Гүлмінездің гүлдері - Кеңес Оразбекұлы 4 стр.


 Сен дұрыс жасамадың, Гүлмінез,  деді.  Табиғатта не нәрсе-нің болсын өз орны, өз заңдылығы бар. Бұлар  бәйшешектер, көк-темнің хабаршысы. Ерте гүлдейтіні де содан. Бұлар қурағанмен, орнын басқа гүлдер басады. Сонысымен де қымбат. Мына гүлдер қай жерде гүлдесе, сол жерде ұрық шашып, ендігі жылы тағы өніп шығар еді. Ал, сен, оларды бұл гүлзарға білместікпен зорлап әкелдің. Егер Жамал апайыңнан «табиғатты қалай қорғаймыз?» деп сұрап алғаныңда, бұл іс болмас еді.

Гүлмінездің жүзі қызарып, төмен қарады. Шешесі қызының шашы-нан сипап:

 Бұларды енді осы орнынан қозғамай-ақ қой. Екінші рет қателік жасамауға тырысасың. Жүр үйге, тамақ суып қалады,  деді.

Ол ілбіп басып, шешесінің соңынан ерді. Сөйтсе де оның сана-сында «табиғатты қалай қорғаймыз?» деген сырлы сауал жаңғырықтай тағы қайталанды. Осыны келесі сабақта апайынан сұрап алуға бекінді.


ӘСЕР

Жамал апай шәкірттерін ерекше көзқараспен барлап өтті.

 Үйге берілген тапсырма не еді? Кім айтады?

Үшінші қатардағы екінші партадан Әсиягүл мен Қамаш жары-са ұшып тұрды.

 Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңін жаттап келу,  деді қағілез Әсиягүл.

Жамал апай сынып ішін асықпай қайта сүзіп шықты. Жәудір көз-дерден ынтазарлыққа толы төзімділікті аңғарды.

 Ал, кәне, кім дайын?  деді ол сабырлы қалпын өзгертпестен.

Балалар шулап қоя берді: «Мен айтайыншы! Мені шығарыңызшы, апай!»

 Жарайсыңдар!  деді Жамал апай масаттанып.  Қуаныш-тымын. Сонда да тәртіпке келейік, балалар, тынышталыңдар! Сендерді журналдағы тізіммен шақырайын. Сөйтсек, әділ болады, жарай ма?

Ұстаздарының сырын білетін шәкірттер құйын желпіп өткен құрақ-тай қайта тына қалды.

Аты-жөні аталғандар тақтаға шығып, кезек алмасуда. Қайсы-сы болсын өлеңді асықпай, салмақты дауыспен айтуға тырысады:

Ақ киімді, денелі ақ сақалды,

Соқыр мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды

Өлеңді іштей жарыса қайталап, аузы жыбырлап Гүлмінез де отыр. Ол терезе алдындағы партада еді. Аузы бүріліп-жазылып, көзін кірбитіп, басын терезе жаққа бұрған күйі, өзімен-өзі боп кеткенін сезген жоқ. Кенет құлағы әйнектің сықырына елең етті.

Сыртта қарлы боран ұйытқып тұр. Көшенің арғы басындағы үйлер бұлдырап көрінеді. Өлеңнің мазмұны мен сырттағы көрініс сай келгендей. Гүлмінездің әсершіл көңілі елегізіп, көз алдына әлденелер елестеді.

Терезені біреу ұрып тұрған сияқты, әйнек «тырс-тырс» етеді. Анық-тап қараса, ар жақтан қорқынышты бір бейне сығалайды. Апандай ау-зын ашып, қарлы үскірігін боратады дейсің: «У-у-у-у!».

Гүлмінездің жүрегі кеудесіне сыймай, лүп-лүп соқты. Мөлдіреген бота көздері үрейге толы, денесін суық ызғар қарығандай тітіркенді.

Әлгі құбыжықтың бұрқыраған демі көрінбес қорғанға соғылып, одан бетер өрши түскендей. Әне, енді ол долдана аласұрып, айда-лаға лағып барады. Ол сол бойы дабылдамастан, қыр астында қой жайып жүрген кісіге барып тиісті. Нөкер-бұрқасындарын соңына ертіп, құйындатқан күйі, әлгі адамды шыр айналуда. Қарды ұйытқыта шашып, оны ат-матымен көміп тастамақшы. Кісі де сеңсең тонына орана түсіп, оңайлықпен берілер емес. Қолындағы өрім қамшыны оңды-солды сілтеп, қаскүнем бәлемен қасарыса алысуда.

Мәссаған! Кісі дегені  өз атасы. Гүлмінездің тұла бойы түршігіп кетті. Тамағына бір нәрсе кептеліп қалғандай, тынысы тарылды. Жанары ылғалданып, бұлдырап барады.

Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,

ақ орда үй шайқалды

Үздік-создық естілген өлең сөздері оның үрейін тіптен өршітті.

Шидем мен тон қабат киген малшы,

Бет қарауға шыдамай теріс айналды

Кенет атасы ат үстінен аударылып түскендей болды. Гүлмінездің көз алды бұлдырап кетті. Бар даусымен шыңғырып жібергенін өзі де сезбей қалды

Көзін ашса, бүкіл сынып қоршап алыпты. Жамал апайы да бәйек болып жүр.

 Саған не болды, Гүлмінез? Басыңды көтерші. Бір жерің ауыра ма?  деп, жаны қалмай құрақ ұшуда.

 Жәй өзім Атамды ойлап  деді ол өксігін баса алмай.  Кешегі қарлы боранда қойларымен ығып кетіпті. Түні бойы ай далада, қарлы боранның астында қалып, іздеушілер зорға тауып алыпты. Қазір ауруханада жатыр

 Ым-м, солай ма еді. Қой, қамықпа, Гүлмінез. Дәрігерлерді мен білемін. Атаңды тез арада сауықтырып шығарады. Көресің әлі Осы көктем шықсыншы. «Атамды сағындым» деп, жайлауға тағы қашарсың. Гүлмінез жымың етті.

Оқу жылының басында, шопандарға су таситын Қайыржан көкесінің машинасымен қойлы ауылға тартып отырған. Сол күні ол сабағынан да қалып еді

 Егер көңіл қошың болмаса, кітаптарыңыды жиыстырып, үйі-ңе қайта ғой.

Гүлмінез басын шайқады:

 Жоқ, мен «Қысты» айтам.

 Өте жақсы. Онда біраздан кейін өзіңе келгенде шығарамын. Жа-рай ма?

Ол басын изеді. Сабақ әрі жалғасты. Өзінің кезегі келгенше, тере-зеге қарамауға тырысты. Аты-жөні аталғанда, орнынан тұрып, тақтаға беттеді. Өлеңді айтуға оқталып, тамағын кенеді де, тұрып қалды.

 Жамал апай,  деді кенет даусы өзгеріп.  «Қыстың» орны-на Абай атамның «Жазғытұрын» айтайыншы.

Жамал апай жымиды. Түсінді, әрине.

 Жарайсың, Гүлмінез. Алдағы тапсырмаға күні бұрын дайын-далған көрінесің. Сол үшін «Жазғытұрын» айтуға рұқсат берем.

Гүлмінездің жүзі жайнап кетті. Өлеңді мәнерлеп, шабыттана оқыды:

«Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Түйе боздап, қой қоздап қорада шу,

Көбелек пен құстар да сайда ду-ду.

Гүл мен ағаш майысып қарағанда,

Сыбдыр қағып бұраңдап ағады су.»

Оның көңілінде қырмызы гүлді жасыл жайлау суреті көлбеп тұра қалды. Құлан таза сауыққан атасы көк жонның үстінде, ақ боз атты жетегіне алып, мұны күтіп тұр екен дейді

ЖАЙЛАУ ТАҢЫ ЖЫР ТӨГЕР

Гүлмінезді мамырдың саумал желі оятты. Көрпесі ашылып кеткен. Киіз үйдің іргесінен уілдеп тұр екен. Сырттан қой мен қозылардың жамырай маңыраған, атасының қой қайырған даусы естілді. Боз-торғайдың мың құбылған үні тіпті әсерлі.

Денесі сергіп қалыпты. Салмақсыз шардай, орнынан жеңіл тұрды. Киіз үйдің қос жармалы есігін айқара ашып, сыртқа елегізген күймен шықты.

Күткеніндей-ақ алдынан керемет көрініс ақ жарылып қоя берді. Төңірегі бел-белес жасыл әлем. Оларды көкпеңбек, кіршіксіз аспан күмбезі бауырына алыпты. Сонау, көлбей сұлаған жотаны қиялап қой-лар өріп барады. Енелерінің соңындағы жас төлдер  бейні ақ мар-жандай көз қуантады. Ал сай табанындағы құла биенің мүсінді құлынын, қозы  маржандармен салыстырғанда, ақ жұмыртқа дерсің.

Өркештенген көкжиектен жалт етіп көрінген алау-от Гүлмінезді айрықша баурап алды. Күн бейне бір сахнаға көтерілген табиғат ор-кестрінің дерижеріне ұқсайды. Айнала-төңірек кенеттен құлпырып, көңілді, салтанатты ырғаққа толып кеткендей. Оның алтын сәуле-таяқшасынан тараған нұр  қыздың жан қалтарысын себездеп қана қытықтап өтті. Бойындағы болмашы ғана діріл бүкіл денесіне тарады. Күлімсіреген күйі сезімге бөленіп, отты дирижер  күнге қарап көзі ұялды. Жанары мөлтілдеген шаттыққа кенелді.

 Шырағым-ау! Ерте тұрғансың ба?  деген дауыс оның ойын ке-неттен бөліп жіберді. Гүлмінез жалт бұрылса, жанында әжесі тұр. Оның әжімді, момақан жүзі өте сүйкімді көрінді. Бұрынғы бұйығы, қара-пайымдылығынан түйір дақ қалмағандай.

 Әже,  деді ол, әжесінің тарамыстай қолын алақанымен айма-лай сипап.  Жайлау таңы қандай әсем. Неткен ғажайып күй ырғақ-тарына толы

Оның танауына жаңа сауған сүттің иісі келді. Әжесінің бал тамған саусақтарына сіңген сүт қой бұл. Ол осы қамқор саусақтарды сығым-дай ұстап, жүзіне жақындатты.

 Иә, жаным,  деді әжесі.  Жайлау таңын көрген де арманда, көрмеген де арманда. Бар берекенің басы осы сылқым таңмен еріп келеді. Ерте тұрып әдеттенген адамға ырысын үйіп береді. Сен де сондай сергек жандардың бірінен бол, қарағым,  деп шешілді.

 Айтқаныңыз келсін!  деді Гүлмінез ересек адамдарша. Артынша:

 Ой, әже,  деді ойына бір нәрсе түскендей ырши секіріп.  Менің қағаз-қаламдарым қайда?  деп жүгірген күйі үйге сүңгіп кетті. Үйге қалай кірсе, солай жылдам шықты. Қолтығына қағазын, уысына қаламдарын қысқан күйі, үй артындағы биік дөңге тұра жүгірді. Мөлдіреген шық тамшыларын да елемей, көк шалғынға апыл-ғұпыл тізе бүкті. Содан, алаулаған күнге бетін бұрып, тапжылмастан көп отырды.

Қария қойларын өргізіп жіберіп, сәресісін ішуге қайтып келген. Немересінің бос төсегін көріп:

 Гүлмінез қайда?  деп сұрап еді, кемпірі иегімен дөң жақты нұс-қады. Қария үй сыртын көлегейлеген биік жонды тасадан шығып барып қарады. Немересінің қағазға шұқшиып отырғанын көріп, көңілі орнына түсті.

Бұл кезде кемпірі үй алдындағы ошаққа от жағып, түтін түтетті. Сүт пісіріп, шай қамдауға кірісті.

Үй ортасындағы жайдақ үстелге дастарқан жайып, шалы екеуі енді жайғаса бергенде, Гүлмінез де кіріп келді. Жүзі бал-бұл жанып, қария-лараға жайнаңдай қарады.

Назад Дальше