Сарман алты таңба кітабы - Алпамыс Аскарович Сырманов 6 стр.


Міне, осыдан кейін сендерді Тұмандыға жібердім Ал енді бізде барлығы бар, Бабадүрдің кітабында шындық жазылғаны анық, сонымен қатар ол «Марда мемлекетінің жоғалып, Тұмандыда тіршіліктің жойылуы ол адамдардың кесірі»,  деп жазған, анығырақ айтқанда, бір топ адамның және оны ол хан мен билеушілердің кінәсі дегенге келтірген, бірақ оларды Бабадүр ашық кінәламаған. Менің күдігім расталып келе жатқан сияқты.

 Иә, оның аяқасты қайтыс болуының өзі мұнда бір шикіліктің бар екенін білдіреді. Сонымен қатар әлгі мұнараның ішінде адамдардың қалдықтарының табылуы бұрын адамдар мен олардың арасында соғыс болғандығына сілтейді Біздің хан шынында Мардалардың жойылуына кінәлі сияқты Және біз саған басты жаңалықтың бірін айтқан жоқпыз, Бабадүр кітабында жазғандай, онда біздің сарбаздар бірдеңені іздеп жүр,  деді Жақып.

 Сендер Тұмандыда сарбаздарды көрдіңдер ме?  деді ол таңырқай.

 Иә және онда тобырымен кезікті. Оларды тек хандыққа оралар жолда жолықтырдық, олардың көзіне түсіп қалмау бізге қиынға соқты, және біздің сарбаздардың Тұмандыда жүргеніне өте ұзақ уақыт болған сияқты, тіпті бірнеше ұрпақ бой жалғасқан десек те болады, оған дәлел мына сынық қанжар,  деді де, Нұрлан қолына қанжарды алды,  мұнараның ішінде көптеген қару болды, бірақ олардың онда ұзақ жатқандығы соншалықты, тот басып, орнынан қозғасаң күл сияқты жан-жаққа шашылады, тек мына қанжар ғана жақсы сақталған, енді қара,  деп ол Ерұланға жақындады,  Мына таңбаны көріп тұрсың ба?  деп оған қанжардың түп жағында ұстағышқа жақын орналасқан бөлігін көрсетіп,  анықтап қарасаң, жемтігіне атылған бүркіттің бейнесін байқауға болады, не деп ойласың?  деді. Ерұлан кішкене ойланып:

 Бұл Саһтир. Мың жыл бұрын біздің сарбаздар, осы таңбаның астында жүрген, бірақ нақты қашан екенін білмеймін, бұл таңбаның орнына басқа таңба Арыстан бейнеленген таңбамен ауыстырылған.

 Өзің тарихты жақсы біледі екенсің. Бұл мұнарадағы қаңқалардың біздің сарбаздарға тиесілі екеніне, сонымен қатар ұзақ уақыт бұрын адамдар мен мардалықтар арасында соғыс болып, мардалықтардың жойылып кетуі, адамдардың ісі дегенге дәлел, бірақ неге? Неге хан оларды жойып, ол туралы жасырып қалған?

Егер олар адамдарға қауіп төндірсе, онда ашық айтуға болатын еді; неге бұл жайлы ешқандай кітапта жазылмаған? Немесе ешқандай адам білмейді, менің ойымша, біз білетін тарих тек өтірік пен жалғаннан тұратын сияқты. Тарын хан мен билеушілер бізден бірдеңені жасырып отырғандары сөзсіз.

 Ол өзінің ұзақ өмірінің құпиясын жасырып қалғысы келеді бар себебі сол,  деді Ерұлан бас бармағын тістей.  Ол мардаларды жойып, онда қабырға тұрғызып, «Тұмандыны ібілістер жайлаған» деп; адамдардың онда баруына тиым салған себебі де сол, ол өзінің құпиясын жасырып қалғысы келеді деп ол кішкене кідіріп, ал онда сарбаздар не істеп жүрді?  деді ол.

 Олардың тек қабырғаға бет алып, хандыққа өткендерін көрдік. Олар өздерімен бірге бір затты алып жүрді. Оларға біз қабырғадан асып, хандыққа жақындаған кезде жақындап, не үшін Тұмандыға кіргендерін білуге тырыстық. Алғаш алдымыздан кішігірім қала шыққан кезде, олар қалашыққа бет алды, біз оларға барынша күдік тудырмай жақын жүруге тырыстық, сол сәтте олардың бірінің «Оның іздегені осы болса екен» деген сөзін естідік. «Мен де соған үміттенемін, әйтпесе ана қарғыс атқан жерде тағы бірнеше жыл жүргім жоқ»,  деді екіншісі.

«Қазір бұл туралы айтатын уақыт емес»,  деп үшіншісі олардың сөзін бөлді. Одан кейін олардың әлгі зат туралы айтқандарын естіген жоқпыз, не болса да олардың Тұмандыда бірдеңе іздеп жүргендері анық.

 Не екенін анықтау қажет бірақ оны анықтауға тырысудың өзі өте қатерлі дүние, алайда біз мынаның барлығының артында не жатқанын білуге міндеттіміз,  деді Ерұлан.

 Мұның соңында не жатқанын білгім-ақ келеді, бірақ мен шаршадым,  деді Жақып Ерұланға қарай.

 Сендерге бір нәрсе айтайын, Бабадүрдің кітабында тағы бір дүние жазылған, онда: «Біздің әлем ақырын өліп бара жатыр, ұзақ уақыт өткеннен кейін біздің жеріміз де Тұманды сияқты тіршілігі жоқ, өлі жерге айналады, ал тіршілік мәңгілікке жоғалып кетеді»  деген.

 Бірақ ол мұның барлығын қайдан білген, ол да мұның бәрін бір жерден білуі керек, бірақ қайдан?  деді Нұрлан.

 Біз оны енді ешқашан біле алмаймыз, мен кешіктім хан Бабадүрді өлтіріп, оның отбасын ешкім білмейтін бір жерге жіберді немесе олардың да көзін құртты,  деді Ерұлан. Олардың арасында тынышық орнады, барлығы бас сүйекке, әлгі қорапқа қарап отырды. Сосын Ерұлан:

 Біз оны енді ешқашан біле алмаймыз, мен кешіктім хан Бабадүрді өлтіріп, оның отбасын ешкім білмейтін бір жерге жіберді немесе олардың да көзін құртты,  деді Ерұлан. Олардың арасында тынышық орнады, барлығы бас сүйекке, әлгі қорапқа қарап отырды. Сосын Ерұлан:

 Ал мына бойтұмар, ол жайлы білесіңдер ме?  деді бойтұмарды сұқ саусағымен көрсете, бойтұмар көк түсті домалақ тастан жасалған, ал оның бетінде алтын түспен қанатсыз айдаһарға ұқсас жануар бейнеленді.

 Жоқ, оның не екенінен хабарымыз жоқ,  деді Жақып.

 Сендер осының барлығын мұнараның бір бөлігінен ғана таптыңдар ма?

 Иә, ары қарай өтетін жол болған жоқ, қирандылармен бітелген,  деді Нұрлан. Ерұлан кішкене ойлана, екеуіне қарады:

 Егер сен бізге мұнараның жабық бөлігінің арғы жағында не бар екенін біліп беруді сұрамақ болсаң, онда біз бас тартамыз, әлгі қарғыс атқан жерге қайта оралғымыз жоқ, енді тек тыныш өмір сүргіміз келеді,  деді Нұрлан.

 Жоқ, менің ойымша, сендердің мына әкелген дүниелеріңнің өзі жеткілікті, ары қарай не істеймін десеңдер де өз еріктерің, бірақ бұл жайлы ешкімге айтпауларыңды сұраймын.

 Әрине, бұл жайлы айтып басымызға бәле таба алмай жүр дейсің бе?  деп олар әзілдей сөйледі. Сосын орындарынан тұрып:

 Онда біз жүрейік, саған бар білгеніміз бен көргенімізді айттық, енді қалғаны өзіңнің қолыңда, абай бол, саған тек сәттілік тілейміз

 Бірнеше күн осында болсаңдар қайтеді? Мен тек қуанатын едім, сендерді мына күйде жібергім жоқ,  деді Ерұлан.

 Сенің бұл қонақжайлылығыңа алғысымыз шексіз, бірақ біз кетуіміз керек,  деді Жақып .

 Сендерді райларыңнан қайтара алмайтын сияқтымын, ең болмағанда мен беретін сыйлықты қабыл алыңдар,  деп оларға Ерұлан бір қапшық алтын берді.

Ерұлан оларды қақпаға дейін шығарып салып, құшақтаса қоштасты:

 Сендердің мына істегендерің, менің өмірімде болған ең керемет жаңалық, сендерге қалай рахметімді айтарымды білмей тұрғаным,  деді де,  абай болыңдар, тағы да кездесеміз деген үміттемін,  деп сарбаздарына оларды шығарып салуын бұйырды. Олардың артынан қарап кішкене тұра, Ерұлан кітапханасына жол тартты.


ЕКІНШІ БӨЛІМ. АЛТЫ ТАҢБА КІТАБЫ


Осыдан кейін Ерұлан уақытының басым көпшілігін кітапханасында, қорап пен бас сүйекті зерттеумен өткізіп, бастың суретін салып, салмағы мен ұзындығын бәрі-бәрін өлшеп, өзінің күнделігіне жазды. Бас сүйектің құрылысының адамдікінен ерекшеліктерін қағазға түсірді. Ерұлан бас сүйек туралы басқа кітаптарда жазылған деген үмітпен көптеген кітаптарды ақтарып шықты, алайда бас сүйекке қатысты ештеңе тапқан жоқ.

Арада төрт күн өтті, осы уақыттың бәрінде Ерұланға қорқынышты түс әрбір ұйықтаған сайын кірді, ол бұл түстің кездейсоқтық емес екеніне, бір күні оның өңінде қайталанатынына көзі жетті, тіпті Ерұлан қылышпен жүретін болды.

Бірде кешкі уақытта Ерұлан әдеттегідей кітапханасында отырды, ол қорап сыртындағы руналарды қай жерде көргенін іздеп, өзіне белгілі кітаптарды ақтарды, сосын ол Ескендір Торғынның «Тұманды тарих» деген кітабынан қораптың сыртында бейнеленген руналарды кезіктірді, басында ол бұл бір кездейсоқтық шығар деген ойда болды, себебі руналар бір-біріне ұқсағанымен, айырмашылықтары болды. Ерұлан оларды біраз уақыт тексере келе олардың бір-бірінен еш айырмашылығы жоқ екендігіне көзі жетіп, руналардың аудармасын оқуға кіріскен сәтте, сырттан біреу асыға жүріп келіп, есікті жылдам тоқылдатты. Ерұлан бас сүйек пен қорапты бар шапшаңдығымен үстел астына жасырып, «Бұл кім?» деп сұрамай жатып.

 Ерұлан, есікті аш! Бұл мен Батыра ,  деген дауыс есік сыртынан естілді. Ерұлан орнынан атып тұра, есікті ашты.

 Саған айтарым бар,  деп екеуі бір-біріне қатар айтты.

 Онда сен бірінші,  деді Батыра.

 Ішке кір,  деп ол Батыраны кіргізіп, өзі оның алдына түсіп, асыға жүрді. Батыра жан-жағына жалт қарай, құдды біреу оның артынан түскендей күйде болды.

Екеуі үстелге жайғасып, Ерлан бас сүйек пен қорапты үстел астынан алып шықты.

 Мыналар не?..  деп бастап жатыр еді.

 Олардың не екенін менен сұрама, мен әлі өзім де, олардың не екенін толық білмеймін,  деді.

 Мынау бас сүйек пе?  деді Батыра таңырқай.

Назад Дальше