Қанатты сөз  қазына. 1-кітап - Кеңес Оразбекұлы 5 стр.


Жылқы, сиыр, түйе өзара «Мен жүйрікпін, мен жүйрікпін» деп бәстесіп, жарысып келе жатса, алдарында шөптің арасында бірдеме жылтырап жатыр. Сөйтсе, ол Үркер екен. Бұрын жеткен жылқы Үркерді басайын десе, сиыр «Мен басамын»  деп, мүйізін шайқап, оны жолатпайды. Үркер басында он екі жұлдыз екен.

Сиыр Үркердің алтауын ғана басып қалып, қалған алтауы тұяғының арасынан шығып, аспанға ұшып кетеді. Міне қыстың алты ай, жаздың алты ай болуы сондықтан. «Алты ай қыс, алты ай жаз» деген ұғым да содан туындапты.

Егер жылқы тұяғымен басса, онда Үркер түгел жерде жатар еді де, мәңгі бақи жаз болар еді.

 Ыстықта оқыралап шауып жүргеннен де, сақылдаған сары аязда сықыр-сықыр басып жүргенім жақсы,  деп жауап беріпті Сиыр.

Халқымыз бір жылдағы он екі айды суық, ыстық мезгілдер деп шартты түрде осылайша екіге бөледі. Осы бір жыл  он екі айдың өтпелі екенін ұғындырғысы келгенде де «Алты ай қыс, алты ай жаз» деп қысқа қайырғанды жөн көреді.


АЛТЫ АЛАСЫҢ, БЕС БЕРЕСІҢ БАР


Бір кедей жігіт темір ұстасына көрікші болып жалданады. Жалақысына күн сайын үш теңге алып тұруға уәделеседі. Бұған жігіттің әке-шешесі қуанып қалады. «Әрқайсымызға күніге бір теңгеден келетін болды ғой», дейді шешесі мәз болып. «Балам, жылына бір мың сексен теңге алатын болыпсың», дейді әкесі. Жігіт ұстаханада мінсіз еңбек етеді. Көрік басумен бірге балға соғады, көмір тасиды, су әкеліп, от та жағады. Ұста жасаған ат тағаларын,

кетпені мен орағын базарға апарып сатып, ақшасын әкеліп беріп тұрады.

Ұста мекерлеу адам болып шығады. «Көріктің шанағын жардың, балғаның сабын сындырдың, көмірді күл етіп жібердің, сатқан бұйымдардың ақшасын түгел әкелмедің», деп, ол жігітті әр жолы кінәләй береді.

Жыл өтеді. Есеп айырысатын күн келеді.

 Балам, алты аласың болса, бес бересің де болады, деп, ұста көрікшіге


Запыс*  ығыры шығу.

Пәтуа*  келісім.


жарты қалта теңге беріп, арқасынан қағып, шығарып салады.

Жігіт үйге келгенде, әке-шешесі одан қанша теңге әкелгенін сұрайды.

 Ақшаның алты аласын алып, бес бересін беріп келдім, дейді.

Ұста көрікші жігітке қанша ақша төлеген?

Түсінектемесі: Ұста келісім шарттағы бір мың сексен теңгені алтыға бөліп, соның бір бөлігін ғана көрікші жігітке берген. Басқасын «бес бересі» ретінде ұстап қалған.

Жауабы: Көрікші жігіт бір жүз сексен теңге алған.

«Алты аласың, бес берешегің бар ма» деп те айтылады.

«Маған өткізіп қойғаның бар ма» деген сөзбен мәндес қанатты сөз.


АЛТЫ ШАҢЫРАҚТЫҢ ІРГЕСІ АЖЫРАМАСЫН


Ертеректе Сырым батыр бес-алты серігімен жол жүріп келе жатып, Мөңке бидің ауылының үстінен түсіпті. Мұнда той қызып жатыр екен. Кенже баласы аяқтанып, жаңа құдалар да осында болып шығады. Жекжаттарымен қатар келіп қалған құдайы қонақтарды Мөңке би өзі отырған үйге түсіреді. Астан соңғы бата беру сәтінде Сырым сөзін:

 Алты шаңырақтың іргесі ажырамасын,  деп бітіреді.

Бұған Мөңкенің құдасы түсінкіремей қалып, «алты шаңырақтың іргесі ажырамасынның» сырын сұрайды. Сонда Мөңке оған:

 Құдай қосқан екеуміз жакжат болып отырмыз. Сенің қызың маған келін болып түсті. Ол үш шаңыраққа ие болады. Біріншісі  келген жұрты, екіншісі  нағашы жұрты, үшіншісі  өз төркіні. Сол сияқты менің ұлым саған күйеу бала болады. Ол да үш шаңыраққа ие: өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты. Екі бала қосылып, алты шаңырақты шығарып тұрған жоқ па? Осы алты шаңырақты құрап отырған алты рулы елдің аузы бір, ынтымағы берік болмай ма?  деген екен.


АЛТЫН, КҮМІС  ТАС ЕКЕН,

АРПА, БИДАЙ  АС ЕКЕН


Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Олардың араздығы сондай, бір- бірін көргісі келмейді екен.

Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған алтын мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан қора екен. Алтын мен күміс түгілі, нанын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны суарып, күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті.

Бір жылы көктемде алапат су тасқыны болыпты. Бай алтынын көтеріп ағаштың басына шығып кетеді. Ал кедей болса бір көмеш нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына көтеріледі. Су тасқыны он бес күнге созылады. Бір күні қарны ашқан бай кедейге:

 Әй, кедей, сен мына бір кесек алтынды ал да, маған бір үзім нан бер, дейді.

 Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймын, деп, жауап береді кедей.

 Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймын, деп, жауап береді кедей.

Екінші күні бай кедейден тағы да нан сұрайды.

 Алтынымның жартысын берейін, дейді ол бұл жолы.

 Жоқ, бере алмаймын, деп бұл жолы да кедей келіспейді.

Ақыры аштан өліп бара жатқан соң шыдамай, бай үзім нанға бар алтынын айырбастайтынын айтады. Кедей бәрібір көнбейді. Бойынан күші кеткен бай басы айналып, суға құлап кетеді. Ал, келесі күні су тоқтап, кедей ағаштың басынан түседі. Халықтың: «Алтын, күмістас екен, арпа, бидайас екен» дейтіні осыған орай айтылған екен.


АЛТЫН, КҮМІС  ТАС ЕКЕН,

АРПА, БИДАЙ  АС ЕКЕН

(Екінші нұсқасы)


Бұл нақыл тәубесіне келіп, астамшылық жасағанын мойындағанда, нанның, азықтың, тағамның қадір-қасиетін жете түсінгенде айтылады.

Ерте заманда бір әйел дүниеқұмар болыпты. Өзінше «алтын, күміс дүниелерің болса, басқаның не керегі бар» деп есептепті. Сөйтіп, өңшең алтын-күміс заттарды, тіллә теңгелерді жиыпты.

Бір жылы астық шықпай, елде ашаршылық болып, нан тауып жеу қиынға түседі. Алғашқы кездері әйел зат, теңгелеріне бидай нан алып күнелтіпті. Ел күйзеліп, онша-мұнша жиған қорлары таусылатын болған соң, бұрынғыдай айырбас жасауды қойыпты. Әйел: «Аштан өліп барамын, бір уыс астық беріңдерші»,  деп жалынып-жалбарынса, ешкім көнбепті. Әлсіреп, көзі қарауытып бара жатқан әйел: «Арпа, бидай  ас екен, алтын, күміс  тас екен»,  деп, алтын, күміс дүниеліктерін лақтырып жіберіп, құлап түскен екен.


АЛЫС, АЛЫС ТА БОЛСА ЖАҚЫН,

ЖАҚЫН, ЖАҚЫН ДА БОЛСА АЛЫС


Ауылдың тұсындағы өзеннен өте алмаған жолаушы:

 Мынау өзеннің өткелі қай жерде?  десе, Жиреншенің жұбайы Қарашаш оған:

 Ана жерде бір өткел бар, алыс, алыс та болса жақын, мына жерде бір өткел бар, жақын, жақын да болса алыс,  депті. Әлгі жолаушы «жақын, жақын да болса алыс» деген өткелден өтемін деп, балшыққа батып малтығыпты. Содан айналып барып «Алыс, алыс та болса жақын» деген өткелден ешқандай кедергісіз тез өтіп кетіпті деседі.

Бұл мақалдың айтпағы, біріншісінің жолы алыс немесе жұмысы көп болғанымен, өткелімен өтуі оңай, нәтижесі тез. Ал екіншісінің жолы қысқа немесе еңбегі аз болғанымен, өткелі жоқ, өтуі қиын, машақат-әуресі көп дегені.


АЛЫСТАН АРБАЛАҒА,ЖАҚЫННАН ДОРБАЛА


Ыбырайдың азамат атанған кезінде қазақ егін егуді намыс көреді екен. Байқосақ деген бір кедей құрбы-құрдастарына кеп, қаладан көрген жаңалықтарын айтып, «кент жұрты егін салады екен, қаптап азық алады екен, біз де соны байқасақ қайтеді?»  десе, олар мазақ етіп: «Байқосақтың сөзі ылғи байқасақтан келеді» деп, күліседі.

Үлкендер сөзін тыңдамаған соң, Байқосақ ауылдың балаларын жинап, аядай жерге аз ғана егін ексе керек. Егіннен әжептәуір астық алған Байқосақ таңданып қалған елге: «Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбалағаным»  деп жауап беріпті. Кейін нақыл болып кеткен осы сөз сол Байқосақтан қалыпты-мыс.

Ыбырай ұстаздық қызметінде жүріп, ауылға келгенде, осынау жұмысқа қатты сүйсініп, әлгі Байқосақты іздеп барыпты да:

 Сіз үлкен іс атқардыңыз. Оныңызды көпшілік ұға қоймапты. Сол үшін көп атынан кешірім сұрағалы келдім, бастаған ісіңіз ұлғая берсін, біз егінші болуымыз керек,  деп разылық білдіріпті.

Осы сөзден соң елдің бірталайы егін салу жұмысымен айналыса бастапты. Кейін Байқосақ: «Ыбырай қалқам мені егінші деп айтты, елге білім еккен шын егінші өзіңсің ғой»,  депті.

Керек зат, дүниені алыстан, біреуден, шет жұрттан көптеп, қымбаттап алғанша, соны аз-аздан болса да, өзің еңбектеніп, жасап, өндіріп алғаның игі, тиімді деген ой, ұғымды береді.


АМАНАТҚА ҚИЯНАТ ЖҮРМЕЙДІ


Ертеректе бір жігіт жалғыз анасын асырау мақсатында жұмыс іздеп жолға шығыпты. Жолай бір ақсақал кезігеді. Жөн сұраса келе мән-жайға қаныққан ақсақал жігітке өзінің үйінде бір жыл жұмыс істесе, ақысына өмірлік азық болар нақыл сөз айтамын деп ұсыныс жасайды. Бұл ұсыныс көкейіне қонған жігіт келісе кетеді. Күн өтеді, ай өтеді, жыл өтеді бір жыл тынымсыз еңбектенген жігіт мерзімі жетіп, қайтуға жиналады, көкірегін ерекше сезім билеп, керемет сөз естірмін деген үміт жүрегін өрекпітеді. Сонда ақсақал:

 Балам, ешқашан өтірік айтпа,  дейді. Бұл сөзді естіген жігіт жатып кеп ашуланады.

 Бір жылдық еңбегімнің құны осы сөз бе еді, мұны өзім де білемін ғой,  дейді.

Назад Дальше