«Абылай аспас сары бел» бұл хан Абылайдың өкім, үкімі жүрмейтін жері болады дегенді, былайша айтқанда, ұлық, әкім, төрелердің де айтқаны, үкімі жүрмейтін шек бар. Сол шекте тұрсың дегенді аңғартады.
АБЫСЫН ТАТУ БОЛСА, АС КӨП,
АҒАЙЫН ТАТУ БОЛСА, АТ КӨП
Ағайынды екі жігіттің отбасы өзара тату-тәтті өмір сүріпті. Бірде «Осы тату-тәтті тұрмыстың ұйытқысы біз ер-азаматтармыз», деп мақтаныпты ағайындылардың кішісі әйеліне.
Ал бізді абысындардың еңбегін неге ескермейсің? дейді жұбайы.
Біз бас болсақ, сендер мойын емессіңдер ме. Ендеше бас қалай қараса, мойын да солай бұрылмай ма
Әйелі бұған салғыласпай, өз шаруасымен жүре береді.
Бір күні олар жігіттің ағасын отбасымен қонаққа шақырады. Қой сойып, ет асып, мүше-мүшесімен дастарқанға қояды.
Ағайындылардың үлкені қойдың алдыңғы сирақтарын өз балаларына беріп, артқы сирақтарын інісінің балаларына ұсыныпты. Сонда кішісінің әйелі күйеунің құлағына: «Сирақтарды қалай бергенін көрдің бе? Алдыңғы аяқтарын өз балаларына, артқы сирақтарын сенің балаларыңа берді. Яғни, ол өз балалары алда, озық болсын, ал сенің балаларың артта, соңында жүрсін дегені ғой», деп сыбырлайды.
Ағасы інісінің балаларына жұлын берген еді, «Көрдің бе, сенің балаларың жұлындай үзілсін деген ойын», деп қояды. Ағасы інісінің балаларына ми ұстатқан еді, «Әне, ол балаларыңның ақыл-ойы мидай былжырақ, су ми болсын деп беріп жатқанын түсіндің бе?» дейді. Әйелінің осы сөздерінен кейін кішісі ағасымен ұрсысып, сөзге келіп қалады. Сонда кішісінің әйелі оларды қайта татуластырып, күйеуінің өткендегі әңгімесін есіне салады да, «Екі үйдің береке-ынтымағы біз абысындарға да байланысты, Абысын тату болса, ас көп, ағайын тату болса, ат көп деген», деп ынтымақ-бірлікке шақырады.
Яғни, бұл мақал ағайын мен ағайын, абысын мен абысын тату, ынтымақты болса, үйлеріне береке байлық, молшылық та келеді деген ойды береді.
АДАЙ МЕН ТАЗ ЕМШЕКТЕС
Байұлының (Қыдырдың) Жанби, Ұлжан есімді екі әйелі болса керек. Жанбиінен туған Қанбибі есімді қызы болыпты.
Бір күні бойжеткен Қанбибі жақын құрбыларымен сейіл құрып сыртқа шығады. Табиғаттың толыса құлпырған кезі болса керек. Сейіл-серуен құрған қыз-келіншек гүл-құрағы жайқалған бұлақ басына келіп дамыл алады. Сол жерде Қанбибінің көзі ілініп кеткен екен, әлденеден тұла бойы шымырлай балқып оянып кетеді. Көзін ашып байқаса, көктен саулап құйылған нұр іші-бауырын елжіретіп, тұла бойын балқытып жатыр екен дейді.
Осы нұрдан Қанбибінің бойына перзент бітіп, айы-күні толған соң босанады. Жай босанбайды, бойына әкесіз бала біткен соң, жасырын босанады да, баланы құндақтап, қыр астына апарып тастайды.
Ертеңіне серуендеп түзге шыққан Бай жылап жатқан құндақтаулы балаға тап болады. Баланы үйге алып келіп, Әспенбет деген көріпкелді шақыртады. Әспенбет баланы көріп, «Атыңды шығарар арысың осы болар» деп батасын береді. Бұған қуанған Бай ұлан-асыр той жасап, баланың атын Адай қояды.
Бұл кезде Байдың әйелі Ұлжанның Таз деген баласы емшекте екен. Ұлжан Адайды да бауырына алып, Таз екеуін бірге емізіп өсіреді. Әлгі, «Адай мен Таз емшектес» дейтін сөздің мәнісі осы.
Адай, таз он екі ата байұлының ішіндегі рулар. Шежіре дерегі бойынша, Кіші жүз құрамындағы байұлы он екі ата, қыздың баласы Адаймен он үш ата дейтін сөз бар. Мұның мәнісі, Байұлының Қанбибі деген қызынан туған Адай шешеден нәресте кезінде жетім қалады да, Таздың шешесі бауырына салып, Таз бен Адайды тел емгізіп өсіреді. Байұлының басқа бұтақтарына қарағанда, Таз бен Адайдың бір-біріне етете болатыны содан. Таз руынан шыққан Қашқынбай ақынның жеме-жемге келгенде «Емшектес адай қайдасың?!» деп қолдау күтуінің де бір сыры осында. (А. Сейдімбек).
Осы орайда «Аққу мен қаз егіз, адай мен таз егіз» деген мағыналас мақалды да айта кеткен жөн.
АДАЛ ДОСТЫҚ ӨМІРЛІК НҰСҚА БОЛАДЫ,
АМАЛ ДОСТЫҚТЫҢ ӨМІРІ ҚЫСҚА БОЛАДЫ
Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары:
Достық нешеу? деп сұрақ қояды.
Сонда Әйтімбет тұрып:
Достықтың екі түрі болады. Бірі адал достық, екіншісі амал достық.
Дұрыc-ақ. Енді оларды қалай ажырата аламыз? дегендерге:
Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өмірі қысқа болады, деп жауап берген екен Әйтімбет шешен.
Осы орайда «Аққу мен қаз егіз, адай мен таз егіз» деген мағыналас мақалды да айта кеткен жөн.
АДАЛ ДОСТЫҚ ӨМІРЛІК НҰСҚА БОЛАДЫ,
АМАЛ ДОСТЫҚТЫҢ ӨМІРІ ҚЫСҚА БОЛАДЫ
Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары:
Достық нешеу? деп сұрақ қояды.
Сонда Әйтімбет тұрып:
Достықтың екі түрі болады. Бірі адал достық, екіншісі амал достық.
Дұрыc-ақ. Енді оларды қалай ажырата аламыз? дегендерге:
Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өмірі қысқа болады, деп жауап берген екен Әйтімбет шешен.
Адал достық өмірде шынайы берілген, адамгершіліктен тұратын нағыз достық. Ол өмір бойы жалғасады. Ал амал достықбір есепке құрылған достық. Ертең есебі түгелденсе, сені тастап, танымай да кетуі мүмкін деген мағынаны білдіреді.
АДАМ ТІЛІ ТАС ЖАРАДЫ,ТАС ЖАРМАСА БАС ЖАРАР
«Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген жұтшылық болып, ел шұбырғанда, малдың ішіндегі семізін бас салып сойып, жей берген екен. Сонда бір көк ала бие он бес ауылды асырауға жарапты, бір мерген он бес ауылды асырауға жарапты. Биеден бір сауғанда, бір үлкен көнек сүт шығады екен. Иесі «көз тиеді, тіл тиеді» деп, сайдан-сайға жасырып, байлап жүріп сауады екен. Даладан сүтін сабаға толтырып артып алып келіп, үйге ашытып, рулы елге қымызын жеткізеді екен. Бір күні бір сайда елден-жұрттан жасырып сауайын деп биенің бұтына көнегін салып отырса, көз ұшында төрт кісі көрініпті. Келіп қалады-ау деп асығып сауа береді, бие иіи береді. Қашан төрт кісі келіп жеткенше сауып бола алмапты. Төрт кісі келген соң, амалсыз биенің бұтынан түрегеліп, бір қара тасты алып, «тіл болсаң, тасқа ти» деп, сүттің ішіне тастай беріп, көнектің бетін жаба қойды. Төрт кісі сәлемдесіп, амандық айтысып болған соң айтты:
Мана көз ұшында біз көргеннен биенің бұтында отырып едің, сонан бері биеңді сауып отырдың ба, жоқ жай отырдың ба? Біз соның жайын білейін деп жаныңа келіп едік, депті.
Биемнің жуырда иімейтұғын жаман мінезі бар еді, сол мінезі ұстап, күні бойы иімей, жаңа ғана сіздердің алдыңызда зорға иіді, дейді.
Бәсе, солай ғой, онан басқа манадан бері сауып отырған болсаң, бір көл болып ағарлық болды, дейді жолаушылар. Кісілер былай кетісімен, сүтті сабасына құйса, көнектің түбіндегі қара тас төрт бөлінген екен. «Адам тілі тас жарады, тас жармаса, бас жарар», деген сонан қалған екен. Егер ол тасты салмағанда, биеге кәдік* болады екен.
АҒАЙЫН АРАСЫН ЛАСТАМА
СЫРТТАН ӨСЕК АЙТЫП ДАТТАМА
Сүлеймен деген ағайын болыстықтан дәмесі болып Мәтжан бидің сыртынан күңкілдеп сөз жүргізсе керек. Осындай алып-қашты сөзді сырттай естіген Мәтекең бір күні Сүлейменнің үйіне келіп, «Осы мөрді бір ыңғайлы болса тапсырам деп ойлап қоямын. Бір ойым осы Сүлейменнен артық кім бар деп те қояды», деп Мәтекең сөз бастайды. Сонда Сүлеймен: «Ойбай, Мәтеке, айта көрмеңіз, мен тек отбасынікімін ғой. Ортаға түссем бүрісіп-тырысып қаламын ғой», деп ақталыпты.
Сонда Сүлекеңе қарап: «Ағайын арасын ластама, Сырттан өсек айтып даттама», деп жеңілауыздығын бетіне басқан екен.
Ағайын арасына от салып, бір-біріне айдап салып, шағылыстырма, ұрыстырма. Олардың сыртынан өсек сыпсың сөз айтып, бір-біріне жамандама. Одан саған пайда түспейді, осы ерсі істерің ертелі-кеш жұрт құлағына жетіп, жаманатты боласың деген астарлы ой жатыр.
АҒАРЫП АЛДЫМА ТҮСПЕ
ҚАРАЙЫП СОҢЫМНАН ҚАЛМА
Бәйдібек бидің бәйбішесі Сарықыз, екінші әйелі Зеріп, кіші әйелі Нұрила (Домалақ апа, Домалақ ене) деген кісілер болған. Сарықыз бәйбішелік жолын арқа тұта ма, жоқ әлде табиғаттың бойына дарытқан қасиеті ме, әйтеуір, төңірегіне қатал, адуын мінезімен танылады. Әсіресе ақыл-парасаты кемел Нұриланы Бәйдібек биден қызғанып, қисынсыз жерде мінез көрсетеді екен.
Бірде Нұрила тезек теріп үйіне қайтып келе жатса, алдынан Сары (Сарықыз) бәйбіше шығып, қамшы жұмсай бастапты. Сары бәйбішенің Нұриланы жазықсыз зәбірлеп жатқанын көрген келіні Сыланды (Иісті) жүгіріп шығып араша түседі. Адуын бәйбішенің сермеген қамшысына арқасын тосып, Нұриланы қорғаштайды.
Осы оқиғадан кейін Сыландыға риза болған Нұрила: «Ағарып алдыма
Кәдік* қауіп, зақым.
түспе, қарайып соңымнан қалма», деп батасын береді.