Абдраш Тебериков
Легенда о Теле
Жаратушыдан жазушыға тән қасиет маған берілмеген. Ешқандай естелік, күнделік, болашақта қажет болар деп «түртпе жазу» жиған емеспін. Алайда әр кезде терең, өз орнымен нақты айтылған сөзге, сүйіспеншілігімді сезініп жүрдім. Бірақ, осы күнге дейін елмен араласып әңгіме ақылдарын тындап түйген ойым: әке-анам, ата-әжем алдындағы құрмет-сағынышымды аз да болса есте қалған олардың өмірінен үзінділерін қағазға түсіруге міндеттімін. Осыны орындауға бел будым.
Неге монитор емес қалам? Иә, қалам, себебі біз сияқты компьютерсіз өскен буынға, бірақ қолымызға түскен кітап оқуға құмарлығымыз таусылмаған адамдарға, бірден мониторға басылған сөз өзінің тереңдігін, ой-пікірін жоғалтатын сияқты. Өзіме қойған міндет күніне бір парақтан болса да жазу.
Ал, бастайық. 1981 жылдың наурыз айының соңғы күндері. Мен, жас аға инженер, Ташкент электротехникалық
байланыс институтының түлегімін; көтеріңкі де, қобалжу түрімен үйге келдім. Үш жарым жыл өндірісте, кейде ұйқысыз түнгі ауысымдық жұмыс, жанұямда екі қызымның дүниеге келгені, қалтамда қағаз Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (МҚК) әскери борышын атқару туралы бұйрық, міндетті түрде шұғыл территориалдық мекемеге жету, бұрыңғы жұмыс орнынан маған екі апталық төлем берілуі тиісті түсіндеме.
Күндер өте білгенім, мен жұмыс істеген жердегі басқару мекеменің бастығы, өте құрметті кісі, мен үшін одан құрметі кем емес МҚК облыстық басқармасының бастығы генералмен сөзге келгені. Облыстық байланыс басқару мекеменің кадр мен бас аппараты техникалық білімді өзі түп ұлтты маманды жоғалтқысы келмегені. Олардың жоспары бойынша, мені сол кезден сәл ертерек жаңадан құрылған Торғай облысына жұмысымды жоғарлатып жіберу екен. Мен институт бітіріп, жұмысқа орналасқан алғашқы күндерден бастап жас маман ретінде, МҚК көзіне түскен екенмін. Жиырмасыншы ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғында, суық соғыс кезі, ХХ Мәскеу
Олимпиада ойындарының алдында, сол кездің терминологиясымен «басты қарсылас мемлекет» США- ның ЦРУ мекемесінде бюджеті мен штаты өскен. Осыған орай, Политбюро ЦК КПСС мүшесі, КГБ СССР төрағасы Ю.В. Андропов өз жағынан жауап амал қолданды. Қажетті тексеріспен, органға шаруашылықтардан жас мамандарды, инженер, агроном, зоотехник, мұғалім, журналист, комсомол қызметкерлер қабылдана бастады.
Сол кездегі ҚазССР КГБ генерал-лейтенанты В.Т.Шевченко: «Күрек пен соқадан шыққан кадрлар» деген сөздері маған да қатысты. Себебі біздің әулетте де әскери кадрлар болған жоқ. Анамның екі туыс ағалары батыс шекарадағы соғысқа барып, хабарсыз кетті. Ал әкем өз жасына екі жыл қосып, соғысқа он жеті жасына толмай кетті, уақыт өте, оның бозбалалық өтірігі, комсомол билетіндегі «4» санын «2»-ге түзеп, түзеткен жерінің сиясы анық көрінгені еді. Соғыстан кейінгі мамандығы агроном болды.
Әке-шешем менің жұмыс орнымның өзгеруіне аса сезім білдірмей қабылдады. Нағашы әжем, Сарыбатырова Айғаныс Бөлебай қызы, көпке дейін жиен немересінің қай жерде жұмыс атқаратының түсіне алмады. Мен, орынсыздау болар, әжеме білместікпен «Қауіпсіздік Комитетті» НКВД- нің құқық иеленушісі дегенде, әжем біраз үнсіз қалды да (ол кісінің тілі өте өткір, әңгімеге шебер еді), Сталин кезіндегі бір ескі анекдотты айтты: «НКВД қызметкерлері күні бойы жеті құлпына жабылған бөлмелерінде отырып бітпейтін қағаз жазып, кешке жазғанын өртейді де, іші толған ауыр жүгін ешкімге айта алмай, ішіне де сиғыза алмай ақыры ауа бүлдіре бастайды». Сүйікті әжемнің сөзі, шынымды айтсам, мені ренжітті. Мен кітаптардан оқыған барлаушы, контрбарлаушылар туралы романтикаға толы ойларымды айттым, әжемнің көзқарасын өзгертуге тырыстым.
Ақырында, өз жолымды таңдауыма құқылы екендігіме тоқтадық.
Аудио-видеотехниканы жақсы меңгерген техника маманы ретінде, сол кезде (жетпісінші жылдардың соңы) портативті жазу құралдарының кең тарамағанына қатты өкінемін. Себебі, адамның мида сақтау қабілеті шектеулі.
Әжеміздің екі төңкеріс, екі дүниежүзілік соғыстарды бастан өткізген еліміздің тарихынан динамикалық үзіндісіне көзқарасы, сол дәуірдегі зиялы тұлғалармен жеке танысуларына, жалпы өмірге деген ой-пікірі және де ең бастысы, атам Жаманмұрынов Тел Бұқпанұлымен бірлескен некесі туралы еске алуларын сол кезде толықтай түсінбедім және жадымда сақтай алмадым.
Бірақ, жадымның бір бөлігінде сақталып қалған еске алуларды сіздермен бөлісуді және ауқымды аудиторияға шығуын жөн көрдім.
І. Ата
Менің әңгімемнің түйіні сарғайып қалған қағазда, карандашпен өз қолыммен жазылған атамның өмірбаяны. Сексен жылдан асса да бұл біздің отбасымызға аса қымбат мұра құндылық. Әжеміздің басынан талай қиындықтар өтсе де, көп нәрсесің жоғалтса да, осы бірнеше парақ қағазды бөтен көзден ұқыпты сақтағаны, менің қалам алуыма түрткі болды.
Қазіргі үш тілді меңгеру жоспары, ХІХ ғ. аяғында ХХ ғ.
басындағы қазақ интеллигенцияның пайдаланған білімі еді. Өз мамандықтарынан бөлек қазақ интеллигенттер ана тілімен қоса, орыс тілін, бірнеше шет тілдерін меңгерген адамдар. Атамыз бес тілді білген кісі. Орыс тіліндегі өмірбаяны бірде бір орфографиялық, стилистикалық қатесіз жазылған. Оқыған адам үшін тура әдеби туынды сияқты қызығушылықпен оқылады. Осы жазбадан атамызды талапты, мақсатына жететін, жан-жақты білімді, қайратты, қазақ елінің жанашыры ретінде көруге болады. Телдің замандастары, құрдастар арасында әзілқой, қалжынды түсіне де көтере де алатын, өзге ғана емес өзі туралы да сын айта білетінің еске алады. Телді жақын білген жерлесі, әрі әріптесі Мұханбетов Сахан ол туралы естелігінен өте таза, ашық мінезді, кең пейілді адам дейтін. Дауысын көтермей әнгімесін айтқанда кез келген адамның жүрегін баулай әкететін.
Өмірбаянында жазғандай, Тел Жаманмұрынов 1888 жылы 25 ақпанда кедей малшаруанын отбасында Торғай облысының (қазір Ақтөбе обл.) Аманкөл болысының Ырғыз уезінің 4 ауылында дүниеге келген. Екі жасында әкесінен айырылып, атасы Дәулетімбеттің қолында өскен (атасының лақап аты Жаманмұрын). Отбасындағы материалдық қиындықтарға қарамай, Жаманмұрын алты жасар немересін Аманкөл ауылдық қазақша-арабша мектебіне берген, одан әрі Ырғыз орыс-қырғыз екі сыныптық училищесінде оқытқан. Телдің жазуы бойынша, бұл атасының оның бозбалалық ойындарынан, домбыра, балалайка тартудан алшақтау амалы еді. Телдің білімге деген құштарлығының жоғары болғанын, бала кезінен аса қызығушылықпен көп оқитынан байқауға болатын. Ы. Алтынсарин 1864 жылы ашқан Ырғыз ауылдық мектеп ХІХ ғ. екінші жартысынан келе жатқан көне оқу орын. Оның туысы, бірге оқу саласында жұмыс атқарған дарынды кісі Сарыбатыров Бөлебай, мектеп директоры, білім бөлімінің инспекторы, Телдің болашақ қайын атасы. Мектепте балалар дін саласынан бөлек орыс тіліндегі сауатын, математика сабақтарын
өткен. Бұл училищені У.Құлымбетов, Т.Жүргенов, Т.Шонанов,
Б.Алманов, К.Сейдалин, ағайынды Түнгашиндар, Т.Баймурзин және т.б. көптеген белгілі қазақ интеллигенцияны құраған зиялы адамдар бітірген. 2010 жылы «Ырғыз» энциклопедиясында өз өлкесіне деген үлкен махаббатымен жазылған, Ырғыз даласы арқылы Желмая түйесін мінген бақытын іздеген Асанқайғы жолы өткен делінген. Сақ жігіті Шырақ, осы жақтын құмдарына парсы шахы Дарий І әскерін құрту үшін адастырып әкеліп, сол жерде өзі де батырлық жасап қаза тапқан. Ырғыз өзенінде Хорезм шахы Мұхамедпен Шыңғысханның үлкен баласы Жошы соғысқан. Бұл жерден Алтын Орданың ханы Тоқтамыс, ақсақ Темірдің әскерлері өткен. Кіші жүздің биі Әйтеке, осы өлкеде өз шешімдерін жүргізген. Бұл жерде 1731 ж. 10 қазанда кіші жүздің ханы Әбілқайыр орыс патшайымы Анна Иоановнаға антын берген. 1845 жылы Орынбордан Хиуаға барар жолда форпост Жармола (Ырғыз) ашылған. 1858 жылы Ф.Энгельс «Ресейдің Орта Азияға кіруі» атты мақалада бодандықтау (колонизация) туралы жазып, Ырғызды атап өткен. Т.Г. Шевченко Маңғыстауға айдалынған кезінде, аз уақыт Ырғызда тоқтап, өз күнделігінде жазу қалдырып, қаланың көрінісіне сурет салған. Осы жерден көш өткенде Абайдың атасы Ырғызбай туылған деген деректер бар.
Тел жаздық демалыс кезінде ауыл байларының малын баққан, шешесі жалдамалы жұмыс істейтін. Отбасының қамқоршысы, әкесінің інісі Баймағанбет, жалданып жұмыс істеп туыстарына көмегін көрсеткен. Жергілікті молда ауыл баласын арабша оқытқан. Оқуға құштар Тел Орынбордағы мұғалімдер дайындайтын мектебінде оқуды армандаған. 1904 жылы немересінің талабын мақұлдаған атасы, қолындағы екі өгізін арбалы жылқыға айырбастап, оны қалаға оқуға жібереді. Төрт жыл оқуы өте шықты. Үздік оқушы, математика, дүниетану пәндері жанына жақын болғандықтан, ол Орынбор училищесінің 3 курсына ауысты. Бұл кезде елдегі 1905ж. оқиғаларынан кейінгі революциялық қозғалыстар оны да тыс қалдырған жоқ. Өзі жазғандай, 1908 жылы Ресей орталығынан келген белгісіз адам,
Орынбор оқу орындарының оқушыларының арасында жасырынды революциялық «өзін-өзі тану» аталатын ұйымша ашып, қатысушылары жасырын пәтерде бас қосатын. Осы жерде ол алғашқы рет революциялық жұмыстармен танысып, бүкілжүзілік жұмысшылар қозғалысы, олардың талаптарын оқып білді. Ұйымшаға қатысушы студенттер, гимназистер, оқушылар, оқу орындарының әкімшіліктеріне өз құқықтарын бұзуға қарсы жұмыс жасауына шақырылды. 1912 ж. училищені үздік бағалармен бітірген Телді Санкт-Петербургтегі мемлекеттік техникалық (политехникалық) институтына оқуға деген құштарлығы әкеледі. Бұл жерде оның алғаш рет жерлесі қазақ Мұстафа Шоқай; В. Молотовпен Санкт-Петербургтегі заң және техникалық институттарының студенттерімен және де кадет, Ресей Империасының І шақыруының мүшесі Әлихан Бөкейхановпен танысуы болды. Соңғысы жас студентті АлашОрда қозғалысы, олардың қазақ халқының мұқтажын орындап, бостандыққа апаратын күресімен таныстырды. Солтүстік астананың ауа-райы, студенттердің суық өзендерде бөрене өткізу тәжіребиесі, отаннан келген стипендияға қосымша ақша табу үшін тыңбай жұмыс істегені, оны созылмалы өкпе ауруына әкеліп соқты. «Қазақ» газетінің бірінші шығарылымында татар қауымдастығына алғыс жариялаған. Газетте Орынбор оқушыларына көмек көрсеткен үшін, арасында Петербургтегі студент Т.Жаманмұрыновқа 25 рубль берілгені туралы жазылған. Тел дәрігерлердің талабымен, ауа-райы жұмсақтау Мәскеуге ауысуына туракелді. 1913 ж. Мәскеудегі ПетровскоРазумовский ауыл-шаруашылық институтында (қазіргі Тимирязев академиясы) «Землеустройство» факультетінде оқуын жалғастырады. Факультет көп салалы білім берген. Дәлірек айтсақ: проектировщик, топограф, гидротехник, мелиоратор, маркшейдер салалары. Студенттер ауыл шаруашылығына қажетті инженер ретінде, түрлі техникалық мамандық бойынша білім алатын. Қаражат жетіспеушілігі кедей студентті ұлты еврей, Бірінші гильдия көпесінің үйіне әкеледі. Тел оқуын репетитор жұмысымен қатар жүргізеді. Ол көпес қызы Аннаға математика және би (өте қызық бірлесу) сабақтарын үйретеді. Жас репетитор мен сұлу бойжеткеннің сабақтары, бірін-бірі ұнатып, қыздың әке- шешесінің рұқсатымен үйленуіне апарады. Көп ұзамай жас отауда Әнуар есімді ұл дүниеге келеді.
Мәскеудегі оқу жылдар І Бүкілжүзілік соғыс мезгілігімен қатарласады. Ауыл шаруашылық институтының студенті мелиоративтік зерттеу жұмыстарымен Сыр-Дария губерниясының Хиуа хандығына және Ресей әскерлерін етпен, аттарын жеммен қамтамасыз ету үшін Таврия (Крым), Екатеринославск губернияларына барған болатын. Торғай болысына Ақтөбе, Қостанай уездеріне ауыл шаруашылық егістерге шабатын зияндықтармен күресу жұмыстарына қатысады.
1916 ж. 25 маусымда шыққан Николай ІІ жарлығымен Қазақстан, Орта Азия мен Сібірден 19 бен 43 жас арасындағы ерлер арттағы (тыл) жұмыстарға шақырылған. Бұл жарлық қазақтар арасында көп қарсы қозғалыстарды тудырды. Жетісу және Торғайда А.Иманов басқарған қару көтерген соғыстар орын алды. Тел бұл жарғының мағынасын орысша білмейтін қазақтарға түсіндіру үшін белсенді кірісті. 16 адамнан құрылған комиссия, оның арасында А.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Н.Төреқұлов, Тел Жаманмұрынов және т.б. шайқас жүріп жатқан жер Минскіге жетеді де артқы мобилизация жұмыстарына шақырылған қазақтардың жағдайларын тексеріп, көмек көрсету амалдарын жасайды. 1916 ж. 23 желтоқсанынан 1917 ж. 12 қаңтарына дейін комиссия тоғыз отрядта болып Земск комитетіне қорытындысын тапсырды. Одан басқа «Қазақ» газетіне арттағы жұмыстағы қазақтардың жағдайы туралы мәліметтерді басқызды. Минск қаласында жағдайды бақылап, дер кезінде шара қолдануға даяр болатын топ қалатын болды. Наурыз айында олар мобилизациядағы адамдарға және олардың отбасыларына ет, ас дақылдар, ақшалай көмек көрсету үшін Орынбор облысының қазақ комитетіне шығады.
А.Бөкейханов, А.Байтұрсынов бастаған барлығы қырық адамнан құрылған топ, арасында Т.Жаманмұрынов, мобилизацияға қарсы шыққандарды аямай қырып салатының түсінген соң, елді шамалы шыдауға шақырады. Елге айтқан сөздерінде, қазақтарды атыс майданға қоспайтының, патша үкіметінің құлауға азғана уақыт қалғаның, өзгерістерді күтуге шыдамдылық танутыға үгіттеді. Болып жатқан соғысты «бөтен» деп қабылдауын, алдағы бас мақсат Қазақстанның тәуелсіздігі. Елімізді бодандықтан құтқарып, қазақ генофондың сақтап қалу үшін, болашақ
«алашордалықтар» қазақтарды майданға, орыс тілін білмеуімен байланысты, қосуға болмайтының алға тартып, оларды тек артқы жұмыстарға пайдалуына уәделесті. Тел отандастарына үнемі орыс тілді, әдебиетті, қару қолдануды үйрену керектігін айтатын. Сендер алда «Алаш-Орда» мемлекетінің әскери қатарында боласындар. А.Бөкейханов, М.Дулатовтардың қол астында жұмыс жасаған Тел «Алаш- Орда» қозғалысын толық қабылдап, өз үлесін қосқан. Тел 1917 ж. ақпан төңкерісі кезінде Минскіде болған. 15 наурызда он алтының қолы (А.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Есболов, Н.Төреқұлов және т.б., оның ішінде Т.Жаманмұрынов бар) қойылған «Жаңарған Ресейдің тәуелсіз азаматтарына, қазақтарға. Барлық Ресей азаматтары үшін тәуелсіздік, бірлік, ынтымақтастық күні туды Бүкілқазақстандық съезіне кандидаттар сайландар. Біздің мақсатымыз демократиялық мемлекет деген жазуы бар жеделхат Қазақстан бойынша 25 мекенжайға жіберілді.
1917 ж. 5 мамырда Уақытша Үкіметтің, арттағы жұмыстарға тартылған адамдарды «үйлеріне қайтару» туралы жарлығы шықты. Қырық бетке ұстар алашордалықтар арасындағы Тел де, 100 мың қазақтарды эшелондармен отанға қайтару жұмыстарына қатысты. Соғыс, төңкеріс аласапыран жылдарында осындай әрекеттер арқылы адамшығының азайтуына, қазақ генофондың сақтау үшін күш салған еді. Алашордалық жолын толық қабылдаған Тел, басшыларының талабымен, бұл қиын уақытта отанында болу керектігін түсініп, ол баласымен әйелін алып, көп жылдардан кейін, Мәскеуден Ырғызға қайтады.
1935 жылы жазылған өмірбаянында Тел репрессияға ілінбеу амалымен, 1917 ж. мамыр айында отанына артқы жұмыстардан қайтарылған қазақтар мен серіктесіп қайтқанын көрсеткен еді. 1917 ж. 27 мамырында шыққан «Қазақ» газетінде «Басқалармен, Тел басқарған ақтөбеліктер, Біләлмен жетісулықтар отанға оралды Жолда адасқан, қалып қалғандарды іздестіру жұмыстары және оларды азықпен қамтамасыз ету жүргізілуде» деп жазылған. Бұрынғы Ресей Империясының интеллигенциясы (кадеттер, эсерлер және демократиялық ұлт өкілдері) арасынан атқарушы, коммуналдық, азаматтық комитеттер құрылып жатыр.
Торғай облыстық азаматтық комитетінің директивасымен Жаманмұрынов Тел Ырғыз уезд комитетінің Төрағасы болып тағайындалды. Бұл уақытта Орынборда А.Бөкейханов,