Адвокатпен сұхбат - Тайыр Күзекұлы Назханов 5 стр.


ДАНИЯЛ Бірақ, осылайша тергеушіге қылмыскерден жауап алу оңайға түседі.

ТАЙЫР Келісемін, бірақ екінші жағынан, сіз жазықсыз адамды оның сөзінен ұстап, оған тұзақ құра аласыз. Немесе қылмысқа ішінара кінәлі адамды басқа біреудің кінәсінің бір бөлігін алуға көндіру.

ДАНИЯЛ Ия, бұл әділеттілікке жатпайды.

ТАЙЫР Тіпті, тергеуші қанша жерден әділ болса да, процесстің ашық өтпеуі күдіктіні қиын жағдайға душар етеді. Және бұл тек сотқа дейінгі тергеу кезінде ғана. Бірақ іс сотқа жеткенде, қорғаушы тарап қылмыстық істің барлық материалдарын алады, және, жалпы алғанда, өте нақты айыптаулардан қорғанып, бізге белгілі айыптау дәлелдеріне қарсы дәлелдер іздей аламыз.

ДАНИЯЛ Түсінікті. «Жас баланы» соққыға жығу емес, нағыз тар- тыс басталады.

ТАЙЫР Қалай болғанда да, бір ғана қақпаны көздейтін ойын емес. Бұл қылмыстық іс жүргізу формасы алдымен Францияда, Германияда дами бастады, кейіннен оны Ресей қабылдады. Ал, Қазақстан Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін аталмыш қылмыстық процедураны оның бар- лық кемшіліктерімен қоса алды. Біздің жүйеге қаншалықты сын көзбен қарасақта, өте маңызды сәтті мойындауымыз керек: Қазақстандағы қыл- мыстық процесс біртіндеп аралас типтен тартыс түріне ауысып келеді. Бізде сот бақылауының нысаны кеңейіп келеді, енді ол сотқа дейінгі тергеу барысында да пайда болды. Сотқа қорғаушы ретінде келіп: «Қыл- мыстық істі тергеу әдісі маған ұнамайды, тергеуші менің қорғаушымның құқығын бұзды. Дәлелдерді өз көзқарасымның пайдасына келтіремін. Төрешіден тергеушіге белгілі бір нормативтік процедураларды, тергеу әрекеттерін жүргізуді міндеттеуін сұраймын»  деп айта аламын.

ДАНИЯЛ Төреші әрқашан мұнымен келісе ме?

ТАЙЫР Әрине, жоқ. Алайда, осы принциптің өзі маңызды мен шешімге қарсы шыға аламын, екіншіден, соттың басталуына дейін төрешінің немесе прокурордың шешімдеріне шағымдана аламын. Бұл, сонымен қатар, оларды өз міндеттеріне мейлінше жауапкершілікпен қа- рауға мәжбүр етеді ең алдымен менің клиентімнің құқығын құрметте- уге. «Күдікті ретінде қалдыру» деген үкім нысанының бар екені жайлы айтқан болатынмын. Есімде, тергеуші болып жұмыс істеген кезімде, кінә дәлелденбегендіктен қылмыстық істі тоқтата алатын едім. Тіпті, қылмы- стық іс жүргізу кодексінде «Кінә дәлелденбегендіктен қылмыстық істі тоқтату» нормасы болған. Яғни, олар ештеңе дәлелдеген жоқ, ешкімді түрмеге отырғызбады, алайда олардың беделіне түскен дақ өмір бойына қалды. Қазір ондай жоқ.

ДАНИЯЛ Қазір қалай тұжырымдалады?

ТАЙЫР Қазір, егер дәлел болмаса, қылмыстық іс құрамының бол- мауына байланысты қылмыстық іс жабылады

ДАНИЯЛ Сонда, айырмашылығы неде?

ТАЙЫР «Ұсталмаған ұры емес»  деген мақалды білесіз бе?

ДАНИЯЛ Әрине.

ТАЙЫР Сонымен, бұрынғы тұжырымның мағынасы: ұры деп ой- лаймыз, бірақ, өкінішке орай, ұстай алмадық.

ДАНИЯЛ Ал, қазір: егер ұстай алмаса, онда ұры болып санал- майды ма?

ТАЙЫР Қазір дәлелдердің жоқтығы қылмыс құрамының болма- уымен пара-пар. Бұл біздің қылмыстық процестің біртіндеп тартыс сипа- тына ауысуының мысалы. Әрине, адам құқықтарын толықтай қорғайтын қылмыстық процесстен әлі де алыспыз.

ДАНИЯЛ Тезірек болғаны жақсы еді

ТАЙЫР Әділеттілік үшін айта кету керек, эволюция тек қылмы- стық іс жүргізу саласында ғана болып жатқан жоқ. Бұл шөл даладағы оқшауланған құбылыс емес. Мұны жүйеде және оның басқа құқық сала- ларымен байланысын, мысалы, онсыз да жағдайы біршама өзгеше болып тұрған азаматтық процедурамен бірге қарастыру қажет.

ДАНИЯЛ Жақсы ма, әлде жаман ба?

ТАЙЫР Өзіңіз ойлап қараңыз, қылмыстық процесте айғақтар ай- ыптаушы тараппен қамтамасыз етіледі, ал азаматтық процесте тараптар- дың әрқайсысы өзі сілтеме жасаған фактілер мен жағдайларды дербес дәлелдеуі керек. Азаматтық процесте, жалпы, тараптар тең құқылы. Әри- не, қылмыстық процесте олай емес. Онда процесті, әсіресе сотқа дейінгі

бөлімді, тергеуші жүргізеді. Егер де шақыру қағазы бойынша тергеуге келмесеңіз, ол сізді тұтқындауы мүмкін. Мәжбүрлеу шараларына тап боласыз .

ДАНИЯЛ Ия, мұндай жағдайда теңдіктің ізі де байқалмайды. Ал, бізде тергеу ісімен кім айналысады?

ЕКІНШІ ТОМ

«ТЕРГЕУ ДИРИЖЕРЛЕРІ»

ТАЙЫР Қылмыстық сот жүйесінің құрылымы қарапайым емес. Тіпті оның әр тармағын алып қарасаңыз да. Университет қабырғасында марқұм профессор Қ.Х. Халықовтың бізге құқық қорғау органдары қа- лай ұйымдастырылатынын түсіндіргені, және «прокуратураның он бір қызметкері» әлі де есімде!

ДАНИЯЛ Прокуратура да сотқа дейінгі тергеуді жүргізе ала ма?

ТАЙЫР Шын мәнінде, олар мұнда «бас скрипкада ойнайды». Олар кез келген істі қолдарына ала алады, яғни талап етеді. Тіпті ҰҚК-ден терроризмге қатысты кез келген істі талап етіп, тергей алады. Мысалы, Кулекбаевтың ісі есіңізде ме? Бұл Алмалы аудандық ІІБ-де лаңкестік әрекет жасаған адам. Ол террорист, алайда, бұл қылмыстық істі Бас прокуратура аяқтады.

ДАНИЯЛ Менің түсінуімше, ҰҚК-де сотқа дейінгі тергеумен ай- налысады ма?

ТАЙЫР Әрине, Ұлттық қауіпсіздік комитеті де құқық қорғау органы, ол мемлекеттік қылмыстарға байланысты сатқындық, тыңшылық, мемлекеттік құпияларды жария ету сияқты қылмыстық істерді тергей алады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде «Мемле- кетке қарсы қылмыстар» деген арнайы бөлім бар.

ДАНИЯЛ Қылмыстық істерді тек Ішкі істер министрлігі тергейді деп ойлап едім.

ТАЙЫР Негізі, дұрыс ойладыңыз. Мұндай жұмыстың негізгі бөлігі солардың мойнына түседі, сонымен бірге ең қиыны! Қылмыстық істердің шамамен 80%-ын бұрын милиционер деп аталған, ал қазіргі полиция қызметкерлері тергейді. Ұрлық, тонау, қарақшылық, зорлау, кісі өлтіру, алаяқтық толық жиынтық Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын басқа да органдар бар МКД (Мемлекеттік кірістер департаменті) олар экономика саласында қоғамдық салалармен бай- ланысты салық төлеуден жалтару, коммерциялық контрабанда, коммер- циялық пара сияқты қылмыстармен айналысады. Дегенмен, ҰҚК да


жоғары лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты істерін өз мойнына ала алады.

Мысалы, жақында, егер есіңізде бол- са, «ЭКСИМ-Банк» басшыларының бірін коммерциялық пара үшін ұстады. Бұл іспен ҰҚК айналысты Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық істеріне қарсы жеке бюро бар. Олар мемлекеттік қызметкерлерге қатысты, яғни пара алу мен беру, пара беруде делдал- дық сияқты қылмыстық істерді тергейді. Жалпы айтқанда, тиісті органдар көп.

ДАНИЯЛ Олар өздері бірін-бірі шатастырып алып жатпай ма?

ТАЙЫР ҰҚК, прокуратура мен ішкі істер органдарының әрқай- сысына тән жеке формасы бар, қызметкерлері погондар тағады, лауа- зымдары, сыныптық шендері бар, сондықтан оларды ажырату оңай. Ал, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бюросы мен мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің погондары жоқ.

ДАНИЯЛ Қынжылтады екен!

ТАЙЫР Неге екенін білмеймін, алайда, осындай шешім қабыл- данған, оған ештеңе істей алмайсыз. Бірақ, сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын құқық қорғау органдарының көптігіне қарамастан, бүкіл тер- геудің тәжі сот. Тек сот қана адамның кінәлі немесе кінәлі еместігін, қылмыстық істі тоқтатуға болатын-болмайтындығын анықтайды, яғни соңғы сөзді өзі айтады

ЖЕКЕ ТӘЖІРИБЕ

ДАНИЯЛ Өз тәжірибеңізде тергеу және сот ісін қарау процесін, былайша айтқанда, әртүрлі позициялардан, көзқарастардан байқауға мүмкіндігіңіз болғандықтан, тергеу кезінде не нәрсеге ерекше назар аудару керек және қандай қателіктерден аулақ болу керек екенін білу қызықты болар еді.

ТАЙЫР Өте жақсы сұрақ! Негізі, қылмыстың жедел ашылуы, сонымен қатар, оған қатысқан барлық адамдардың тағдыры тергеу істерінің сапалы өтуіне байланысты. Сондай-ақ, объективті сот талқы- лауының болашағы, қорғаушының тергеу нәтижелеріне қарсы тұру мүм- кіндігі және тағы басқаларыда осыған байланысты. Сондықтан тергеуші ұстануға тиісті ережелер бар. Барлық қажетті рәсімдерді заңға сәйкес қатаң және қысқа мерзімде орындауы керек. Әйтпесе, іс сотта немесе тіпті сотқа дейін құлауы мүмкін.

ДАНИЯЛ Істі жақсы заңгер қарастырған жағдайда да ма?

ТАЙЫР Иә. Мен тіпті кінәсіз адамды немесе кінәлі адамды сотта- уға болатындығы туралы емес, оған тағылған қылмыстарға қарағанда онша ауыр емес қылмыстар туралы айтудамын. Сондықтан да, қылмы- стық процестің сотқа дейінгі сатысы ерекше маңызға ие. Сотқа дейінгі тергеуді бастауға бірнеше негіз бар. Бұл жәбірленушінің мәлімдемесі, бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар және мойындау (мұн- дай да болады!) немесе шенеуніктің баянаты. Әлі есімде, тергеуші болып жұмыс істеген кезімде, ұрлыққа қатысты істерге жәбірленушінің қоңы- рауы бойынша жиі шығатынбыз.

ДАНИЯЛ Бірінші кезекте неден бастайтын едіңіздер?

ТАЙЫР Бірінші шұғыл тергеу әрекеті оқиға болған жерді қарауда хаттаманы дұрыс толтыру. Мысалы, объект пәтер болса, онда сот так- тикасына сәйкес әр түрлі технологияларды қолдану арқылы әр бөлмені тексеру істері жүргізіледі. Қылмыскердің үй-жайға кіру тәсіліне күман қалдырмау үшін терезеде, есік жақтауларында зақымданулар бар ма жоқ па міне соған егжей-тегжейлі сипаттама жүргізіледі.

Назад Дальше