Қазақша ашылып сайрау - Серік Асылбекұлы 3 стр.


Көмекбай. Қайдам, бүгін соның реті қалай болатынын. Егер баратын болсам, күні бұрын «соткамен» звондаймын ғой.

Зибаш. Жарайт. Ал бұйымтайыңды айт енді.

Көмекбай. (Қипақтап). Қарызға бір бөтелкі ақ берші, сосын бір «пәшкі» сигарет.

Зибаш сөрелердің бәрінен бір шиша ақ арақ пен бір қорап темекі алып, оларды целлофан пакетке салады да, Көмекбайға ұсынады.

Зибаш. Тағы не керек? Ұялма, айта бер.

Көмекбай. Жоқ, осымен болды. Зибаш, рахмет саған. Жуырда кооперативтен ақшамды алам, сосын барлық қарыздарымда қайтарам ғой. Жарай ма?

Зибаш. Өй, қойш соны әңгіме қылмай. Жаным, менің бар тапқаным сенікі емес пе?

Көмекбай.(Зибаштың бетін аялай сүйіп). Рахмет.

Зибаш. Жақсы онда, көріскенше.

Көмекбай Зибашпен қоштасып, дүкеннің ауласына шығады. Дәл осы сәтте оның алдынан көршісі Ермек ұшырасады.

Көмекбай.

Назад