Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Ильич Нуров 7 стр.


Шыңғысханға табыну дағдысының өте маңыздылығы ол дін деңгейіне дейін көтерілген. Бақсылар рәсімдерін жасағанда, ұлы жаугердің рухын шақырған, ал жәй халық оның ұрпақтарына тек жәй билеушілері ғана емес, киелі, қасиетті рудың өкілдері ретінде тағзым еткен. Осыған байланысты XIX ғ. қазақтың даласы Шыңғысхан ұрпағы өз билігін сақтап қалған бірден бір орын болды.

Ханның мұрагерлік иелігі ретіндегі мемлекет бұрындағыдай орда мен елден тұратын. Орда дегеніміз хан шатырынан және оның казак нөкерлерінен тұратын қарулы әскер. Ел мемлекетті құрайтын халық, көшпенді тайпа мен рулардың және көшіп кетуі ұлысты күйретер қарапайым казактардың одақтастығы. Ұлыс өзіне бағынышты жұртты басқарған. Еркін казак елі ретіндегі Қазақстанда мұндай ұлыстар көп болған, XVII ғ. өзінде олар жиырмадан көп болған, әйтсе де, олар үлкендігіне байланысты үш дербестенген ұлыстың айналасында біріккен. Кейін Ресей, Орта Азия және Қытай шекараларын қазақ даласы айналасында тас қып жапқанда, қазақ елі жүздермен бірігіп кеткен.

Тұтас қазақ хандығы ешқашанда болған емес және XVI ғ. кейінгі қазақ хандықтары Монгол империясының бату, жоққа айналу тарихының бір бөлігі. Егер бәрі де Урус хан, Қасымхан сияқты, қуатты патшалардан басталса, бар егеменді тарихымыз мемлекет басшыларынан гөрі қарақшылар атамандарына ұқсас Абылай хан және Әбілқайыр ханмен бітеді. Ал егемендіктен айырылғаннан кейінгі XIX ғ. тарихымыз ол да белгілі: әлгі хандардың соңынан келген Ресей шенеуніктері қазақ даласындағы барымта мен бұзақылықты тия алмай, жынданып кете жаздаған. Қазақтардың бірінің үстінен бірі жазған арыздарына әлі де Ресей архивтері толы. Жырлары адуынды және асқақ жыраулардың орнына не болса соны сөз қылатын өлеңшілер келді. Қазақтар көбінесе соңғы пассионарларын өздері өлтіреді. Ал ұлттың нағыз мәйегі Алаш Орда қайраткерлері халық ішінде өте аз қолдау табады. Мұның бәрі, әрине, трагедиямен бітеді.

Көне монгол казактары жаңа билеушілер мен мемлекеттер іздеу мақсатында, көшіп кету дағдысынан айырылғасын, қазіргі қазақтарға айналған. Міне, осыдан арбадағы киіз үй ретіндегі «казак терген» арбалары құрама юрталарға ауыстырылып, қазақтың мәдениеті мен тұрмысына зор өзгерістер енген. Яғни, нағыз жаңа империялық емес этнос тек XVII ғ. ғана Шыңғысханның ежелгі монгол-казак империясының қирандысында пайда болды. Қазақ этносы Ресейге XVIII ғ. 30-шы жылдарында қосылды және XX ғ. 30-шы жылдарында оны күштеп отырықшы қылды. «Қазақстан трагедиясы» ретінде атышулы болған отырықшылыққа жаппай көшу барысында, Голощекин ұйымдастырған жаппай аштан өлу нәтижесінде, қазақтардың үштен екісі жойылып кетті.

Ендігі мәселе қазіргі XXI ғ. қазақтары қалай дамиды: бұрынғыдай жалпыазаматтық мағынасындағы титулды, нарыққа бейімделген, этностық санадан биік ұлт боламыз ба, әлде ана тілі мен титулды елдің мемлекеті негізінде бөлектеніп, этнократиялық, нарықты емес қоғамның қамытын киеміз бе? Қазіргі уақытта титулды ел басқаратын Қазақстанның жалпыазаматтық ұлтын жасау үшін қазақтардың дәстүрлі қазақлық мәдениетін жеке ашықтыққа және мәдениет, саясат, экономикадағы бәсекелестікке қарай жетелейтін жаңашылдықтың ұлттық идеясы керек. Қазақтың ұлттық қасиеті ретіндегі жеке ашықтық идеясын барлық елдер қолдайды. Бұл ұлттық қасиеті арқылы жалпы азаматтық Қазақстан ұлты өзінің ұлттық миссиясын жүргізеді, яғни, ақпараттық қоғамның этникалық үлгісіне айналады. Алдымен, бүгінгі таңдағы ономастикалық логикаға бағынып, ел атауының орысша және ағылшынша транскрипциясын өзіміздің қазақша нұсқасымен сәйкестендіру керек: Казакстан (Kazakstan)  Еріктілердің Отаны (Freedom State).

Ұлттық идея қолдан жасалатын нәрсе емес, шынайылық ретінде ашылатын нәрсе. Кез келген ұлттық идея, қазақы болсын, орысша болсын, кез келген халықтың ұлттық миссиясын беретін ұлттық қасиеттен және оны этнос ретінде, мәдени-тұрмыстық тұтастық ретінде біріктіретін нәрселерден тұрмақ. Ерте ме, кеш пе, біз этностық пен азаматтықты бөлетін боламыз және ұлт деп тек азаматтылықты айтамыз. Әзірше біз, этностар, ұлттық шығу тегіміз бен ұлт деңгейін ажыратуды үйренейік.

Өкінішке орай, индустриалды мәдениеті бар ұлттар жалпыазаматтық қоғамдастықтар ретіндегі елдер жиынтықтарына қарағанда, өзінің басындағы ұлттық мемлекетсіз тірлік ете алмайды. Сондықтан кез келген либералды-демократиялық құндылықтарды енгізу, егер онда тұтас этнос ретіндегі тұрғындардың өз-өзін тану деңгейін беретін («идентификация») ұлттық идеямен қамтамасыз етілмесе, сәтсіздікке ұшырайды. Саяси және экономикалық бағыттама нұсқасындағы мемлекеттік мақсат ұстанулары ұлттық идеяның орнын толтырмайды. Өзге жағынан либералды- демократиялық құндылықтардан қол үзген кез келген ұлттық идеяның өзі дұрыс болмайды, өйткені ақпарат жиюдың глобалды тарихи барысына қайшы келеді.

Өкінішке орай, индустриалды мәдениеті бар ұлттар жалпыазаматтық қоғамдастықтар ретіндегі елдер жиынтықтарына қарағанда, өзінің басындағы ұлттық мемлекетсіз тірлік ете алмайды. Сондықтан кез келген либералды-демократиялық құндылықтарды енгізу, егер онда тұтас этнос ретіндегі тұрғындардың өз-өзін тану деңгейін беретін («идентификация») ұлттық идеямен қамтамасыз етілмесе, сәтсіздікке ұшырайды. Саяси және экономикалық бағыттама нұсқасындағы мемлекеттік мақсат ұстанулары ұлттық идеяның орнын толтырмайды. Өзге жағынан либералды- демократиялық құндылықтардан қол үзген кез келген ұлттық идеяның өзі дұрыс болмайды, өйткені ақпарат жиюдың глобалды тарихи барысына қайшы келеді.

Қазақтардың жеке ашықтығы жөніндегі ұлттық идея Қазақстанның жалпыазаматтық ұлтын тек қана индустриалды емес, қоғамдасу мәдениетінің ақпараттық деңгейіне көтереді. Міне, тек осы ғана «Аспандау» ғылыми-білім беру қоры шығарған «Ақпараттық қоғам 2030» ҚР білімін дамыту Саясатында насихатталады (www.aspandau.kz).

* * *

Қазақлық концепциясының қазақ этногенезіндегі және тайпадан тыс дәстүрлерді модернизациялаудағы маңызын баяндаудан соң Қазақстанның тарихтануындағы, нақты айтқанда, осы концепцияны қолдайтын бағытындағы соңғы жетістіктерді зерделеу қажет.

В.П. Юдинның зерттеулері

2001 жылы И.Н. Тасмагамбетов басқаратын редколлегия жарқын қазақстандық зерттеуші Вениамин Петрович Юдиннің «XIVXVIII ғғ. Орталық Азия шығыстанушының көзімен» жұмыстар жинағын шығарды.

Онда «казах (казак)» этнонимінің этимологиясы жөніндегі 1967 жылғы жұмысы алғаш рет жарыққа шықты. Осы тарихи-лингвистикалық еңбектің Қазақстан историографиясы үшін маңызын айтып тауысу мүмкін емес.

Бұл мақаласында Юдин ерінбей жалықпай, «казак» этнонимінің этимологиясы жөнінде 22 гипотеза келтіреді және соның нәтижесінде мынандай нақты тұжырымға келеді: «Сөздің негізгі де, қосалқы мағынасы да, сонымен бірге, оның дыбыстық-морфологиялық құрылымы да, оның шығу тегі болатын ешбір негізге сілтемейді. Міне, осыған байланысты оның тіпті қай тілден шыққаны да белгісіз» (с. 147156). Юдиннің ойынша, «казак» этнонимінің көне түркі тіліндегі «казгак» сөзімен байланысы бар. Бұл сөз Ұйық Тұран өзені бойындағы VIII ғ. руникалық ескерткішінен алынған, мағынасы «өндірілген», немесе Радловша, «асырап алынған». Осы мәселеге аса назар аудару қажет. Юдиннің қайнаркөздерді солардың төл тілінде оқитынын және осы гипотезаның «казак» этнонимінің («еркін» және т.с.) жалпылама мағынасына сәйкес екенін ескерсек, бұл гипотеза ғылыми зерттеулердің ең тиімді бағытын нұсқайды. Сөйтіп, Юдин Левшиннің «казак» ежелгі түркі сөзі мағынасының аударылмайтынын және «бөлінген, жеке ерікті адам» («жаугер», «жортуылшы») сияқты жалпылама ғана мағына бере алатынын растайды және осымен осы жөніндегі этимологиялық дауларды доғару керек екеніне мегзейді.

Юдиннің айтуынша, француз зерттеушісі Gabain А. былай деген екен: «түркі халықтары тарихында казактар тек қашқындар болған жоқ, олар белгілі бір құбылыс болған, казаклык пен казакламактың арнайы көрінісі (с. 140)». Бұл біздің қазақ этносы қазақлық (қазақламақ) дағдысынан шыққан дейтін концепциямызды растайтын нәрсе. Әрі қарай ол «хасаг терген» сөз тіркесі қазақы арба, қазақламаққа арналған арба, тіпті де қазақ арбасы емес және осы мағынасында ол монгол жазба ескерткіштерінде қолданған деген белгілі монголтанушы Б.Я. Владимирцовтың беделіне сүйеніп, бұл тіркес түркі және парсы тілдеріндегі казак және казактар сөз қолданысымен тең деген тұжырымға келеді және әлгі тіркестің іркілген сөзқолданысы ретінде барлық қазіргі монгол тілдерінде сақталғанын айтады. Бұл бізді қазақтың тұрмысы тек қыпшақтардан емес, одан да бұрын ол ежелгі монголдардан деген өз ойымыздың дұрыс екеніне одан сайын сендіреді.

Әрине, қазақлық арбасы деген «тіпті де «қазақ арба емес», арбаға орнатылған киіз үй, бірақ ол қазақ этногенезінің материалдық негізінде жатыр. Юдиннің қазақылықты әлеуметтік институт ретінде мойындауымен қатар, ежелгі монгол хасах тергенін юрта-арба деп мойындауы, казактардың этнос ретінде өз-өзін танудың және олардың «барлық киіз үйде тұратын ұрпақтардың арасында» топтық бөлектенуінің ғылымға еш қайшы келмейтін мәдени-тұрмыстық белгісін анықтап беріп отыр. Юдин айтқандай, әскердің бір түрі болмаған шығар (с. 155), немесе оларды әскери ақсүйек топ деп те артықтау болар, өйткені олар отырықшы тұрғындарды бағындырғанда ғана сондай дәрежеге жететін. Ең дұрысы, олар аракідік Шыңғысханның жеңісіне дейін және, әсіресе, оның таққа отырғанынан кейін әскерге қабылданып, ұрысқа қойылатын жауынгерлер болған, яғни, оларды ру мен тайпаға емес, жүздіктер мен мыңдықтарға бөлген. Осы жүздіктерге бөлетін казак әскерінің құрылымы тек ежелгі монголдар мен қыпшақтарға емес, көшпелі өзбек пен ноғайға да тән болған. Б.А. Ахмедовтың «Көшпелі өзбектер мемлекеті» кітабына рецензиясында Юдин Махмуд бен Валидің «Бахр ал-асрар» кітабына сүйене отырып, Жүз-Орда атауын Ақ Ордамен теңестіреді, яғни, Юдиннің ұғымында, Жошы ұысының (Алтын Орданың) өзгеше атауы. Жүз Орданы ол жүз орда емес, Жүз-Орда («Орда-Сотня») деп аударады, өйткені басқаша аудару түркі тілтануының заңына қайшы келер еді (с. 256267).

Назад Дальше