Балалар жөн сұрасып, негізгі келген шаруаларын реттеп болғаннан кейін, Анарыс бабаның қазіргі жай-күйімен де танысты.
Ең жақын досым әрі ұстазым Солон қайтыс болғаннан кейін, оның жылын өткізіп, барлық мұраларын ретке келтіріп, шәкірттерінің біріне тапсырдым да, елге қайттым, деді Анарыс әңгімесін жалғап. Сондағы басты көздегенім өз жұртымның сауатын ашу, скиф мемлекетінің негізгі тұғырын, яғни грекия-дағыдай патша, тәңірқұттан бастап, әскері мен қарапайым халқына дейін заңмен, тәртіппен өмір сүріп, жүріп-тұруға қалыптастыру еді. Сол мақсатта еліме келе салып, сауат ашу, шешендік өнері ұғындырғыларын6 аштым, балаларды оқыттым. Бос уақыттарымда скифтердің өмір-тұрмысына лайықтап жарғы баптарын құрас-тырумен айналыстым. Күндердің күнінде сол заң-жарғыларым дайын болды. Қайта-қайта қарап, пісіп-жетілді-ау деген күні қала халқын жинап, ел алдында оқып бердім. Бірен-саран бай-шонжарлар болмаса, көпшілік халыққа бұл заң-жарғы қатты ұнады. Ел менің еңбегімді қолдап-қуаттап
қана қоймай, тәңірқұттың құзырына апарып, бекіткізуімді өтінді. Елдің ыстық ықыласына бөленген заң-жарғыны мен тақта отырған бауырым Сабылдың қолына тапсырдым. Мән-маңызын түсіндіріп, тезірек қабылдауын өтіндім. Ол заңмен танысып шығайын деп алып қалды. Бірақ көп өтпей менің ісімнен береке кетті. Артымнан аңдушы, арандатушылар көбейіп, жан-жақты қудалауға түстім. Шәкірттерім сабақтарына келе алмай, ұғындырғым жабылып қалды. Содан кейін осылай ел-жұрттан безіп, еріксіз дәруіш-қаңғыбастық жолға түсуіме тура келді. Жағдайым осылай, жас достарым. Енді тек даңғыра, кепшік қағып, көктегі бір Тәңірімнен халқымызға, ел басшыларына таупық-тәубе7 беруін тілеймін. Байланған көздерінің ашылуын, қудалау, көре алмаушылықтардың жолы кесілуін тілеп, жалбарынумен күн өткізудемін.
Дәл осы кезде сенімді күтушісі Арданның:
Дастарқан дайын, тамаққа келіңіздер, деген даусы шықты.
Олар үлкен тақта тастың үстіне жайылған дастарқанның айна-ласына жайғасты. Балбырап бабымен піскен жылқы етін жеп, сорпа мен қымыздан дәм татты.
Анарыс баба, деді Би қымызды төңкеріп ішіп болып. Эллиндер сізді де Солон, Фалес, Периандрлар сынды ғұламалардың қатарына қосып, құрметтеп өтті. Шешендік даңқыңыз шартарапқа жайылды. Дегенімен бізге мына жайды түсіндіріңізші: Олар, яғни Биант, Питтак, Солондар эллиндік шешендік мектебінен қалып-тасып шыққан, сол ортадан оқу, тәрбие, өнеге көріп жетілген кісілер еді. Ал, сіз Скифиядан, яғни, оларша айтқанда, жабайы өлкеден бардыңыз, ендеше шешендік өнерді қалайша тез меңгеріп, игеріп кеттіңіз? Соны түсіндіріңізші.
Бұл сауалға Анарыс баба бар мейіріммен жымия күліп тұрып, асықпай жауап берді:
Е, балалар, бір негіз, тұғыр болмаса, мықты үй тұрғыза алмайсың. Олар қанша жерден жабайы дегенімен, біздің де өз далалық өркениетіміз қалыптасқан. Біздің скифтердің арасында да аузымен құс тістеген шешендер, қара қылды қақ жарған билер, өлең мен жырды төгілткен суырыпсалма ақындар мен жыраулар, ән мен күйден саз өрген дала өнерпаздары аз емес. Мен солардың қайнаған ортасында өсіп-жетілдім, солардың келісіне түсіп, шешендік талайымды сынадым. Мен эллиндерге сондай ұғындырғыдан өтіп, шыңдалып барған едім. Олардың қатарларына тайпалған жорғадай бірден қойып кеткенім де содан.
Ал, енді мынаған жауап беріңізші, сіз ата-бабаңыздан бері қара көк үзілмеген тәңірқұт, хан тұқымынансыз. Ендеше қалайша хандық, билікті тәрк етіп, шешендік өнерді таңдадыңыз?
Бұл жолды таңдауыма бірнеше себептер болды, солардың ең негізгілерін айтсам, біріншіден, әлгінде айтып өткендей, жастай-ымнан далалық шешендік өнердің қайнаған ортасында өстім, тәлім алдым, соның әсері ме, менің тұла бойымды шешендік өнерге деген талпыныс, сүйіспеншілік, құштарлық билеп алды. Ақыр соңында жүрегім билікті емес, өнерді таңдады. Екіншіден, бұл билікті сеніп тапсыруға лайықты адам бар еді. Ол менің бауырым Сабыл. Оның бойындағы тасқындаған қайрат-жігеріне, өктемдігі мен өрлігіне мен ілесе алмас едім. Осы жайларды ой елегінен өткізіп, таразылай келе, менің жолым, тағдырым билік емес, шешендік өнер екенін ұғындым, сол жолдың ыстық-суығына төзіп, тауқыметтерін арқалауға бел будым
Тамақтан кейін балалар асық ойынына отырды. Анарыс әдет-тегіндей құрулы тұрған даңғыра, кепшіктің алдына барып, оларды бір ырғақпен қағып, Тәңірге құлшылық етудің рәсіміне кірісті.
Даңғыра бір қалыпты соғылып, Анарыс әуен-ырғаққа жан-тәнімен беріліп кеткен бір тұста, айнала ұшып жүрген сауыс-қандардың үдере шыққан шиқылы ерекше естілді. Балалар елең етіп, орындарынан ұшып тұрды. Алаңдап қарап еді, Анарыстың арт жағында әудем жерде садақтарын кезеніп тұрған салт аттыларды көрді. Балалар ауыздарын ашып үлгергенше, қауырсынды жебелер зуылдап ұшып, Анарыстың арқа-жонына «сарт-сұрт» етіп қадалып жатты. Бірақ бір таңқаларлығы, қанша оқ тисе де Анарыс баба құламай тұр. Ол оқ атқандарға бұрылған кезде байқаса, жебелер жон арқаға дәл тигенімен, ешқайсысы денесіне дарымаған. Бәрі шетінен лыпа көйлекті тесіп өткенімен, жебелер төмен салбырап, матасына ұшынан ілініп тұрды. Бұл оғаш көрініске оқ жаудырған жауын-герлердің өздері таң қалғаны сондай, ауыздарын ашқан күйі тұрып қалған. Бір кезде естерін жиып, басшыларына ілескен бойы желе шоқытып, Анарыстың жанына жетіп келді. Басына мұрақ8 кигені Сабылдың өзі екен. Ол Анарысқа сұстана қарап:
Тамақтан кейін балалар асық ойынына отырды. Анарыс әдет-тегіндей құрулы тұрған даңғыра, кепшіктің алдына барып, оларды бір ырғақпен қағып, Тәңірге құлшылық етудің рәсіміне кірісті.
Даңғыра бір қалыпты соғылып, Анарыс әуен-ырғаққа жан-тәнімен беріліп кеткен бір тұста, айнала ұшып жүрген сауыс-қандардың үдере шыққан шиқылы ерекше естілді. Балалар елең етіп, орындарынан ұшып тұрды. Алаңдап қарап еді, Анарыстың арт жағында әудем жерде садақтарын кезеніп тұрған салт аттыларды көрді. Балалар ауыздарын ашып үлгергенше, қауырсынды жебелер зуылдап ұшып, Анарыстың арқа-жонына «сарт-сұрт» етіп қадалып жатты. Бірақ бір таңқаларлығы, қанша оқ тисе де Анарыс баба құламай тұр. Ол оқ атқандарға бұрылған кезде байқаса, жебелер жон арқаға дәл тигенімен, ешқайсысы денесіне дарымаған. Бәрі шетінен лыпа көйлекті тесіп өткенімен, жебелер төмен салбырап, матасына ұшынан ілініп тұрды. Бұл оғаш көрініске оқ жаудырған жауын-герлердің өздері таң қалғаны сондай, ауыздарын ашқан күйі тұрып қалған. Бір кезде естерін жиып, басшыларына ілескен бойы желе шоқытып, Анарыстың жанына жетіп келді. Басына мұрақ8 кигені Сабылдың өзі екен. Ол Анарысқа сұстана қарап:
Саған жебелер неге дарымайды? деді.
Ол жебелерді дарытпаған біз, деді Ер суырылып алға шығып.
Сендер кімсіңдер?
Біз Анарыс бабаның қағушы періштелеріміз, деді Би де ілгері адымдап.
Қанатсыз қандай періштесіңдер! Жалған айтпаңдар!
Ал, сіз бауырыңыз Анарыс бабаны қалайша өлімге қиып отырсыз?! деп, Нар да бауырларының қатарына қосылды.
Сабыл жауынгерлеріне қарап:
Мына тырбиған бақаларды менің аяғыма жығып, тәңірқұтқа қарсы шыққандардың қалайша жер қабатынын көрсетіңдерші, деді саусағымен нұсқап.
Үш жауынгер аттарынан түсіп, өздеріне сенімді түрде балаларға жақындай берген.
Бауырлар, дәл тамақтарынан тебейік! деп сыбырлады Ер жайымен.
Дайындалыңдар! Ал
Үшеуі бір мезгілде шыр көбелек айналған күйі каратэ тәсілімен аяқтарын көтеріп, «сарт-сұрт» тепкен еді, мұндайды күтпеген әлгі жауынгерлер бірінен кейін бірі кескен теректей жалпасынан түсті.
Кәне, бәрің жабылыңдар! деді ызаланған Сабыл қалған жауынгерлеріне иек қағып.
Жиырма шақты жауынгер жан-жақтарынан шеңберлей қоршап, анталап жақындай бергенде, Нар бауырларына: «Сағаттарыңның минуттық тілдерін басыңдар!» деп айтып үлгерді. Жауынгерлер жабыла лап қойғанда, бауырлар ізім-ғайым жоғалды. Балалардың көзден ғайып болғанына қатты үрейленген жауынгерлер жан-жаққа бытырай кейін серпілген. Бір минуттан кейін балалар тұрған орындарында қайта пайда болды. Сабыл да өзінің сескеніп қалғанын байқатқысы келмей:
Жабылыңдар! деп тағы ақырды. Жауынгерлер сабасына түсіп, қайта ұмтыла бергенде, бауырлар қайта жоқ болды. Бұл жолы зәрелері зәр түбіне жетіп, естері ауыса есеңгіреген жауынгерлер жан-жаққа бытырай қашты. Балалар қайта пайда болды.
Ал, енді, Сабыл мырза, біздің кім екенімізге көзіңіз жетті ғой, деді
Ер тәңірқұтқа тура қарап. Енді өзіңіздің жоқ болатын кезегіңіз. Мәңгі бақи жоқ боласыз. Ал, бауырлар, сиқырға дайындалыңдар
Сабыр, сабыр, жігіттер, деді Сабыл бұл жолы сескенгенін жасыра алмай. Не тілейсіңдер, қалауларыңды айтыңдар?!
Тілегімізді орындайсыз ғой?
Тәңірі алдында ант етемін!
Біздің әрқайсымыздың тілегіміз бар. Менің тілегім: Анарыс бабаға бұдан былай қастандық жасамайсыз! Соңына аңдушы, тыңшы қоймайсыз! деді Ер.
Болсын! деді Сабыл басын иіп.
Ұғындырғы, білім ордаларын ашып, бала оқытуына кедергі жасамайсыз! деді Би.
Болсын!
Анарыс бабаның заң-жарғысын қабылдап, іс жүзінде орын-далуына қатаң бақылау қоясыз! деді Нар.
Сабыл қарасұр жүзі бозарып, біраз уақыт үнсіз тұрып қалды. Бір уақыт еріндерін әрең қимылдатып, тісінің арасынан сыздықтата:
Бол-сын! деп, ернін тістеп, жерге шұқшиды.
Ал, енді, келген жақтарыңызға ат басын бұрып, бізді оңаша қалдырсаңыз.
Сабыл әскерін жинап, келген жолдарымен еңселері түсе кейін шегінді.
Қуанышы қойнына сыймаған Анарыс баба:
Менің сақтаушы, жебеуші періштелерім! деп балаларды бауырына қысты.
Сендер шын мәнінде періштесіңдер ме? деді Ардан өз күдігін ішінде сақтап қала алмай.
Жоқ, біз де кәдімгі ет пен сүйектен жаралған адамдармыз.
Онда сендер қалайша көзден ғайып болдыңдар?!
Ол мына сағаттың құпия тіліне байланысты, деп балалар қолдар-ындағы сағаттарын көрсетті.