Адвокатпен сұхбат - Тайыр Күзекұлы Назханов 4 стр.


ДАНИЯЛ Сонда, қандай айырмашылық бар?

ТАЙЫР Үлкен айырмашылық бар! Миранда ережесінің арқасында көптеген жазықсыз адамдар полицияның қысымынан құтылып, занды құқықтарын біліп, тәжірибелі мамандардың көмегімен оларды қорғай алды.

'Сіддщ ү-ндеме^ге ҚұҚы-ңыз Sap. .АйтКа-ндарьіныдды-ң Sepi comma сідге kapct>i кхайдала-ныл^ы мүмкі+о әрі наіАдала+іЫАады. ;Адвокатьщьіз терге^ге <атыса алады. £гер адёо]<,атупьщ Қызмет аҚысьж төлеіА алтасапыз^ оны мемлекет ұсынады. Қа-ндай кұҚыКтары+іыд і Sap ekeni c\^ae.

түсі-нікті ме?*

ДАНИЯЛ Жаман емес Неге осы ережені барлық жерге енгізбеске?

ТАЙЫР Ия, әрине, тіпті ертең-ақ Миранда ережелерін және басқа да теориялық тұрғыдан пайдалы формаларды енгізе аламыз, бірақ, сол ержелер шыныменде сақтала ма, әлде керісінше, жаңа теріс әрекеттерге себеп бола ма деген сұрақ туындайды?

ДАНИЯЛ Яғни, Миранда ережесі біздің «айтылмаған» ойын ере- желеріне қайшы келер ме еді?

ТАЙЫР Тек оларға ғана емес, сонымен қатар ұлттық заңнамамы- здың ережелеріне.

ДАНИЯЛ Әр түрлі елдердегі қылмыстық процестің «ойын ереже- лері» бір-бірінен қаншалықты ерекшеленеді?

ТАЙЫР Үлкен айырмашылық бар. Негізінде, мұны ұлттық кодпен салыстыруға болады. Сіз айтқандай, «ойын ережелері» жоқ жерден пай- да болған жоқ қой. Олар біздің менталитетіміздің ерекшеліктерімен бай- ланысты, ал менталитетіміз ғасырлар бойғы тарихи дамуымыздың нәти- жесінде қалыптасты емес пе. Сондықтан да, қандай да бір формаларды ұлттық заңамаға енгізу үшін бәрін мұқият, абайлап, байыппен жүзеге асыру керек. Кезінде, Горбачевтің басшылығымен бәрін бірден жаңар- тып, социализм жүйесін енгізгілері келді, ал, нәтижесінде не шықты?

ДАНИЯЛ Елдің құлдырауы және капиталистік қарақшылықтың ақсиюы Ал, көрші елдерде де дәл осындай мәселелер бар ма?

ТАЙЫР Сіз қазір, посткеңестік мемлекеттер жайлы айтып отыр- сыз ба?

ДАНИЯЛ Иә. Ресей Федерациясын немесе Қырғызстанды алып қарасақ, ұқсастықтары көп сияқты.

ТАЙЫР Келісемін. Бірақ, соған қарамастан көптеген айы- рмашылықтары бар, мысалы, Қырғызстанмен. Біз, қазақстандық заңгерлер, өзіміздің қазақстандық біліктілігімізбен ол елде жұмыс істей алмаймыз, өйткені Қазақстандағы қылмыстық процестің өзіндік ерек- шеліктері бар, ал Қырғызстанда олар өзгеше. Заңгер де кез келген басқа адам сияқты қолөнерші

ДАНИЯЛ «Қолөнерші» сөзін кейбіреулер ренішті сөз деп санайды.

ТАЙЫР Бекер олай ойлайды. Қолөнерші бұл өз ісінің қыр-сырын жақсы білетін адам, яғни кәсіпқой. Ал кәсіби шеберліктің қыр-сырын ұзақ және мұқият үйрену керек. Біз қазақстандық заңнамаға сәйкес жұ- мыс істеуге машықтанғанбыз, сондықтан, бізге басқа елде жұмыс істеу қиынға соғады, кейбір кішігірім өзгешеліктерін жіберіп алуымыз мүм- кін, нәтижесінде клиентіміз жеңіліс табады.

ДАНИЯЛ Ал, Ресей Федерациясының аумағында біздің лицензи- ялар жарамды ма?

ТАЙЫР Жоқ, олардың лицензиясы бізде мойындалмаған сияқты.

ДАНИЯЛ Бәлкім, бұл біздің қазақстандық заңгерлерді, шетелдік- термен артық бәсекелестіктен босататын шығар? Мысалы, көптеген бай адамдар Мәскеу эстрада жұлдыздарын тойға шақырған сияқты, әр түрлі танымал мәскеулік заңгерлерді шақыратын еді ғой.

ТАЙЫР Айтпақшы, олар қызмет көрсету сапасында әрдайым жеңіске жете бермейді. Менің ойымша, заңгерлік көмек көрсету кезін- де де солай болар еді. Ал, бәсекелестік туралы айта кетер болсақ, біздің «нарық» ресейлік нарыққа қарағанда жақсы қорғалған. Егер қаласа, қазақстандық заңгер Ресейде мойындалған жоғары заң білімі туралы диплом алып, Ресейде де іс жүргізе алады.

ДАНИЯЛ Ал, бізде олай жасауға болмай ма?

ТАЙЫР Бізде тиісті емтихандарға жіберілу үшін Қазақстан Респу- бликасының азаматы болуыңыз керек деген талап бар.

ТАРТЫС ЖАЛҒАСУДА!

ДАНИЯЛ Жарайды, қылмыстық процестің тартыс түріне қайта оралайық. Адамды тұтқындады, оған Миранда ережесін оқыды әрі қарай не болады?

ТАЙЫР Егер тұтқындалған адам бәрін бірден мойындаса, онда бұлтартпау шарасы анықталады. Ал, егер ол мойындамаса, әрі қылмыс күрделі болса, онда кінәнің дәрежесі бірден анықталмайды және жалпы, кінәнің болған-болмағандығына байланысты «Үлкен қазылар алқасы» тағайындалады.

ДАНИЯЛ Неліктен «Үлкен»?

ТАЙЫР Себебі оның құрамында әдеттегіден көбірек қазылар алқа- сы болады. АҚШ штаттарының көпшілігінде олардың саны 23 адамға дейін барады.

ДАНИЯЛ Олар кәсіби заңгерлер ме?

ТАЙЫР Жоқ, қарапайым азаматтар. Оларды іріктеудің ерекше тәртібі бар, қазір оған терең үңілмей-ақ қояйын, бірақ ең маңызды кри- терийі бұл олардың іске деген көзқарасына әсер ететін факторлардың, яғни қамауға алынған адаммен байланысы, жеке сезімдері, оған деген нәсілдік, діни немесе жыныстық сияқты алалаушылықтарының болмауы.

ДАНИЯЛ Олар кәсіби заңгерлер ме?

ТАЙЫР Жоқ, қарапайым азаматтар. Оларды іріктеудің ерекше тәртібі бар, қазір оған терең үңілмей-ақ қояйын, бірақ ең маңызды кри- терийі бұл олардың іске деген көзқарасына әсер ететін факторлардың, яғни қамауға алынған адаммен байланысы, жеке сезімдері, оған деген нәсілдік, діни немесе жыныстық сияқты алалаушылықтарының болмауы.

ДАНИЯЛ Ал, қазылар алқасын шақырудың мақсаты қандай?

ТАЙЫР Ол бұл істі қарауға негіз бар ма, жоқ па дегенді шешеді? Дәлелдер жеткілікті ме, әлде жетікіліксіз бе? Прокурор оларға іс жүзінде бұл адамның осы қылмысты жасағанын, істі қарауға және оған салық төлеушілердің қаражатын жұмсауға негіз бар екенін дәлелдеуі керек. Барлығы дауыс береді, және олардың шешімдерінің негізінде не процесс басталады, не адам босатылады. Қазылар алқасының шешіміне кем де- генде 12 адам дауыс беруі керек.

ДАНИЯЛ Иә! Сондықтан да «Үлкен қазылар алқасының» құра- мында 23 адам!

ТАЙЫР Иә, абсолютті көпшілік болуы керек.

ДАНИЯЛ Ал, егер процесті бастауға негіз бар деп шешім қабыл- даса, онда күдікті түрмеге жіберіледі ме?

ТАЙЫР Жоқ, бізде осы күнге дейін бұлтартпау шарасы жиі таңда- лады. Ал, англосаксон елдерінде өте аз пайызы түрмеде қалады. Көбіне олар кепілдікпен босатылады немесе төреші айыпталушыға: «Сыпай- ылық танытып, сот процесіне осындай уақытта келіңіз!»  дейді. Ешқан- дай мәселе туындамайды, әлі қылмысқа кінәлі деп табылмағандықтан қамауға алудың қажеті жоқ. Оны асырауға және қорғауға мемлекет ақ- шасын жұмсаудың, және оны отбасын асырау мүмкіндігінен айырудың да қажеті жоқ.

ДАНИЯЛ Ал, егер кінәлі болып, сотқа дейін қашып кетсе ше?

ТАЙЫР Әрине, ондай жағдайлар да болып тұрады. Қашуды сирету немесе оны болдырмау үшін полиция және басқа да қызметтер қолда- нылады. Оның үстіне, кепіл де әдетте қандай да бір кепілдік ретінде қызмет етеді. Ал, егер ол бірден қашып кетеді деген қорқыныш болса, онда, әрине, оларды бостандықтарынан айырады.

ДАНИЯЛ Ал, одан кейін процес басталады

ТАЙЫР Ондағы ең маңыздысы тартыс. Қорғау тарапы мен айып- тау тарапы әділқазылар алдында бір-бірімен тартысқа түседі.

ДАНИЯЛ Кінә туралы шешімді сот емес, алқабилер шешеді ме?

ТАЙЫР Сіз ең маңыздысын түсіндіңіз. Алқабилер бір-бірімен жа- бық есік жағдайында кеңеседі, біздегідей судья ол жаққа кірмейді. Сөй- тіп, олар сотталушының кінәлі немесе кінәсіз екендігі туралы шешімді шығарады. Егер олардың үкімі «кінәсіз» болса, онда судья тек тиісті үкімді шығарады.

ДАНИЯЛ Ал, егер олар сотталушының кінәлі екендігі туралы шешім қабылдаса ше?

ТАЙЫР Онда, сол кезде судья нақты жазаны тағайындайды. Яғни, қазылар алқасы мен судьяның қызметі әртүрлі. Алқабилер бұл фак- тінің өзі болған-болмағанын талқылап, шешім қабылдайды. Судья заң мәселесін қарастырады, яғни заң бойынша осы факттен не шығатынын анықтайды?

ДАНИЯЛ Қарапайым тілмен айтқанда, ресми түрде қылмыскер деп танылған адамды қанша жыл немесе қанша айға қамау керектігін бе?

ТАЙЫР Міндетті түрде қамауға алу емес. Ол басқа жаза тағай- ындай алады қоғамдық жұмыстар немесе түрме мерзімінен жеңілірек басқа нәрсе. Бірақ судьяның ең маңызды мәселені, яғни «кінәлі-жа- зықсыз» дегенді шешкен кездегі пікірі, ештеңені білдірмейді. Ол тек қазылар алқасының заңды рәсімдерге сәйкес жұмыс істейтіндігіне көз жеткізуі керек.

ТУЫП-ӨСКЕН ӨЛКЕДЕ

ДАНИЯЛ Ал, бізде, Қазақстанда ше?

ТАЙЫР Біздің Қылмыстық іс жүргізу кодексі аралас түрге жа- тады. Неліктен аралас дейтін шығарсыз? Себебі бізде қылмыстық про- цестің екі кезеңі бар сотқа дейінгі тергеу және сот талқылауы. Бірінші саты сотқа дейінгі қарау инквизициялық элементтерге ие

ДАНИЯЛ Ал, керек болса!

ТАЙЫР Негізінде, бір-бірімізге айтқан барлық сұмдықтардан кейін де бұл сөзден қорқудың керегі жоқ. Бұл заң ғылымында қолданылатын термин ғана. Қазіргі кезде бұл азаптап жауап алу немесе мыстандар- ды аулау дегенді білдірмейді, бұл тек күдіктінің өзін-өзі қорғау қабілеті шектеулі болатын жағдай.

ДАНИЯЛ Ал, бұл да жаман ба?

ТАЙЫР Өзіңіз ойлап көріңіз мен қорғаушымын және клиентім екеуміз сотқа дейінгі тергеу барысындағы қылмыстық істің барлық мате- риалдарымен таныса алмаймыз. Адамды жауап алуға апара жатыр, алай- да тергеушіде қандай дәлелдер жиналғанын білмеймін. Өзімнің жұмыс жасау әдістерімді, оның күрделі сұрақтарына жауап беру тактикамды алдын ала ойластыра алмаймын.

Назад Дальше