Гүлмінездің гүлдері - Кеңес Оразбекұлы 2 стр.


Мұхамеджан қасқа бас шалдың бұл сөзіне іштей тіксініп, ұнат-пады. Бірақ сыр берген жоқ. Сөзді әріден өрбітті:

 Менің Әл Фараби, Ибн Сина, Беруни, Ұлықбек сынды ғұлама бабаларымды, мына беріде өмір сүрген Шоқан Уалихановты білетін шығарсыз?

 Әрине, білеміз.

 Міне, солар техникалық ғылымды игеріп қана қоймай, бұл ғы-лымды жоғары деңгейге көтеріп, іргелі жаңалықтар ашып, ілгері дамытты емес пе. Оларды қайда қоясыз?

 Олар, жарқыным, әр жүз, мың жылда бір келетін жеке тұлғалар ғой. Оларды қозғамасайшы,  деп, шал кеңк-кеңк күлген.

Мұхамеджан шалдың күліп болуын күтіп тұрды да:

 Кешіріңіз. Мен де сондай жүз жылда келіп қалған ұрпақтың бірі шығармын. Сол үшін де техникалық оқу орнына тайсалмай ұмтылып отырмын ғой,  деген. Бұл жолы екеуі де мырс-мырс етіп күліп алды.

 Болса, боларсың, бәрекелді!  деді қасқа бас шал.

 Құжаттарыңды қабылдадық, емтиханға дайындала бер,  деді институт ректоры, сол жымиған күйі Мұхамеджанға риза бол-ғанын сездіріп.

Мұхамеджанның тұла бойын бір ыстық сезім ду етіп билеп алды. Бұл жеңіс  алғашқы күшті тосқауылды күйреткен үлкен жеңіс екенін түсінген Мұхамеджан орнынан ширақ көтеріліп, еңсесін тіктеп шығар есікке беттеді.

ҰЛЫЛЫҚ  КІШІПЕЙІЛДІКТЕ

СЕГІЗ ЖАСТЫҚ

Бірде Дінмұхамед Ахметұлы ел аралайын деп жолға шығады. Орта жолда олардың машинасына бір әйел қол көтереді. Димаш ата машинасын тоқтатқызады. Оның да баратын жері Шелек болған соң, бірге алып кетеді.

Машина үйінің алдына тоқтағаны сол еді, әлгі әйел Дінмұхамед Ахметұлына:

 Үйге кіріңіз, шаңырағымнан дәм татыңыз,  деп қоймайды.

Сонда Дінмұхамед Ахметұлы:

 Жақсы онда, дәмнен үлкен емеспіз, кіріп өтейік,  дейді. Осы сөзді естігенде әйелдің қуанғаны сондай, үйіне жүгіре жөнелді.

Үйге кіргенде, әйел сегіз жастықты Қонаевтың жолына қаз-қатар тізіп қойған екен. Дінмұхамед Ахметұлы осыған таң қалып, жастықтан өте алмай дағдарып тұрғанда:

 Менің сегіз балам бар. Мына жастықтарды солар жастанады. Сіз осы жастықтардан аттап өтіп төрге озсаңыз. Сонда мен бұл жастық-тарды сіз аттаған қасиетті жастықтар екенін елге, балаларыма айтып, мақтаныш көріп жүрер едім,  дейді. Сонда Дінмұхамед Ахметұлы:

 Жо-жоқ! Сіздің сегіз балаңыз жатқан бұл жастықтарды атта-маймын. Қайта әрқайсысын маңдайыма тигізіп, тәу етейін. Балала-рыңыз мақтаныш көріп жатсын,  деп жол тауып кетіпті.


«ҚОНАЕВТЫҢ АРҒЫМАҒЫ»

Бірде бір кеңшардың жұрты Дінмұхамед Ахметұлына ақ боз арғы-мақ сыйлайды. Әлгі аттың тұлғасының сұлулығы, сыр-сымбатының келіскендігі сондай, қарасаң көз тоймайды екен. Қонаевтың өзі де сүйсінгенін жасыра алмапты. Дегенмен ол кеңшар басшысын бір шетке шығарып тұрып:

 Мақұл, мен бұл әсем арғымақты жұрттың алдында сый ретінде қабылдап алған болайын,  депті.  Бірақ оны өзіммен бірге әкетпей, сіздің кеңшарыңызда қалдырып кетемін. Өйткені, өзі нағыз бәйгеге қосатын жел аяқ тұлпарға ұқсайды. Сіздер оны бәйгелерге қосы-ңыздар. Бәйгенің алдын бермей, жеңімпаз шыққан кезде: «Бұл  Қонаевтың арғымағы!»  деп айтып жүрсеңіздер, маған соның өзі жеткілікті,  деген екен.

ЕРЕКШЕ БАЛА

Алтай Едіге атасымен қыдырыстап жүріп, ауыл орталығындағы ескерткіштің тұсына келді. Сол арадағы орындыққа жайғасқаннан кейін екеуінің де назары бірден алдарындағы ескерткішке түскен. Тастан қаланған биік тұғырда  бойында бес қаруы түгел алып батыр басын көтере ұстап, қияндағы көкжиекке тігілген күйі сесті көрінеді. Батырдың оң қолы  алдаспан қылышының сабында, ал сол қолы, жанына аңшы ит сияқты ерткен қызыл жолбарыстың желкесінде. Олар сол күйлерінде елдің тыныштығын қорғап тұр ма, әлде алыс қиырдан келе жатқан жауларын көріп, соларды күтіп алуға сайланып тұр ма, белгісіз.

 Ата,  деді Алтай ескерткішке ойлана қараған күйі.  Батыр-лардың жан серігі ат болады емес пе. Мәселен, Алпамыс  Шұбар ат, Қобыланды Тайбурыл мініп жауға шапқан. Ал, мына Ескелді бабамыз аттың орнына қызыл жолбарыс мінген бе?

 Олай емес, құлыным,  деді Едіге ақсақал немересінің басынан сипап.  Ескелді де кәдімгі батырлардай ат мінген. Ал, мына қызыл жолбарыс Ескелді батырдың пірі болған. Бұл ескерткішті тұрғызған мүсінші ағалар өзге ат мінген батырлардан ерекшеленіп тұрсын деп, батырды қолдаушы пірі қызыл жолбарыспен бедерлепті ғой.

 Ата, пір дегеніміз не?

 Ата,  деді Алтай ескерткішке ойлана қараған күйі.  Батыр-лардың жан серігі ат болады емес пе. Мәселен, Алпамыс  Шұбар ат, Қобыланды Тайбурыл мініп жауға шапқан. Ал, мына Ескелді бабамыз аттың орнына қызыл жолбарыс мінген бе?

 Олай емес, құлыным,  деді Едіге ақсақал немересінің басынан сипап.  Ескелді де кәдімгі батырлардай ат мінген. Ал, мына қызыл жолбарыс Ескелді батырдың пірі болған. Бұл ескерткішті тұрғызған мүсінші ағалар өзге ат мінген батырлардан ерекшеленіп тұрсын деп, батырды қолдаушы пірі қызыл жолбарыспен бедерлепті ғой.

 Ата, пір дегеніміз не?

 Пір дегеніміз, балам, ерекше жағдайларда, мәселен, соғыс, не басқа түскен қиындықтарда жанынан табылып, адамды қолдап, қорғап, демеп жүретін рух иесін  пір дейді. Міне, мына Ескелді бабаң басына қиындық төнгенде, қызыл жолбарысқа сиынған.

 Сонда қызыл жолбарыс жанына келіп, оны құтқарып қалады ма?

 Жоқ, олай емес, пір дегеніміз көзге көрінбейтін рух иесі. Ол тек қолдаушысына ғана, мәселен, Ескелді батырға қызыл жолбарыс болып елестеп көрінеді. Батыр сол рухына сыйынғанда, бойына ерекше күш-құдірет дарып, қуаттанып, кез келген қиындықты жеңіп шығатындай қуатқа ие болады.

 Сонда, ата, кез келген адамның пірі бола ма?

 Кез келген адамның пірі бола бермейді. Ондай рух ерекше адамдарда ғана болады. Мәселен, кейбір арқалы батырларға, ақын-жыраулар мен өнерлі адамдарға ғана дариды. Адамдардың аңыз етіп айтуынша, ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың, Кенен ақынның, Ағыбай, Сұраншы батырлардың, мына Ескелді бабаңның пірлері қызыл жолбарыс болған. Ал, Абылай ханның пірі  ақ бура, Қажымұқан балуанның пірі  Баба түкті Шашты Әзіз болған деседі. Өткенде біз «Алпамыс батыр» жырын оқыдық емес пе?

 Иә.

 Сонда жырдың бір жерінде былай дейтін еді ғой:

Сол уақытта батырға

Атса мылтық өтпеді,

Шапса қылыш кеспеді,

Ғайып-ерен қырық шілтен

Қолтықтап, сүйеп демеді.

Міне, көрдің бе, Алпамыстың пірі Ғайып-ерен қырық шілтен бол-ған екен

Алтай бұл сөздерді естісе де үндеген жоқ. Ол алдындағы ескерткішке қарап тұрып, бір терең қиялдарға беріліп кеткен еді


***

Алтай бүгін мектептен көңілді оралды. Үйге кіргеннен сумкасын жерге қоя сап, атасының мойнына асылды.

 Иә, бүгінгі сабақтардан «бес» алғансың ау деймін, шамасы?

 «Бес» дегенің ол күнделікті бағалар ғой. Мен бүгін қазақша күрестен Сәбит, Досан, Асқарларды жеңіп, аудандық жарысқа жолда-ма алдым! Міне, «бес» дегеніміз  осы!

 Бәрекелді, құлыным! Қажымұқан атаңдай күшті балуан бол!  деп, немересінің маңдайынан сүйді.  Ал, енді бара ғой, анаңның дайындаған тамағын тойып іш. Балуандарға қажет мол күш!  деп ұйқастырып, немересін ас үйге қарай бағыттады.

 Міне күш!  деп Алтай екі қолын көтеріп, білек бұлшық еттерін бұлтыңдатып, ас үйге қарай аяңдады.


***

 Ат-а!  деп Алтай таңертең тұра салып, үстелде шай ішіп отыр-ған атасының жанына алып-ұшып жетті.  Ата, білесіз бе, мен ерекше баламын!

 Оны қайдан білдің?

 Мен бүгін түс көрдім. Түсімде жұлдызды көктен бір қанатты барыс ұшып келіп, төсегімнің басына қонды да: «Мен сенің піріңмін. Сен аудандық жарыста да жеңіп шығасың» деді. Ендеше мен ерекше бала болғаным ғой, иә?!

 Иә,  деді Едіге атасы жымиып.  Егер сенің пірің қанатты барыс болса, ерекше бала болғаның.

 Ендеше оның айтқаны айнымай келеді ғой, иә?!

 Келеді. Егер ол түсіңде аян беріп, «жеңесің» десе, жеңесің.

 Ала-қа-ай!

 Дегенімен, құлным, мына кеңесімді есіңде ұста: Қанатты барысың «жеңесің» десе, оның саған жігер, рух бергені. Сол жігер-рухпен қуаттанып, жаттығуыңды еселейтін болсаң, міндетті түрде жеңіске жетесің.

 Онда мен қазірден бастап жаттығуға кірісемін! Ала-қа-ай!  деген күйі ол сыртқа жүгірді.

ГҮЛМІНЕЗДІҢ ГҮЛДЕРІ


ҚАМҚОРШЫ

Есікті айқара ашып, тойған қозыдай томпиған кішкене қыз кірді. Бұл  бақшадан қайтқан Гүлмінез. Қолында тығыншықтай, қап-қара күшік бар. Оны еденге қоя берді. Өзі есікті жауып, ақ мамықпен көм-керілген қоңыр пальтосының түймелерін ағытты. Киім ілгішке бойын созып іліп жатып:

 Анашым, ау анашым,  деп еді, асхана жақтан «Ә, не дейсің?» деген дауыс естілді.

 Мұнда келші. Мен әдемі күшік тауып алдым. Өзі әбден тоңыпты. Қарны да аш болу керек, сүт бар ма?

Асханадан шыққан шешесі күшікті көрген замат:

 Е-ей, Гүлмінез-ай,  деді әбіржіп.  Оны қайдан алдың? Ада-сып жүрген біреудікі де. Апарып таста.

Назад Дальше