ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ - Кеңес Оразбекұлы 10 стр.


 Менің сақтаушы, жебеуші періштелерім!  деп балаларды бауырына қысты.

 Сендер шын мәнінде періштесіңдер ме?  деді Ардан өз күдігін ішінде сақтап қала алмай.

 Жоқ, біз де кәдімгі ет пен сүйектен жаралған адамдармыз.

 Онда сендер қалайша көзден ғайып болдыңдар?!

 Ол мына сағаттың құпия тіліне байланысты,  деп балалар қолдар-ындағы сағаттарын көрсетті.

 Ал, хан иеме оқ жаудырып, қастандық жасайтынын күні бұрын қайдан білдіңдер?

 Біз бағана болашақтан келдік деп айтқан жоқпыз ба. Бізге уақыты өтіп кеткен Сіздің заманның барлық оқиғалары бесенеден белгілі жай ғой. Соны ұғыңыздар.

 Е, мейлі, ұғуға тырысайық. Ал, әлгінде хан иеме сыйлық ретінде қоймай кигізген оқ өтпейтін жейделеріңіз сыйқырлы нәр-се ме?

 Ол жейде сыйқырлы емес. Кәдімгі өздеріңнің жауынгерлерің киетіндей сауыт, оқ өтпейтін темірден тоқылған қарапайым жейде.

 Ал, енді  деп Ардан тағы бір сұрақты қойғалы тұрғанда, Анарыс баба:

 Болды, қой енді, кейін бәрін біле жатарсың. Ал қазір аттарды тегеленге жек, елге қайтайық. Арман-мақсаттарымызды орындауға жұмылайық,  деді құлшына.

 Құп болады, хан ием!  деген күйі Ардан ат-арбаны жегуге жүгірді.

 Ал, періштелерім менің! Жүріңдер. Ел-жұртымызға тезірек жетейік!  деп, Анарыс баба жас баһадүрлерді емірене бауырына қысып, арбаның артынан ілесті.

«Кескілескен шайқаста мен жеңіп шықсам да,

тірі қалсам да, сен (Кир  К.О.) менің түбіме жеттің. Өйткені, жалғыз ұлымды айлакерлік қулық-сұмдықпен қолыңа түсірдің, ажалына жеттің. Тап сондықтан да енді мен, өзіңе ескерткенім сияқты, қанға деген тойымсыз құмарыңды қандырамын». Кир қазасы жайлы көптеген әңгіменің неғұрлым шындыққа

жақыны осы деп ойлаймын».

Геродот «Тарих».


«Кир үшін қасіретті аяқталған бұл шайқас

табанды Рим легионының парфияндық қолбасы

Суреннің атақты салтаттыларымен кездескен

Красстың парсылармен соғысын еске салады.

Массагеттердің ұшқыр сарбаздары Кирдің әскерін

шыр айнала қоршап, қоянқолтық айқасқа жола-май, парсылардың жаяу әскерін жебенің астына алды. Жаяу әскерден гөрі, салтаттылардың

оғы көп еді және қорамсақтарын дер кезінде

толтырып әкеле қоятын, өйткені қосын күрені

жақын жерде орналасқан».

В.В.Струве, «Кавказдың солтүстік

Қара теңіз жағалауы мен Орта Азия тарихы

туралы ойлар».

Кирдің түсі

Үшеуі «Ерлік алаңына» таң сәріден келді. Астарында жан серік-тері  Ақбоз, Көкбоз, Тоқбоз. Үстерінде  Алып Ер Тоңға сйылаған сауыт-сайман, бойларында бес қару, арқаларында жол қапшық. Олар әдеттегідей Тұран баһадүрлеріне тағзым етті.

 Ал,  деді Би.  «Кеңістік сағаттарыңды» біздің дәуірімізге дейінгі 530 жылға туралап қойдыңдар ғой?

Бауырлары сағаттарын тексеріп көрді де:

 Туралап қойдық!  деді.

 Онда біз Тұмар патшаның заманына сапар шегеміз. Ал, ұранымызды бастайық:

Біз Тұранның ұлдарымыз,

Ерлік  басты ұранымыз!

Жорыққа сай, дайынбыз,

Текті елдің қыранымыз! 

Олар өз ара келіскендей, сағаттарының түймесін басып қалады. Сол сәтте кеңістік өзгеріп, үшеуі ежелгі дәуірден шыға келеді.


***

Парсының жеңілуді білмейтін Кир патшасы Вавилон жорығынан кейін біздің дәуірімізге дейінгі 530 жылы Сақ даласына келіп кіреді. Өзінің бармақтарынан бақайшағына дейін қаруланған 300 мыңдық қалың әскерімен жолындағысын тасқын судай жайпап, тыңнан түрен сала келіп, ұлы Сейхунның9 бойына тоқтап, күрендерін тігеді. Алдыңғы бақауыл жасақтарымен Сақ елінің әскери күшін сараптап, жер жағдайымен таныса келіп, өзінің басты қарсыласы  Сақ падишасы Тұмар ханымның ордасына елші жібереді.


***

Тұмар ханымның еңселі ақ ордасы. Төрдегі биік тақытта Тұмар ханым. Төңірегінде уәзірлері мен қолбасшылары. Бір бүйірде оның ұлы Спаргапис, жанында онымен бауырласып үлгерген Ер, Би, Нар отыр. Ашық тұрған есіктен парсы елшісі кіріп келеді. Ол:

 Сақтардың ұлы падишасы, Тұмар ханым. Сізге парсының ұлы патшасы Кир дұғай-дұғай сәлем жолдайды. Ол: «Сақтардың ұлы ордасының жесір ханымы маған жар болуға қалай қарайды екен. Екеуміз екі елдің басын қосып, мықты күш болып бірігіп ел билейтін едік»,  дейді. Сіздің ұйғарымыңыз?

Тұмар ханым оған жауабын көлбілтелемей бірден айтты:

 Қалың қолымен жерімді басып, жаншып тұрып, бүйтіп аярлық жа-сағанына жол болсын. Оның бұл жымысқы айласына түсе қалатын ашықауызды тапқан екен. Бар, Киріңе айт: Келген жолы-мен кері қайтсын! Кир көзін маған емес, менің еліме, жеріме салып отыр. Ата-баба әруағы жатқан жерді жаттың табанына таптатқызып, қорлатпаймын. Соны айтып бар!  деп елшіні кері жібереді.

***

Тұмар ханымның жауабын естіген Кир бойын ашу-ыза кернеп, әскеріне Сейхунның үстінен өткел салуға бұйырады. Бұл  соғы-самын деген белгі еді. Мұны сезген Тұмар ханым Кирге жаушысын жібереді де, одан мынандай сәлем айтты:

 Мидиялықтардың патшасы! Өз жөніңе кет дегенге көнбедің. Ендеше тұрысатын жеріңді айт! Дарияға өткел салып әуре болмай-ақ, үш күн-шілік жерге кері шегініңдер. Сонда соғысамыз. Оған көнгің келмесе, сен-дерге жолды босатып, біз үш күншілік жерге кері шегінейік. Жауабыңды кешеуілдетпе.


***

Кирдің жорық шатырында әскери кеңес жүріп жатыр. Кир алдында қолбасшылар мен әскери кеңесшілер ғана отыр. Кир оларға барлай қа-рап:

 Иә, сендер не дейсіңдер? Томиристің айтқанындай үш күндік жерге кейін шегінейік пе, әлде олардың шегінгенін қалайсыңдар ма?

Біраз үнсіздіктен кейін кеңесшілердің бірі сөз алды:

 Тақсыр,  деді ол бір құпия сырды ашқандай жігерлене қарап.  Біздің кері шегінгеніміз дұрыс болар. Өйткені, біз шегінген жеріміздің ой-шұқырын бес саусағымыздай біліп аламыз. Сақтарға қарсы соғыс майданын ашқан кезде сол білігімізді пайдаға асыратын боламыз. Сөйтіп, оларды тықсыра қуған жағдайда, сақтардың шегінетін жері қалмайды. Өзен иініне әкеліп қамап, дүрліккен жауды қойдай бауыздап, қыра беруге де тиімді.

Әскербасының бұл ойын басқалар да қуаттады. Кир де осы ойға жығыла берген. Кенет осы кеңеске қатысып отырған лидялық Крездің10 басын шайқап тұрғанын байқап қалды.

 Иә, Крез, басыңды шайқағаныңа қарағанда, келіспей тұрған сияқтысың ғой? Неге келіспейсің, соны айт?!

 Уа, әміршім,  деді Крез нық та сенімді үнмен.  Егер сен өзіңді және әскеріңді елден ерекпіз деп бағаласаң, онда мен пікір айтып әуре болмай-ақ қояйын. Ал, егер сен өзіңді кәдімгі ажалды адам деп, әскерің де өзіңдей пенделерден құралған қол деп есептесең, әрдайым бір адамның жолы бола бермейтінін ұғын. Егер сен жауды өз жеріңе енгізсең, оның өте-мөте қатерлі деп білемін. Жеңілген жағдайда, мемлекетіңе де қауіп төнеді, олар жеңістің желігімен сені еліңнің түкпіріне дейін өкшелеп қумай тоқтамайды. Ал жеңіске жеткен күнде Томирис иелігіне түре тиіскенге не жетсін! Әйелдің тілін алып, жауын өз жеріне енгізу  Камбис баласы Кирге өліммен тең емес пе?! Сонымен ақылымды алсаңдар, дариядан өтіп жаудың шегінген жеріне дейін баса көктеп барайық та, мынандай айла жасайық: Өз қосынымызда көп қой сойып, ат-көпір етіп ас-су әзірлейік. Әсіресе шарап жағы ырғын болсын. Содан соң орнымызда әлсіз әскер қалдырып, дарияға қарай шегініп кетерміз. Менің ойымша, өздері бұрын татып көрмеген тағамның үстінен түскен жау дәмге тарпа бас салады. Ал, одан арғысы белгілі емес пе.

Осы екі ұдай пікірді салмақтап көрген Кир, әуелгі ұсынысты тәрк етті де, Крез пікірін қабыл алды. Сөйтіп, Тұмар ханымға «уәделі жеріне шегінсін»,  деп шапқыншы жібертті.

Тұмар ханым уәдесінде тұрып, қосынын дариядан үш күндік жерге, қасиетті Қаратау қойнауына қарай шегіндірді. Кир болса қарақұрым әскерін дариядан жайлап өткізе бастады.

Кир қосынын дариядан өткізген күннің түнінде түс көреді. Түсінде немере ағасы Гистасптың үлкен ұлы Дарий биік таққа отырыпты. Екі иығында қос қанаты бар дейді. Бір қанаты Азияны, екінші қанаты Еуропаны бүркеп тұр екен. Түсінен шошып оянған патша түсінің мәніне ой жүгіртіп, оны тегін емес деп жориды. Немере ағасын шақыртып алады да, екеуі оңаша отырғанда оған былай дейді:

 Гистасп, сенің ұлың Дарий11 жасы жетпеген соң жорыққа қатыстырылмай, елде қалған еді. Сол ұлың менің тағыма таласып, өміріме қастандық жасағалы жүр. Менің кәміл-пірлерім әмісе қамымды жеп жүретіні және алдымды алып отыратыны өзіңе аян. Сол кәміл-пірлерімнің көрсетуінше, түсімде сенің үлкен ұлыңды көрдім. Екі иығында екі қанаты бар екен, бір қанатымен Азия, екінші қанатымен Еурпоны бүркеп, менің тағымда тұр екен. Соған қарағанда, сенің ұлың менің өміріме қатер төндіргелі жүргені даусыз. Сол себепті дереу Персияға қайттағы, мен мына жауды жеңіп, елге оралғанша жауапқа дайындай бер.

 Уа, ұлы патшам,  деді Гистасп оның аяғына жығылып.  Сен еліміздің даңқын аспандатып, жарты әлемді жаулап алдың. Ол елдердің бәрі салық төлеп, еліміздің дәулетін арттырып, тасқын-датса, бұл  сенің арқаң. Ендеше саған кім қастандық ойласа, ол бізге де жау. Ондай жаулық ойлайтын парсылықтың тумағаны игі еді! Туа қалған күнде, ертерек өліп кеткені абзал-ды! Түсіңде көргендей, баламнан қауіп ойласаң  бердім соны қолыңа құрбан ғып! Елге барып, оны тұтқынға алайын!  деп, патшадан шыға сала, атқа қонып, елге қарай жол тартты.

Назад Дальше