықты құрайды. Биден ең соңғы бағыныштыға дейін әркім өз малын өзі бағады және өз мүлкіне өзі қарайды, сондықтан бір-біріне қызмет етпейді Әрбір істе әйелдердің пікірін тыңдайды, тек әскери істерді ғана өздері шешеді Соғысты маңызды іс деп санайды Жоғарғылар төмендегілермен араласқанда қарапайым, ал төмендегілер жоғарыдағыларға (яғни, сайланатын билер мен көсемдерге) ақ жарқын адалдықпен қызмет етеді (51 б.).
«Шығыс жабайылары» қауымдастығының ежелден жүздіктерге бөлінетіні жөніндегі және оларда саяси бірігу болмайтындығы жөніндегі Қытайлардың көне нұсқауы (б.д.д. VII ғ.) мынандай ойға жетелейді (51 б.).
Орталық Азия жеке ерікті көшпенділерінің жиынтығына бірінен соң бірі билік еткен. Кейін көшпенділер солардың атымен аталған. Содан Шыңғысхан келеді де олардың жүздік құрылымын қайта орнатады, бірақ енді ешбір ру-тайпа ақсүйектерсіз, біртұтас империяның құрамында.
Егер осындай тайпалық одақтың біріншісі жөнінде «антропологиясы жағынан хуннулар маңғұл түсті болған, бұл Монголиядағы хуннулар обаларынан табылған материалдармен расталады және кейінгі б.д. д I ғ. Жетісу мен Шығыс Қазақстанға көшіп кеткен өте сенімді қытай қайнаркөзі баяндағандай «солтүстік» ғұндардың тілі гаогюйлердің тілімен бір болса, онда ғұндар мен қазақтар арасындағы мәдени-тұрмыстық белгілер арқылы мүмкін байланыстар онша беймүмкін көрінбеуге тиіс.
Ең қызығы, К. Данияров пен Б. Адиловтың миф тудыру деңгейіндегі тезистері ғылымға зиян болса тек мазмұны жағынан емес, оларды дәлелдеу тәсілдеріне байланысты зиян.
Аммиан Марцеллин, біраз дәрежеде белгілі және беделді V ғ. ұрым авторы, ғұндардың тұрмыстары мен мінездерінің кейінгі монголтүстес және түркітілдес көшпелі халықтарға ұқсайтынын растайды: «олардың бәрі айрықша мығым және күшті, шүйделері тоқпақтай тау мен ормандарға көшіп-қонып, олар бесігінен бастап суық, аштық және шөлге төзімді болады, және жат жерде олар айрықша бір қажеттілік болмаса, үйге кірмейді олар жаяу ұрыстарда онша жақсы емес, оның есесіне олар өздерінің төзімді, бірақ ұсқынсыз кішкентай жылқыларына жабысып қалғандай, және кейде солардың үстінде әйелше отыра, барлық үйреншікті істерін тындыра бередіегер маңызды заттар жөнінде ойлану керек болса, олар барлығы жиналып кеңеседі; олар патшаның қатаң тәртібіне бағынбайды, оларға кейбір кездейсоқ ақсүйектің билігі де жетеді және барлық жолында кездескен нәрсені қиратады Олар ешқашанда жер жыртпайды және соқа ұстамайды мәңгі қашқындар сияқты, әр жерде көшіп-қонып, өмірін жабық арбаларында өткізеді (6667 бб.)».
Егер осындай тайпалық одақтың біріншісі жөнінде «антропологиясы жағынан хуннулар маңғұл түсті болған, бұл Монголиядағы хуннулар обаларынан табылған материалдармен расталады және кейінгі б.д. д I ғ. Жетісу мен Шығыс Қазақстанға көшіп кеткен өте сенімді қытай қайнаркөзі баяндағандай «солтүстік» ғұндардың тілі гаогюйлердің тілімен бір болса, онда ғұндар мен қазақтар арасындағы мәдени-тұрмыстық белгілер арқылы мүмкін байланыстар онша беймүмкін көрінбеуге тиіс.
Ең қызығы, К. Данияров пен Б. Адиловтың миф тудыру деңгейіндегі тезистері ғылымға зиян болса тек мазмұны жағынан емес, оларды дәлелдеу тәсілдеріне байланысты зиян.
Аммиан Марцеллин, біраз дәрежеде белгілі және беделді V ғ. ұрым авторы, ғұндардың тұрмыстары мен мінездерінің кейінгі монголтүстес және түркітілдес көшпелі халықтарға ұқсайтынын растайды: «олардың бәрі айрықша мығым және күшті, шүйделері тоқпақтай тау мен ормандарға көшіп-қонып, олар бесігінен бастап суық, аштық және шөлге төзімді болады, және жат жерде олар айрықша бір қажеттілік болмаса, үйге кірмейді олар жаяу ұрыстарда онша жақсы емес, оның есесіне олар өздерінің төзімді, бірақ ұсқынсыз кішкентай жылқыларына жабысып қалғандай, және кейде солардың үстінде әйелше отыра, барлық үйреншікті істерін тындыра бередіегер маңызды заттар жөнінде ойлану керек болса, олар барлығы жиналып кеңеседі; олар патшаның қатаң тәртібіне бағынбайды, оларға кейбір кездейсоқ ақсүйектің билігі де жетеді және барлық жолында кездескен нәрсені қиратады Олар ешқашанда жер жыртпайды және соқа ұстамайды мәңгі қашқындар сияқты, әр жерде көшіп-қонып, өмірін жабық арбаларында өткізеді (6667 бб.)».
Сыма Цянь мен Аммиан Марцеллиннің келтірген деректері біз таныстырып отырған кітапты ғажап толықтырғандай. Егер оларға ежелгі түркі одақтары жөніндегі деректерді қоссақ, көшпенділіктің ең жоғарғы деңгейі ретіндегі қазақылықтың әлеуметтік негізіндегі қазақ этногенезінің үзіксіз және біртұтас екенінде еш күмән қалмайтындай.
«Сөйтіп, менің бабаларым Бумын қаған мен Естеми қаған таққа отырды. Таққа отырғасын, олар Елді орнатты және түркі халқының Заңын орнатты», деп түркі елінің бастауы жөнінде 732 және 735 жылдары Орхон өзені бойында Білге қағанға және Күлтегінге арналған екі тас жазуында түркілердің бірінші тарихшысы Йоллыг тегін осылай жыр етеді (cонда, 74 б.). Мұндағы «ел» сөзі түркіге де, қазаққа да ортақ. Оның мағынасы көшпелі «халық-мемлекет». Мұнда бір қызығы, «бодун» түрк сөзі тайпалардың жиынтығын белгілейді, «жеке тайпалардан құралған халық», ал оларды біріктіріп басқаратын Түрк Елінің нақ өзі (79 б.). Осы арқылы бодун сөзі ежелгі монголдарда және қазақтарда бар бақылаудағы территория мағынасындағы «жұрт» сөзін еске түсіреді. Мұрагерлік үлес ретіндегі ежелгі монгол ұлыстарын кейін қазақтың жүздері ауыстырады, олардың ордалары «әскер-халықты» басқарады, егер осыны ескермесек, ежелгі түркілер, монгол-татарлар, көшпелі өзбектер мен қазақтардың әлеуметтік-саяси құрылымы бір екені өзінен өзі көрініп тұр.
Тіпті Заң мағынасындағы Төр түрк сөзінің өзі тәртіп пен заңды және сол заңды сақтаушы Шыңғысхан ұрпағын белгілейтін қазақтағы Төре ұғымымен тең.
Бұл тұрғыда ғұндық жерлеу рәсімінің және Монголиядағы түркі тілді тас жазуының түрлі ру-тайпалардан шыққан көшпенділер ретіндегі түркі қазақтарының антропологиялық нұсқасы мен тілдік нұсқасы қалыптасуына қатысты ұқсастығы назар аудартады.
Олардың бірігіп қордалануы I мыңжылдықтың екінші жартысында түркітілдес тайпаларды Оңтүстік Сібірде, Орталық және Орта Азияда, Еділдің төменгі жағында және Солтүстік Кавказда Бірінші Түркі қағанаты, Шығыстүркі қағанаты, Батыстүркі қағанаты, Түргеш қағанаты, Ұйғыр қағанаты сияқты үлкен мемлекеттік құрылымдар және енисей қырғыздары, қарлұқ, кимақтар және Арал оғыздарының мемлекеттерін құруға әкеледі. Бұл уақыт қазір «ежелгі түркі дәуірі» деп аталады (сонда, 75 б.). Сол сияқты Каан\Қаған сөзі де ежелгі монгол және түрк тілдерінде «хандардың ханы» деген бір мағына береді (оны Владимирцов айтқан Канмен шатастыруға болмайды). Тіпті ханды ақ киізге көтеру рәсімі де барлық жерде сол күйінше сақталған. Мысалы, 551 жылы Бумынды Түркі Елінің қағаны деп жариялағанда, оны ақ киізге көтерген (78 б.). Мұндай салыстырулардан кейін ежелгі түрк дәуірі түркіттерден көне ұйғырлар мен қыпшақтарға дейін бір екеніне еш күмән қалмайды. Сол сияқты әлеуметтік институт және этникалық өмір дағдысы ретіндегі қазақылықтың көптеген элементі бар екеніне біраз көз жеткізген сияқтымыз. Ежелгі түркі мемлекеттерінің өз-өздерінің саяси атауындағы айырмашылықтар түрлі билеуші тайпалардың ақсүйек руларына байланысты болған, сондықтан тұтас халықтар жойылып кетті деп шатасуға болмайды. Бұл тұрғыда біз өзіміздің және басқалардың да (мысалы, В.П. Юдиннің) ойларын қайталауға әзірміз. Бұл тұрғыда монгол тілдес жуан-жуандар («аварлар») 460 ж. Турфаннан Алтайға көшірген кейінгі ғұн тайпалары арасында ежелгі түркі мемлекетіне бастау берген Ашина ұрпақтарының тайпасы болды деген түркі аңыздарынан және VI ғ. Қытай тарихи хроникаларының деректері өте қызық және маңызды. Сонымен қатар, Ашина кейін ежелгі түркілердің бүкіл мәдениеті мен мемлекеттілігіне зор ықпал еткен өзімен бірге иран тілді индоеуропа халықтары соғдықтар мен тохарларды алып келеді. Сөйтіп, біз кейінгі ғұндардан көшпелі өзбектерге дейін созылған түркі казактары ретіндегі қазақ этногенезі үзіксіздігінің тек әлеуметтік-саяси негізін ғана емес, тарихи-мәдени негізін де елестете аламыз. Ашина сөзінің өзі иран тілінен шыққан және оның мағынасы «көк, бурыл көк», бұл Шығыс Түркістанның патшалық ономастикасына байланысты. Демек, Көк Түрк деген Ашина ұрпақтарына бағынған халықтың атауын түркі тілінің заңы бойынша Көк түрктер емес, Ашина және түрктер деп аудару қажет. Алтайда бөрі қаншығынан тараған дейтін Ашинаның «жарқын» руы бірте-бірте жергілікті алтай тайпаларын біріктіріп, осы ежелгі және кейінгі ғұндардан бөлек тайпалық одаққа Алтай тауларының жергілікті аңыздық атауы бойынша Тюрк атауын берген (сонда, 7576 б.).