ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ - Кеңес Оразбекұлы 6 стр.


 Онда жүр,  деді күзетші Биді дәлізге таман ертіп әкеліп.  Жақсылап ұғып ал. Осы дәлізбен тіке жүре бересің, оң жағыңнан жоғары көтерілетін текпешекті көресің. Сол арқылы келесі қабатқа көтеріліп, оңға бұрылсаң, оюлы алтын есікті көресің. Міне, сол өзің іздеген қонақасы беретін үлкен бөлме. Енді адаспай тауып бар.

 Рақмет,  деді де Би дәлізге қарай аяңдады.

Ер сол уақытта күзетшіге байқалмай сытылып шығып кетеді.


***

Ала көлеңке бөлме. Бөлменің екі жағына ұзынынан қойылған сәкілерде тұрандықтар сұлап-сұлап қалың ұйқыда жатыр. Бір бүйірде жатқан бауырлар орындарынан тұрады да, Алып Ер Тоңғаның жанына жетіп барады. Қорылдап, қатты ұйқыға берілген оны үшеуі үш жақтан тартқылап, әрең оятады да, ақырын сөйлеп бар жағдайды түсіндіреді.

 Мүмкін емес!  деді Алып Ер Тоңға таңданып.  Біз тірі қалдық емес пе!

 Өйткені, біз улы құмыраларды ауыстырып қойдық. Содан тірі қалдыңыздар.

 Түк түсінсем бұйырмасын!  деп, Алып Ер Тоңға басын шайқайды.

 Көп кешікпей қаруларын жалаңдатып, парсылардың өздері де келіп қалуы тиіс. Сонда бәріне түсінесіз. Ол үшін біздің адамдар ояу күйде қаруларын сайлап, дайын жатулары керек.

 Онда бәрін оятыңдар!  деді Алып Ер Тоңға бір сілкініп.  Дайын болыңдар десеңдер, дайын жатайық.


***

Бір уақытта сырттан адамдардың топырлап жүрген дыбысы естіледі. Жатын бөлмеге соңына қарулы нөкерлерін ерткен Кейхосрау шах кіріп келеді. Қолдарындағы май шамның жарығын үйдегі жатқан адамдарға түсіріп, барлап қарайды.

 Әне, бәрі тарақан құсап тырапай асып қырылып жатыр,  деді бас уәзір қуанышты үнмен.  Демек, кешегі жеңімпаз жауларыңыз бүгін табаныңыздың астында, шах ием!

 Қайран, Афрасиаб!  деді Кейхосрау шах масаттанып.  Сен осылай қор өліммен жер жастанам деп ойлаған да жоқ шығарсың. Мен әкемнің кегін, халқымның кегін қайтардым! Бүгіннен бастап сақтардың, тұрандықтардың күні өшті. Ұлы парсылардың күні туды! Бүгінгі күнді мен «Сақалардан құтылған күн, Сақа байрамы!» деп жариялаймын. Ал, әскерім, қылыштарыңды қындарынан суырың-дар! Жайрап жатқан сақалардың басын аламыз!

Дәл осы кезде Алып Ер Тоңғаның да жолбарыстай айбынды, арыстандай айбатты дауысы шығады:

 Ал, арыстарым, алдаспандарың мен наркескендеріңді көтеріңдер! Парсылардың пасық бастарын біз домалатамыз!

Осыны айтуы мұң екен, сұлап жатқан тұрандықтар орындарынан ұшып-ұшып тұрып, қылыштары мен айбалталарын жарқ еткізіп, көкке көтереді. Парсылар не болғанын түсінбей, ауыздарын ашып, қалшиып тұрып қалғанда, тұрандық баһадүрлер оларға лап қояды.

Алып Ер Тоңға шах Кейхосрауды лақ құрлы көрмей жұлмалап жат-қанда, Ер, Би, Нар бас уәзірге бас салып, үшеуі үш жақтан жабылып, оны кескілеп тастайды.

Парсыларды баудай түсірген жеңімпаз тұрандықтар көп өтпей аттарына қонады. Ал атқа тақымдары тигеннен кейін оларға ешқандай жау төтеп бере алмайтыны белгілі емес пе.


***

Үшеуі сарай сыртында тұрандық сайыпқырандардың ат үстінде әрі-бері ойқастап, парсының аттылы, жаяу-жалпылы әскеріне «әңгір-таяқ» ойнатып жатқанын көріп, кеуделерін бір түрлі мақта-ныш па, әлде биік рух па, бір керемет күш билеп кетті.

Қайратты шашы тікірейіп кеткен Ер бауырларына кезек-кезек көзі ұшқын ата қарап қойып:

 Біздің де қолдан бірдеңе келеді екен ғой!  деді лепірген көңілмен.

 Иә, келеді екен!  деді екеуі оны қостап. Үшеуі әдеттегідей бір-біріне жұдырықтарын түйістіріп, артынша түйілген қолдарын көкке көтерді.

«Скиф Анахарсис Гнурдың ұлы және скиф пат-шасы Кадиудтың бауыры еді; оның шешесі грек қызы, сондықтан да ол екі тілді де білетін. Ол

скифтер мен эллиндықтардың дәстүрі, өмірді

жеңілдетудің жолдары туралы жазды және әскери айла-тәсілі жөнінде сегіз жүз өлең шығарды. Ерекше шешендігімен көзге түсті, «скифтік сөйлеу мәнері» деген мәтел оның осы қасиетіне байланысты қалыптасқан».

Диоген Лаэртский, «Әйгілі философтардың

өмірі, тағылымы және шешендік сөздері туралы».


«Ұзақ сапардан соң Анахарсис Скифияға

оралып, өз тумаларына эллиндер тұрмысын үйрете бастады. Бірақ іс атқарып, сөзін аяқтағанша оққа ұшып, мәңгілік өмір сүрушілер қатарына қосылды».

Диоген Лаэртский.

Анарыс  жеті ғұламаның бірі

Би мен Нар алаңдағы күрес жаттығуынан кейін үстеріндегі күрткелерін шешіп, жеңіл футболкаларын киіп алды. Екеуі орын-дыққа сұлап, әлгі киімдерін бастарына қойып жастанып, айқаса жатқан күйі алқынған демдерін, терлеп-тепшігендерін басып, біршама үнсіз дамылдады. Нар ұялы телефонына жармасып, ғалам-тор желісінен мәліметтер қарауға кіріскен. Ал, Би орындық жақтауындағы сөмкесінен жазба дәптерін алып парақтап, сондағы жазғандарын саралап оқып отырып, бір қиялға кіріп кеткенін байқамай қалды.

Анарыс  жеті ғұламаның бірі

Би мен Нар алаңдағы күрес жаттығуынан кейін үстеріндегі күрткелерін шешіп, жеңіл футболкаларын киіп алды. Екеуі орын-дыққа сұлап, әлгі киімдерін бастарына қойып жастанып, айқаса жатқан күйі алқынған демдерін, терлеп-тепшігендерін басып, біршама үнсіз дамылдады. Нар ұялы телефонына жармасып, ғалам-тор желісінен мәліметтер қарауға кіріскен. Ал, Би орындық жақтауындағы сөмкесінен жазба дәптерін алып парақтап, сондағы жазғандарын саралап оқып отырып, бір қиялға кіріп кеткенін байқамай қалды.

 Не ойлап отырсың?  деді Нар басын көтеріп.

 Ертедегі эллиндер Анарыс бабамызды  Анахарсисті айтамын, құрмет тұтқандары сондай, қабірінің басына арнайы ескерткіш белгі орнатып, тұғырына «Тіліңе, құлқыныңа және он екі мүшеңе ие бол» деп, өз сөзін ойып жазыпты. Сол ұлы бабамыз жайлы ойлап кеткен екем.

 Иә-ә, қалай еді  Нар маңдайын ұстап, бір жайды есіне түсіріп әуреленді.

 Би, олар мына өлең-жырымен бабамызды аза тұтқан екен:

Жат жерді кезген Анарыс скифтерге оралды,

Туғандарын эллинше оқытуды қолға алды.

Алайда данышпанның тіл, ақылы кесір боп,

Қауырсынды сұр жебе арқасына қадалды

Екеуі осы өлеңнің мән-мағынасын терең ұққысы келгендей біраз үнсіз жатты. Аздан соң Би:

 Со-ла-ай,  деді Нарды қоштап.  Эллиндер бабамызды әлемдегі жеті данышпанның қатарына қосып, оның айтқан қанатты сөздерін «Скиф осылай дейтін» деп ауыздарынан тастамай айтып жүргені де сол құрметтері емес пе.

 Би, сен сол жеті ғұламаны атап шыға аласың ба?

 Есімде қалса, қазір көрейін,  деді ол көзін жұмып. Ішінен қайталап, еске түсірді де,  көне замандық тарихтың атасы Геродот пен Страбон, Секст Эмпириктер өз еңбектерінде Анарыс бабамызды «Әлемдегі жеті ғұламаның» біріне жатқызыпты. Олар бабамызды Фалес, Солон, Периандр, Клеобул, Хилон, Биант, Питтактармен қатар атайды,  деді мақтанышпен.

 Анарыс бабамыздан қалған мына сөздер бүгінгі заманымызға да келеді емес пе: «Ең ақылды адам  ел билеуден аулақ болған адам», «Татымсыз мың досың болғанша, татымды бір досыңның болғаны артық», «Базар  бір-біріңді алдауға, тонауға әдейі жасалған орын», «Бір ғажабы, Элладада жарысқа өнерпаздар түседі де, оларға өнері жоқтар баға береді», «Элладада мені ақыл-парасат қорғап еді, өз елімде қызғаныш құрбаны болдым»

 Иә  ә,  деп күрсінді Би.  Бабамыздың қызғаныш құрбаны болғаны қандай қиянат!

Дәл осы кезде олардың жанына танауы делдиіп Ер келді. Ол қолындағы сөмкесін орындыққа қойды да, жейдесінің етегін ышқы-рынан шығарып, желпінді:

 Ой, мына күннің ыстығын-ай, терлеп, пысынап кеттім ғой. Ана «Сарыағашты» берші, аңқам да кеуіп кетті.

 Іздегеніңді таптың ба?  деді Нар «Сарыағаш» минералды суын Ердің қолына ұстатып жатып.

 Біз таппай қоямыз ба. Біздің үйдің үстіңгі жағында екі орамнан кейінгі көшеде тұратын Мұрат бар емес пе. Соның әкесі инкассатор ғой. Әкесінің ескі броножилеті бар екен, соны алып келдім, міне,  деп, сөмкені ашып көрсетті.

 Ой, бәрекелді!  деді Би қуанғаннан.

Үшеуі әдеттегідей жұдырықтарын түйістіріп, бір-біріне қарап жымыңдасты.

 Енді сәтін салса, ертең таңертең сапарымызға аттанайық,  деді Нар алақанын ысқылап.

 Иә, сәтін салсын.


***

Ертеңіне күн ұясынан шыға ағайындылар сауыт-саймандарын киіп, жол қапшықтарын арқаларына асынып, «Ерлік алаңына» келді.

 Біз сонда ертедегі Қара теңіздің солтүстік батысындағы Днестр өзенінің сағасынан шығуымыз керек қой?  деді Нар бауырларына қарап.

 Геродоттың жазуынша, Анарыс бабамыз өмірінің соңғы кездерінде жан-жағы ну орманды, тау-тасты Гиллея шатқалында тұрыпты ғой.

 Кәне, картаны берші,  деді Би Нарға қарап.

Нар қойын қалтасынан картаны алып, керекті бетін ашып, жазып көрсетті. Би картаға үңіліп қарады да:

 Днестрдің сағасы шамамен отызыншы бойлық пен қырық алтыншы ендіктің қиылысқан тұсында екен. Ендеше «Кеңістік сағаттарыңды» 30-ыншы бойлық пен 46-ыншы ендікке туырлай-сыңдар. Ал, уақыт көрсеткішін біздің дәуірімізге дейінгі 555 жылға белгілеңдер.

 Белгіледік,  деді бауырлары бір шамадан кейін қабаттаса.

Үшеуі келісіп алғандай оң қолдарын кеуделеріне қойып, әдеттегі ұрандарын екпінмен айтады:

Біз  Тұранның ұлдарымыз,

Ерлік  басты ұранымыз!

Жорыққа сай, дайынбыз,

Текті елдің қыранымыз! 

деп, қолдарындағы сағаттарын «сырт» еткізеді.


***

Біздің заманымызға дейінгі 555 жыл. Ағайынды үшеуі аласа бұталар сирек өскен төбесі таз биік жотаның жонынан шыға келді.

Назад Дальше