Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Ильич Нуров 6 стр.


Іс жүзінде тайджуиттерге қарсы тұрған қияттар емес еді. Монголдар деп қияттарды емес, Шыңғысханның казактарын айтуға болады. Және тек қана солар тайджуиттердің ғана емес, сонымен қатар, нирундар мен турлигиндердің бүкіл тайпаларына қарсы тұрған. Қарсы тұру этникалық түрде емес, әлдеқайда әлеуметті негізде жүрді. Шыңғысханның қият болмауы да мүмкін еді, бірақ бұл бәрібір бай ауылдары және тайпалық көштер арасындағы азаматтық соғыс болар еді. Шыңғысханның сыртында ешбір тайпа болған жоқ және бұл монгол мемлекеттілігінің асқан даралығын көрсетеді. Ежелгі монгол мыңдықтары тайпалық құрылым емес, мемлекет қызметіндегі әскери бөлімдер еді. Кейін мыңдықтар тайпаларға ауыса бастады, бірақ тура туысқандық емес, потестарлық-саяси негізде.

Қазақ шежірелерінің біресе былай, біресе былай келетіні осыдан. Шыңғысхан империясының бұрынғы рулық және тайпалық атаулардың орнына көбінесе бұрынғы рулық атаулармен, немесе мыңбасының атымен аталатын мыңдықтардың атаулары пайда болады. Хорчи ата, немесе Усун Эбуген, яғни бақсылардың атасы (Бэхи Ноян) ежелгі монгол тайпаларының ең үлкен баарин руынан болатын және, мүмкін, Уйшун одағын басқарды. Қадан тайши, немесе Арғын ата, ойраттан шыққан және, мүмкін, Арғын одағын басқарды. Эдыге би маңғұттан шыққан беклер бек ретінде ноғайларды жарыққа шығарды және, мүмкін, оның тұқымдары Алшин одағын басқарды. Ал йемек, қимақ, телеуіт, қыпшақ, қырғыз, қарлық, қаңлы сияқты жергілікті тайпалар, арасында таулықтар және жартылай отырықшылар бар, ежелгі монгол одағына бағынған және бұрыннан қазақлық өмір дағдысында болған, немесе осы дағдыны кейін қабылдаған.

Сол XIII ғ. Шыңғысханның өсиетімен Еділдің сыртындағы батыстық жорыққа Жошының екінші баласы Бату және Жошының өзге балалары да жіберіледі. Солардың қатарында ең үлкен ұлы Орду. Орду Жошы ұлысының Еділдің сол жағындағы қазіргі Қазақстанды құрайтын жерлеріне иелік етті. Осы жорықтан кейін Жошы ұлысы Еділден Еуропаға дейін кеңіді және Бату өзінің ордасын Еділдің бойындағы Сарайға (Ақ Орда) орналастырды. Сол Ақ Орданы, Жошы ұлысының астанасын орыстар Алтын Орда деп атады. Сонымен қатар, ол Жүз Орда деп те аталды. Өйткені, Бату әскерді жергілікті казактардан құрады. Бұл жорықтан кейін Батухан Орду Еженнің сол қанатынан тағы ұлыстар бөледі. Жошының бесінші баласы Шейбанға Орду ұлысының батысынан және он жетінші баласы Тука Тимурге Шейбан ұлысының батысынан. Ең мүмкіні, төрелер тармақтарының үлкендігіне байланысты қазақтың үш жүзіне негіз болған, өйткені, заң бойынша, бұл ұлыстардың бәрі Ордуға бағынған. Бұл ұлыстардың ру-тайпалық құрамымен қазақ жүздерінің құрамы негізінен бір және өз кезегінде Шыңғысханның жүзбасылары мен мыңбасылары шыққан ежелгі монгол тайпаларымен байланыста.

Төрелердің туыстық үлкендігіне байланысты осы үш дербестенген ұлыстың шартты түрде оларға бағынған өзге ұлыстардың арасындағы шартты үлкендігі шыққан. Кейін осы Орду, Шейбан, Тука Тимурдың үш дербестенген ұлыстары Орду мен Урус тұқымдары басқарған жүздерге айналған. Оларға түрлі жылдамдықпен қазақ рулары мен тайпалары қосылған. Олардың осы ұлыстардағы үлкендігі Шыңғысханның жүзбасылары мен мыңбасыларының шежірелік жақындығымен, ал кейде, өте сирек, төрелердің қай кезде осы ұлыстарға қосылғандығына байланысты есептелген. Осылайша төрелердің туысқандық үлкендігіне байланысты үш жүз пайда болды, ал олардың ру-тайпалық құрамы қазақ рулары мен тайпаларының төрелерге жақындығына байланысты болды.

Тайпадан тыс ноғайлар, тайпадан тыс моголдар сияқты, шыныменде тайпалардан тыс қазақтармен туыс еді және олардың төрелерге саяси жақындығы һәм олардың шежірелерінің төрелер шежірелеріне жақындығы қазақтар қосылған сәтте мәлім болған. Бірақ моголдар, ноғайлар сияқты, Ұлы және Кіші Жүздің құрамына кіргені болмаса, оларды құрамаған. Тек осы мағынада ғана барлық жүз арқылы өтетін барлық ру мен тайпаларының үлкендігі қазақтарға және өз төрелері династиясы жоқ ноғайлар мен моголдарға ұнамды болар еді.

XIV ғ. ортасында Жошы ұлысының оң қанаты ру-тайпалық ақсүйектерінің билігі асқасын және Тоқты мен Бердібек хандар барлық Бату тұқымын өлтіргеннен кейін, Орду тұқымының үлкендігі Алтын Орданың бас тағынан үміт етуге мүмкіндік берді. Және XIV ғ. екінші жартысында Урус хан (билік еткен жылдары 13681377), Шыңғысханның үлкен немересі, Орду Еженнің тұқымы, солай жасады. Алаш ханның прототипінде, ол Алтын Ордада Ұлы Бүлік басталғанда, Жошы ұлысын қайта құру мақсатында, Ақ Орданы басып алып, Көк Орда (Қазақстанның) тәуелсіздігін жариялады. Бірақ Бату тұқымдары өлгеннен соң, Алтын Орданың бірлігін қайта жандандыру мүмкін емес еді. Ақ Орда және Көк Орда қазақ төрелеріне қалды. Осыған байланысты Қазақстан өзінің төл астанасы Сығнақтан айырылып қалды. Оны Тамерланның көмегімен Тоқа Темірдің тұқымы Тоқтамыс тартып алды. Және содан кейін Тоқтамыс Сарайды да басып алып, Урусты қуды, бірақ Ақсақ Темірмен жауласа бастады. Амал жоқ, Темір Алтын Орданың Еділ бойындағы бүкіл сауда қалаларын қиратып, Сығнақ тағын Урустың баласы Құйыршыққа алып беруге мәжбүр болды. Содан бері Жошы ұлысы Сарай астанасы бар Алтын Орда ретінде жойылады да, ал Ақ Орда мен Көк Орда саяси құқықтық мағынада араласып және кірігіп, қазақ хандарының төрелік династиясы ретіндегі урусидтердің иелігіне айналады.

Кейін, XV ғ. басында шейбанид Абулхаир хан урусид Барак ханның өлімін ұйымдастырып, Қазақстандағы билікке қол жеткізеді және оны бұрын Алтын Орданың билігін тартып алған, өзін өтірік батуид деп сендірген Өзбек ханды есіне алып, Өзбек ұлысы деп атаған. Сол ғасырдың ортасында Абулхаирдың өлімінен кейін урусидтер Керей мен Жәнібек Қазақстандағы Урус ханның династиясын қайта таққа отырғызады. Бірақ өзбек урусидтер арасында тұтас хандыққа иелік ететін хан болмағасын, олар урус деп аталмай, «казак» деп аталды, ал Орта Азияға көшкен шейбанидтердің тұқымы өздеріне өзбек атауын қалдырған. Сөйтіп, қазақтар ақыры өздерін өздерінің әлеуметтік өмір дағдысымен атаған.

Осы сәттен бастап ежелгі монгол суперэтносының казактары Қазақстанды мекен еткен, ал олардың жүздік пен мыңдықтары потестарлық-саяси негізінде тағы да ру-тайпалық сипатқа көшкен. Казактар өздерінің атауларын өзгертсе де, әрқашанда Шыңғысханның руы мен заңының билігінде қалған. Монголдан кейінгі дәуірде қазақ даласын қыпшақтікі деп атау өте шартты, ал ежелгі монгол руы мен тайпаларының түркіленуі жөнінде сөз қозғау артық кету болады. Негізі, қыпшақтардың кимактардан, телеуіттерден және казактың өзге көшпенділерінен өзгешелігі олар Еділдің батысында және Сырдарияның оңтүстігінде жартылай отырықшы боп өмір сүрген. Монголдар қыпшақтар ақсүйегі Ел Бөрі руын жойғасын, қыпшақтар, ежелгі татар тайпалары сияқты, жүздіктерге таралып, дербес саяси, демек, этникалық (Ұлы Дала мәдениетiндегі) биліктен айырылған.

Сөйтіп, XVI ғ. басында өзге халықтарша бөлінбейтін біртұтас ұлт ретіндегі көшпелі қазақтың қалыптасуы басталды емес, бітіп үлгірді. Қазақтардың «халық-мемлекет» ретіндегі елдердің барлығы саяси тайпалар болды және өзге бөліктерге бөлінген жоқ (айрықша елдердi құрамаған). Өйткені олардың бүкіл мәдени-тұрмыстық ерекшеліктері ежелгі монгол суперэтносының өмір дағдысынан мұраланған еді. Оны айтасыз, әлгі мәдени-тұрмыстық ерекшеліктер тіпті ежелгі түркі суперэтносына да тән еді, егер ежелгі түркілердің қаны бір, туыс ру-тайпаларға бөлінетінін ұмытсақ.

Сөйтіп, XVI ғ. казактар нағыз қазақтарға айналып, өздерін жартылай отырықшы украин және орыс казактарынан тарихи жолы мен өмір салтында ұқсастық болса да, бөлек санады. Нағыз орыс казактары «ордалықтар» («ордынские») Русьтың тек оңтүстік шетінде емес, барлық жерде Алтын Орданың ежелгі монголдарынан, «татар» казактарынан шыққан. Және Мәскеу Русін қорғау қызметіне олар татар-монгол езгісінен азатталғаннан кейін тұрған.

Қазақтар құрамында қазаққа өз атын беретін рубасы, немесе тайпалар болған емес. Бұл қазақ этносының жастығы жөнінде емес, оның таза әлеуметтік арқылы құрылғанын айтады. Қазақ хандарының Могулистанға көшіп кетуі көшпелі өзбектердің казак деп қайта аталғанына мегзейді. Еркін болмыстың әлеуметтік статусы ежелгі монголдарда болған және көшпелі қазақтарда толығынан этникалық ерекшелікке айналған. Бұл әбден-ақ заңды, егер этнос негізінде туысқандық, нәсілдік, антропологиялық ерекшеліктерін емес, әлеуметтік қоғамдастықтың өмір дағдысын, мінез-құлқын және өзге де мәдени-тұрмыстық қасиеттерін алсақ. Өйткені әлеуметтіліктің этнос болмысына қазір кіргені сонша, өзге теориялар сын көтермейді. Сөйтіп, бізде қазір мода боп кеткен казак, киргиз-казак, немесе кайсак сөздерін қазіргі орыс сөзі казахқа ауыстыру дағдысын мүлде қабылдауға болмайды, өйткені ол қазақ этнонимінің тарихына, этимологиясына, семантикасына қайшы.

Қазақтың шаруасы, ежелгі монголдың карачуі, сияқты қатардағы көшпенді, барлық жеке және дүниелік жекеменшігіне құқықтары бар заңды ерікті тұлға, бірақ нағыз казак ретінде ол, әлдеде қолданылып келе жатқан Шыңғысханның заңы бойынша, әскерге шақырылатын және қару ұстауға міндетті еді. Өйткені қаруы болмаса ол халық жиындарында дауыс бере алмайтын. Бір сөзбен айтқанда, хан өз міндетіне қоғамдық тәртіпті сақтау және территорияны қорғауды алған һәм өзге елдер және халықтармен келіссөз жүргізу хұқығына ие жоғарғы сот және бас қолбасшы болатын. Қазақ төрелерінің қазақлық тағдыры қиын: «бүгін қашқын, ертең хан» дегендей және керісінше. Аса қартайған хандардың өздері «билігінен айырылған және мұрагерлік хұқығы жоқ» ретінде, кәдімгі батырлар сияқты, соғыс алдында жекпе-жекке шығып, өзінен әлде қайда жас қарсыласынан қаза тапқан.

Шыңғысханға табыну дағдысының өте маңыздылығы ол дін деңгейіне дейін көтерілген. Бақсылар рәсімдерін жасағанда, ұлы жаугердің рухын шақырған, ал жәй халық оның ұрпақтарына тек жәй билеушілері ғана емес, киелі, қасиетті рудың өкілдері ретінде тағзым еткен. Осыған байланысты XIX ғ. қазақтың даласы Шыңғысхан ұрпағы өз билігін сақтап қалған бірден бір орын болды.

Назад Дальше