Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім - Нарша Булгакбаев 7 стр.


ЭГО (НӘПСІНІҢ) ДАУЫСЫН ҚАЛАЙ АҚЫРЫН БƏСЕҢДЕТУГЕ БОЛАДЫ?

Өзіңіз туралы жалған ойларды, сенім мен түсінікті жою үшін, сіз өзіңізді сөзсіз, ешқандай шартсыз жақсы көруіңіз керек. Өзіне деген сүйіспеншілік өзімшілдікке ұқсас емес, керісінше, ол эго-ның алдамшы дауысын өшіреді. Біздің болмыс бейсанамен анықталатынын, яғни біздің наным-сенімдеріміз іс жүзінде жүзеге асырылатындығын түсінуіміз керек.

1) Біз өмірімізде ақпараттарды саналы түрде ақылмен қабылдаймыз.

2) Біз оны Бейсанаға шындық деп жазамыз.

3) Өмір бақи сол қалыптасқан шындыққа сеніп өмір сүреміз.

Бұл өте маңызды, қайталауға тұрарлық ақиқат. Біз үшін не шындық болса, біз соған ғана сенімдіміз. Өзіме: «Мен оған ие бола алмаймын, мен оған лайық емеспін, мен жаман адаммын» жəне т.б. сенімге сəйкес келетін жағдайларды өз қолымызбен жасай береміз. Қорытынды келесідей: біз өзімізді, құндылығымыз бен қадір-қасиетімізді қабылдағанға дейін, біз басқа адамдардың құнды жəне лайықты екенін мойындай алмаймыз. Біз бірінші ішімізді түзету арқылы өзімізді мойындату керекпіз. Бұл проблеманы шешу үшін, сіз өзіңізді жəне басқаларды сөзсіз сүюді үйренуіңіз керек. Бұл шынайы бостандыққа жетудің жалғыз жолы. Біз барлық адамдар рухани кемелді екенін біле отырып, алдымен өзімізді, содан кейін бəрін толығымен қабылдауымыз керек.

СІЗ ӨЗІҢІЗДІ ӨЗІҢІЗ ЖАСАДЫҢЫЗ

Сіз өзіңізді өзіңіз жасағаныңызды түсінесіз бе? Сіз өмір туралы барлық мінез-құлық, қарым-қатынас стилі (өзінше слэнг қолданып) жүріс-тұрыс, бет-əлпет, ым-ишара, тіпті ойлау тəсілі мен байланған идеялар, стереотип, тренд, мода, хайп негізінен сіз осының бəрін еліктеу арқылы біреуден жұқтырдыңыз не қиялдау арқылы өзіңіз ойлап таптыңыз. Рөл (идеал) үлгіснде ата-аналар немесе отбасының басқа мүшелері, сүйікті мұғалім, дос, кітаптан немесе фильмнен шыққан кейіпкер болуы мүмкін. Сіз тіпті ұнатпаған адамнан да мінез-құлық үлгілерін, белгілерін қабылдай ала аласыз. Мүмкін, сіз оларға бейсаналы түрде, еріксіз еліктеген боларсыз. Бос еліктеушілікке алданбаңыз. Саналы ерікті түрде еліктейтін игі жақсыларды табыңыз, оларды тыңдаңыз, ең бастысы оқыңыз.

ӨЗІҢІЗДІ ҚАБЫЛДАҢЫЗ

Өзіңіз жасаған адамға, өзіңізге мұқият қараңыз. Мүмкін, əлі күнге дейін сіз өзіңізге ұнаймайтын шығарсыз, əлі өзіңізді толық түсінбеген шығарсыз, мүмкін өмірдің жалған қызықтарына алданып жүрген шығарсыз? Мүмкін өміріңіз еліктеушілікпен өтіп жатқан шығар? Бұған қатты мəн беру керек.

Жеке тұлғаны таңдаулы ерекшеліктермен қалыптастыру мүмкін емес екенін түсініңіз. Біз бəріміз бір-бірімізге ұқсаймыз, өйткені біздің адамға тəн қасиеттеріміз ортақ. Сондықтан ақиқат пен өмір заңдылықтары, болмыс барлық адам үшін бірдей, дегенмен адамдар әртүрлі. Сіздің мінезіңіз басқа біреуден алынған болса да, сіз əлі де жалған емессіз. Сіз шынсыз, өйткені жеке бөлшектерді бір композицияға жинауға болады. Октавада тек сегіз нота бар екенін ұмытпаңыз, дегенмен олардан жүздеген мың əдемі жəне ерекше əуендер шығады. Мұның себебі олардың үйлесімінде.

Сіз басқа адамдардан қандай да бір ерекшеліктерді қабылдағаныңыз, сізді ерекше етпейді. Ең бастысы, сіз өзіңізді жасағаннан кейін, қалыптасып қойғаннан кейін, сіз кез-келген уақытта өзіңізді өзгерте аласыз. Бұл процесс шексіз жалғасуы мүмкін. Егер сіз кенеттен өзіңіз ойлағаныңыздай емес екеніңізді байқасаңыз, бұл проблема емес. Керісінше, мұны түсіну проблеманы шешудің алғашқы қадамы болып табылады. Өміріңізді өзгерту жəне одан ауырсыну мен ыңғайсыздықты тудыратын барлық нəрсені жою үшін алдымен өзіңіздің қандай да бір шындығыңызды қабылдамау немесе жоққа шығарудың пайдасыз жəне мағынасыз екенін нақты түсінуіңіз керек. Өзін-өзі ұнатпаудың себебі біздің «Идеалды Мен» туралы ойларымыз. Бұл ойды қалыптастыратын туыстар, замандастар, достар, дін немесе үкімет, интернет немесе әлеуметтік желілер жəне жалпы қоғамның пікірі.

БОСТАНДЫҚ ӨЗІН-ӨЗІ ҚАБЫЛДАУДАН БАСТАЛАДЫ

Өз эгомыздың желісінде бола отырып, біз өзімізді қабілетсіздікке, сенімсіздікке, ақымақтыққа (надандыққа) жəне басқа да кемшіліктерге сендіреміз. Бұл өзіне-өзі баға берудің төмендігі, өзін кінəлі сезіну немесе өзін-өзі қамтамасыз ете алмау, өзіне-өзі жеткіліксіз болудың салдарынан.

Ойлауды өзгерту туралы саналы шешім қабылдағанға дейін ештеңе өзгермейді. Позитивті өзгерістердің алғашқы жəне маңызды қадамы өзіңді қабылдау, өзіңді жақсы көру. Тек өзіңізді жақсы көрсеңіз ғана, басқа адамдарды жақсы көре бастайсыз. Біз өзіміз туралы ұмытып, ең алдымен ел-жұрт бізге жақсырақ, артығырақ болып көрінеді. Бұл іс жүзінде шығу жолы емес. Ең алдымен, сіз өзіңіздің барлық қателіктеріңіз бен күнəларыңызды, өзіңізді ақымақ (надан) сезінген немесе орынсыз əрекет еткен барлық сəттермен бірге қабылдауыңыз керек. Сіз бүкіл əлемнің алдында тұрып, кешірім сұрауыңыз керек. Сонда ғана сіз өзіңізді сөзсіз жақсы көре аласыз.

Ойлауды өзгерту туралы саналы шешім қабылдағанға дейін ештеңе өзгермейді. Позитивті өзгерістердің алғашқы жəне маңызды қадамы өзіңді қабылдау, өзіңді жақсы көру. Тек өзіңізді жақсы көрсеңіз ғана, басқа адамдарды жақсы көре бастайсыз. Біз өзіміз туралы ұмытып, ең алдымен ел-жұрт бізге жақсырақ, артығырақ болып көрінеді. Бұл іс жүзінде шығу жолы емес. Ең алдымен, сіз өзіңіздің барлық қателіктеріңіз бен күнəларыңызды, өзіңізді ақымақ (надан) сезінген немесе орынсыз əрекет еткен барлық сəттермен бірге қабылдауыңыз керек. Сіз бүкіл əлемнің алдында тұрып, кешірім сұрауыңыз керек. Сонда ғана сіз өзіңізді сөзсіз жақсы көре аласыз.

Кешірім = жақсы көру = өзгеру.

Өзіңіз туралы ой-пікірлер сіздің əрекеттеріңізді басқарады жəне сіздің өміріңізді анықтайтын нəтиже соларға байланысты. Неге өзін-өзі бағалау біреуді жетістікке, ал біреуді түңілуге алып келеді. Себебі олар қанша позитивті ойлаймын деп күш салса да, олар әлі бәріне орта кінəлі деп ойлап жүр, проблема өзінде екенін мойындай алмай жүр.

Есіңізде болсын: сіз əрқашан өзіңізден басқа ешкімге керек емессіз, мысалы аяқ асты науқас болып қалсаңыз. Жақын адамдарыңызға немесе бəріне бірдей, жалпы көпшілікке ұнау мүмкін емес. Сіз дұрыс болсаңыз орта дұрыс болады. Адекватты мінез-құлық, ішкі тиыштық пен тазалық, дұрыс имани түсінік, өзімен-өзі адам болып кету, Эгоизмға қарсы анти қарулар.

Сізді түсінбегендер туралы ойланып көріңізші, олар сіздің ұмтылысыңызды мақұлдаған жоқ, себебі сіз бəріне бірдей ұнай алмайсыз, сондықтан өзіңізге ұнайтынды жəне өзіңізді өзіңіз сияқты жақсы көруді үйреніңіз.

ӨЗІҢІЗДІ СƏТСІЗДІКТЕРМЕН БІРДЕЙМІН ДЕП САНАМАҢЫЗ

Қателіктерге, сәтсіздіктерге ешқашан қадалмаңыз. Тағы бір рет қайталау керек: сіздің рухани болмысыңыз керемет (себебі Жаратушының өзі сондай), бірақ іс-əрекеттер əрдайым бірдей ақиқатқа сай бола бермейді. Сіздің əрекеттеріңіз сəтті болуы немесе толық сəтсіздікке ұшырауы мүмкін деп түпкілікті нəтижеге қадалмауыңыз керек. Сәттілік немесе сəтсіздік іс-əрекеттерімен байланысты, бірақ олар оның мəні мен себебі емес. Мәні мен себебі іште жатыр.

Өзіңізді қандай да бір əрекеттер немесе əрекетсіздік үшін айыптап, өзіңізді күйзеліске ұшыратасыз. Өз-өзін сәтсіздікке ұшыратудың жолы бөлек, өз-өзінің қабілетін ашудың жолы бөлек. Мынаны түсініңіз, біздің барлық қиналғанымыз, бақытсыздығымыз жəне айналамыздағы өмірге деген ашушаңдық, өзінің немесе басқа адамдардың үміттеріне сəйкес келмегендіктен, ақтай алмағандықтан өз-өзінен көңілі қалғандықтан болады.

Өзін өзі бұзатын мінез-құлыққа бейім адамдар аз емес, мұндай мінез-құлықтың басты себебі өзін-өзі жек көру сезімі. Бұл жеккөрушілік олардың біреудің үмітін ақтамағанын түсінуден туындайды. Біздің көпшілігіміз өзімізді, өзгені сыртқы формаға жəне қол жеткізген нәтежиеге қарай бағалаймыз. Біз сəтсіздікке ұшырағаннан кейін өзімізді ғана емес, басқаларды да сəтсіздікке ұшырататын сияқты көрінеді. Ата-аналардың, жұмыс берушілердің, діни тəлімгерлердің, достардың, жақындардың үміттерін ақтай алмай, біз өзімізді «пайдам жоқ», «керегім жоқ» қорытындыға келеміз. Себебі олар бізге солай айтады: «Сенің түк пайдаң жоқ», «Сенің бәрібір керегің жоқ».

Бұл өзін-өзі не басқаны сынау деп аталады. Сыни ойлау, өзіңізді сынға алу бұл өзіңіз туралы жаман ойлау. Өзіңізді айыптай отырып, сіз жағымсыз эмоцияларды сезінесіз. Өзін-өзі сынау адамның өзіне-өзі әділ баға беруін жояды. Ол адамға оң, жағымды, позитивті ештеңе бермейді, оның салдары толығымен жойқын. Біздің əрқайсымыз, əрине, біраз əрекеттер жасаймыз, кейіннен өкініп қаламыз, бірақ бір сəттері біз өкінуді тоқтатып, əрі қарай өмір сүруді жалғастырамыз. Бұл бізге өмір үйреткен сабақ.

Егер сіз өзіңізге қарсы болсаңыз, сіз біреу үшін болыса алмайсыз. Ал басқаларға қарсы болу-өзіңе қарсы болу. Эзотериктер ғана емес, психологтар да келіседі. Сындар көбінесе жалған, орынсыз, не айтып не қойғанын білмейтін, ақиқатқа сай келмейтін болып келеді. Ондай сындар адамның жан жарығын өшіреді. Біреудің даралығын басу жəне біреудің өміршеңдігін бұзу өзін-өзі бұзатын мінез-құлықтың ең нашар көрінісі болып табылады.

ӨКПЕ-РЕНІШ ТУРАЛЫ ҰМЫТЫҢЫЗ

Бұл қандай сезім ештеңеге өкінбеу? Кінəсінің, қылмысының дəрежесіне қарамастан, барлық құқық бұзушыларды толығымен кешіргеніңізді бір минутқа елестетіп көріңіз. Осыдан кейін сіз қандай сезімдерді сезінесіз? Енді сіз өзіңізді немесе біреуді кешіре алмайынша, бақытсыздықтар, қиыншылықтар мен аурулар сіздің өміріңізден кетпейтінін түсінесіз деп үміттенемін. Біздің көпшілігіміз басқа адамдардың қателіктерін, ренжіткенін кешіруден бас тартамыз. Бізді пайдаланып алдап кететін немесе ренжітетін кез келген адам біз үшін ықтимал жау сияқты. Бірақ іс жүзінде біздің жеке қатысуымызсыз ешкім бізді алдап не ренжітіп кете алмайды. Жалпы алғанда, айналамыздағы адамдар бізді ренжітуге, (арам) ниеті бар болса да бізге ренжуге себеп жоқ. Себепті біз өзіміз жасаймыз, өзіміз ренжітуге жол көрсетеміз, жол береміз. Дəл қазір сіздің ішіңізде барлық түрмеде отырғандарды кешіріңіз, əйтпесе олар сізді жояды. «Жарайды» дейсіз,  бұл түсінікті, бірақ «Сіз менің жағдайымды білмейсіз. Мені ол шынымен де қатты ренжіткен. Мүмкін бір күні мені қорлағанды, сорлатқанды ұмыта алармын, бірақ қазір емес». Мұндай ойлау сізді ренжіткен адамға қарағанда, өзіңіз үшін зиянды жəне жойқын екенін түсініңіз.

Назад Дальше