Сөйтіп, Шыңғысханның дәуірінде ол көшпеліліктің тұрақты ауылдық тәсілі бар, ортақ түркімаңғұл тілі бар және мейлінше дамыған мемлекеттілігі бар біртұтас халық болатын. Оны Шыңғысхан монгол деп атаса, қытайлар мен орыстар татар деп атай берген, сосын оны бір кезде өзбек десе, бір кезде ноғай деген, бірақ өмір дағдысы бойынша, яғни, этникалық түрде ол әрқашанда казак (қазақ) болды. Казактар өз атауларын өзгерткен, бірақ әрқашанда Шыңғысханның заңы мен руына бағынған, тіпті Қазақстанға көшіп келгеннен кейін де. Содан соң казактар қазақтың нақ өзіне айналады да, өздерін украин және орыс казактарынан, татарлардан, өзбектерден, қырғыздардан және көбінесе отырықшы этностарға қосылып кеткен ноғай-казак, өзбек-казак, қырғыз-казак (мүмкін тағы бір өзге казактардың) қалдықтарынан құралған өзге ұлттардан ажырата бастаған.
Тағы бір сөзінде Вениамин Петрович «қазақ халқы болжам күйінде айтсақ, кейінірек құралған дейді, өйткені оның ойынша, қазақ құрамында халыққа айналып бара жатқан тайпалық одаққа өзінің қазақ деген атын беретін ешбір билеуші ру болмаған. Алайда, әлгі баяндалған уәждерді ұстанатын болсақ, біз бұл пікірмен келісе алмаймыз. Рас, қазіргі уақытқа дейін өз шежірелеріне қызығатын қазақтар, әрбірі өз әлінше, олардың қатарына, Илья Айсаевич Нұров деген менің әкемді қосайық, Казак деген аты бар жеке адам рубасы болғанына сенбейді. Демек, мәселе қазақ этностың жастығында емес, оның таза әлеуметтік түрде құралғанында боп тұр.
Тағы бір түсініксіз нәрсе, Юдин «монголдан бұрынғы уақытта қайнаркөздерде казак сөзі әзірше тіркелмеген» (144 б.) деген тұжырымынан таймаса да, Порфирородный (Х ғ.) мен Фирдоусидің (ХI ғ.) «Қазақия» және «казак хандары» жөніндегі жалпыға белгілі мәліметтеріне еш комментарий бермейді. Мүмкін, оның осындай үзілді-кесілді пікірі тек түркі тілдегі қайнаркөздерді оқығаннан туындаған шығар.
Парсы және түркі қайнаркөздері жөніндегі мақаласында Юдин «тек қана Абулхаир ханның емес, одан бұрынғы Урус ханның бодандары да көшпелі өзбек болғанын» (с.45) және «Жәнібек пен Керейдің Абулхаир империясының аумағында хан болғандары (с. 47)» жөнінде анық айтады. Егер бұл хандардың шейбандар қайнаркөздеріне Абулхаирге бағыныштылар қатарында аталмайтынын ескерсек, Өзбек ханның көшпелі өзбектерінің өзбектерден гөрі қазаққа жақындығы жөнінде ғана емес, сонымен бірге, қазақ хандарының көшпелі өзбек мемлекетінде дербес болғанына көз жеткіземіз. Міне, осының бәрі Юдин сияқты беделді ғалымның аузымен казақ халқының әлгі хандардың Могулистанға көшуінен, ең кемінде, жүз жыл бұрын құрылғанын растайды. Жәнібек пен Керейдің Абулхаир империясынан бөлінуі көшпелі өзбектердің көшпелі казактарға (қазақтарға) айналуының ақыры еді.
Юдин қазақ пен Тянь-Шань қырғыздарының өзара байланысы жөнінде де біраз маңызды мәлімет қалдырған. Шағатай қайнаркөздерінде олардың саяси одағы жөнінде жазылған екен. Мысалы Зайн ад-Дина Васифидің «Бадаи ал-вакаи» шығармасы бойынша (52 б.) 1537 жылға дейін Киргизия алдымен Қазақстан аталған, ал қырғыздарда өз хандары болмаған және ХVIII ғ. ортасына дейін қазақтардың саяси ықпалы аумағында болған (53 б.). Осыған байланысты парсытілді дерекнамаларда қырғыз бен қазақты бірге атау әдетке айналған. Сондықтан осы этнонимдер қырғыз бен қазақ грамматикалық одақ арқылы біріккен екі бөлек ұғым емес, біртұтас ұғым ретінде қабылданады (54 б.). Ал 1733 жылы жазылған «Ұлы жүздің сұлтандары мен билерінің императрица Аннаға жазған Ресей бодандағын қабылдау жөніндегі хаттарында» олар өз өздерін қырғыз-қазақ билеріміз деп атайды. Міне осыған байланысты «киргиз-кайсаки» деген орыс ұғымы дүниеге келеді (54 б.).
А.М. Мугиновтың «Ұйғыр қолжазбаларын суреттеу» кітабына рецензиясында Юдин «түпкі қазақ мемлекеттілігі алғашқыда тап Киргизия территориясында, Шу мен Талас бойында осы кезде қалыптасып жатқан саяси одақтағы қазақ және қырғыз этностарының негізінде құралып және дамыған» деген нұсқауы бар (255 б.). Сөйтіп, біз таныстырып отырған кітапта қазақ пен қырғыздардың этникалық туыстығы, не саяси жақындығы Ұлы жүздің тарихымен қатар, Вамбери айтқандай, дала қаңғыбастары болған «могол», «казак» және «кыргыз» этнонимдерінің жалпылама мағынасының жақындығы жөніндегі зерттеулер үшін жөнді бағаланбаған.
Біздің ойымызша, Ұлы жүздің ру-тайпалық құрамы қалыптасуына қырғыз-қазақтардың ықпалы могол-қазақтардан кем емес, артық болған, сол сияқты Орта жүздің қалыптасуына өзбек-қазақтардың орны бөлек болса, ноғай-қазақтардың Кіші жүздің құрылуындағы ықпалы зор. Өкінішке орай, Юдин өзінен кейін қазақтардың үш жүзінің пайда болуының анық болжамын қалдырмады, бірақ оның есесіне, олардың ежелгі монгол империясымен байланыста болғанына сендірді. Оның ойынша, «қазақ жүздерінің өзара орналасуында қазақ хандарының Қазақстан территориясындағы билігі таралу кезеңдері сақталғандай» және олардың Ұлы, Орта және Кіші болатынындағы ең басты нәрсе, олардың билік пен саясаттағы дәрежесі» (255 б.).
А.М. Мугиновтың «Ұйғыр қолжазбаларын суреттеу» кітабына рецензиясында Юдин «түпкі қазақ мемлекеттілігі алғашқыда тап Киргизия территориясында, Шу мен Талас бойында осы кезде қалыптасып жатқан саяси одақтағы қазақ және қырғыз этностарының негізінде құралып және дамыған» деген нұсқауы бар (255 б.). Сөйтіп, біз таныстырып отырған кітапта қазақ пен қырғыздардың этникалық туыстығы, не саяси жақындығы Ұлы жүздің тарихымен қатар, Вамбери айтқандай, дала қаңғыбастары болған «могол», «казак» және «кыргыз» этнонимдерінің жалпылама мағынасының жақындығы жөніндегі зерттеулер үшін жөнді бағаланбаған.
Біздің ойымызша, Ұлы жүздің ру-тайпалық құрамы қалыптасуына қырғыз-қазақтардың ықпалы могол-қазақтардан кем емес, артық болған, сол сияқты Орта жүздің қалыптасуына өзбек-қазақтардың орны бөлек болса, ноғай-қазақтардың Кіші жүздің құрылуындағы ықпалы зор. Өкінішке орай, Юдин өзінен кейін қазақтардың үш жүзінің пайда болуының анық болжамын қалдырмады, бірақ оның есесіне, олардың ежелгі монгол империясымен байланыста болғанына сендірді. Оның ойынша, «қазақ жүздерінің өзара орналасуында қазақ хандарының Қазақстан территориясындағы билігі таралу кезеңдері сақталғандай» және олардың Ұлы, Орта және Кіші болатынындағы ең басты нәрсе, олардың билік пен саясаттағы дәрежесі» (255 б.).
Сонымен бірге, Юдин «қазақ хандарының саналы түрде ортаазиялық сопы топтарын далада жасырғандарын» жазып және «қазақтарды ортаазиялық молдалары арнайы фетвамен діннен безген» деп атады деген нұсқаулары (6465 бб.) біздің қазақ исламы және қожа руы сопылық, яғни исламның дәстүрлі емес және сунниттік емес нұсқасынан тараған деген пікірімізді растайды. Олар сопы болғасын, қазақтың шаманизмнен гөрі митраизмге (шығыстық зороастризм) жақын тәңіршілдігінен тамырын үзбеген.
Могулдар туралы мақаласында Юдин жанама болса да, біздің қазіргі татарлар мен қазақтардың ежелгі монгол жөніндегі тұжырымымызды растайды. Нақты айтқанда, ол «Еділ татарларының этникалық тарихын зерделеуде Еділ татарлары артық бағаланады да, қыпшақ құрамы жете бағаланбайды», деп жазады және осымен бірге ол қыпшақтарды монгол-татарларға теңегендей, өйткені оның жазуынша: «қыпшақтар» (монгол-татарлар)» (100 б.). Өзіміз таныстырып отырған казак концепциясында монголдан кейінгі дәуірде қазақ даласын қыпшақтікі (Дешт-и Кыпчак) деп атағанға біз келіспейміз және ежелгі монгол ру-тайпаларының түркілерге сіңіп кетіп, монголдығынан айырылды деген тұжырымға да келісе алмаймыз. Рашид ад-Дин бойынша (107 б.) ежелгі монголдар қазіргі монгол, немесе халха-монголдар деңгейінде монгол тілді болмаған. Ал қыпшақтардың қимақтардан және Қазақстанның өзге казак көшпенділерінен айырмашылығы олар қазақ даласында билік етсе де өзінің саяси басым болатын негізінде Хорезмшахтың (Сырдарья сыртындағы) және Еділдің арғы жағындағы Көне Русь княздықтарының шетжақтарында жартылай отырықшы тұрған.
Монголдар қыпшақтардың (Ел Бөрі) ақсүйектік тайпаларын жойғасын, түпкі қыпшақтар, ежелгі монгол-татарлары сияқты, жүздіктерге таралып, сөйтіп, олар саяси билігінен айырылғасын, далалық тұрмыс жағдайында этникалық басымдылығынан да айырылды.
Бұл мағынада бұрын Татар ұлы Ноғайдың атымен аталған маңғыттардың (кәдімгі атышулы ежелгі монголдың «мангуд» тайпасын айтып отырмыз) Еділден арғы Ноғай Ордасындағы басымдылығы қазіргі татарлардың қалыптасуындағы булгар, немесе қыпшақ ықпалдарынан кем болған жоқ. Ең кемінде, татар деген ежелгі монголдық Алтын Ордаға орыстар берген атауы Қырым, Қазан және өзге татарлардың атауына айналды. Сөйтіп, ежелгі монгол және қазіргі татарлар арасындағы атау байланыстығы кездейсоқ емес еді және мүмкін, бұл байланыс бір атаудан бұрын да болған сияқты. Сол сияқты қазақтардың ежелгі монголдармен байланысы атау арқылы болсын, ру-тайпалық құрамы арқылы болсын, одан сайын анықтала түскендей.
«Қазақстан және Орталық Азияның тарихы» оқулығыСол 2001 жылы және сол айтылған баспада т.ғ.д. М.Х. Абусеитова, т.ғ.д. Н.Э. Масанов және т.ғ.д. А.М. Хазановтың редакциясымен «Қазақстан және Орталық Азияның тарихы» деген студенттерге, аспиранттарға және ғалымдарға арналған елеусіз ғана оқулық шықты. Бұл оқулық автордың осында қарастырылып жатқан проблемаларға жоғарыда баяндалған әдістемелерін растауға қатысты Қазақстан историяграфиясындағы тыныш революцияның белгісіндей болды. Әрине, бұл оқулықты «ғылым майданының алғашқы шебіндегі» новаторлық болжамдармен салыстыра алмайсыз. Әйтсе де, онда жауапты редакторлардан өзге, Ж.Б. Абылхожин, С.Г. Кляшторный және Т.И. Султанов сияқты, үш көрнекті зерттеушілер болған. Бірақ оның құндылығы да сонда, өйткені ол әр сөзі мен тезисі ғылымның дәлелдене алатын және тұрақты қағидалары ретінде тексерілуге және сәйкестендірілуге тиіс ұжымдық білім беру құжаты болатын.