Қанатты сөз  қазына. 2-кітап - Кеңес Оразбекұлы 6 стр.


Ата-баба мен ұрпақтың, аға буын мен кіші буынның, үлкен мен кішінің арасында жалғастық болады, жолы бір болады дегенді аңғартады.


АЛҚАТСАҢ АЛҚАТ ҚЫЗЫҢДЫ,

АҚТАР ОЛ ДӘМ-ТҰЗЫҢДЫ


Алқату  еркелету, ардақтау, қолпаштау. Соңғы кезде сөздік қордан шығып барады. «Алқатсаң алқат қызыңды, ақтар ол дәм-тұзыңды». (Мәтел). (Б. Қыдырбекұлы, 69. 35-б.).

Қызыңды ардақтап, үкілеп, ар-ұятын биік ұстап тәрбиелей біл, ол ет жақын жанашырың болып, еңбегіңді, дәм-тұзыңды ақтайды деген мәнде ұғынылады.


АЛТАЙ МЕН АТЫРАУДАН,

АРҚА МЕН АЛАТАУҒА ДЕЙІН


«Алтай-Атырау  әдебиет пен баспасөзде, теледидарда өте жиі қолданылатын тіркес. Батыстан Шығысқа бірнеше мың шақырымға созылып жатқан Қазақстан үшін бұл кеңдіктің, байтақтықтың көрсеткіші болып қала бермек». (С. Қондыбаев. 9. 6.10.94.)

Негізінен С. Қондыбаевтың бұл келтірген тіркесі толыққанды емес. Халық аузында «Алтай мен Атыраудан, Арқа мен Алатауға дейін» деген де тіркес бар. Яғни, Алтай мен Атырау  еліміздің кеңдігін көлденеңінен немесе Батыстан Шығысқа дейінгі белдеуін сипаттаса, Арқа мен Алатау  тігінен немесе Солтүстіктен Оңтүстікке дейінгі ауқымын көрнекі түрде көрсетеді.


АЛТАЙ  МЕНІҢ МЕКЕНІМ,

ЕЖЕЛГІ ЖЕРГЕ ЖЕТЕМІН


«Жоңғарлардың бетін қайтарғаннан кейін-ақ, қазақтың бір бөлім рулары сол жоңғарлар басып алған ежелгі атамеккенге табан тіреуді мақсат етіп, шығысқа бет алғаны тарихтан мәлім. Айдарынан жел ескен Қабанбай сынды қолбасылар бастаған қазақтың қалың көші осылайша атақонысқа табан тіреді. Осылардың бір дәлелі  найманның қызай руының 1757 жылғы Мамырсу бітімінен кейін Есенгелді батырдың бастауымен Тарбағатайға, одан ары қазіргі қоныстары Іле алқабына көшуі. Бұдан соң Ер Жәнібек бастаған Абақ Керейлердің Алтай  менің мекенім, ежелгі жерге жетемін деп аттанған дүбірлі көші де қозғалды. Қазақ елі осылайша Абылайдай кемеңгер дипломат басшысының жүргізген саясатының арқасында ежелгі мекенге керегесін жая берді. Бұл жерде Абылай ханның Аягөзде өткізген бірнеше маңызды кездесулері, қазіргі күні ол жақта өмір кешіп жатқан 2 миллион қазақтың орнығуына, Қазақ  Қытай арасындағы халықаралық сауданың басталуына, екі елдің бұдан былай бейбіт өмір сүруіне тікелей себеп болды десек, артық айтқандық болмас.» (Е. Айтмұхаммедұлы. 50. 2. 06. 2011.)

Иә, осы тұста айта кетейік, найман, керей, үйсін, қаңлы руларының, тіпті хандық мемлекеттерінің ежелгі түркі заманынан бері (Ү  ҮІ) осы Алтай тауы төңірегін айнала қоныстанып мекен еткенін, кіндік кескен атажұрты екенін тарихи, археологиялық деректер де растап келеді. Көш иелерінің: «Алтай  менің мекенім, ежелгі жерге жетемін» деп айтып отырғаны да сол ата-бабадан жалғасып келе жатқан жад.


АЛТАЙ  ТҮРКІЛЕРДІҢ АЛТЫН БЕСІГІ


«Ақиық ақын М. Жұмабаевтың «Алыстағы бауырыма» деген әйгілі жырында:

Кел, кетейік Алтайға,

Ата мирас  Алтын таққа, 

деген жолдар бар. Яғни, Алтайдың күллі түркі-моңғолға ортақ мекен екенін айғақтап тұр. Бірақ, бүгінде төрт мемлекет  Қазақстан, Қытай, Ресей мен Моңғолияның аумағына кіретін қасиетті таудың төрт жағында да қазақтар мекен етіп отыр. Өр Алтайда да, Таулы Алтайда да, Қобда бетінде де, Батыс Алтайда да  киелі мекендердің бәрінде де қазақтар отыр. Демек, біз Алтайдан кіндігімізді үзбеген, қара шаңыраққа ие болып отырған жұртпыз». Д. Қыдырәлі. «Қазақстан тарихы» порталы.

«Қ. Салғарұлы бұдан әрі түрік атауының шығу төркінін іздейді. Түрік атауының қай кезде пайда болғандығын көрсететін айғақтар жоққа тән, нақтылық жетіспейді. Зерттеуші сондықтан жанама деректерді де назардан тыс қалдырмайды. Жазба дерек бойынша  түрік деген христиан эрасынан кейінгі ҮІ ғасырда Алтайда пайда болған халықтың және оның тілінің атауы. Алтай  түріктердің алтын бесігі деген ұғым осыдан шыққан». (А. Ысымұлы, 31. 29.05.2013).

Түркі тектес халықтар біздің жыл санау дәуірімізден бұрынғы ежелгі замандарда Алтай тауының баурайында ел болып ұйысып (Ергенеқон), Тәңір тауы (Алтай) жоталарының айналасын бойлай мемлекет (қағанат) болып дамып-өркендегені белгілі. Ол мемлекеттер ыдырап, өз ара қақтығысып, біздің жыл санау дәуіріміздің алғашқы ғасырларында шар тарапқа жайыла қоныс теуіп, Ұлы көшті де бастап берген. Бірақ олар әлемнің қай тарабында өмір сүрсе де, ұлы отандары  Алтайды ұмытқанжоқ. Алтайды олар түркітектілерді ұйыстырған Алтын бесік деп құрмет тұтып, көтермелеп келеді.Сондықтан да бұл сөз тіркесін кейде «Алтай  көк түріктің қара шаңырағы», «Көк түріктің кіндігі  Алтайда», «Алтай  көк түріктің Алтын тағы» деп те түрлендіреді.

Түркі тектес халықтар біздің жыл санау дәуірімізден бұрынғы ежелгі замандарда Алтай тауының баурайында ел болып ұйысып (Ергенеқон), Тәңір тауы (Алтай) жоталарының айналасын бойлай мемлекет (қағанат) болып дамып-өркендегені белгілі. Ол мемлекеттер ыдырап, өз ара қақтығысып, біздің жыл санау дәуіріміздің алғашқы ғасырларында шар тарапқа жайыла қоныс теуіп, Ұлы көшті де бастап берген. Бірақ олар әлемнің қай тарабында өмір сүрсе де, ұлы отандары  Алтайды ұмытқанжоқ. Алтайды олар түркітектілерді ұйыстырған Алтын бесік деп құрмет тұтып, көтермелеп келеді.Сондықтан да бұл сөз тіркесін кейде «Алтай  көк түріктің қара шаңырағы», «Көк түріктің кіндігі  Алтайда», «Алтай  көк түріктің Алтын тағы» деп те түрлендіреді.

Жоғарыдағы сөздерді оқып отырғанда, ойың қияндарға шарықтап, шабыт жетегіне ересің: сол атажұрт Алтай төңірегінде «Алтай  көк түріктің алтын бесігі» атты ғажайып ертегі қалашығын, «Ергенеқон», «Өтікен» өлкелерін орнатып, сонда жыл сайын халық-аралық түркі фестивалін өткізіп тұрса, қандай ғанибет болар еді! Онда көкпар, ат сайыстары, түркілердің әскери өнері, ұлттық қолөнері, ойын-сауық, күрес, айтыс, тоғызқұмалақ, асық ойындары және т. б. ұйымдастырып, Тоныкөк. Күлтегін, Білге қаған тас құлпытастары макеттері мен ескерткіштері орнатылса, Алтай өңірі туристік Алтын Ордаға айналмас па еді!


АЛТЫ АРЫС ЕЛ


«Қазақ шежірелерінде Ұлы жүзді алты арыс (тайпа) ел дейтін де дерек бар. Олар: Бәйдібектің бірінші келінінен туған Сарүйсін  бірінші арыс, екінші келінінен туған Шапырашты, Ошақты, Ысты  екінші арыс, үшінші келіннен туған Албан, Суан, Дулат  үшінші арыс, құрамына Шанышқылы мен Қатағанды қосып алған Қаңлы  төртінші арыс, Жалайыр  бесінші арыс, Сіргелі  алтыншы арыс. Шежіре деректерінде Бәйдібектің ағасы Байдұлладан тарады делінетін Шақшам ұрпағы санының аздығына байланысты тайпалық өреге кейіндеу жеткен. Орта жүз де алты арыс ел  Арғын, Найман, Қыпшақ, Қоңырат, Керей, Уақ. Тарақты тайпасы Тәуке ханның «ноқта ағасы» институтын енгізуіне байланысты кейін дараланған сияқты»Кіші жүздің он екі ата Байұлы да алты-алты тайпадан екі бірлестіктің қосылуы арқылы құралғаны байқалады. Әлім бірлестігі де алты арыс ел. Шежіре деректерінде Жетіру бірлестігінің де алғашқыда алты арыс ел болғаны, Тама тайпасының Жетіру бірлестігіне кейін қосылғаны айтылады». (А. Сейдімбек, 93. 86-б.).

Бір қауым ел деген мағынаға жақын.


АЛТЫ ЖАСАР БАЛА ЖОЛ ЖҮРІП КЕЛСЕ,

АЛПЫСТАҒЫ ШАЛ БАРЫП АМАНДАСАДЫ


«Жалпы ауыл адамдары ұзақ сапардан келген ағайынға жиылып келіп амандасу немесе алыс сапарға аттанғалы жатқан адамға жиылып барып» «жол болсын»деп тілек айту дәстүрі болған.» Алты жасар бала жол жүріп келсе, алпыстағы шал барып амандасады» деген мәтел соның айғағы. (С. Қалиев, М. Оразаев, М. Смайылова, 75.34.)

«Алыстан қонақ келсе  ауыл адамдары оған міндетті түрде сәлем береді және үйіне шақырады. Алыстан алты жасар бала келсе  алпыстағы адам барып сәлем береді деген қазақтың ғажап әдептілік мәтелі бар». (С. Кенжеахметұлы, 43.).


АЛТЫН КҮРЕК


«Алтын күрек  көктем желі. Арқа жұртында көктем желінің бірнеше атауы бар. Көктемгі қар ерітер қатты желді тұтастай Өкпек жел дейді. Оның аса қатты, екпіндей соққан сәттерін Атанжығар деп те атайды. Бұл жел өткір, салқын болғанымен, қарды қатырмайды, ерітеді. Өкпек жел кей мезгілде қар аралас жаңбырлы да болып келеді, кейде қара жаңбырлы болады. Осы желдің сәл жұмсақтауын Ебінің желі дейді. Арқа жұрты көктемгі күн мен түннің теңесуін Самарқанның көк тасы еритін күн, көктемнің басы деп, осы кеште наурыз көже деп көршілік қонақасы береді. Міне, нақ осы тұста оңтүстіктен соғатын жылы желді  Алтын күрек деп атайды. Бұл атау қарды өндірте ерітуіне қарай қойылған. Алтын күрек желі шынында да, күреп тастағандай, жерді қардан тез-ақ аршып тастайды». (С. Шүкірұлы, 9. 23.08.2001.)

Бұл сөз тіркесін негізінен оңтүстік өлкенің адамдары қолданады, соған қарағанда оңтүстікке тән жылы, қарды күреп ерітетін желдің түрі болса керек.


АЛТЫН АЗБАЙДЫ, ДАУ ШІРІМЕЙДІ


«Алтын азбайды, дау шірімейді»,  дейді халқымыз. Яки, дәугерлер жеті атадан бергі дауды да қуып, биге жігунуге хақылы». (М. Тағыбергенұлы.).

Мұндағы айтылмақ ой, алтын  асыл металл, сондықтан ол бүлінбейді, тозбайды. Дау ескірмейді.

Назад Дальше