Қанатты сөз  қазына. 1-кітап - Кеңес Оразбекұлы 13 стр.


Әке басын шайқап: «Әкенің көңілі балада, баланың көңілі далада» деген осы екен-ау,  дейді.


ӘКЕҢ ӨЛСЕ ДЕ,ӘКЕҢНІҢ КӨЗІН КӨРГЕН ӨЛМЕСІН


Ертеде кемпір мен шал өмір сүріпті. Олар айта қалғандай дәулетті, малды екен. Ал, Жәнібек деген жалғыз ұлдары шөп басын сындырмаған кер жалқау болыпты. Әке сөзіне көңіл аспапты. Әкесінің қартайғанын да елемей, осы дүниеге ие болып қал деген сөзіне де көңіл қоймай жүре беріпті.

Күндер өтеді. Шал пен кемпір дүние салады. Олардан қалған мал-дүние біткеннен кейін Жәнібек жыртық шапанын иығына салып, жолға шығады. Жұмыс таппай көп қиналады. Сөйтіп жүргенде бір кісіге кез болады. Сұраса келе, ол әкесінің көз танысы екен. Ол Жәнібекке көп көмек көрсетеді. Оның ат жалын тартып, азамат болуына жәрдем етеді.

«Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін» деген ескі қағида содан қалса керек.


«ӘЛӘУЛӘЙІМ» ТАУСЫЛСА,

«ХӘЛӘУЛӘЙІМ» ТАҒЫ БАР


Бір іс-шаруа (әңгіме, ән) жуық арада біте қоймай, созылып, ығыр қылғанда, осы әзіл, кекесінді сөз тіркесі ауызға түседі.

Бірде Алдар көсе мен Түлен, Құлан деген шайтандар сапарлас болады. Ай жүреді, жыл жүреді. Бір жерге келгенде, үшеуі де шаршайды. Демалып отырып Құлан айтады:

 Жүре-жүре шаршайтын болдық. Бәріміз бірге шаршағанша, біріміздің мойнымызға біріміз кезек-кезек мінсек,  дейді.

Алдар мен Түлен мақұл көреді.

 Алдымен қайсымыз мінеміз?  дейді Құлан.

 Сен екеуің шайтан болсаңдар, мен адаммын ғой. Сондықтан болу керек, аяғымды алға басуға шамам жоқ. Алдымен мен мінейін,  дейді Алдар.

 Жарайды,  дейді ана екеуі.

 Қанша уақыт мінгізуіміз керек, уақыт белгілейік,  дейді Түлен.

 Уақыт белгілеудің керегі не? Мен өлең айтайын, сол біткенше мінгізсеңдер болғаны. Сендер де өлеңдерің таусылғанша мінерсіңдер,  дейді Алдар.

Түлен мен Құлан мұны да мақұл көреді. Сонымен Алдар екі шайтанның мойнына мінеді де ыңылдап: «Әләуләй, әләуләй, әләуләй, әриәйдім» деген өлеңін айтуға кіріседі. Шайтандар «Алдардың өлеңі бір таусылар» деп, әрі қарай жүре береді. Бірақ Алдардың «әләуләйі» таусылмайды. Әлгілер тағы шаршағасын:

 Осы сенің «әләуләйің» қашан бітеді?  дейді. Сонда Алдар:

 «Әләуләйім» таусылса, «хәләуләй» дегенім тағы бар. Жүре беріңдер!  дейді. Осылайша Алдар шайтандардың ит сілікпесін шығарып, баратын жеріне жетіп алыпты.


ӘЛШЕКЕЙДІҢ ӘЛПЕШКЕ САЛҒАН БІЛЕЗІГІНДЕЙ ЕКЕН


Шойнақ батырдың (ХVIII-ғасырда өмір сүрген) екі қызы болыпты. Солардың біріне Албандар, екіншісіне Дулаттар құда түседі.

Дулат биі Әлшекей құдалық жолын жасау орнына көп әскер әкеліп қыр көрсетіп, Шойнақтың ауылы маңына келіп, кернейлетіп, сырнайлатып жатып алады. Бұған ызаланған Шойнақ майдан ашайын десе, елден ұялып, Әлпеш деген жеңгесін Әлшекейге жібереді.

 Әлшекейге баршы. Жолын істемей, алшаңдап бұл не жатысы? Хабарын әкел,  дейді.

Әлпеш сәңқой әйел екен. Ол басқаны қойып, тіпті атының аяғына да білезік салғызып, жүреді екен. Ол биге келіп, аттан түспей:

 Уа, Әлшекей, әкең ұл болып, шешең қыз болып көрмеді ме? Бұл не жатысың? Жолың қайда?  деп айқай салады.

Шойнақтың жеңгесі астына мінген атының төрт аяғына түгел алтын білезік салып келіп тұрғанын көрген Әлшекей «бұлардан біз кем бе едік?» деп намыстанып, Әлпешті бар сыр-сипатымен күтіп алып, құдалық жолын екі-үш есе істеп, Әлпештің атының мойнына да білезік салып, құрметтеп аттандырыпты. Ел аузындағы «Әлшекейдің Әлпешке салған білезігіндей екен» деген әңгіме осыдан қалса керек.

Ұсынылған не, сыйланған заттың елден ерекшелігін, қораш немесе епетейсіздігін күлкі етіп сынаған жағдайда айтады.


ӘЛІ АУЫ МЕН БАУЫ БАР


«Еш нәрсе бітірмей, құр далбаңдап жүрміз, негізгі іс әлі алда» деген мағынада айтылады.

Ертеде бір арсың-гүрсің олақ әйел болыпты. Ол бірде көршісімен әңгімелесіп отырып:

Алты күн болды, дамбал тігіп жатырмын. Әлі ауы мен бауы бар. Желмін бе, құзбын ба?  деп бөсіпті.

Алты күн дегенде «әлі ауы мен бауы бар болса», сонда ол не бітірген?!


ӘЛІ НЕСІН КӨРІПСІҢ,

ҚЫЛ ТАҚҚАН СОҢ ҚАҢҚЫЛДАР


«Бұл  әлі бер жағы, түгел біткенін немесе нағыз өзін көрсең аузың ашылар еді», деген ойды бейнелеп айтқанда осы көз тіркесі қолданылады.

Ағаш шеберінің жасап жатқан затына сүйсінген біреу:

 Ой, мынауың не деген тамаша дүние?! Жұп-жұмыр болып жұтынып тұр ғой өзі!  депті. Сонда шебер сырбаздықпен:

 Ой, мынауың не деген тамаша дүние?! Жұп-жұмыр болып жұтынып тұр ғой өзі!  депті. Сонда шебер сырбаздықпен:

 Әлі несін көріпсің, қыл таққан соң қаңқылдар,  деп, жымыңдапты. Сөйтсе ол дүниесі жартылай жонылған қобыз екен.


ӘЛІМНІҢ ҮЛКЕНІ ДЕ  ҚАРАКЕСЕК,КІШІСІ ДЕ  ҚАРАКЕСЕК


Қыдырқожаның (Байұлы) лақап аты «Қаракесек» екен. Сол Қыдырқожаның Бәйбішесі Тоқсұлудан  Байсары туған. Тоқсұлу дүние салған соң, балдызы Қағазға үйленіп, одан  Әлім, Шөмен туған. Осылардың Әлімінен  Жаманақ (Шекті), Қарамашақ (Төртқара), Қарасақал (Айнық, Тегінболат), Ұланақ (Қаракесек), Кете (Бозаншар, Тайқожа, Түменқожа), Шөмекей туған. «Алты ата  әлім» деп көбінесе осылай таратады.

Енді осылардың Ұланағы неге атасының есімімен «Қаракесек» аталуына

келейік. Қария сөздің айтуында Қаракесек өзінің немересі Ұланақты бауырына салып, оны «Сасықбайым», «Күлтелі сасығым» деп еркелетеді екен. Ұланақ та өз әкесі Әлімді мойындамай, атасы Қаракесектің баласымын деп өссе керек. Күндердің күнінде Қаракесек қайтыс болып, Ұланақ шаңырақ иесі болып қалады. Былайғы жұрт бұл шаңырақты бұрынға әдетімен «Қаракесектің үйі» деп атай береді. Бара-бара Ұланақты да «Қаракесек» деп атайтын әдет қалыптасады. Ұланақтың «Қаракесек»

аталуының себебі осыдан еді дейді. Күні бүгінге дейін әлім ішінде «Әлімнің үлкені де  Қаракесек, кішісі де  Қаракесек» деп айтылатын

мәтел сөздің мәнісі осында болса керек.


ӘҢГІМЕ  БҰЗАУ ЕМІЗЕР,

БҰЗАУ  ТАЯҚ ЖЕГІЗЕР


Бұл сөз тіркесі: «Құр әңгіме, сөзге алданып көп бөгелмейін, уақытты зая кетіріп, өкініште қалмайын» деген мағынаны білдіреді.

Өткен заманда бір жалшы әйел көршілерінің үйінде ұзын-сонар әңгіменің соңына түсіп, малдың өрістен қайтатын уақытын ұмытып кетіпті. Сол кезде сиыры өрістен келіп, бұзауын емізіп қояды. Сүттен қағылып, қарындары ашқан шиеттей балалары «шыр-шыр» етіп қоймаған соң, ашынған күйеуі әйелін ұрып-соғады. Содан ел ішінде «Әңгіме  бұзау, емізер, бұзау  таяқ жегізер»  деген сөз қалған екен.


ӘР ЕЛДІҢ САЛТЫ БАСҚА,ИТТЕРІ ҚАРА ҚАСҚА


Таңдайбай деген қу серіктерімен келе жатып, бір үйге түседі. Үйде бәйбіше мен келіні ғана бар екен. Қария қонақтарға сырмақ сал дейді. Таңдайбайды таныған кесір келін сырмақты қабаттап, тұйық жағын* отқа қаратып сала қояды. Таңдайбай малдасын құра төрге қарап отыра кетеді. Көптің ішінде теріс қарап отырған адамға таңданған кемпір:

 Мұның не? десе:


Тұйық жағын*  қазақ халқының салты бойынша, астыға төсейтін сырмақ, көрпешелердің тұйық, бүктелген жағын іргеге яғни, қонақтың артына қаратып төсеген. Ашық жағы қонақтың жолы ашық болсын деп, алдына қаратылған.

Дастарқанды да үлкен болып, екі бүктеп жайған жағдайда, тұйық жағын сыйлы қонаққа қаратып қояды.

 Шеше, әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа деген ғой. Сіздің елдің салтын сыйлап отырмын,  депті.

Әр елдің салт-дәстүрі, әдет-жоралғысы басқа, өз еліңнен өзгеше болатыны белгілі. Тіпті бір елдің құрамындағы әр өлкенің де салт-жоралары өзгешелеу, өз еліңмен салыстырғанда, ерсілеу болатыны бар. Мақал сондай жағдайдан туған.


ӘР ҚАЗАННЫҢ ҚАҚПАҒЫ ӨЗІНЕ ШАҚ БОЛАДЫ


Шешеннің суық қолды бір жеңгесі көрші қонған үйдің боздау түндігін ұрлап алып, өзінің қараша шаңырағына көтеріп алады. Ұрлықты сезіп қойған мүлік иесі одан әрі-бері сұраса бермейді. Ақыры Бөлтірікке келеді. Шешен жеңгесінің үйіне келіп, шаңыраққа қарап:

 Жыртығына жамауың сай келмей тұр екен, жеңеше. Әр қазанның қақпағы өзіне шақ болады,  депті.

Адамның өзі араласатын ортасы, отбасы мүшелерінің мінез-қасиеттері, киген киімдері өзіне шақ, лайықты болады дегені.


ӘРКІМНІҢ СҮЙГЕН ЖАРЫ ӨЗІНЕ СҰҢҚАР


Бұл  «Сұлу  сұлу емес, сүйген сұлу» деген мақалмен сабақтас қанатты сөз.

Бір жолы Сырым батыр алыс сапардан ауылын сағынып келе жатып серіктеріне:

 Кәне, жігіттер, қаттырақ жүріңдер. Бүгін ауылға жете қонайық,  дейді. Оған жолдастары күліп:

 Үйіне басқа жігіт асықса, дұрыс, ал осы Сырым қайбір бүлдіршіндей келіншегіне асығып келеді екен?  деп қағытады. Сонда Сырым батыр:

«Әйелді әйел деп қорсынбаңдар,

Әйелсіз ерге күн бітпейді.

Қойды қой деп қомсыңбаңдар,

Қойсыз елге үй бітпейді.

Әркімнің мінген аты өзіне тұлпар,

Назад Дальше