СӘТТІЛІККЕ АПАРАР ЖОЛДЫҢ БАСЫ
Адамның ең үлкен күші оның ойларын басқара алатындығында жатыр. Ойланбайтын ақыл байлық, сəттілік пен денсаулыққа емес, ауруға, кедейлікке, қиындыққа бейім болады. Егер біз өз өмірімізді ақиқат қалағандай жасамасақ, бұл бізді бейсана басқарады дегенді білдіреді. Бірақ болмыс ақыл арқылы анықталғандықтан, біздің басты міндетіміз, өзін-өзі танудың мүмкіндігінше жоғары деңгейіне жету. Бұл Құдайдың адамды жаратқандағы мəнісінің бірі. Мұны істеу үшін сіз өзіңіздің өміріңізді объективті (әділ) бағалап, құндылықтар мен сенім жүйесін қайта қарауыңыз керек, тіпті егер бұл біздің өзімшілдігімізге (эго) қайшы келсе де. Шындықтың қандай да бір аспектісін өзгерту үшін біз ойларымыз бен қалауымыз арасындағы барлық қате сенім мен түсініктен арылуымыз керек. Тереңдікте сіз өзіңіз қалаған нəрсені нақты білесіз жəне егер сіз өзіңіздің ішкі дауысыңызды тыңдасаңыз, ол сізге бəрін айтады. Ақыл опасыздық жасай алады, бірақ жүрек ешқашан жасамауы керек. Ол сізді шексіз əмбебап күшпен (Жаратушы) байланыстырады, сондықтан оған сенуді үйреніңіз. Бейсаға сенемін деп бәрін жоғалтып алмаңыз. Өзіңіз жайлы қорытынды жасау бұл бірінші мақсат.
Сіз өмір бақи ішкі дауыс (ойларыңызды) тыңдап келдіңіз. Ішкі дауыс не айтса да, дəл сіз естуіңіз керек. Сіз оған көбірек сенуді үйреніп жатқанда, ол сізге қазіргі уақытта дұрыс шешім қабылдауға кеңес береді. Бірақ кеңесін бірден жүзеге асырмай, бірінші ақиқатын біліп алыңыз, себебі бұл Эгоизмнің да даусы болуы мүмкін.
Сіздің өміріңіз сіз үшін де мен үшін де өте маңызды жəне бүкіл адамзат үшін маңызды болуы тиіс. Біздің əрқайсымыздың өмірге келгендегі өз миссиямыз (тапсырмамыз) бар деп сенемін. Интуицияңызды (түйсік, ішкі дауыс) тыңдаңыз жəне ол сіздің, кім екеніңізді, мақсатыңыздың не екенін айтады.
2. Өзіңіз жайлы білмейтін шындық
Көп адам өзі жайлы шындықты білмейді не одан қашады. Егер сіз өз өміріңізді бақылауға (контроль) алғыңыз келсе, алдымен сіз өзіңіздің кім екеніңізді түсінуіңіз керек. Өзіміздің «Мен» бейнесі (образ, концепциясы), яғни «өзіміз туралы ой-пікір» біздің өмірімізде шешуші рөл атқарады. Біздің барлық əрекеттеріміз, сезімдеріміз, ойларымыз жəне тіпті қабілеттеріміз осы «Мен бейнесіне» байланысты. Біз өзіміз ойлап тапқан рөлді ойнаймыз. Бірақ сіз бұл образға жабысқан кезде, ешқандай күш, ешқандай шешім жəне ерік-жігер сізге басқа немесе дұрыс адам болуға көмектеспейтінін білуіңіз керек, өйткені сіз əрқашан өзіңіз қалағандай (ақиқат қалағандай емес), өз сенім мен түсінік, өмірлік ұстанымымызға сəйкес əрекет етесіз (көбінесе ақиқатқа сай емес). Оны өзгерту, жақсарту үшін алдымен оның қалай қалыптасатынын түсіну керек.
Ерте жастан бастап біз өзіміз туралы ойларды жақсы немесе жаман, ақылды немесе ақымақ, сенімді немесе сенімсіз, батыл немесе қорқақ адам жəне т.б. деп бірнеше рет, жиі қайталаудың нəтижесінде, бұл негізсіз ойлар біртіндеп тұрақтап жалған сенімділікке айналды жəне «өзіңіз туралы ой-пікір» «Мен» бейнесіне айналды. Ол бізге толық бақытты өмір сүруге мүмкіндік береді немесе қор болуға мəжбүр етеді. Біздің əрқайсымыз өзіміз туралы белгілі бір ой-пікірге иеміз, ол әрдайым ішкі дауыс арқылы «Мен» деп басталады. Бұл ақыл-ой бейнесі қазіргі сізсіз жəне ол соңғы өлім сəтіне дейін маңызды. Тек шын мəнінде, бұл біздің шынайы «Мен» емес, керісінше, біз өзіміз туралы не ойлайтынымызды ғана білдіреді. Шынайы «Мен» (ақиқат пен жалғанға байланысты) ал «өзім туралы ой-пікір» (сенім, түсінік, ұстанымға байланысты).
Бұл «Мен», қалыптасқан ой-пікірлер немесе сенімдер шындық пен ақиқатқа мүлдем сəйкес келмеуі мүмкін, бірақ біз үшін өтірік шындыққа, жалған ақиқатқа айналады. Егер өтірік, жалған ақпарат бейсанада сақталса, біз оның дұрыс бұрыстығына күмəн келтірмегеніміз, бірден қабылдай салғанымыз. Көп жағдайда біз ол ақпаратты қалай немесе қайдан алғанынымызды есімізге түсіре де алмаймыз. Біз ақиқатқа сай əрекет етеміз бе? Жалпы бізді қоршаған ақпарат дұрыс болмаса да, біз оған керісінше сенбеудің орнына сенеміз, «Құлдық сананың» салдарынан сенеміз.
МƏҢГІЛІК ҚҰПИЯ
Өкінішке орай, адамзаттың көп бөлігі, ежелден бері барлық ұлы тəлімгерлер бізге не айтуға тырысқанын түсінбеді. Бұл «Мəңгілік Құпия», ең керемет ақиқат, оны кез-келген адам түсіне алады, өйткені адамның ең жоғары «Мен» деп аталатын рухани мəні тұтас, толық жəне кемелді. Əрқайсымыз Жаратушының барлық қасиеттерін бейнелейміз, бойымыздан таба аламыз. Жаратылыстану ғылымдары да, психология да, философия да, дін де бізге бүкіл ғаламда бір ғана «Шексіз Күш-Қуат» бар екенін жəне адам сол күшпен немесе энергиямен (сізге қалай ұнайтындай атасаңыз болады) байланыс жасауды үйретеді. Біздің əрқайсымыз осы «Шексіз Күш-Қуаттың» жеке көрінісіміз. Ол біздің ең жоғары «Мен», «Жоғарғы Сана» деп атаса да болады.
МƏҢГІЛІК ҚҰПИЯ
Өкінішке орай, адамзаттың көп бөлігі, ежелден бері барлық ұлы тəлімгерлер бізге не айтуға тырысқанын түсінбеді. Бұл «Мəңгілік Құпия», ең керемет ақиқат, оны кез-келген адам түсіне алады, өйткені адамның ең жоғары «Мен» деп аталатын рухани мəні тұтас, толық жəне кемелді. Əрқайсымыз Жаратушының барлық қасиеттерін бейнелейміз, бойымыздан таба аламыз. Жаратылыстану ғылымдары да, психология да, философия да, дін де бізге бүкіл ғаламда бір ғана «Шексіз Күш-Қуат» бар екенін жəне адам сол күшпен немесе энергиямен (сізге қалай ұнайтындай атасаңыз болады) байланыс жасауды үйретеді. Біздің əрқайсымыз осы «Шексіз Күш-Қуаттың» жеке көрінісіміз. Ол біздің ең жоғары «Мен», «Жоғарғы Сана» деп атаса да болады.
Физика ғылымы жақында тамаша ғылыми жаңалық ашты: «Бір жаралған энергия (жан) ешқашан жойыла алмайды». УРА! Адам мәңгілік өмір сүру үшін жаралған. Бірақ қуануға әлі ерте, себебі ешкім салдарын, өлімнен кейін нақты, анық өзімен не болатынын білмейді. Бірақ физика ғылымы дәлелдегендей жаралып қойдық па, Поздно! Дүниені де көреміз және әрине оның салдары ақыретті де көреміз.
Жоғары «Мен» ді жою мүмкін емес. Сіз оны жоққа шығарып, оны жасыруға тырысып, ол туралы өтірік айта аласыз, бірақ бұл «Жоғары Мен» біздің шынайы болмысымыз. Біз өз болмысымызды түсініп, оны өз ақылымызбен басқаруды үйренуіміз керек.
СІЗДІҢ ШЫНАЙЫ КІМ ЕКЕНІҢІЗ АМАЛ-ӘРЕКЕТКЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЕМЕС
Кім екеніңіз (болмыс) ж/е амал-әрекетіңіз бір нəрсе емес, бірдей емес. Өйткені амал-әрекет салдары, ал кім екеніңіз себебі. Сіздің Болмысыңыздың (ішкі жан-дүние) салдары амал-әрекет болып табылады. «Болу» мен «істеу, жасау, қимылдау» арасындағы айырмашылықты түсіну керек.
Адамның болмысы (тəні сау болса) мінсіз, бірақ оның əрекеттері əрдайым мінсіз бола бермейді. Ол қателік жасаса, ол өзінің кім екенін білмесе, Құдайдан (ақиқаттан) алшақтаса, ол тек білместіктен. Егер адам өзінің рухани кемелдігін білмесе, Жаратушыны сезінбесе, ол мінсіз бола алмайды. Дəл қазір өзіңізге: «Менің рухани болмысым кемелді екенін білемін», деп айтыңыз. Енді ішкі дауысыңызды тыңдаңыз. Мүмкін ол (эго): «Жоқ, сен сорлысың, бишарасың немесе кітап оқыма, босқа уақытында құртпа, қума», деп қарсылық білдіруі мүмкін.
Адам Жоғары «Мен» -нің жетілуі туралы, кітап оқу туралы мəлімдеме жасаған кезде одан «Эгоизмінің» беделі түседі жəне ол наразылық білдіре бастайды: «Бұл қалай, мен мінсіз екеніміді итак білемін немесе мына кітапты оқып жатқаннан маған түк пайда болып жатқан жоқ». Ал енді өзіңізге қараңыз. Басқа адамдарға қараңыз. Өткен өміріңізді есіңізге алыңыз, ал енді қазір «Сіз қаншалықты өзіңізді бақытты, бай, сәтті, жолы болған адаммын деп санайсыз?». Кей адамдар үнемі өзіне шағымданады. Өйткені олардың өткені дұрыс қалыптаспаған. Өткен себеп, қазіргі уақыт, қазіргі сәт салдары.
Сіз өзіңізбен, ортамен қандай іс-əрекеттер жасадыңыз? Сіз осы уақытқа дейін жасап келген барлық амал-әрекеттеріңіз есіңізде ме? жылы, айы, күні қандай күнə-қателік жасадыңыз? Бұл нонсенсті (мағынасыз сұрақтарды қоюды) өткізуді тоқтатыңыз!
Себебі сіздің шынайы кім екеніңіз, өткен шақпен, амал-әрекеттеріңізбен байланысты емес.
Жоғары «Мен» концепциясы Жаратушы ақылы Ақырет/Эгоизм Тəн жан сақтауХайуани сана Дүние
ЭГО (НӘПСІ) СІЗДІ АЛДАҒЫСЫ КЕЛЕДІ
Сіздің жаныңызды сақтау үшін, сіздің қазіргі қалыптасқан сенім деңгейін сақтау үшін, «эго» сізді алдауға тырысады. Егер сіз өзіңіз туралы бар шындық пен ақиқатты білсеңіз, өзіңіздің «Эгоизміңіз» зардап шегуі мүмкін. Дүниені қатты сүйетіндерге ақиқат ауыр келеді.
Эго (нәпсі) сізді өзіңіздің шынайы кім екеніңізге қарай емес, не істеп жатқаныңызға қарай баға беруге мəжбүр етеді. Ол сіздің əрекеттеріңіз бойынша, өзіңіз туралы кезінде қате шешім қабылдағаныңызды жəне өзіңіздің жəне басқа адамдардың үміттерін ақтамағаныңыз үшін өзіңізді кінəлі сезінгеніңізді қалайды. Сіздің эгоизміңіз сізді адастыруға тырысатындығын түсінуіңіз керек. Ішкі үйлесімді (гомеостаз) сақтау үшін, «Эгоға (нәпсіге)» мұндай мүмкіндік бермеу керек. Керісінше біз эгодан (нәпсіден) жоғары көтерілуіміз керек. Өзіңіздің миыңыздағы «Мен» суреті сіздің шынайы болмысыңыз емес. Өзіңіздің кемелдігіңізді растау осы тұзақтан шығуға көмектеседі. Бұл өзімшілдік емес. Өзімшілдік мұны істемеу. Өмірді өзгертудің алғашқы жəне маңызды қадамы өзіңіз туралы шындықты білу, жан мен тəн арасында рухани тұтастық, татулық, бірлікті қалыптастыру, дүние мен ақырет арасында толық үйлесім (баланс) орнату жəне кемелді екеніңізді түсіну екенін ұмытпаңыз.