Ә, сен Зәрдаш пайғамбар туралы айтып тұрсың ғой, деді Алып Ер Тоңға бурыл тартқан қаба сақалын тарамдап. Ол біздің туған ғой, Бозаттының баласы. Хазар2 мен Арал маңында түйе бағып, ой қуып жүріп, пайғамбарлықты нәсіп еткен. Бір Тәңір Күн Тәңіріне ғана сиынуды уағыздағаны үшін тұрандықтардың қысымына ұшырап, парсы жұртынан пана тапты. Сый-құрметіне бөленіп, дінін таратты. Жалпы оның уағызында көп пайдалы жайттар бар. Мен Зәрдаш бабамыздың хақ дініне осы жерде көз жеткізіп, бабамыздың ілімін өз халқына қайтаруды парыз санап жүрмін. Елді бір қаған билейтіні қандай хақ болса, жер-дүниені де бір Тәңірі билейтіні сондай хақ емес пе. Бізді осы бірлік бай-ланыстырып тұрған шығар. Ал, Әуезді кітап дегеніңді мен білмейді екенмін.
Ер баба, «Авеста» деңіз, оны білмейтін де жөніңіз бар. Ол кітап сіздердің заманыңыздан V ғасыр кейін барып дүниеге келген ғой.
Сен бала, көріпкелсің бе, мұның бәрін қайдан білесің?.. Е, мейлі, мұның бәрін кейін сұрастыра жатармыз. Ал, қазір
Дәл осы кезде сырттан қарашы кіріп:
Хан ием, Мысыр елінен елші келді. Қабылдауыңызды сұрайды, деді басын иіп.
Кір сін! деді Алып Ер Тоңға екпінмен.
Жанында екі зәңгі серігі бар ұзын бойлы қара сұр кісі кіріп келді. Ол сырты оймышталып, алтындалған папирус қағазының орамасын жазды да, үзіп үзіп былайша оқып шықты:
Жер жүзінің жартысынан көбін жаулап алған, жеңімпаз әміршім! Мысыр елінің патшасы Нехо перғауын Сізге жалынды -жалынды сәлем жолдайды. Сізге деген құрмет пен берілгендіктің өтеуі ретінде екі керуен асыл бұйымдар мен алтын-күміспен көм-керілген тарту-таралғыларды перғауынның мерекелік сый-тартуы ретінде қабылдауыңызды сұраймыз. Және сонымен бірге әр ай сайынғы алым-салықты да уақтылы жеткізіп тұруға міндеттенеміз. Соның өтеуі ретінде біздің елімізге әне-міне басып кіруге дайын тұрған қосыныңызды тоқтатуға бұйрық беруіңізді өтінеміз.
Сіздің атақ-даңқыңыз аспандап, қазынаңыз молая берсін деген ізгі тілекпен Нехо перғауын».
Елші айтып болдым дегендей қолын кеудесіне қойып, басын иді. Қолындағы ораулы папирусты Алып Ер Тоңғаның нөкеріне берді де, өзі бұрынғы орнына қайтып барды.
Мейлі, Мысырға шабуыл жасауға асықпай-ақ қояйын, деді Алып Ер Тоңға елшіге сынай қарап. Дегенімен, Нехо перғауыныңа айтып бар, алым-салығын бұрынғыдан екі есе көбейтсін, сонда ғана өтініштерің орындалады.
Болсын, тақсыр! деді елшілер тағы да иіліп тағзым етіп. Сол күй-лері кері шегініп, шеткерірек барып тұрды.
Даяшылар қайда, бұларға да кесені толтырып наурыз көже құйсын. Өздері жарытып тамақ ішпей ме, арық қатпа екен. Елдеріне біраз шыр жинап кетсін.
Айнала отырғандар патшаларының сөзіне тағы рақаттанып күліп алды.
Даяшылар оларға көже толы кесені ұсынып жатқанда, сырттағы қарашы қайта кірді:
Хан ием, Кейхосрау шах хатшысын жіберген екен, алдыңызға кірсін бе?
Бұл жиен нағашысын не себептен еске алып, керек етіп қалды? Кірсін.
Кейхосроуды неге жиен дейді? деді Нар Бидің құлағына сыбырлап.
Өйткені, оның әкесі Сияуыш тұрандық қызға үйленген.
Сияуыш Алып Ер Тоңғаның қолынан мерт болған жоқ па еді?
Иә, кескілескен бір соғыста Алып Ер Тоңғамен жекпе-жекке шы-ғып, ажал құшты. Ал баласы Кейхосрау әкесінің орнына таққа отырыпты ғой.
Осы кезде сусар бөрік, түйе жүн қоңыр шапанды хатшы кіріп келді де, иіліп тағзым етті.
Ұлы тәңірқұт! Кейхосрау Сізді Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, дұғай-дұғай сәлем жолдады. Егер мүмкіндігіңіз болса, бүгін жиеніңіздің мерекелік дастарқанының құрметті қонағы болса екен деп, ілтифат етті.
Алып Ер Тоңға дөңгелек жүзі шырайланып, ақ жарыла күліп алды да:
Енді, жиеніміз жайылып жастық, иіліп төсек болып жатса, нағашысы неге бармайды екен. Барамыз! Бар, солай сәлем айтып бар!
Ер Нардың құлағына еңкейіп:
Осы дастарқанда емес пе, Алып Ер Тоңғаның адамдарын шетінен мас қылып, шараптарына у қосып қырып салатыны?
Иә, осы дастарқанда.
Ендеше сол жайды айтып, барғызбай қойсақ қайтеді?
Жоқ, болмайды, деді Би. Біріншіден, «Тәңірқұттың екі сөйлегені өлгені», тәңірқұт «барамыз» деп уәде берді. Екіншіден, осындай Ұлыстың ұлы күні тұрандықтардың дәстүрі бойынша, жауының да дастарқанынан бас тартпайтын салт бар. Кейхосраудың есебі де осы емес пе. Сондықтан, бұл жолы үндемейік, ал барған соң бір мәнісін табармыз.
***
Шахтың мейман күтетін кең залы. Дөңгелене жасалған кең үстел. Төрде нағашылы-жиен болып Алып Ер Тоңға мен Кейхосрау отыр. Алып Ер Тоңғаның оң жағына тұранның игі жақсылары уәзір, билер мен ақсақалдар, қолбасшылар мен нояндар, Кейхосраудан төмен парсының игі жақсылары жайғасқан. Ал, Ер, Би, Нар есік жаққа жақындау орналасқан. Үстел үстінде тұрандықтардың ұлттық тағамдары үйме табақ ет, қазы-қарта, қымыз, бауырсақ, ірімшік, ұлыс көже тағы басқа тағамдар.
***
Шахтың мейман күтетін кең залы. Дөңгелене жасалған кең үстел. Төрде нағашылы-жиен болып Алып Ер Тоңға мен Кейхосрау отыр. Алып Ер Тоңғаның оң жағына тұранның игі жақсылары уәзір, билер мен ақсақалдар, қолбасшылар мен нояндар, Кейхосраудан төмен парсының игі жақсылары жайғасқан. Ал, Ер, Би, Нар есік жаққа жақындау орналасқан. Үстел үстінде тұрандықтардың ұлттық тағамдары үйме табақ ет, қазы-қарта, қымыз, бауырсақ, ірімшік, ұлыс көже тағы басқа тағамдар.
Би жанындағы бауырларына сыбырлайды:
Бауырлар, байқадыңдар ма, дастарқандағының бәрі тұрандықтардың ұлттық тағамдары. Демек, бұл қонақтарына деген сый-құрметтің белгісі, қонақтарының көңілін көтеріп, жайлан-дырудың бір тәсілі. Ал, дастарқанның екінші бөлігінде меніңше, парсының ұлттық тағамдары мен шараптары әкелінеді. Сөйтіп, қонақтарын жақсылап сыйлап, қыздыра отырып, өздері де мерекелік көңіл күйге енеді. Сондай қызу отырыстың үстінде қонақтардың алдына улы шараптар қойылады Түсіндіңдер ме, бауырлар?
Түсіндік.
Ендеше сылтауратып далаға шығайық. Сол жерде ақыл-дасармыз.
Үш бауыр орындарынан тұрып, күтуші жігіттерге далаға шығу-дың ым-ишарасын жасайды. Олар бірден түсініп, біреуі оларды сыртқа ертіп әкетеді.
***
Үшеуі дәретханада тұрып, бірден жоспарға кіріседі.
Бауырлар, біздің ең басты мақсатымыз, ас үйге бару екенін білесің-дер ғой?
Иә, білеміз. Жаңа келе жатқанда ас үйдің қайда орналасқанын байқап алдық қой. Осы үйдің батыс қанатында, төменде екен.
Ендеше, мына ашық терезеден төмен түсуіміз керек. Бауырлар, белімдегі арқанды шешіп алыңдаршы, Ер көйлегінің етегін жоғары көтереді. Нар мен Би оның беліндегі ораулы арқанды тарқатып, босатып алады. Оның бір ұшын терезе жақтауына байлайды да, екінші ұшын терезеден ары асырып жібереді.
***
Үшеуі дәліз бойымен еппен, мысықтабандап жүріп, асхананы тауып алады. Бірақ есігінің алдында бір күзетші тұр екен.
Енді не істейміз? деді Ер қобалжып. Әлде оның көзін жоғалтамыз ба?
Жоқ, болмайды, деді Би. Парсылар күдіктенсе, жоспар-ымыз жүзеге аспайды.
Онда қандай амал бар?
Бауырлар ойланып қалды. Бір кезде Нар:
Мен қазір күзетшінің алдына барамын да, адасып кеткенімді айтып, қонақ күтетін залдың қайда екенін сұрап, шалғытып тұра-мын. Сендер сол кезде байқатпай кіріп кетесіңдер. Ал, мен жөнелдім.
Жолың болсын!
Нар күзетшінің алдына барып, адасып кеткенін айтып еді, ол қонақ балаға ұзын дәлізді көрсетті де:
Осы дәлізбен тіке жүре берсең, оң жағыңнан жоғары көтер-ілетін текпешекті көресің. Сол арқылы келесі қабатқа көтеріліп, оңға бұрылсаң, оюлы алтын есікті көресің. Міне, сол өзің іздеген қонақасы беретін үлкен бөлме.
Нар рақмет айтып, дәлізге қарай аяңдады.
Дәл осы уақытта, Ер мен Би күзетшінің арт жағынан асханаға өтіп, аспазшылар мен даяшыларға байқалмай, үстелдің астына кіріп кетеді. Соның астында тұрып, үстел-жапқыштың арасынан сығалап, асханадағы бар жайды бақылап отырады.
Аз өтті ме, көп өтті ме, бір уақытта асханаға бас уәзір кіріп келеді. Ол бас аспазды оңаша шығарып, бір шынысауытты ұстатады да, құлағына сыбырлап бір нәрселерді түсіндіреді. Аспаз «түсіндім» дегендей басын изейді. Уәзір кеткеннен кейін бас аспаз шыны-сауыттағы сұйық-тықты іргеде қаз-қатар тұрған төрт құмыраға құйып шығады.
Көрдің бе? деді Ер бауырына қарап. Құмыраларға у құйып шықты. Енді оларға шарап құяды да, қонақтарының алдына апарады. Әне, бас аспаз даяшы жігіттерге кетті. Біз оларды тезірек басқа құмыралармен алмастырайық.
Екеуі жүгіріп барды да, у құйылған құмыраларды алып, олардың орнына басқа құмыраларды ауыстырып қойды. Әлгі құмыраларды өздері жасырынған үстел астына апарып жасырды да, өздері еппен жылдам жүріп, асхананың шығар есігіне беттеді.
Енді күзетшіден қалай шығамыз? деді Ер.
Былай болсын, деді Би. Біз үшеуміз егіз қозыдай ұқсас емеспіз бе? Мен қазір Нар болып күзетшіге барайын да, адасып кеткенімді айтып, жолды тағы сұрайын. Ол түсіндіріп жатқан кезде, сен сытылып шығып кетесің. Жарайды ма?
Болсын, деді Ер.
Би сыртқа шығып, күзетшіге жақындады. Күзетші көзі шара-сынан шыға таңданып:
Сен мұнда қайдан жүрсің?! Мен әлгінде ғана саған жол көрсетіп едім ғой, деді.
Рас, көрсеттіңіз. Бірақ мен байқаусызда басқа жаққа бұры-лыппын. Содан адасып жүріп, асхананың қызметшілеріне арналған екінші есігінен кіріп кетіппін. Маған жолды асықпай қайта түсіндірсеңіз.